Құқықтың жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Тарих және қоғамыдық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Топтар мен ұйымдар

Орындаған: ҚЭН-31 тобының студенті Абдикеримова Г

Тексерген: оқытушы Байбосынова Л.С.

Арқалық 2009 жыл
Жүйе деп әртүрлі байланыстарымен және өзара қатынастарымен біріккен
жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.
Элемент – бұл күрделі тұтастықтың құрамдас бөлігі. Демек, жүйе ішкі
құрылысты, құрылымды,байланысты , бөлшекке даралап бөлуді мегзейді. Сонымен
бірге жүйе белгілі бір заңдар мен принциптер бойынша реттелген жеке
элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында
жүйе деп реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи
қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.
Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық
қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау
– құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа
бірігуі, олардың арасындағы өзара іс – қимылы оның жеке бөлшектеріне тән
емес жаңа сапа туғызады.
Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда
толығынан қолдануға болады. Оның аса маңызды белгілері: құқық нормаларының
тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелігі болып табылады. Соңғыны
құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты
сапасы – қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердің болмауы.
Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы
керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның
көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа
шығармайтын ішкі үйлесімнің көрінісі болуға тиіс.
Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылымды – қандай да
болмасын бірыңғай тым жалпы тұтастықтың (құбылыстың, процестің) шеңберінде
біршама дербес элементтердің жекеленуі мен жиынтығын және, екіншіден,
құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.
Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігін қатынастардың
реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол
құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді,
оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың
өзара бір – бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің
өмір сүрунің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір
элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары
өмір сүруі мүмкін емес.
Құқықтың жүйелі құбылыс ретінді нақ осы ерекшелігіне толығырақ
тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық.
Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі – құқықтық
реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынды. Құқық
жүйесін жеке бөліктерге бөлу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық
қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде
салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады.
Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық
реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың
жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салалаларын
бөлудің заңдық белгісі деп айтады.
Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке
бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Егер нормативтік нұсқама құқықтың бастапқы элементі, негізгі
клеткасы, тұтас құқықтық материя болатын болса, онда құқықтық институт
құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық
бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар заңдық мазмұны бойынша
топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар
арқылы құрады. Құқықтық институт – бұл біртектес қоғамдық қатынастардың
дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.
2.Құқық саласы - өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық
қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен
институттардың бөлектенген тобы. Сондықтан оларды жіктеп, жеке дербес
топтарға біріктіру қажет. Құқық нормалары объективті түрде топталады,
өйткені олар бірінен бірі өздері ықпал ететін қоғамдық қатынастардың
айырмашылығына байланысты ерекшелінеді. Біртектес қатынастардың белгілі
бір түрін реттейтін құқық нормалары құқықтық институтқа бірігеді. Мысалы,
меншік қатынастарын, сайлау тәртібін тағы с.с. реттейтін нормалар. Біркелкі
қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құқықтық институттардың және кейде
мүмкін, жеке нормалардың да жиынтығы құқық саласы деп аталады.
Мемлекеттік немесе конституциялық құқық құқықтың жетекші саласы
болып табылады. Бұған мемлекеттің құрылысын, органдар қызметінің
принциптері мен міндеттерін, мемлекет пен адамның құқықтарын,
бостандықтары мен міндеттерін, өкіметтің өкілді органдарының сайлану
тәртібін және тағы басқаларды реттейтін құқықтық нормалар мен
институттар кіреді. Бұл нормалар Конституцияда қаралып бекітіледі.
Мемлекеттік (конституциялық) құқық – құқықтың саласы, оны Қазақстан
Республикасының қоғамдық құрылысы мен саясатының, Қазақстан азаматтарының
құқықтық жағдайын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын және оның мемлекеттік
органдарының жүйесін бекітетін мемлекеттік- құқықтық нормалардың жиынтығы
құрайды. Мемлекеттік құқықтың нормалары қоғамның саяси және экономикалық
жүйесін әлеуметтік даму мен мәдениеттің, сыртқы саясат пен Отанды қорғау
саласындағы мемлекеттің қызметінің негіздерін белгілейді, мемлекет пен
адамның өзара қарым- қатынастарын реттейді. Мемлекеттік құқықтың
нормалары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының, жергілікті
басқару органдарының жүйесін, құру тәртібі мен қызметтерінің принциптерін
белгілейді. Мемлекеттік – құқықтық сипаты бар нормалар қаралған құқықтық
актілер мемлекеттік құқықтың қайнар көздері болып табылады. Қазақстанның
мемлекеттік құқығының негізгі қайнар көзі – Қазақстан Республикасының
Конституциясы, заңдары және басқа құқықтық актілері.
Сонымен, мемлекеттік құқық – құқықтың жетекші саласы, өйткені ол
барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың негіздерін бекітеді.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басақру аясында мемлекеттік басқару
органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы - өкім ету қызметінің
барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді, басқару
органдарының (үкіметтің, министрліктердің, агенттіктердің,
ведомостволардың, жергілікті өзін -өзі басқару органдарының) құрылымы мен
құзыретін белгілейді, атқарушы - өкім ету қызметін бекітеді.
Қаржы құқығы – мемлекеттің қаржы қызметінің барысында қалыптасатын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығы
мемлекеттік және басқа органдардың ақша қаражаттарын жинауға, бөлуге және
қайта бөлуге байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұрады.
Бұл ең алдымен бюджетті жасаумен, салықтарды жинаумен, несиелермен бірге
тағы с.с. байланысты.
Еңбек құқығы жұмысшылар мен қызметшілердің (жұмыс уақыты мен демалыс
уақыты, еңбек ақы, еңбек тәртібі тағы с.с.) қоғамдық қатынастарын,
әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы қатынастарды, еңбек дауларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Құқық функциялары
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Құқық қызметінің принциптері
Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Пәндер