ЭМР - дің мақсаттары
Жоспар:
Кіріспе 3
1 ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАР-ЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ
БОЛЖАУ 5
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснама-лық
негіздері, мақсаттары және міндеттері 5
1.2 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемле-кеттік
реттеудің әдістері мен нысаны 9
Жоспардың ақпараттық-нормативтік базасы 15
2.1 Жоспардың түсінігі және маңызы 15
Жоспардың методологиясы 15
Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері 17
3 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет
ретінде даму стратегиясы 22
3.1 Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының экономикалық
құбылысы 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Жоспар – бұл саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың
үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық
кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің
жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-
заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық үдайы өндір іске белсенді
ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі
көбінесе ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық
деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге
байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара
үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша
түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Көрсеткіштерді, белгіленетін операцияларын негіздеп дәлелдеуге,
көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, жоспар процесінде қол
жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі
теңестіріледі. Іс жүзінде болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген
нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және
микродеңгейлерде ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін
анықтауы тиіс). Жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады,
нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске
асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады.
Жоспарлау — бұл жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде
оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі.
Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып
табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға
мүмкіндік туғызады.
Жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттіңқызметі, ал қорытынды нәтижесі жоспарлар мен жеке мекеменің
сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық жоспарына дейінгі жоспарларын жасау
болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер
мен шығыстар, кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады.
Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен
олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
қүбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.
Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
1 ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ
БОЛЖАУ
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық
негіздері, мақсаттары және міндеттері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық
жағдайындағы мазмұны, қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені
өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар
мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық,
атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде
шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде
экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі.
Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті
мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың
бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге
қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-
қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық
дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік
дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті
күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына
көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-
қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап
айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы
нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік
реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы
мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің Табиғат және халықтың
баюының себептері туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм
идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген
жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл
мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея
болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық
еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз
етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық
тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы
әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең
маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда
бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық
анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы
өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды
сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты.
Кейнсиан революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық
құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат
экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен
жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін
қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады.
Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты
пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға
көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті
мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен
капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс
қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы
өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі
тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр
сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс
келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда
болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары,
салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы -
әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін
қажетті.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін,
секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын;
жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын;
бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз
етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы
экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу
саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке
сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады.
Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік
шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының
азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне
сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан
келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-
дің міндетті - экономиканың қызып кетуіне жол бермеу үшін, яғни
тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау
үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол
бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды
рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы
жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай
қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық
бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың
ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін
көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық
ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының
дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға
кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып
табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен
құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика
көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды
қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет
ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын
қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар
ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс
өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез
төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық
түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік
нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта
бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық дәлізді анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның
серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол
баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық
валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен,
салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты
айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің
мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше
құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық
саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы
экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және
әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды
нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген
нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді
тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық
құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған.
Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және
экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық
ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты
емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге
негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым
салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты).
Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте
жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы
арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы
елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған
ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен
шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясаты;
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша - кредит
қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік
міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және
мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын
белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік
қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және
мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық
қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы
өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал
етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей
реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа
жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында
қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға
қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда
әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі
мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
1.2 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің әдістері мен нысаны
Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі
жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын
және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол
әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда
Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың
жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы ьолжамды баға ьолатын
баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде
электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған
басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.
Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-
экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік
бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз
ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме,
әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары
туралы болып отыр.
Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бүл ЭМР-дің құралдары.
Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.
Бағдарламада анықталатындар:
• реттеу мақсаты;
• мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;
• жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге
асыруды бақылауды ресурстық жабу;
• экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.
Жүйелі-кешенді тәсілдеме
1-сурет. Жүйелік-кешенді тәсілдеменің мәні
Бағдарламаға ұлттық экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттарының
төтенше өзгерістері жағдайында реттеудің резервтік нұсқасын жиі қосады.
Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және
интернационалдық сипатта болуы мүмкін.
Экономиканы жоспарлау мен болжпуда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-
мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.
Жүелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиәмді бақару
қағидасы бойынша құрылады.
ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар жүйесінің талаптарымен қортындыланады:
әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері
ретінде қарастырылады (1-сурет).
Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген
шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және
шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі
көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.
Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы тиісті:
1. Мақсат.
2. Кешенді тәсіл.
3. Мекен-жайы.
4. Орындалу міндеттілігі.
5. Шараларды жүзеге асыру мерзімі.
6. ресурстардың негіздері.
Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеменің ерешеліктері:
• бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз байланысты, оны
көбінесе жеке мәселелерді шешуде кешендіге қосымша ретінде
қарастырады;
• бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;
• мақсатты кешенді бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.
Бағдарламалық әдіскке талаптар:
• проблемаларды нақты анықтау;
• мақсатты бір жақты қалыптастыру;
• қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен мерзімнің жан-жақты
кешенді байланысын қамтамасыз ету.
Тәсілді өткізу үдерісі:
• мақсатты ғылыми анықтау;
• мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;
• қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның ресурстары мен
көлемін анықтау;
• жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;
• бірнеше баламалар арасынан базистік шешімді таңдап алу үшін критерийді
табу.
Біз атап өткендей, экономиканы реттеуде қоғамның экономикалық
өмірінде мемлекеттің қатысуы маңызды нысан болып табылады.
Реттеу – мемлекеттің экономикаға оның қызмет тәртібін қолдауға
бағытталған ықпалы.
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы экономикалық (жанама) және
әкімшілік (тікелей) әдістермен реттеледі.
Экономикалық реттеушілердің басымдық мәні болады. Олар нарықтың
қызмет ету тетіктеріне айтарлықтай оралымды кірігеді және мемлекетке
экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.
Әңгіме мемлекеттік реттеу туралы болғандықтан, деңгейлі анықталған
экономикалық және әкімшілік әдістерді шектеу шартты сипатта болады: кез
келген экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол
әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік
органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-
әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер
еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет
ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін
өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны
қаржыландыруға жаңа көдерін пайдалануға мәжбірлейді және т.б.
Алайда, кейбір ұқсастыққа қаоамастан, эеономикалық және әкімшілік
әдістер, дегенмен өзінің әсері бойынша қарама-қайшы болып табылады.
Әкімшілік реттеуші таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық
керсінше, экономикалық қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру
жасап, оны кеңейтуі мүмкін.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері екі негізгі нысанда
көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше мәні
бар, оның әрқайсысы өзіндік құралдар иеленеді.
Кредиттік-қаржылық саясаттың басты құралдары міндетті резервтердің
мөлшері, банкаралық кредит мөлшері, бағалы қағаздар рыногында Орталық
банктің мемлекеттік облигацияларымен операциялар болып табылады.
Бюжет-салық саясатының жан-жақты және қолданбалы құралы салық
жеңілдіктері болып табылады. Салықтық реттеуге мемлекеттік шығындар мен
мемлекеттік борыштарды басқару әдістері (пайыз мөлшері мен облегацияны
шығару мерзімі) қосылады.
Экономикалық әдістер нарық экономикасының қарқынды дамуы мен тиімді
қызмет тәртібі қолданумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін
қолданылады. Мұндай міндеттерге кезеңге қарсы, құрылымдық реттеу, аймақтық
саясатты жүзеге асыру; экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету;
елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту жатады.
Кредит-қаржы саясатының құралдарын пайдалану мемлекетке инфляцияға
қарсы тұруға, ппайыздық мөлшернемені реттеуге, солар арқылы – инвестициялық
үдерісті, өндірісті және жұмыспен қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға
мүмкіндік береді.
Сабура Окита былай деп жазған: Шенеунік даналығы, телефон арқылы
немесе ведомстволық нұсқау арқылы экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез
келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен
басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын
жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады.
Салық саясаты барлығынан бұрын, табыстарды қайта бөлуді және
өндірістің дамуын ынталандыруды ұйымдастыруға бағытталады. Салық қызметтері
– қазыналық және экономикалық.
Әкімшілік әдістер бес бағытта қолданылады:
1. Монополиялық рынокты тікелей мемлекеттік бақылау. Рынокты әкімшілік
реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты енгізу, бағаны
жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға қатысты, рыноктағы
үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.
2. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Өндірістік және экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүргізу үшін
және оларды бақылау үшін қажетті стандарттарды әзірлеу.
4. Тұрғындар өмірінің ең аз шектеулі параметрлерін анықтау және қолдау.
5. Халықаралық экономикалық қатынастар аясандағы ұлттық мүдделері қорғау.
Сөйтіп, осы немесе басқа әдістер қойылған мақсаттарға жету құралы,
кері көріністі әсерлерді басатын, өзіндік сипатты өтелім болып табылады,
деген қорытынды жасауға болады.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми
негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық
экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы
шешім қабылдауға байланысты.
Болжаудың бірнеше анықтымалырын ұсынамыз:
• Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-
ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
• Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
• Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі
экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және
жоспарлы ғылыми базасы.
Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:
– Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын,
ғылыми алғышарты құру;
– Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде
есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын
ала көре білу нұсқасы;
– Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
– Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық
және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.
Әлеуметтік-экономикалық болжау объектілері, уақытша интервалдары,
атқарым белгілері, тәсілдері және түрлері бойынша жіктеледі.
Бірақ мұндай жіктеу шартты сипатта болады.
Болжамдардың сипаттамасына кеңірек тоқталайық.
Объектілер санатында халық шаруашылығының, салааралық кешендердің,
аумақтардың және салалардың алғашқы буындары көрінеді.
Аралықтары бойынша болжаулар жедед (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3
жыл), орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді
(20 жылдан жоғары) болу мүмкін.
Атқарымдық қызметтері бойынша-іздестіру және нормативтік.
Бұл болжаулардың арасындағы айырмашалық, олар екі түрлі мәселелерді
шешуіне байланысты қорытындыланады. Іздестіру болжамдары мемлекеттік ықпал
етудің ешқандай шарасы қабылданбаса, не болады және егер өткен және бүгінгі
көрсеткіштерді үдерісі келешекте тараса не болады? деген келешек деген
сұрақтарға жауап береді.
Нормативтік болжам: Келешекте тапсырылған міндетке жету үшін, осы
кезеңде не өзгерту қажет? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйтіп, іздестіру болжамына базалық көзқарастың шешуші маңызы болады,
ал нормативтік болжам үшін – мақсатты маңызы бар.
Болжау тәсілдерінің арасында сарапшылық, экстрополяциялық және
экономикалық-математикалық (модельдеу) түрлерін бөліп алады.
Болжау түрлері: экономикалық (инфляция деңгейі, еңбек өнімділігі),
табиғи ресурстардың ( әлемдік мұхиттар ресурстары, энергияның кейбір
түрлері және т.б.), демографиялық, әлеуметтік даму (мәдинет, өнер).
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде
жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және
мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға
негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.
Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және
стратегиялық болады.
Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.
Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал
етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын
жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін,
экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру
үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы
жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға
қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді
көрсеткіштер болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік
реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып танылады.
2. Жоспардың ақпараттық-нормативтік базасы
2.1 Жоспардың түсінігі және маңызы
Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің
бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. Анти-Дюринг
еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: Өндірістегі анархия енді
қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің
қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады деп жазды. Өз заманында К. Маркс
та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс
ұйымдастыруға шақырды.
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр
саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында
белгілі бір тепе-теңдік пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz