Жалпы аймақтық өнім ішіндегі шикізат өндіру бөлігін экспортқа бағытталған өндіріске ауыстыру негізінде экономика салаларын диверсификациялау арқылы аймақтың экономикалық өсуін болжамдау
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ХХ Ғ. 90-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
САЛАСЫ
1.1 Жаңа қоғамдық құрылымның қалыптасуы. Өңірдің дамуындағы қиыншылықтар
мен қайшылықтар
1.2 Арқалық қаласының тар жол, тайғақ кешу дағдыры
1.3 Өңір қалаларының нарықтық бағытта түрленуінің қалыптасуы
2 СОЛТҮСТІК ӨҢІР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕ
2.1 Қала - әлеуметтік-экономикалық саясаттың субъекті және объекті.
2.2 Өндірістік инфраструктураның даму факторларының әлеуметтік-экономикалық
аспектілеріне әсері
2.3 Өңір қалаларын өркендетудегі Мемлекеттік бағдарламалардың себеп-салдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Айгерім төмендегі құжаттарды қарастыруға ұмытпаңыз!!!
Прензидент жолдаулары, Жол карта - 2009 және т.с.с.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі,
экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер
қалалардың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай
ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын
мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республиканың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір
орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық
бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды
орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік
шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптасып
жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге
асырылатынын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен
шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып
табылады.Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, аймақтың экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік
беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл
ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді
қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды мәселе. Бұл
таяу он жылдықтағы Қазақстан дамуының басты бағыты.
Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің
болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты деп Ел
басы өзінің Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты атты жолдауында атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының құрамында 78 жыл бұрын құрылған Солтүстiк
Қазақстан облысы міне ұзақ уақыттар бойы өзіне көптеген елдердің назарын
аудартып отыр. Солтүстiк Қазақстан облысында 575,7 мың адам тұрады, аумағы
— 97,99 мың ш. км, республика аумағында үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.
Қала тұрғындарының саны 241,2 мың. адамды немесе 41,9 пайызды құрайды,
ауылдық — 334,5 мың. адамды немесе 58,1 пайызды құрайды.
Ұлттық құрамы бойынша ол келесi сипаттағы түрде* (2012 ж. 01.01.
жағдай бойынша облыс бойынша санға қатысты — 583,6 мың адам):
Солтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайы, оның ландшафты, климаты,
флорасы мен фаунасы плейстоцен және голоцен дәуірлері аралығында адамдардың
белсенді қоныстауына қолайлы жағдай жасады. Оған тиісті гирдо жүйенің
болуымен қатар, негізі өзендер - Есіл, Тобыл және Ертіс ағындарының
меридиандық бағыты ықпалын тигізді. Атап айтқанда, Есіл меридиандық
бағытында Солтүстік Қазақстанның екі облысын кесіп өтіп, ерекше экологиялық
гибрид құрып, дала және орманды даланың әртүрлі орфографиялық аудандарын
біріктіреді. Көне халық Есіл алқабының қолайлы жағдайларын өмір сүру үшін
кеңінен пайдаланды. Оны Есіл маңының тас дәуіріндегі ескерткіштердің
археологиялық картасы дәлелдейді. Тас ғасырының тұрғылықты орындары мен
шеберханалары көне адамдардың тұрмыс құруына, шаруашылық жүргізуіне барынша
қолайлы шағын аудандарды шоғырландырылады.
1991–1995 жылдары өндiрiстiк кәсiп құлдырай бастады, 1995 жылы 1990
жылғы қарағанда тек 32,4 пайыз құрады. Петропавл қаласының жоғары
техникалық сұраныс пен кәсiби жұмыс күшi бар iрi кәсiпорындар әскери —
кәсiптiк кешенiнiң объектiсi болды. Әскери тапсырыстарды алып тастау қиын
жағдайға әкеп соқты. Жеңiл және жергiлiктi кәсiп өндiрiсiнде, құрылыс
материалдары өндiрiсiнде және құрылыста құлдыра бастады.
Ауыл шаруашылық өндiрiсiнде құлдырау күштi болды. Совхоздар мен
колхоздарда жасанды және әдейi қаржылық банкротқа ұшырады. Қазақстан
қалалары мен жақын және алыс шет елдерге ауылдастарды көшiру басталды.
Бiрақ басқа шаруашылықтар мысалы, КТ Новоникольское өзiнiң қара малын
сақтап қалды. Сүт және ет өнiмiн арттырды.
1990 жылдардың аяғында қорғаныс кәсiпорындары үшiн машина жасау кешенi
облыстарында басты бағыт болып, өндiрiстiң экспортқа шығаруы болды.
Облыстың кәсiптiк азығын шығару мен айналысатын мыңдаған кәсiпорындары мен
өндiрiстерi 2002 жылы 28,5 млрд теңгеге өндiрiлдi. 2001 жылы деңгейiнен 3,4
пайыздан жоғары. Өндiрiстiң жоғарлау динамикасы 2003 жылы сақталды. Сондай
кәсiптiк азық көлемiнiң 60 пайызы 9 iрi кәсiпорындарына кiредi. АкСЭС
Энерго ЖШС, Сұлтан элеватор, БАҚ, Массагет ЖШС, Сирио — Каз ЖШС, Нан
тоқаш комбинаты БАҚ, ЗИКСТО БАҚ, Молпродукт ЖШС, ППЭИМ ЖШС.
Республиканың жаңа дамуы 1997 жылы Қазақстан — 2030 стратегиясының
қабылдағаннан кейiн басталды. Республика мен облыстың жетiстiктерiн
айтқанда Қазақстанның динамикалық дамуының басты бағыты ұлтаралық және
конфессияаралық келiсiм болып табылады. 1995 жылы елiмiзде конфессияаралық
диалогтың ұлттық саясатын iске асырудың тиiмдi механизмi Қазақстанның халқы
ассамблеясында құрылды. Қазақстан Республикасында 130 этнос өкiлдерi тұрып
жатыр, соның iшiнде бiздiң облысымызда бар.
Облысымыздың халқын 100 ұлтқа жуық өкiлдер құрайды. Бiрiншi
қоныстанушылар: орыс шаруалары, Солтүстiк Қазақстанда қазақтар 18 ғасыр 50
жылдарының екiншi жартысында Горький жолағының жандануынан кейiн пайда
болды. Приишимьеге Тобыл губерниясы шаруаларының оңтүстiк өңiрлерiнде
орналасқан ұрпақтары көшiрiлдi. Ең бiрiншi көшiп келген ауылдар қатарына
Соколовка, Вагулино, Красный Яр жатады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аймақтық даму және аймақтық саясат
мәселелері көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған. Қалалардың дамуын саралау, олардың экономикалық дамуын
бағалау, аймақтық саясат ерекшеліктерін талдап, оның жүзеге асырылу
механизмдерінің жетілдіру жолдарын анықтау – аймақтық дамуды зерттеген
ғалымдардың еңбегінің негізі болып табылды.
Әсіресе аймақтық басқару мәселелерін зерттеуде Г.С.Смағұлова,
Ю.С.Дульщиков, В.Я. Афанасьева және М.Б. Кенжегузин сияқты ғалымдардың
еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, аймақтың экономикалық
дамуы және оны басқарудың ерекшеліктері В. Архангелський, М. Баяндин,
Е.Айтаханов, Н.Ташимова, М. Дузбаева секілді ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған.
Қазақстан экономикасын реформалаудың жетістігі бұл оның аймақтарда
жүзеге асырылуына тікелей байланысты. Өйткені экономиканы реформалаудағы
негізгі мақсат бұл – қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу
арқылы жалпы елдің экономикасын тұрақтандыру. Осы негізде жоғарыда аталып
өткен ғалымдардың еңбегі зор деп ойлаймын.
Аймақтық экономиканы, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуын, экологиялық жағдайын және экономикалық
қауіпсіздік мәселелерін зерттеген ғалымдардың ішінен С.Ө. Нұрғисаевтің,
И. Ким және А. Темированың, А Хакимованың еңбектерін ерекше атап өтуге
болады. Бұл зерттеушілердің зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан
облысының экономикасын зерттеуде, оның экономикалық даму ерекшелігін
анықтауда қосқан үлестері зор.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, қалалардың әлеуметтік-экономикалық
дамуын Қазақстандық зерттеушілер кең зерттегенін айтуға болады. Алайда
бұған қатысты көп мәселелер әлі күнге дейін шынайы зерттеулерде тұжырымдық
позицияға ие болмаған. Мысалға, қазірде дағдарыстық қалалардың, оның ішінде
Солтүстік Қазақстан облысының нарықтық экономика жағдайында қолда бар
шикізат әлеуетін тиімді пайдалану есебінен жоғары технологиялық өңдеу
өнеркәсібін құру және дамыту арқылы облыстағы халықтың тұрмыс
деңгейін көтеру мәселелері толық зерттелмеген.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты Солтүстік
Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін механизмді
жасау, оны осы процесстің болуын қамтамасыз еткен факторларды сараптау
арқылы жүзеге асыру. Осыған байланысты келесі міндеттерді шешу көзделген:
- Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының аймақтық
факторларын және аймақтық мәселелерін қарастыру;
- Қазақстандағы қалалардың типологиялық ерекшеліктерін, аймақтық
саясат және оны жүзеге асыру механизмдерін талдау;
- Солтүстік Қазақстан облысының демография-миграциялық жағдайының,
өндірістік-өнеркәсіптік әлеуетінің, экологиялық хал-ахуалының және
әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының өткен кезеңдердегі өзгерулерін
ғылыми тұрғыда бағалау;
- Жалпы аймақтық өнім ішіндегі шикізат өндіру бөлігін экспортқа
бағытталған өндіріске ауыстыру негізінде экономика салаларын
диверсификациялау арқылы аймақтың экономикалық өсуін болжамдау;
- Аймақтың ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану және әлеуметтік
инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін қарастыру;
Зерттеу нысаны болып Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-
экономикалық дамуы болып табылады.
Зерттеу пәні – аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен
мүмкіншіліктерін зерттеу.
Зерттеудің теория -әдістемелік негізі болып осы зерттеуге байланысты
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері танылады. Зерттеудің ақпараттық
базасын Солтүстік Қазақстан облысының бағдарламалық құжаттары, Солтүстік
Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің
мәліметтері және ҚР статистика бойынша Агенттік материалдары мен Солтүстік
Қазақстан облыстық Статистика Департаментінің мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық зерттеу барысында ғылыми
жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
- еліміздің экономикасының қарқынды дамуында аймақтық саясаттың
маңыздылығы анықталды;
- теориялық ережелерді жинақтап қорытындылау негізінде аймақ
экономикасын басқару ұғымына авторлық ұғымдық-мазмұндық және әдістемелік
дәлелдемелер берілді;
- еліміздің экономикасындағы қалалардың рөлі мен алатын орны
негізделді;
- ғылыми түрде талдау жасау тұрғысынан қалалардың әлеуметтік-
экономикалық дамуының тұжырымдамалық негізі мен бағыттары әзірленді және
аймақтық айырмашылықтары мен ерекшеліктері анықталды;
- аймақты экономикалық дамытудың ерекшеліктерін, ресурстық әлеуетін
жүйеге түсіру негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамыту
бағдарламасын дайындаудың нақты айқындамасы жасалды;
- аймақтың экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту
динамикасына, сандық және сапалық өлшемдеріне салыстырмалы түрде жасалған
талдау негізінде олардың даму тенденциясы анықталды;
- үкіметте қабылданған бағдарламалық құжаттары негізінде Солтүстік
Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің негізгі
бағыттары белгіленді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің теориялық және
тәжірибелік маңыздылығын зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен
ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, инновациялық-техникалық
дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу кезінде
қолдануға болатындығында. Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік басқару
органдары аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын әзірлеу
кезінде, өкілетті органдар мен әкімшіліктер аймақтың әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды жақсарту шараларында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық кіріспе, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстан аумағында адам 1 млн. жылдан астам уақытта пайда болды, оны
табылған көне палеолит дәуірінің еңбек құралдары дәлелдейді. Ада мустьер
дәуірінде қазақстандық ұсақ шоқыларының солтүстігіне дейін және жоғары
палеолитте (35-40 мың жыл бұрын) қазіргі Қазақстанның солтүстік шекарасына
дейінгі жерлерде қоныстанған. 1940 жылы Петерфельд с. құдық қазған кезде 18
метр тереңдікте ағаш көмірі, тастан жасалған құралдар және өңдеудің іздері
бар мамонт сүйегі табылды. Бұл олжалы заттың қай уақытқа жататынын айқындау
қиын, алайда ол палеолит мұз кезеңіне жататыны даусыз.
Палеолит дәуірі адамдарының қоғамдық ұйымдастырылуы күрделі және ұзақ
даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі – алғашқы қауымдық құрылыс, ол
кезде адамдар бірлесіп сақтануы мен шабуыл жасауы, аң аулау мен қорық жинау
үшін біріккен. Бұл әулетке дейінгі әлеуметтік құрылымдағы қоғамдық
қатынастар дамымаған, мал шаруашылығы жоқ, сол уақытта ерлі-зайыптық
қатынастарда реттілік пайда бола басталды.
Мезолит жаңа геологиялық кезең – голоценмен (б.д. дейін ХІІ)
байланыста, адам планетаның жаңа кеңістіктерін, тас өңдеудің жаңа
технологияларын игере бастады. Климат жағдайы, флора мен фаунаның өзгеруіне
байланысты аң аулау тәсілдері де өзгерді. Жеке нысандар қажеттілігі
туындайды, садақ пен жеде пайда болады. Тас өңдеудің макролитикалық
дәстүрінің орынына жапсырма технологиясымен микролитикалық табақты
индустрия келді.Мезолит дәуірі Қазақстанның алғашқы тарихындағы ең аз
зерделенген кезеңі болып табылады. Мезолиттің бірінші ескерткіштері 1960-70
жылдары ашылды (Алпысбаев Х.А. – Оңтүстік Қазақстанда; Медоев А.Г. – Батыс
Қазақстанда). Алайда, өз мазмұны және сипаты бойынша табылған кешендердің
бағасы әртүрлі. Солтүстік Қазақстанда жақсы стратификацияланған
ескерткіштер табылды (Виноградовка ІІ,VІІ, ХІІ; Куропаткино І; Тельман VІІ,
VІІІ а, ІХ а, ХІV). Егер Солтүстік Қазақстанда мезолит дәуірі
ескерткіштерінің бірқатар топтары табылса (Явленка, Тельман, Виноградовка
мөлтек аудандары), Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстанда табылған
ескерткіштер едәуір бөлшектенген және олардың мәдени жігі сақталмаған.
Адамдардың топтасып орналасуы, мәдени жігінің қуаты мен қанығу
дәрежесі қоныстанудың үш түрін айқындауға мүмкіндік береді: үйлерінің және
әртүрлі құралдарының қалдықтарымен ұзақ мерзімді базалық лагерлер, қысқа
мерзімді маусымдық қоныстану орындары және бір рет келетін қоныстар.
Тобыл-Ертіс өзендері аралағындағы мезолит тайпаларының шаруашылығы
иелену үлгісі шегінен шыққан жоқ. Ол күрделі кешенді сипатқа ие болып,
негізгі тамақ өнімдерін жеткізетін салаларға негізделді. Бұған көбінесе
мезолит ескерткіштерінің ылғалдық кезеңі ауысып тұратын екі ландшафтық
аймақта – дала мен орманды далада және континенталды климатта орналасуы
ықпалын тигізді. Осы өңір қоныстарының фаунасы мен еңбек құралдарының
қалдықтарын зерделеу нәтижесінде мезолит тұрғындарының басымды кәсібі аң
аулау екендігін көрсетеді. Олар бұғы, жабайы өгіз бен жабайы сиыр аулауға
шығатын, басы тұйық шағын табақтармен жарақтандырылған жебелер, найзалар
сияқты алуан түрлі жапсырма бұйымдары аңшылардың лақтыратын қарулары болды.
Балық аулау да адам үшін маңызды бола бастады.
Адамның әлеуметтік құрылымы да өзгереді. Ұжымдардағы адамдар саны азая
түсті, осы кезде қауым ішіндегі адамдардың және халықтың жекелеген
топтарының арасындағы қатынастарды реттейтін құқық негіздері бар үлкен
отбасылық қауым қалыптасты, ұжымдар арасында аңшылық жерлері бөлінді. Бұдан
басқа, отбасылық қауым ішінде аңшылық өнімі мен еңбек құралдарының бөлінуі
және отбасылық қатынастар регламенттелген болуы тиіс болды.
Жалпы тарихи ұғымда неолит неолитикалық революциямен байланысты.
Қазақстан аумағында және барлық Еуразиялық далалы орманында неолитикалық
революцияның белгілері тіркелмеген. Солтүстік Қазақстан облысының неолит
кезеңінде Атбасар мәдениеті орналасқан. Ол сырттан келген ықпалға қарай
жергілікті мезолитикалық тайпалардың материалдық мәдениеті негізінде
қалыптасты. Әсіресе көрнекі ескерткіштері – Виноградовка ІІ, Тельман І,Х,
Явленка, Карлуга, Боголюбов селолары жанындағы қоныстар. Атбасар
мәдениетінің барлық қоныстары Есіл және Шағлы өзендерінің маңында
орналасқан.
Неолиттің аяқ кезінде халықтың шаруашылық қызметінде және тас өңдеу
техникасында айтарлықтай өзгерістер пайда болды.
Біздің заманға дейін ІІІ және ІV мыңжылдық шекарасында климат
жағдайының, демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты Алдағы Азия мен
көршілес аумағының даласы мен далалы орманына өзінің өмір салты және
дәстүрлері бар жаңа халық келе бастады. Мәдениеттердің араласуы нәтижесінде
Ботай мәдениеті пайда болды, ол кезде шағын түрінен (нуклеарлық)
бөлінбейтін түріне дейін дамыған отбасы қоғамның негізін құрады. Орташа
арифметикалық отбасы (10 адам) көне социумның тұрмыс, өмір салтын және
мәдениетін көрсетеді, олар өмірінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жылдық
цикл ішінде кең байтақ аумақтарды игеруге мәжбүр болды. Бірнеше отбасы
экономикалық, мәдени және іліктік қатынастармен байланысқан отбасылық
экзогамдық қоғам құрды. Көп зерттеушілердің пікірінше, соның ішінде
жерлесіміз тарих ғылымының докторы, профессор В.Ф. Зайберта дуалдық
ұйымдасудың пайда болуы энеолитикалық дәуірдегі өндіріс шаруашылығының
қалыптасу кезеңіндегі жалпы тарихи уақиғаларға қайшы келмейді. Материалдар
бойынша Ботай қоныстары ғаламшарда алғашқы рет жылқы малын Солтүстік
Қазақстанның орманды даласында үй малына айналдырып, үйретіп алды.
ХІХ-ХVІІІ б.з.д.ғ. қола құю өндірісінің пайда болуына, үй жанындағы
мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық
қатынастар да біртіндеп өзгерді. Оңтүстік-батыстан келген жаңа көші-қон
толқыны протоқалаларымен (Оңтүстік Оралда Арқайым) және нығайтылған
кенттерімен (Солтүстік Қазақстанда Петровка, Новоникольское) жаңа мәдени
құрылым әкелді, онда арбалы-жауынгерлер күзететін, қола құю өндірісінің
құпиясын сақтайтын адамдар тұрды. әскери арбалары бірге көмілген зираттар
пайда болды, бұл белгілі бір әскери иерархия мен қоғам ішіндегі
қатынастардың өзгеруін көрсетеді. Туыстық тайпалық ұйымдасуға әскери
ұйымдасу кіре бастады, болжам бойынша бұл тайпалардың Қазақстан және
Оңтүстік Орал аумағына жылжу кезеңінде және жаңа аумақта өмір салтын
тұрақтандыру үшін қоғамдағы басымды ұйымдасу түрі болды. Солтүстік
Қазақстанда осы кезеңге жататын көп ескерткіштер табылды. Алыпқаш және
Бағанаты атты андрон тайпаларының қазылған зираттары өте бай материалдарға
толы болды. Новоникольское І, Петровка ІІ, Явленка І қоныстарын, Бұрлұқ,
Семипалатинское, Амангелді зираттарын қазған кезде өте бай материалдар
алынды.
Қола дәуір ішінде палеоклиматтық жағдайдың және халықтың жергілікті
көші-қонының өзгеруі андрон қоғамының шаруашылық-тұрмыстық және әлеуметтік
құрылымының өзгеруіне, өмір сүру аумағының кеңеюіне әкелді.
Климаттың аридизациялау жағдайында көне халықтың тұрмыс құруына
қолайлы экономикалық қуыстар қысқара бастады, Новоникольское І және Қарлұға
ІІ (Солтүстік Қазақстанда) сияқты ірі қоныстар пайда болды. Аумақтың
кеңеюіне қарай халықтың жалпы тығыздылығы азайды, бірақ халық өмір сүруіне
қолайлы белгілі бір экологиялық қуыстарда шоғырланған.
Андрон мәдени-тарихи қауымы өмір сүруінің соңғы кезеңінде Орал және
Обь өзендерінің арасындағы үлкен дала және далалы орман аумағында сарғары
және сарғары-алексеевка мәдениеті қалыптасты. Ақмола облысы Атбасар қаласы
Жабай өзені Сарғары шатқалында табырған ескеркіштер кешені бойынша аталды.
Датасы – б.д.д. ІХ-VІІғғ.
Әртүрлі үйлердің болуы және олардың арасында құрбандық кешендері бар
көпбұрышты үйлердің болуы сол кезде социумдардың рухани және қоғамдық
өмірінде белгілі бір өкілеттері бар абыздық басшылардың болғанының дәлелі.
Соңғы жылдары Шал ақын ауданында Бағанаты мен Байқара зираттарының
қазбаларын зерттеу тарихтың жаңа беттерін ашты. Бағанаты зираты қола
дәуірінен бастап монғол кезеңіне дейінгі хронологиялық кесіндіні көрсетеді.
Зиратта ертедегі темір ғасырының тайпалары – сақтар мен сарматтар пайда
болған өте көне андрон өркениеті адамдарының сүйектері табылды. Байқара
зираты ғылымда археологиялық ескерткіштердің жаңа түрін – храм кешенін
айқындауға мүмкіндік берді.
Б.з.д.ІХ-VІІ ғасырларда Қазақстан аумағына жаңа экономикалық тұрмыс
салты- көшпенді мал шаруашылығы қалыптасқан тайпалар келеді. Біржарым-екі
ғасыр аралығында шаруашылықтың екі түрі бірге қолданылады, бірақ адиризация
жағына өзгерген климат жағдайы табын құрамы өзгерген жылжымалы мал
шаруашылығының басымды болуына, сәйкесінше көне халықтың өмір салтының
өзгеруіне ықпалын тигізді. Қоғамдық қатынастар да өзгере бастайды.
Қазақстан аумағында алғашқы көне түрік мемлекеттері пайда болады.
Жаңа дәуір шекарасында төменгі және орта Есіл аумағында угрофин
тайпалары қоныстанды. Біртіндеп, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсерінен
олар Зауралье мен Поволжьеге көшті. Б.д. бірінші ғасырларында Қазақстан
аумағына ғұн тайпаларының одағы шабуыл жасады. Ғұндар келгеннен кейін
жергілікті популяциялардың арасындағы азиат антропологиялық кешеннің үлесі
морфологиялық өзгерістердің жалпы көлемінен ¼ бөлігін құрады. Мамандардың
пікірінше лингвистикалық тұрғыдан қарағанда ғұндар прототүрік тілінің
негізін қалыптастырғанымен қатар, осы өлкенің жергілікті тұрғындары
арасында оны табысты енгізіп кетті.
Бұл кезеңнен кейін сақ-үсін мәдени-тарихи қауымы келді, осы уақытта
қазақ халқының көне ата-бабаларының этникалық және антропологиялық негізі
қалыптасты. Қазақстанның көне индоеуропалық тайпалары және олардың барлық
шаруашылық-мәдени дәстүрлері бірыңғай ата-баба негізін құрып, жергілікті
тайпалар одақтарының алдағы уақытта даму бағытын айқындады.
Қазақстанның барлық тарихи-мәдени даму нысандарының табиғи тұрақты
негізі ретіндегі бірыңғай географиялық орта бірінші орынға шықты. Бірқатар
мыңжылдықтар аралығында Қазақстан аумағында тұрақты бір бағыттағы ата-баба
нысанының трансформациясы өздік антропологиялық қауымның нақты ұйытқысының
қалыптасуына, сондай-ақ Қазақстан халқының этномәдени тұтастылығына қол
жеткізуге мүмкіндік берді.
Атап айтсақ түрік дәуірінде Қазақстанның кең байтақ аумағы тарихи
дамуы мен географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Шығыс пен
Батыс арасындағы көпір болды, ал оның жергілікті тұрғындары мың жылдар бойы
Еуразияның көші-қон жолдарының нағыз ортасында өмір сүруге мәжбүр болды.
Осы кезден бастап Ұлы дала аумағының кең байтақ бөлігі Түркістан деп
аталды, яғни түріктер елі болды.
Түрік этномәдени кейіпті, тиісті көзқарсы мен еуропоидтік-монғолоидтік
кескінді орта ғасырдағы Қазақстан халқын Қазақстан халқының алғашқы ата-
бабасына тікелей жақын нысанына жатқызуға болады.
Жалпы алғанда Қазақстанның түрік уақытындағы этникалық құрылымдарының
мәдени, лингвистикалық және антропологиялық сипаттарының жиынтығы
Еуразияның орта ғасырдағы тарихи географиясындағы дербес этникалық құрылым
– қазақ халқының тікелей қалыптасуы мен нақты құрылуына табиғи-тарихи алаңы
болып табылды.
Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтың этникалық құрылымына
айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ан-Нувейридің мәліметі бойынша Ертіс,
Балқаш және Арал теңізінен батысқа қарай орналасқан Қазақстанның Солтүстік
Батыс, Солтүстік және Орталық аумақтары Жошы ұлысына кірді.
Монғол шапқыншылығының ықпалынан қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік
Қазақстан және Батыс Сібір жерлеріне көшті. Осы жерлерге наймандар мен
керейіттер де келді. Бұл этникалық топтардың орналасу картасы өзгертті. Әр
түрлі уақытта Солтүстік Қазақстан аумағына татарлар, маңғыттар, жалайырлар,
барластар, баарындар және басқа да этникалық топтар көшіп келді.
Өлкеміз қазақ халқы қалыптасуының кең тарихи үрдісінің бір бөлігі
болып табылады. 10-12 ғғ қазақ даласында нақты көрініс тапқан
консолидациялық үдерістер монғол шапқыншылығының кері салдарын еңсеру
барысында жүз жылдан кейін ғана одан әрі даму үшін ынталандырылды.
14-15 ғғ. халықтың жеке мемлекет жүйесіне, ең алдымен монғол
ұлыстарына ұзақ уақыт аралығында кіруі Қазақстан аумағында үш жүз ретіндегі
этникалық консолидацияның бірнеше түйіндерінің қалыптасуын айқындады. Қазақ
жүздерінің әр тайпасы бірегей көшу бағыттары, жалпы этникалық аумағы арқылы
бір-бірімен тікелей байланыста болды. Атап айтқанда, Орта жүз Қазақстанның
Орталық, Солтүстік және Солтүстік Шығыс аумағында орналасқан; оның құрамына
қыпшақтар, арғындар, наймандар, Қоңыраттар, керейіттер, қарлық тайпалары
және т.б. кірді. 17-19 ғғ. көздерінде тіркелген қазақ халқы қалыптасуының
аяқталуы, қазақ жүздеріндегі тайпалар құрамының бөлшектенуі, көне этникалық
ұйытқыны толықтырған тайпалар мен әулеттердің олардың көне аумақтарына
жылжуы монғол кезеңінен кейінгі Қазақстанның этникалық тарихының негізгі
мазмұны болып табылады.
15-16 ғғ. екінші жартасында қазақ халқының негізгі этникалық
топтарының және олардың этникалық аумақтарының мемлекеттік бірігуі
консолидациялау үрдісінің аяқталуын жылдамдатты. Қазақ хандығының мықты
этникалық негізі – қалыптасқан қазақ халқы болды. Монғол шапқыншылығынан
кейін алғаш рет Шығыс Дешт-и-Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың барлық
түрік тайпалары мен әулеттері бір мемлекет астына бірікті. 15 ғ. Екінші
жартысында қалыптасқан халық көршілерінің сол кезеңді сипаттаған жазбаша
көздерінде қазақтар деп аталған. Жәнібек, Керей, Қасым, Есім, Тәуекел,
Тәуке және Абылай хандарының қызметі мемлекеттің нығаюына ықпалын тигізді.
Өзінің игі істерінде хандар әйгілі билерді (Төле, Әйтеке, Қазыбек),
батырларды (Қарасай, Ағынтай, Баян, Олжабай, Бөгенбай, Райымбек және т.б.)
тірек етті.
Қазақ жүздерінің халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, бұл көне
Еуразия даласында қалыптасқан ерекше шаруашылық-мәдени үлгі (ШМҮ) болды.
Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы қазақ этносының ұзақ даму
жолындағы тұтастығын сақтауға, қазақ халқының консолидациясы үшін маңызды
мағынаға ие, әсіресе 15-17 ғғ.кезеңінде.
18 ғасыр басын қазақтың атақты оқымыстысы, Солтүстік Қазақстанның
тумасы Шоқан Уәлиханов қазақ халқы өмірінің ең сорақы кезі деп, ал 1723
жылды - Ұлы жұт жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі
адамдардың, малдардың өліміне, қыстаулардың қирауына, халықтың солтүстік
және батыс жақтарға жаппай көшуіне әкеліп соқты. Қиын сыртқы саясат
жағдайында қалған қазақ хандығының билеушілері бұдан шығу жолы Ресей
мемлекетінің протекциясын мойындап, қол астарына өту деп білді.
Осы саяси қадамдардың жақын арадағы нәтижесі Ресейдің жаңа қол
астындағыларын қорғау мақсатында Жоңғария мен Қазақстанның арасындағы
жағдайға белсенді араласуы болды. 1742 жылдың 2 мамырында Сенат Орта жүз
қазақ халқын қорғау және жоңғарлардан қорғану үшін бекіністер салу туралы
іс шаралар бойынша Жарлық қабылдады. 1752 жылдың 26 наурызында сібір жағын
ең жақсы қорғау үшін жаңа жасақтау жолағының құрылуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz