Қылмыстық жауаптылықтың негіздері


Жоспар:
Кіріспе
1 Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
1. 1 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
1. 2 Қылмыстық жауаптылықтың түрлері
1. 3 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
2. 1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
2. 2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
2. 3Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері
3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері және оларды қолдану ерекшеліктері
3. 1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының негіздері
3. 2 Қылмысты бірінші рет жасау мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Курстық жұмыс қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және оның түрлері, қылмыстық құқықтағы рөлі, түсінігі мен мағынасы, негіздері және оны қолданудағы кездесетін өзекті мәселелеріне арналған.
Сол сияқты зерттеу жұмысында жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықта атқарып отырған рөліне талдаулар жасалуымен, оның мағынасына түсінік беріліп, аталған норманы іс-тәжірибеде қолдануда кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерге тоқтала отырып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өз алдына мемлекет болып тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, егемендігіне, азаматтардың өмірі мен бостандықтарына тірек болатын, өзінің барша құқықтыққ негіздерін қайта құру қажеттілігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді зорғау, сыртқы саясат қатынастарын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауының жиырма бесінші бағытында: «Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет» - деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан ары жетілдіру демократиямен тікелей байланысты екендігін айқындап отыр [1, б. 5] .
Қазақстан Республикасында қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Осыған байланысты егеменді еліміздің мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Егеменді Қазақстанның конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбектік және қылмыстық құқықтық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті мәселелері жаңаша қарастырылуда.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-құқықтық саясат, халықаралық нормаларға сәйкестендіріліп, екі векторлы бағытқа ие болды. Атап айтқанда, олардың алғашқысы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті күшейту, екіншісі қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін жазаны жеңілдету және сотталғандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін көбейту. Соңғы жылдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану барынша қысқартылды. Оның орнына сотталған адамды қоғамнан оқшаулауды көздемейтін балама жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босату жиі қолданылуда.
Жаңадан қабылданған қылмыстық заңда негізінен баламалық жазалар кеңінен қарастырылып қылмыстық құқықтық саясат ізгілікке бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Соттарының 3-ші съезіндегі баяндамасынан біз қылмыстық құқықтың негізгі бағыттары, жалпы қылмыстық қудалауға тоқтам салып қылмыстық құқықтағы жазалардың бас бостандығынан айыру түрлеріне баламалы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерімен алмастырып, қажет болған жағдайда қылмыс жасаған адамға жаза тағайындамау, мүмкіндігінше оларды қылмыстық жауаптылықтан да босату қажет екендігін түсінеміз [2, б. 2] .
Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясат тұжырымдасына сай қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басым екендігін және ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық-құқықтың негізгі қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып жүргізілуі тиіс екендігі тұжырымдама талаптарының бірі болып танылады [3, б. 18-19] .
1997 жылы 16 шілдеде қабылданып 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап заң күші бар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында орын алған «Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» нормасы қылмыстық құқықта бірінші рет орын алып отыр. Бұл норма қылмыстық құқықта алғаш рет орын алғанымен қылмыстық іс жүргізу құқығында осыған дейін және қазіргі уақытта келелі орын алып келе жатқан норма болып табылады. Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтың саяси бағыт бағдары қазақ елінің бұрынғы замандағы Тауке ханның «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкестендірілу барысында пайда болған тәрізді. Себебі, Тауке ханның «Жеті жарғысы» қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтардың барлығын қамтыған заң нормалары болып келген. Қазіргі кездегі қылмыстық құқықтағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы да қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық құқықтың міндеттерін өз бойына жинауда.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы статистикалық ақпараттарда арнайы көрсетілмеген. Оның себебі аталған норманың өзі және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы мен 38-баптарына бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілуге байланысты екендігімен түсіндіріледі.
Статистикалық ақпараттар негізінде Ішкі істер министрлігімен 2004 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 87, 4 % тергелген болса, 2005 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 86, 4 % тергелген [4, б. 4-44] . Осыған орай «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату» мәселесі бойынша 2004 жылдың сәуір айында ішкі істер органдарының тергеушілерімен сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 2059 тергеуші ат салысып, олардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 65-бабы (Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 4, 5%; 66-бабы (Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 0, 4%; 67-бабы (Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 75, 5%; 68-бабы (Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 2, 1%; 69-бабы (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 2, 2% қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданғандығы анықталды. Көріп отырғанымыздай қылмыстық жауаптылықтан босату институты түрлерінің ішіндегі іс-тәжірибеде көп, әрі сирек қолданылатыны жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы екендігі анықталды [5, б. 201-237] .
Алматы қаласының сотымен 2004 жылы 1677, 2005 жылы 1665 адамға байланысты қылмыстық іс қысқарса, оның 2004 жылы 1467-і, 2005 жылы 1419-ы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабы негізінде қысқартылғандар қатарын құрап отыр. Осы қылмыстық іс қысқартылған адамдардың 2004 жылы 71-і, 2005 жылы 70-і жасы кәмелетке толмағандар [6] .
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын іс-тәжірибеде жиі және жаппай қолдану азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына алып келуі сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабы мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38 және 37 бабтарының арасында қарама-қайшылықтар орын алуда. Сонымен қатар, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолдану барысында қылмыстардың алдын алудағы мемлекеттің атқаратын рөлі көлеңкеде қалып отыр деуге болады.
Елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық құқықтық саясаттың алға қойған мақсаттары, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасына талдау жасау қажет ететіндігін дәлелдейді. Мұның өзі осы көрсетілген мәселені зерттеудің қажеттілігін және оның өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың өңделу дәрежесі . Қылмыстық құқықта орын алып отырған қылмыстық жауаптылықтан босату институты және жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату аумағында туындаған сұрақтарға көптеген ғалымдар көңіл бөлді. Атап айтсақ, олардың ішінде жақын шет елдердің белгілі ғалымдары: А. В. Василевский, В. В. Виттенберг, Л. Головко, Е. В. Давыдова, А. В. Ендольцева, Л. Л. Кругликов, В. В. Ценева және еліміздегі осы тақырып бойынша еңбек еткен белгілі ғалым заңгерлер: А. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Т. Ә. Бапанов, И. Ш. Борчашвили, У. С. Джекебаев, С. Е. Еркінов, А. Ж. Жылқыбаев, Е. І Қайыржанов, С. С. Молдабаев, С. М. Рахметов, Д. В. Синев т. б.
Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық жауаптылықтан босату институтының дамуына қосқан үлестері мол, алайда олар аталған институттың барлық қырларын айқындады деуге болмайды, себебі осы институт төңірегінде әлі де болса талас тудыратын шешілмеген сұрақтар анықталып іс-тәжірибеде қылмыстық-құқықтық саясаттың іске асырылуында кездесетін кемшіліктермен түсіндіріледі.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша 2001 жылы Ресей Федерациясында Е. В. Давыдовамен, 2002 жылы В. В. Ценевамен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы зерттеу жұмысы жүргізілген.
Ал, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша арнайы монографиялық зерттеу жүргізілмеген болып отыр.
Зерттеудің заты - қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңдары табылады.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Курстық еңбектің методологиялық және әдістемелік негіздерін метериалистік диалектиканың заңдары мен қылмыстық құқықтық зерттеудің негіздері мен қағидалары құрайды. Зерттеуде сондай-ақ, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолданудың тарихи, салыстырмалы құқықтану, статистикалық әдістемеліктер, жүйелі- құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық негіздерін жақын шет елдердің белгілі ғалымдары: Х. Д. Аликперов, А. В. Василевский, В. В. Виттенберг, Л. Головко, П. М. Давыдов, Е. В. Давыдова, А. Я. Дубинский, А. В. Ендольцева, Н. Г Кадников, Л. Л. Кругликов, Д. Я. Мирский, А. В. Наумов, В. А. Новиков, Е. В. Ремзинов, В. М. Савицкий, В. В. Скибицкий, Т. Г. Хатеневич В. В. Ценева және еліміздің белгілі ғалым заңгерлері: Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, Б. З. Ашитов, Н. А. Абдиканов, А. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Б. И. Ахметов, Б. Ә Әбдірахманов, Е. Т. Әбілезов, К. Ж. Балтабаев, Т. Ә. Бапанов, И. Ш. Борчашвили, У. С. Джекебаев, С. Е. Еркінов, А. Ж. Жылқыбаев, А. А. Исаев, Е. І Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, Б. А Құлмұханбетова, К. А. Мами, А. Х. Миндағұлов, С. С. Молдабаев, М. С. Нәрікбаев, М. О. Нүкенов, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, Г. А. Рахимжанова, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Д. В. Синев, Қ. Ш Уканов, Д. С. Чукмаитов және тағы басқа ғалымдардың еңбектері құрады.
Зерттеудің нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқауларына негізделді.
Салыстырмалы түрде Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және 1998 жылға дейінгі Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері; Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары; Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Ресей Федерациясының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері; Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексі зерттелді.
Зерттеу жұмысына қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақстан Республикасы, Қазақ КСР, КСРО, РКФСР Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқаулары, ғылыми заң әдебиеттер және іс-тәжірибиедегі Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының 2000-2006 жылдардағы сот үкімдері мен қаулылары және прокурордың, тергеушінің және анықтау оргындары қызметкерлерінің қаулылыры қолданылды.
Зерттеудің эмпирикалық негіздері . Курстық жұмыстың теориялық базасын бұрынғы және кейінгі жылдарда жарық көрген қылмыстық құқық бойынша ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Сонымен бірге мерзімді баспасөзге жарияланған материалдар және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистикалық ақпараттар орталығынан алынған 2000-2006 жылдардағы құқық қорғау органдарының жұмыстары жөніндегі статистикалық ақпараттар пайдаланылды.
1 Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
1. 1 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады. Қылмыстық жауаптылық мәселелері төңірегінде де заңды жауапкершілік төңірегіндегі мәселелер сияқты пікірталастар жеткілікті. Көп уақыт бойы қылмыс пен жаза дәстүрлі түрде қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары ретінде келеді. Осы мәселенің кейінгі жылдарғы қарқынды зерттелгеніне қарамастан, «қылмыстық жауаптылық» ұғымы қылмыстық құқық теориясында бұрынғысынша түрліше түсіндірілуде. Бұл сөз жоқ, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынастың арақатысы туралы, қылмыстық жауаптылық туралы, оның пайда болуы мен тоқтатылуы туралы, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың негіздемелері туралы кереғар пікірлер тудырды.
Авторлардың бір тобы қылмыстық жауаптылықты мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтайды, яғни қылмыстық жауаптылықтың мәнін жазадан көреді.
Ғалымдардың екінші бір тобы қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынастарды теңестіріп, яғни қылмыстық жауаптылықты құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде қарастырады.
Авторлардың үшінші бір тобы қылмыстық жауаптылықты қылмыстық-құқықтық қатынастың бір элементі (құрамдас бөлігі), нақтырақ айтқанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жауап беру міндеті деп санайды.
Материалдық мағынасынан алғанда, қылмыстық жауаптылықтың пайда болуының негізі қылмыс істеу болып табылады. Осы сәттен бастап-ақ қылмыстық-құқық қатынас және оның нәтижесі - қылмыстық жауаптылық басталады. Соңында, авторлардың төртінші тобы мынадай қорытындыға келеді, заңды жауапкершілік пен қылмыстық-құқықтық жауаптылық - бұл әсіресе, соттың мемлекет атынан қылмыстық заң талаптарына негізделіп жүргізетін адамның қоғамдық қауіпті әрекетіне баға беруі.
Дегенмен, қылмыстық жауаптылық жаза тағайындаумен де, өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен шектеліп қоймайды. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы жаза мен қылмыстық жауаптылықты бөліп қарастырады. Заң тұрғысынан алғанда - бұл бір-біріне сайма-сай келмейтін ұғым. Қылмыстық жауаптылық, әдетте, сотталған адам үшін белгілі бір құқықтық шектеулері бар мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шараларымен бірге жүреді, сонымен бірге дербес те болуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық заңға негізделген және соттың айыптау үкімінде көрсетілген, қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіпті әрекетіне мемлекет тарапынан берілген теріс бағасының нәтижесі. Сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және оны жазадан босатуға құқылы. Соңғы жағдайда қылмыстық жауаптылық күшіне енгеннен кейін істелген қылмысы үшін қандайда бір мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық жаза тағайындаумен емес, кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шараларымен және ең соңында жазаның кейінге қалдырылуымен бірге қолданыла алады. Аталған жағдайларда қылмыстық жауаптылық пен жазаның сәйкес келмеу сәттері де болуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылық істелген қылмыстың кұқықтық салдары болғандықтан, оны кінәліге қолданылған қылмыстық-құқықтық санкциямен салыстыру - табиғи құбылыс.
Құқық теориясында жауаптылық - бұл құқықтық санкцияларды жүзеге асыру деген өкілеттілігі жеткілікті пікір бар. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түріндегі кінәлінің кұқық бұзушылық зардаптарының теріс жақтарын тікелей көрсететін санцияларды құқықтық норма бөлігі ретіндегі тар мағынада қарастыру, санкцияларды (демек, жауаптылықты да) жазамен және оның орнына қолданылатын өзге де шаралармен теңдестіру болып саналады, ал бұл болса, қылмыстық жауаптылықтың табиғатына (мәніне) да, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына да сай келмейді. Егер санкцияны нормалардан оқшаулап қарастыратын болсақ, онда оны жүзеге асырудың нәтижесі әрбір жағдайда нақты бір жазаға тірелген болар еді. Бұл жазаны жауаптылықпен ғана бірдейлестіріп қоймай, сонымен бірге сол немесе өзге жаза шарасының мазмұнымен бірдейлестірген болар еді. Солай бола тұрса да әртүрлі қылмыс үшін сол бір ғана жазаға соттау бірдей жауаптылықты білдірмейді. Санкцияны бұлайша түсіну қылмыстық жауаптылықты санкцияны ғана емес, диспозицияны да, яғни норманы тұтастай қолданудың нәтижесі деп немесе санкциясыз-ақ диспозицияны қолдану мүмкіндігі туралы түсінуге әкеп соғады.
Қылмыстық жауаптылық пен жаза - бір-біріне жақын, бірақ бірдей ұғым емес. Қылмыстық жауаптылық та, жаза да қылмыс істегені үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қарастырып отырған теорияның пайымсыздығының тағы бір дәлелі мынада: бұл теорияға сәйкес жаза тағайындаудан босату мемлекеттің істелген қылмысқа қылмыстық-құқықтық баға беруден және санкция қолданудан толық бас тартуын білдірген болар еді. Қылмыстық жауаптылық мәселелері қылмыстық-құқықтық қатынастар теориясымен шын мәнінде соңғысының маңызды құрамдас бөлігі бола отырып тығыз байланыста болады. Қылмыстық жауаптылық туралы түсініктің қылмыстық-құқықтық қатынастағы да немесе қылмыстық-құқықтық қатынастың бір элементі ретіндегі сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу мен түзеу қатынасындағы кең тарағаны да және дәлелдісі де қылмыс істеген адам тарапынан туындаған әрекеті үшін жауап беру міндеті болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыс істеген адамның белгілі бір дәрежеде құқығын шектеумен көрінетін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына ұшырауы деп санауға болады. Қылмыстық құқық тарихында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға байланысты қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық әртүрлі жолмен шешілді. Қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық негізі ретінде мыналарды санау ұсынылды:
- оны істеген адамның өзінің және іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілігі;
- мемлекет атынан және қылмыстық жауаптылық талаптары бойынша соттың теріс бағасына ие болатын мән-жайлардың жиынтығы ретіндегі кінә;
- қылмыстың заңды белгілерінің жиынтығы ретіндегі қылмыс құрамы;
- қылмыстың істелу фактісі;
- қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекет.
Жалпы алғанда заңды жауаптылықтың бір түрі ретіндегі қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстық-құқықтық қылықтың құқықтық зардаптары. Қылмыстық-құқықтық қылық өзіне заңды және заңсыз қылмыстық-кұқықтық қылықты қосып алады. Заңды қылмыстық-құқықтық мінез-құлық қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі қылмыстық-құқықтық тыйым салушылық талаптарын, тек қана қылмыс істеуге қатысы бар адамға ғана қатысты талаптарын сақтау арқылы көрінеді. Заңсыз қылмыстық-құқықтық мінез-құлық аталған талаптарды сақтамау арқылы көрінеді. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық-кұқықтық мінез-құлық сипатына қарай - заңды немесе заңсыз деп және ол сай келетін қылмыстық-құқықтық зардаптарына қарай екі түрге бөлінеді: заңды қылмыстық-құқықтық мінез-құлық үшін - жарықталған (позитивтік) жауаптылық және заңсыз қылмыстық-құқықтық мінез-құлық үшін - көлеңкелі (теріс - негативті) жауаптылық.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексі тұрғысынан алғанда позитивтік қылмыстық жауаптылық келесідей нысандарда көрінуі мүмкін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz