Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, эконмникалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасның 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.

Жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.

Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Заңдарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.

Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады:

  • жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі) . Кірісі бар азаматтар:кәсікерлік қызметпен шұғылданатындар; өз бетімен жұмыспен айналысатындар; қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар

1

  • бойынша өткізетіндер; жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар; өндірістік кооперативтердің мүшелері; ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарына, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агеннттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.

2

2. 1. Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы сипаттама. Қазақстанның және өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.

Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

Бұл қатынастардың субъектілері болып әрқайсысы еңбек нарығында ортақ және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады.

Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен қызметкердің тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және үйлестіруші болып табылады.

Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен

3

консулдықтарының аумақтары табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады.

Аталған құқықтық кеңістікткердің шектері «қатып қалған» статикалық сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде де жұмысқа тұрып, одан өз еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі және басты функциясы - бұл еңбек нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету және дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында - жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды. Дәл осы кезден бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:

  • жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен; қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауға және еңбекке қатысты конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23

4

  • қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» туралы заңмен; халықты жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен; ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Әлеуметтік қоғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең төменгі санын (квотасын) белгілеу мәселелері туралы» қаулысымен; өз қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін, еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен әлеуметтік-әріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен; Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер және тағы басқалар үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен және арнайы нормативтік құқықтық актілермен; ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының қолданылуына түсіндірме жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз және лайықты жұмыстың түсінігі ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының бірінші тарауында халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген:

«Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін

5

қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі. Басқаша айтар болсақ, жұмыспен қамтылған тұлға - бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жүзеге асырушы, яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға. Бұл ретте ескерілетін бір жайт, ҚР Конституциясына және «ҚР еңбек туралы» заңына сәйкес азаматтарға өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда көздемесе, еңбекке мәжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол берілмейді.

Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің еңбек ресурстарын құрайды.

Жұмысқа орналастыру - азаматтың жұмысты іздеу және иелену үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүкін:

  • азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы; халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы; азамат өзі бұрын жұмыс істеген және кінәсіз қызметтен босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы; жұмысқа орналасудың өзге де тәсілдері.

6

2. 2. Жұмыспен қамту саясатын іске асыру. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзіреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:

1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қаматамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;

2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;

3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;

4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешіктірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;

5) кәсіби бағдарлау ісінде азматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;

6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;

7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуге;

8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;

9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне)

сұраныс пен ұсынысты талдаудағы, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйі туралы

7

хабарлауға;

10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуге.

Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысты іс-шаралары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабында белгіленген. Аталған баптың 2-тармағы жұмыс берушінің міндеттерін анықтайды. Жұмыс беруші:

  1. ұйымның таратылуына, адам санының немесе шарттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілік және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
  2. бос жұмыс орындары (бос қызметкер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
  3. уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде, яғни уәкілетті орган оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс. Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі заң актілеріне сәйкес туындайды.

Уәкілетті органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа көрсететін жәрдемін еңбек делдалдығы дейді. Еңбек делдалдығымен уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттіктері айналысады.

7

Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадай қызметтер көрсетеді:

  1. жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдар мәселелері бойынша консультациялар беру;
  2. бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
  3. жұмыс орындарын іздестіруге көмектесу;
  4. азаматтарды кәсіптік даярлық пен қайта даярлықтан өткізіп, соңынан жұмысқа орналастыру.

Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды. Азаматтардың шетелде жұмысқа орналасуы және Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі делдалдық көмекті жеке жұмыспен қамту агенттіктері республика заңдарына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады.

Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота бнлгілейді.

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің және жұмыс берушілерге рұқсат берудің Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота дегеніміз - ҚР Үкіметі еңбек ресурстарының теңгеріміне сәйкес жыл сайын белгілейтін экономикалық белсенді халыққа қарғанда шетелдік жұмыс күшінің пайызға шаққандағы үлесі. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы

8

жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға ұсынады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - белгіленген квота шегінде Қазақстанға әкелу үшін шетелдік жұмыс күшінің санын анықтайтын орталық атқарушы орган жұмыс берушіге беретін құжат. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты орталық атқарушы органнан алады. Рұқсат құжатты алғаннан кейін жұмыс беруші тиісті санаттағы және біліктіліктегі шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпке жеке еңбек шарттарын жасасады. Рұқсаттың болуы мынадай шетелдік азаматтар үшін талап етілмейді:

  1. шетелдік заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктердің бірінші басшыларынан;
  2. мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүргендерден.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат үш санатқа бөлінеді:

  1. бірінші санат - ұйымдардың басшы құрамын тартуға;
  2. екінші санат - белгіленген тәртіпке құжаттармен расталған жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды және жеке кәсіпкерлерді тартуға;
  3. үшінші санат - білікті жұмысшыларды тартуға.

Орталық атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе себебін көрсете отырып, шешімді қайтарып алуға құқылы.

Рұқсат алмастан шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруі республика заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады. Жұмыс беруші жолсыздық байқалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға

9

оларды жойғаны немесе жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

2. 3. Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі. Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мәртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:

- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген сәтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы) .

- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 13-бабы.

Азаматтар халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында мыналарға құқылы:

  • жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға немесе жеке агенттікке тікелей жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға; шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға; халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек көрсететін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардан және жеке агенттіктерден ақпарат және кеңес алуға;

10

  • қоғамдық жұмыстарға қатысуға; мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда немесе сотта шағымдауға; мақсатты әлеуметтік көмек алуға; оның келісімімен уәкілеттік органдардың кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтуге жіберуіне.

Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл құқықты жұмыс берушіге - жалданбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаға тікелей жалдану арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық уәкілеттік органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, азаматтар уәкілетті органдарда немесе халықты қамту жөніндегі жеке агенттіктерде қызметтің, жұмысқа орналасудың, кәсіби білім алудың түрін таңдау мақсатында кеңес және ақпараттар алуға құқылы. Азаматтар уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби бағыттылыққа, кәсіби дайындыққа, қайта дайындықтан өтуге және біліктілігін көтеруге құқылы.

Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар өз бетімен жұмыс іздеп, шетелде жұмысқа орналасу құқығын иеленеді. Бұл құқықтық жүзеге асыру үшін мемлекет мемлекетаралық келісімдерді жасасады. Бұларда көшіп-қонушылардың саны, олардың біліктілік құрамы, еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі.

Жұмыссыздардың құқықтары:

  • мақсатты әлеуметтік көмек алу;

11

  • зейнеткерлік жасына жеткенде және талап етілетін еңбек стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу; кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде жұмыссыз тұлға стипендия алады; жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уәкілетті орган оны төленетін қоғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның жұмыссыз мәртебесі сақталады:басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 17-бабы.

Жұмыссыздардың жұмыспен қамту саласындағы міндеттері:

  • ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын сақтауға; уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзімдерін сақтауға; уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге өтініш жасауға; уәкілетті органға; тұрғылықты жерін ауыстыруды; тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтыққұқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды; кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;

12

  • ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды; мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін; зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күн ішінде) табыс етуге міндетті.

Жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар. Мемлекет жұмыссыздар үшін олардың материалдық жағдайының негізін құрайтын белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеген.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық және өзге де көмек ретінде түсіндіруге болады.

Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға әлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі:

  1. заңдарда белгіленген жағдайлардағы және мөлшердегі материалдық көмек;
  2. кәсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру және қайта дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу;
  3. жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру;
  4. қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу;
  5. әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру.

13

Белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті органда тіркелген және жұмыссыздың мәртебесін иеленген жұмыссыз азаматтар материалдық көмеке ие болады. Материалдық көмекті алудың жағдайлары мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту және біліктілігін көтеру кезінде көрсетілген әлеуметтік дайындықтың жағдайлары және тәртібі заңдарда көзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.

Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдем беру және оларды жұмысқа орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді және жұмысқа орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа орналастыруға қатысты тыйым салынбаған.

Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу де оларды әлеуметтік қорғауға жатады. Бұл жағдайда ақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау ретінде әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады.

Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері. Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:

14

  • кәсіп түрін таңдау еркіндігін; лайықты жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның немесе жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды; кәсіпорындарың, ұйымдардың және мекемелердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді беруін; халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жаңа кәсіпке (мамандыққа) оқудың, біліктілігін көтерудің, дайындықтан немесе қайта дайындықтан өтудің тегіндігін; қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Жұмыс беруші Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жергілікті атқарушы орган
Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары
Жұмыспен қамту органдарының қызметі
Еңбек биржасы және халықты жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы жайлы
Еңбек нарығының ерекшелігі
Еңбек нарығындағы жастар
Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz