Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Халықты зейнетақымен қамсыздандыру негіздері.

2. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру.

2. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер мен нормалар.

КІРІСПЕ.

Зейнетақы - азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылғанда, арнулы қызмет атқарған жылдар үшін заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңымен басқа да Заң актілерімен айқындалады.

Зейнетақы қоры - зейнетақы төлеуге арналған мақсатты зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары жұмыс берушілердің жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады.

Әлеуметтік қамсыздандыру - еңбек етуге қабілетсіз адамдарды материалдық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңнан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолдданылады.

Мемелекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.

2. 1. ХАЛЫҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.

Зейнеткерлік жасына жеткен және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 9 бабының 1 тармағына сәйкес өзі зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1998 жылы 1 қаңтардан кейін қалған мерзімнің кемінде төрттен үшіне тең кезең ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшері заң актілерімен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, тиісті қосымша төлемдер түрінде мемлкеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

1997 жылғы 20 маусымындағы Қазақстан Республикасында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үш түрге бөлінеді:

1. Мемлекеттік (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан)

2. Мемлекеттік емес (жинақтаушы зейнетақы қорынан)

3. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары бойынша.

Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда зейнетақы термині деп орталықтан (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан) жинақтаушы зейнетақы қорына, әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығын білдіреді.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органына беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды халықты әлеуметтік қорғау органы Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Халықты әлеуметтік қорғау органы зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды рәсімдеуіне көмек көрсетуге міндетті.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда

халықты әлеуметтік қорғау органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті. Халықты әлеуметтік қорғау органы шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады. Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды халықты әлеуметтік қорғау органына бір мезгілде берген күн орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап, он күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін бес күннен кешіктірмей, бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу «Зейнетақымен қамсыздандары туралы» Заңның 14 бабына сәйкес белгіленетін орташа айлық кірістің елу пайызы есебінен жүргізіледі. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез-келген үш жыл жұмыс үшін орташа айлық табысы негізге алынады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгзіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін үш жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан отыз алты күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Орталықтан зейнетқы төлемдерін тағайындау былай жүргізіледі:

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, ерлерге - 61 жас, әйелдерге - 56жас;

1998 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 61, 5 жас, әйелдерге - 56, 5 жас;

1999 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 62 жас, әйелдерге - 57жас;

2000 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 62, 5 жас, әйелдерге - 57, 5жас;

2001 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 63 жас, әйелдерге - 58жас.

1949 жылғы 29 тамыздан бастап, 1963 жылғы 1 шілдеге дейін кемінде 10 жыл төтенше және барынша көп радиациялық қатерлі өңірде тұрған азаматтардың Семей-ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес зейнетақы тағайындауына құқығы бар. Еркектер кемінде 25 жылдық жалпы жұмыс стажы болған кезде 50 жасқа толғанда, әйелдер кемінде 20 жыл стажы болған кезде 45 жасқа толғанда, селолық жерлерде тұратын 5 және одан да көп балаларды туып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда, аталған зейнетақы жасын 1998 жылғы 1 шілдеден бастап, жыл сайын 6 айға өсіре отырып, тұтас алғанда, 3 жылдан асырмай жасы бойынша зейнетке шығуға құқығы бар.

Мемелкеттік жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз - белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және зейнетке шыққандарға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай - ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға. Құрылтайшысы Үкімет болып табылатын Жабық Акционерлік Қоғамы нысанында құрылады.

Қазақстан Республикасы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 22 бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жжүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді және ол Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық заңдарына сәйкес салық салынады. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері:

1. Зейнетақылық жарналармен жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға төленетін комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағандағы инвестициялық қызмет есебінен құралатын инвестициялық кіріс;

2. Заңдарда көзделген басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына зейнетақы жарналары төленген алушының жинақталған зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады, Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қоры жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бір жолғы төлем жасайды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 27 бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары:

1. Зейнетақы шартын жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға;

2. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай - күйі туралы ақпарат алуға;

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;

4. Зейнетақы шартына және заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушы:

1. Зейнетақы жасына жетуі бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алуға;

2. Өзінің жинақтаушы зейнетақы қорларын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға құқылы. Ол жылына екі реттен аспауы керек;

3. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес өзі жинақтаған зейнетақы қорын мұра етіп қалдыруға;

4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1. Зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртібін;

2. Жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруді;

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін қамтитын зейнетақы ережелерін белгілейді. Зейнетақы ережелерін уәкілетті орган бекітеді.

Зейнетақы шарты жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының арасында үлгілік зейнетақы шартына сәйкес жазбаша түрде жасалады. Үлгілік зейнетақы шартын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді және онда мынадай мәліметтер:

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, заңды мекен-жайы және банктік реквизиттері;

2. Салымшының аты-жөні, мекен-жайы немесе оның атауы;

3. Шарттың мәні;

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері;

5. Зейнетақы жарналарын енгізудің тәртібі мен шарттары;

6. Жеке зейнетақы шотының номері;

7. Тараптардың міндеттемелерді орындаған жағдайда болатын жауапкершілігі;

8. Шарттың қолданылу мерзімі;

9. Шартты өзгертудің және бұзудың тәртібімен ережесі болады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес болып екі түрде қызмет атқарады.

1. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) . ашық;

2) . кооперативтік болуы мүмкін.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан, салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

Кооперативтік жинақтаушы зейнетақы қоры сол қордың құрытайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы қызметкерлері үшін құрылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық нысаны - жабық акционерлік қоғам нысанында болады. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органмен келісім бойынша филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды. Атқарушы органның басшысы мен орынбасарлары бас бухгалтер мен оның орынбасарлары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорына:

- жоғары білімі жоқ;

Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмегеннемесе алынбағанбұрын сол адамның басшылық еткен кезінде банкрот деп танылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада лауазымды адам немесе басшы қызметін атқарған адам басты қызметкер бола алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры заңдарды бұзған жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:

1) . анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге;

2) . заңда белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға;

3) . лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.

Мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) . Уәкілетті органның шешімі болған кезде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының шешімі бойынша;

2) . Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша тартылыуы мүмкін. Таратылатын мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы он күннің ішінде алушылар мен салымшылардыхатпен және Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қоры заңда белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізіп, қаржылық есеп береді. Алушыларың жеке шотында жинақталған зейнетақы қаражатыныңесебі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының құтиясы алушылардың жеке зейнетақы шоттарының болуы, алушылар туралы және алушылардың жеке зейнетақы шоттарының номерлері осы шоттардағы ақша қаражатының қалдықтары мен өзгерістерітуралы мәліметтерді қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепілдік береді. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеуші салымшыға, алушыға алушының жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

1. Қ. Р. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы Журнал № 45. Алматы «Жеті жарғы» 1999 жыл

2. Мемлекет және құқық негіздері. Е. Баянов. Алматы «Жеті жарғы» 2001жыл

2. 2. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНАН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріжеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағында және 60 бабының 1 тармағында көзделген жағдайлар туған кезде еңбек қызметін тоқтатып, оны жүргізбесе, кем дегенде 35 жасқа жарна төлеген мерзімі жеткіліктілігін уәкілетті орган белгілейтін жинақталған зейнетақы қаражаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес жнақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін төлеу мынадай жағдайларда :

1) . Кеімнде 10 жыл кезеңге ерікті зейнетақы жарналары жианқталғанда және 55жасқа толғанда, тізбесін үкімет белгілейтін азаматтардың белгілі бір санаттары үшін бұл жас 50 жасқа дейін кемітілуі мүмкін;

2) . Мүгедектікке ұшырағанда;

3 ) . Осы Заңның 9 бабының 1 тармағында көзделген жағдайлар туғанда жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық заңдарына сәйкес салық салынуға тиіс. Жеке адамдардың міндеттері зейнетақы жарналарын заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар оларға табыс төленетін көздерден Қазақстан Республикасы белгілейтін тәртіппен ұстап қалады. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен және өзге де қызметпен айналысатын төлем көзінен міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай - ақ жеке адамдар оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына табыстың төленуімен бір мезгілде аударыға міндетті. Ерікті зейнетақы жарналарын салымшы аударады. Ерікті зейнетақы жарналары үшінші адамдардың пайдасына аударылуы мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндеті зейнетақы жарналары үшінші адамдардың пайдасына төленуге тиіс емес. Салымшының міндетті зейнетақы жарнасын аударуы туралы тиісі тапсырмасы болмаған жағдайда 23 баптың 2 тармағында аталған адамдар міндетті зейнетақы жарналарының ұсталып қалған сомасын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.

Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге қызметпен айналысатын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай - ақ жеке адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерін алушылардың пайдасына аударылған зейнетақылық жарналары туралы мәліметтер береді.

Мемлекеттік емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтері таратылатын қордың немесе банкроттыққа жатқызылатын қордың таратылатын немесе конкурстық массасына енгізілмейді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің пайдасына зейнетақы жарналары төленген алушының жинақтаушы зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық активтері кастодиан -банктерде кастодиандық шартқа сәйкес кастодиандық шот режиміне сақталады. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан - банк және жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арасында жасалған кастодиандық шарттың тарабы болып табылады және зейнетақы активтеріне иелік етуді қаражатты депозиттерге мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар мен бізбесін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін басқа да қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Кастодиан банк мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда бұл жөнінде бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның тапсырмаларын жауып тастауға міндетті. Кастодиан банк зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, жөніндегі инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай - күйі және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның қызметі туралы ай

сайын хабардар етіп отырады. Жинақтаушы зейнетақы қорының бір кастодиан банкі болуға тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары:

1) . Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге;

2) . Жинақтаушы зейнетақы қорларына қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы өзгерістер жасалған сәттен бастап, 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.

Зейнетақы төлемдерін алушы :

1) . Табыс алуға әкеп соғатын шарт жасасқан ретте өзінің дербес зейнетақы шотының номері мен мемлекеттік жинақтаушы қорының реквизиттерін шарт жасалған сәттен бастап, 3 күн ішінді хабарлауға міндетті;

2) . Жинақтаушы зейнетақы қорының алушы алдындағы міндеттемелерін орындауына ықпал жасайтын өзгерістер туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) . жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар арасындағы міндеттемелері бойынша жауапкершілігін;

2) . Жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшеліктерін қамтитын зейнетақы ережелерін белгілейді.

1. Қ. Р. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы Журнал № 45.

Алматы «Жеті жарғы» 1999 жыл

2. Еңбек құқығы. Оқулық. С. Ахметов, Б. Ахметова. Алматы «Жеті жарғы»2001ж

2. 3. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болатын жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асырук жөніндегі қызметті заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі лицензиялау туралы заңдармен белгіленеді. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне лицензияның қолданылуын мына негіздердің кез келгені:

Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды лицензия берілген кезден бастап 1 жылдан астам уақыт кідірту;

Қордың зейнетақы шарттары бойынша міндеттемелерін үнемі (12 күнтізбелік ай ішінде 3 және одан көп реттерде) орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

Қазақстан Республикасының заң және нормативтік құқықтық актілерін, Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзу немесе уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын орындамау есептер мен мәліметтерді табыс етпеу немесе оларды көрінеу күмәнді табыс ету бойынша 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Уәкілетті органның Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне берілген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылданған шешімі Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына хабарланады.

Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтермен оның орынбасарлары филиалы өкілдіктің бірінші басшысы мен бас бухгалтері Жинақтаушы зейнетақы қорларының басшысы басшылық қызметкрелері болып табылады. Азаматтың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшы қызметін атқаруға құқығы бар.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының:

1) . Зейнетақы жарналаын жүзеге асыруға,

2) . өзінің қызметі үшін қомиссиялық сыйақылар алуға:;

3) . Зейнетақы шартының ережелерге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға

Құқығы бар.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары :

- Алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлеуге жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

- Салымшы мен алушыға кемінде жылына 1 рет, сондай - ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпарат беруге;

- Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;

- Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;

- Алушының арызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір Жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншіәсіне аударуға;

- Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания мен (мемлекеттік жинақтау қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;

- Бір, үш, бес, он күнтізбелік жылға стандарттық уақыт кездері ішіндегі өз қызметі туралы статисткалық және өзге де ақппаратты жаиялауға міндетті, бұл орайда Жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табыстарға кепілдікті немесе уәдені қамтитын ақпараттар жариялауға жол берілмейді.

- Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Зейнетақы нарығы
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары
Зейнетақы заңы
Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолы
Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz