Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері.
2. Жұмыс уақытының режимі.
3. Жұмыс уақытының есебі, оның түрлері.
4. Мерзімінен тыс жұмыстарды шектеу.
5. Қазақстан Республикасының еңбек кодексіндегі жұмыс уақыттарының
баптарына сілтеме.

1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке енбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек
туралы заңнын. 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында
тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытынын ұзақтығы белгіленген нормадан
азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкер жеке енбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс
уакыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт накты жұмыс істелген
уақытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз — жұмыс
уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу
нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уакытының қалыпты ұзақтығы
аптасына 40 сағат болып белгіленген кьпметкерлер үшін жұмыс күнінің
ұзақтығы:
5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;
6 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан
болып белгіленген (Қазакстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).
Қысқартылған жұмыс уақыты. Жұмыс уақытынын кысқартылған ұзақтығы
қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті
оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған
жеткіншектерді және еңбекке кабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту
мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердін
жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) 14 жастан 16 жаска дейінгі кызметкерлер үшін — аптасына 24 сағаттан,
яғни 6 күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына
- 4 күн - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін —
аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында - күніне 6 сағаттан, ал
5-күндік жұмыс аптасында - 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн —
сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда
істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып
белгіленеді.
Ауыр денене жұмыстары деп кызметкердің ауыр заттарды қолымен көтеруге
немесе орын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300 ккал
(сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды айтады. Зиянды (өте
зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі
кызметкердің жұмыс қабілеті темендеуіне немесе ауруына, оның ұрпактарының
денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын енбек жағдайлары жатады.
Қауіпті (өте қауіпті) — белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті
корғау ережелері сақталмаған жағдайла қызметкер денсаулығынын кенеттен күрт
нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын
енбек жағдайлары.
Жұмыс істеу жұмыс уақытынын ұзақтығын қысқартуға құқық беретін
өндірістердің кәсіптермен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары
зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), кауіпті (өте кауіпті)
жұмыстардың тізбссін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
белгілейді.
Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың,
мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқа азаматтардың жағдайларын
ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық, емес жұмыс күніне жасалуы
мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы
мынада: егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай қысқартылатын болса,
толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе
шығарған өнімнің келеміне қарай алады.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген кызметкерлердің еңбек
құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі
уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі
уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы №
493 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлердін еңбегіне акы төлеу жөніндегі
әдістемелік нұскаулардың 20-тармағы).
Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен
ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жүмыс істеуге 18 жасқа толмаған адамдар
мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы
болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
2. Жұмыс уақытының режімі
Еңбек заңдары бойынша жұмыс аптасының екі түрі белгіленген. Олар
қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы және бір
күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы. Бес күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушіні актісімен
немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымынын, пікірін ескерту және жұмыс
аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін
ауысым кестесімен белгіленеді.
Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс
аптасын еңгізу ыңғайсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс
аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда — 7 сағаттан аспауға, апталық
норма 36 сағат болғанда — 6 сағаттан және апталық, норма 24 сағат болғанда
— 4 сағаттан аспауға тиіс.
Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық
шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Белгіленген есепті кезендегі жұмыс уақыты мен демалыс уақытының
арақатынасын жұмыс уақытының режімі дейді. Жұмыс уақыты режімінің негізгі
элементтері мыналар: аптадағы жұмыс күндерінің саны, күнделікті жұмыстың
басталуы мен аяқталуы, жұмыс ауысымдарының ұзақтығы мен алмасуы. Жұмыс
уақытының режімі жұмыс аптасының түріне байланысты.
Жұмыс ауысымы дегеніміз - енбек туралы зандарда, ұжымдық шартта немесе
жеке еңбек шартында белгіленген кесте бойынша бір тәулік аралығында
қызметкердің еңбек міндеттерін атқаратын күнделікті жұмыс уақытының
ұзақтығы.
Жұмыстың басталуы мен аяқталу уақыты жұмыс берушінің актісімен
белгіленеді.
Егер ұйымда, кәсіпорында екі немесе одан да көп ауысым белгіленген болса,
онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс уақыты ұғымы, онын түрлері
Жұмыс уақытының режимі
Қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібі тарту түріндегі орындау тәртібі
Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
Жеке еңбек шартының ұғымы
Кепілдіктер мен өтемақылар
Кәсіпорындағы еңбек төлемінің нысандары мен жүйелері
Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Пәндер