ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
ЖОСПАР
Кіріспе
1 локомотив
1.1.
1.2
1.3
2 жөндеу ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Теміржолда жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы
2. 2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
2. 3 Құрал – сайман шаруашылығын ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс
шарттарында темiр жол көлiгiнiң жүйесiндегi жөндеу зауыттарында басқару
есебін көкейкестi дұрыс және тиiмдi ұйымдастыру маңызды болып қалыптасады.
Темiр жол көлiгiнде дәл қазiр iс жүзiнде күрделi процесстер бiтiп
жатыр. КТЖ АҚ ұйымдастыру, Қазақстан республикасының темiр жол көлiгiнiң
қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес, саладағы жаңа реформалардың жүзеге
асырылуының басы болып саналады. Жөндеу зауыттары локомотивтерді жөндеудегі
шығындарды есептеуде айқын жоспарлау, есепке алу және бақылауды қажет
етеді.
Бұл мәлiметтердiң маңызды шешiмi шығындарды есепке алуда қазiргi
заманауи әдiстерді пайдалану, жетілген бюджет жүйесін жасау, есепке алу
және бақылауды әбден жетiлдiру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты теориялық зерттеу және
практикалық ұсыныстар жасау, темiр жол көлiгi зауыттарында басқару есебін
тиімді ұйымдастыру және бюджет жасауды жетілдіру болып табылады.
Зерттеудің пәні темiр жол көлiгi жөндеу зауыттарының басқаруды есепке
алу жүйесін анықтайтын әдiстемелiк және практикалық сұрақтарының жиынтығы
болып табылады.
Зерттеудің объектісі темiр жол көлiгiнiң жөндеу зауыттары болып
табылады.
Зерттеуге теориялық, әдiстемелiк және экономика теориясының
төңiрегiндегi ақпараттық материалдар, басқаруды есепке алу, экономикалық
талдау, менеджмент, экономика, отандық және шетел ғалымдарының еңбегi,
Қазақстан қаржы есеп беруiнiң халықаралық стандарттары, қаржы есеп беруiнiң
ұлттық стандарттары, республикадағы бухгалтерлiк есеп, есеп беру және салық
өндiруді реттейтiн нормативтiк құжаттары қызмет еттi.
Курстық жұмыс экономикалық әдебиеттерді пайдалану арқылы, жұмыс
iстейтiн нормативтiк құжаттарды талдау негiзінде, темiр жол көлiгiнiң
жөндеу зауыттарының нақты материалдары негізінде жасалған.
Қорғауға шығарылатын жағдайлар. Өткiзiлген зерттеудiң процессiнде
қорғауға шығарылатын келесi нәтижелер алынған:
• темiр жол көлiгi жөндеу зауыттарының жедел мәлiмет әзiрлеуiндегi
басқаруды есепке алу, оның рөлi және функциясының ұғымы анықталынып
алынған;
• жөндеу зауыттарының басқаруды есепке алу жүйесiн құрастыруға арналған
ақпараттық базасын жасау алгоритмы бойынша ұсыныс жасалған;
• темiр жол көлiгiнiң жөндеу зауыттарының шығындарының классификациясы
анықталып алынған;
• аналитикалық мүмкiндiктерді және басқаруды есепке алу бақылау
функциясын жоғарылататын стандарт-кост қағидасы бойынша
жауапкершiлiктiң орталықтары және қолдану бойынша шығындардың есепке
алуды ұйымдастыру дәлелденген және шығындарды басқарудың әдiстемесі
және жөндеу зауыттарының бәсекелестігін қамтамасыз етудегi шығындардың
есепке алуының перспективалық жүйелерiн қолдану мүмкiндiгi және
есептеуі бойынша ұсыныс жасалынған;
• жөндеу зауыттарына арналған iшкi есеп беру формалары жасалған, сонымен
бiрге жөндеу зауыттарындағы бюджет жүйесі талқыланып, оның әбден
жетiлдiрілуi бойынша ұсыныс берілді.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы. Зерттеудiң ғылыми-
практикалық маңыздылығы темiр жол көлiгi жөндеу зауыттарының басқаруды
есепке алу әдiстемесін енгiзуiне оның бағытталғандығында және жөндеу
жұмыстары өндiрiсiнің шығындарын есепке алу жүйесi және бюджет жасауды
әбден жетiлдiруде болып саналады.
Темiр жол көлiгiнiң жөндеу зауыттары жұмысының тәжiрибесiне курстық
жұмыстағы теориялық және практикалық ұсыныстарды енгiзу жөндеу жұмыстары
басқару есебінің ақпараттық мүмкiндiктерiн жоғарылатуға мүмкiндiк туғызады.
Есеп-қисап тiзiлiмi және iшкi есеп беру формалары темiр жол көлiгiндегi
жөндеу жұмыстарын басқарудағы шығындардың есепке алуын бақылау және
ақпараттық мүмкiндiктерiн жоғарылатуға мүмкiндiк бередi.

Бұрынғы ССРО елдерінің көпшілігі алдындағы сияқты, Қазақстанның
алдындажылжымалы құрам паркін жаңарту қажеттілігі туды. Бұл мәселені
шешудің көптеген жолдары қарастырылды: дайын локомотивтерді сатып алу,
барлокомотивтерді модернизациялау. Осының нәтижесінде, Балтық аймағының
және бұрынғы Совет Одағының құрамына енген барлық мемлекеттердің құрыш
магистралын құрайтын, 1520 көлеміндегі елдердің сұранысын талдаған кезде,
жаңа локомотив өндірісін іске қосуға шешім қабылданды. 2009 жылғы 3 шілдеде
ашылған Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компания акционерлік қоғамының
елшілес кәсіпорны Локомотив құрастыру зауыты акционерлік қоғамы
Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы мемлекеттік
бағдарлама шеңберінде құрылды.
Зауыт еліміздің экономикалық өсуі, шікі заттық бағыттан бас тартуы,
Республиканың ауыр машинажасау тарихының жаңа басталуы кезінде, күрделі
құрылымдық өзгерістер бастамасының алғашқы жаршыларының бірі болып
табылды.Кәсіпорынның негізгі мақсаты индустриялы инновациялық дамуға
лайықты үлес қосу және Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар 1520 көлемінде жылжымалы құрам
иелеріне сапалы өнімдер беру.
Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ-тың қызметкерлері 2006 жылы General
Electric американ компаниясымен уағдаластық жасағаннан кейін, аймақтың
климаттық ерекшеліктерін, рельстік төсемін, тасымалданатын жүктердің
ерекшеліктерін, қазіргі экологиялық талаптарды және санитарлық нормаларды
ескере отырып қазақстандық тепловоз сай болатын техникалық сипаттама
әзірлей бастады. Жасалған жұмыстардың нәтижелері: 2009 жылғы желтоқсанның
7-де Қазақстанда жиналған Evolution сериялы бесінші ұрпақты бірінші жүк
магистарльды бір секциялы тепловоздың тұсау кесері болды.
Сол ұмытылмас күннен екі жылдан кем уақыт өтті, соған қарамастан,
бүгін яғни қараша айының 2 күні қазақстандық зауыттың конвейерінен жол
нөмірі 0100 тепловозы шықты.
Конструкциялық ерекшеліктерін атап өтетін болсақ:
тепловоздыңконструкциясы бір секциялы алты өсті екі кабиналы болып
орындалған,максимал жылдамдығы 120 кмсағ-қа дейін болған кезде салмағы
6000 тоннаға дейін пойыздарын қозғалтуға мүмкіндік беретін 12-цилиндрлі
төрт тактілі V-тәрізді қуаты 3356 кВт (4562 а.к.) дизельмен
жабдықталған.Бұл локомотивтің ең бір негізгі ерекшелігі оның қозғалтқышының
қуаты мен үнемділігінің үйлесуі. Сарапшының бағалауы бойынша, ТМД және
Балтық елдерінде жылжымалы құрамды ұстаушылардың көпшілігімен
пайдаланылатын екі секциялы локомотивтермен салыстырғанда, оның жүк
көтерімділігінде ТЭ33А пайдалану барысында жылдық үнемділік 460 мың АҚШ
долларын құрайды. Бұл сан отынды, сүзгілерді, майларды едәуір аз
пайдалануға негізделеді. ТЭ33А сервистік қызметтер көрсету аралығы 92 күнді
құрайды, атмосфераға лақтырылатын зиянды заттар 40%-ға төмендетілді.
Барлық локомотивтер мәлімделген техникалық сипаттамаларға және
пайдалану қауіпсіздігіне сәйкестігін тексерудің толық циклінен өтеді. Әрбір
тепловоз соңғы құрастырудан және бояудан кейін сынау учаскесіне жіберіледі.
Жаңа машиналар бес негізгі бағыттарды қамтитынәртүрлі сынаулардың 19
түрінен өтеді: электрлік бөлігін сынау; механикалық бөлігін; жалпы дизель-
генераторлық қондырғының жұмысын және корпус жапсарының беріктігін тексеру.
Қорытынды кезең –ҚТЖ ҰК АҚ-тың магистаральды жолдарында жүрістік сынау.
Сынау кезінде дәлдігі жоғары қазіргі заман аспаптарын қолданылады.
Қазір, кәсіпорында бір уақытта сегіз локомотив тексерудің толық циклінен
өте алатынжаңа сынау цехының құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 жүк магистарльды локомотивтерді
құрайды. Зауыттың барлық қуатын қосу 2014 жылға дейін жүзеге асыру
жоспарланған. Сол уақытта зауыт қызметкерлерінің саны мыңнан артық адамға
жетеді.
Кәсіпорында рентабельділікті арттыру мақсатында зауыт өнімдерінің
құрамындағы қазақстандық үлесті арттыру бойынша жұмыстар белсенді
жүргізілуде. Бастапқы кезеңде өндіріс процесі жай бұрауышты болды – GE-
ден сатылып алынған қосалқы бөлшектерден жай құрастыру ғана жүргізілді.
Бүгінде локомотив платформасын және басқа да жинақтаушы бөлшектерін жасау
толығымен игерілді. Сондай-ақ ағымдағы жылда дизельді және генераторлық
бөліктерін шығаруды игеру жоспарланып отыр. Мұнда, таяудағы уақыт
мерзімінде тепловоз кабинасын құрастыру процесі тиянақты реттеледі.
Болашақта қазақстандық және ресейлік тауар өндірушілері құбыр, электр
кабелін, тіреу өнімдерін, тежеу резервуарларын, электротехникалық
бұйымдарын сатып алуды жоспарлаған. 2013 жылға дейін арба рамаларын
өндіру игерілгеннен кейін металл прокат қажеттілігі артады, зауытқа ірі
құйма– доңғалақ дискілері және өстер қажет болады. Үнемі лак және бояу
өнімдеріне, арнайы сұйықтықтарға, дизельді майға және дизельді отынға
сұраныс артатын болады. Осының бәрі өндірісте қазақстандық құрам деңгейін
2015 жылға дейін 50%-ға дейін жеткізу үшін жасалып отыр.
Сол себептен, өндірісте дүниежүзілік станок жасаушы жетекшілері бере
алатын жабдықтар пайдаланылады. Бытыра лақтыру камерасы металды екі жақтан
тазартады; бұрмалау жабдығы бұйымға кез келген пішін береді; қалындығы 80-
нен 4 мм-ге дейін, тығыздығы әртүрлі металдың әртүрлі түрлерін кесу үшін
неміс және швейцария өндірістерінің газбен, плазмамен және лазермен кесу
станоктары қолданылады; жалпы алғанда, бүгінгі күнде кәсіпорын балансында
әртүрлі жабдықтардың 1200-ден астамы тіркелген.
Әрине, ТЭ33А кез келген техника сияқты үнемі түзетуді, жетілдіруді
талап етеді, сол себептен кәсіпорында конструкторлы-технологиялық бюро
құрылған, оның міндеті әрдайым талдау жүргізу және қандай-да бір жинақтаушы
бөлшекті дайындаған кезде түзетулер енгізу. Зауыт-даярлаушы әрқашан
тапсырыс берушінің тілектерін орындауға және кез келген ескертулерді жоюға
дайын.
Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттарының бірі экспорт болып табылады.
Қазақстандық локомотивтерді ықтимал сатып алушылар 1520 жолдың барлық
көлеміндегі теміржол администрациялары және жеке операторлар болып
табылады. ТЭ33А техникалық сипаттамасы, қуаты, пайдаланудағы үнемділігі,
барлық халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес болу нәтижесінде
Тәжікстан, Латвия, Эстония, Монғолия және басқа елдер Қазақстанда жасалған
жүк тепловозын сатып алуға қызу құштарлық білдіріп отыр. Казір ТЭ33А Ресей
сәйкестік сертификатын алу үшін сынаудан өтуде. Бұл үшін борттық нөмірі
0066 локомотив 15 шілдеде Москва түбіндегі Коломна қалашығына жіберілді.
2012 жылда Ресей сәйкестік сертификатын алу жоспарланған. Бұл қазақстандық
тепловозы үшін Ресей нарығына ғана есік ашып қоймай, сондай-ақ Ресей
сертификатының бар болуы кәсіпорын өндірісін сатып алудың міндетті шарты
болып табылатын басқа да ТМД елдеріне есік ашады.
Evolution сериялы ТЭ33А магистральді жүк бір секциялы тепловозы –
қуаттылығы 3356 кВТ (4562 а.к.) тартым күшін осьтік реттейтін ауыспалы -
айнымалы токты электрлі берілісті техникалық жағынан үздік және үнемді
тепловоз.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
GEVO 12-цилиндрлік дизельді қозғалтқышы 2ТЭ10М және 2ТЭ116
локомотивтерінде орнатылған 10Д100 және Д49 дизель қозғалтқыштарымен
салыстырғанда сәйкесінше техникалық қызмет көрсету, отыны және майы бойынша
жылына АҚШ-тың 150 мың.долларынан астам көлемде үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Жөндеу аралық кезең 2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздары үшін 18 тәулікті
құраса, бұнда жөндеу аралық кезең 92 тәулікті құрайды.
ТЭ33А бір секциялы жүк тепловозы 6000 тоннаға дейінгі салмақты
поездарды алып жүруге қабылетті.
Жылына екіден кем бас тарту деңгейіндегі тепловоздың жоғары
сенімділігі.
Атмосфераға шығарынды деңгейі UIC III A эмиссиясы бойынша
стандарттарға, МЕМСТ Р 50953-96, МЕМСТ Р 50952-96 экологиялық талаптарына
сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда
атмосфераға залалды заттардың шығарылуы 40 пайыздан аса төмендетілді.
ТЭҚ-да ауысымды токты пайдалану үлкен тартымды күшпен қамтамасыз етеді
және доңғалақтардың төсеммен ілінісуінің осьтік бақылауының нәтижесінде
доңғалақтардың тұрып қалуын төмендетуге мүмкіндік береді.
Микропроцессорлық басқару жүйесі қозғалыс параметрін және жабдықтар
жұмысын, диагностикалауға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын
жеңілдетеді.
ТЭ33А тепловозының негізгі сипаттамалары
ДГУ қуаттылығы -3356 кВТ (4564 а.к.)
АСАС тартым күші осьтік реттелетін беріліс түрі.
Асинхронды үлгідегі ауыспалы-айнымалы токты алты ТЭҚ-тың старт алуы
534 кН болғанда, ұзақ мерзімде - 427 кН тартым күшін қамтамасыз етеді.
Максималды жылдамдығы - 120 шақырымсағ.
Оське түсетін жүктеме - 23 т - +3%.
Отынның үлесті тиімді шығыны – 192 гкВТ*сағ.
Қалдыққа кететін дизель майының шығыны, отын шығынына қарағанда –
0,3%.
Бос жүрістегі дизель отынының шығыны – 8,80 кгсағ.
Табаны – 1520 мм.
Тепловоз қазіргі заманға сай қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
КЛУБ-У жүйесімен жарақтандырылған.
2. 2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Қ.К. Кеулімжаевтың Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты
кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және
сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі
яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске
жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз
болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің
тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен
қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен
ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі
мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі
уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі
бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу
жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те
атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін
жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады.
Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала
жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін
толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге
жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін
өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни
негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін
шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып
активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың
бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы
ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық
тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған,
яғни осяндай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің
мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі
құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт
жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның
қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп
айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған
комиссия мүшелерінің шешімімен қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды
қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта
құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу
карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті
деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын
актілермен басқа да құжаттар ұйымныңбухгалтериясында сақталады. Егер
негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда
жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін
толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және
жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп
толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген
кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық
әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін
жұмсалған, шыққан шығындар:
• Аяқталмаған өндіріс
• Тауарларды сату жөніндегі шығындар
• Жалпы және әкімшілік шығындар
• Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың
тиістілерінің дебитінде, ал мына төмендегі:
• Материалдар
• Бюджетпен есеп айырысу
• Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
• Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
• Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
• Басқадай несиелік борышпен есептеулер
деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының
сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп,
жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындаржы
өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды
қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе
жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып
табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай
сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы
ай сайын:

тиістілерінің дебитінде
• Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізген уақытында бұл резервтегі қордың
жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды
жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, Қосалқы
өндірістер шоты кредиттелініп, Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген
төлемдер шоты деьиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік
әдіспен жүргізілсе Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу шоты
кредиттелініп Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген ьөлемдер шоты
дебиттелінеді. Жыл соңында Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген
төлемдер деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
1 – кесте. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік
есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ Операцияның мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін щот
1 2 3 4
1 Негізгі құралдарды жөндеуге7110,7210,8410 1310,2110,3350,3130,
кеткен шығындар 3200,1030,1010
2 Негізгі құралдарды жөндеу 1340,7110,7210,8410 3230
үшін резерв қор құрылғанда
3 Негізгі құралдарды жөндеу
үшін жасаалған резервтік
қор пайдаланғанда, яғни
жұмсалғанда:
шаруащылық әдіспен, яғнм 3230 8310
өзіміз жөндеу жүргізгенде
мердігерлік әдіспен жөндеу
жүргізілсе, яғни біреуді
жалдағанда 3230 3350
Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп окулығында негізгі
құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану
мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз ету үшін оларды
мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және техникалық
күтімнің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын
ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану
қарқынына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған
байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге
кететін шығындарының сметасы жасалынады.
Жөндеу жұмыстарының сипаты және күрделілігіне байланысты оларды:
- техникалық күтім;
- ағымдағы жөндеу;
- күрделі жөндеу.
Негізгі құралдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің басты шарттарының
бірі техникалық күтімін (ұдайы үйкелісте болатын байланыс тетіктерін
уақытылы майлап тұру, мотордың майын дер кезінде ауыстыру т.с.с) дұрыс
ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды негізінен жауапкершілігіне бекітілген адамдар
негізгі құралдардың жұмыс ырғағын бұзбай атқарып отыруы керек. Ол жұмыстар
үшін арнайы еңбекақы төленбейді және материалдық шығындары да болмашы.
Сондықтан ол жұмыстардың бөлек есебі жұргізілмейді.
Ағымдағы жөндеу кезінде құралдырдың қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс
ырғағына елеулі нұсқан келтірмей тозған майда бөлшектері ауыстырылады
немесе жөнделеді. Көп жағдайларда алдын-ала сақтық жөндеулерін жоспары
түрде ұйымдастырып отырады. Ол үшін запас бөлшектер, құрылыс материалдары,
жағар майлар, т.с.с. едәуір материалдық шығындар жұмсалады. Сондықтан
ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірілген өнімдердің, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz