ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі аға оқытушы
Бимендин Қ. Д
«» 2009 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫСУШЫ РЕТІНДЕ»
МАМАНДЫҒЫ - 050501 «ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ»
Тарих және өнер факультетінің
ҚЭН-41 тобының студенті
Ағжанов Б
Ғылыми жетекші
оқытушы Какенова Э. Т
АРҚАЛЫҚ
2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . 4
- ТАРАУ ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ
ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ
- Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар түсінігі . . . …… . . . 7
- Жәбірленуші туралы заңның дамуының
қысқаша тарихы . . . 18
- Қылмыстық іс жүргізудегі жәбірленуші ұғымы. . … . . . 28
- Тұлғаны жәбірленуші деп тану негіздері . . . …… . . . 33
- ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Сотқа дейінгі іс жүргізудегі жәбірленуші құқықтары . . . …… . . . 42
- Сотта істi қарау сатысындағы жәбірленуші құқықтары… . . . 52
- Қылмыстық іс жүргізудегі жәбірленушінің міндеттері. . …… . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ………. . … . . . 74
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12, 13-баптарына сәйкес, ҚР Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды; әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
Сонымен яғни, қылмыстық іс әрекетпен зиян келген кез-келген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген көлемдегі құқықтар мен бостандықтарын қорғауға, яғни тиісті мемлекеттік органдарға жүгіне отырып, өздерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауын талап етуге құқылы. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тұлғаны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы қабылдаған уақыттан бастап, қылмыстық іс-әрекет арқылы құқықтары және бостандықтары бұзылған және белгілі бір көлемде зиян келістірілген тұлға қылмыстық процестің белсенді қатысушысына айналады, жәбірленушіге және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабында бекітілген құқықтармен және міндеттерді иемденеді.
Ғылыми жаңалығы. Жәбірленушінің құқықтарымен және міндеттерінің мазмұнын оның қылмыстық процестегі процессуалдық жағдайы (мәртебесі) анықтайды. Барлық кезеңдерде тұлғаның қылмыстық процесте жәбірленуші ретінде қалыптасқаннан бері, оның процессуалдық жағдайы әртүрлі болған. Негізінен жәбірленушінің процессуалдық жағдайы елдің экономикалық даму деңгейімен, елдің мемлекеттік саяси режимімен, мемлекеттің нысандарымен және т. б. факторлармен анықталған. Мемлекетте демократиялық режимнің қалыптаса бастауын бастап жәбірленушінің процессуалдық жағдайының көлемі кеңейтілді, ол қылмыстық процестің поссивті қатысушысынан белсенді қатысушысына айналады деуге болады.
Практикалық маңыздылығы. Қылмыстық құқық ғылымы мен айналысатын шетелдік, ресейлік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері негізге алынып, ғалым заңгерлердің мәліметтері арқылы тұжырымдалған ерекшеліктер мен қылмыстық процестегі жәбірленушінің процессуальдық жағдайын айқындайды. Жәбірленушінің процессуалдық жағдайын зерттеумен көптеген ғылым-процессуалистер айналысқан. Жәбірленушінің жағдайын жақсарту тарапында немесе оның құқықтарын шектеу тарапында әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылған. Бірақта, біздің көзқарасымыз бойынша, қылмыстық процестегі жәбірленушінің құқықтарын мәнді кеңейту, қылмыстық процестің міндетін орындауда және жәбірленушінің мүддесін қамтамасыз етуде тиімділігі зор деуге болады.
Біздің әрқашанда қылмыстық іс-әрекетпен зиян келтірілген немесе зиян шеккен тұлғаның жағдайы, оның бұзылған құқықтарын қорғау тәсілдері, оның құқықтары мен міндеттерінің көлемі, оның бұзылған құқықтарын қорғау процессі (яғни, соттық қорғау процессі) қызығушылық тудырады.
Кешенді түрде әрекеттегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдарын, ССР Одағының бүрынғы қылмыстық іс жүргізу заңдарын және ғалым-процессуалистттердің еңбектерін зерделей отырып, қылмыстық процеске қатысушысы ретінде жәбірленушінің процессуалдық жағдайы теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттелінді.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты әрекеттегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдарын, ССР Одағының бүрынғы қылмыстық іс жүргізу заңдарын және сонымен бірге, доктринаны зерттей және талдай отырып, қылмыстық процеске қатысушысы ретінде жәбірленушінің процессуалдық жағдайын анықтау және осының негізінде оны жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар жасау.
Осы аталған мақсатқа жету үшін, төмендегі міндеттерді шешу қажет:
- қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігін анықтау;
- тарихи тұрғыда жәбірленуші ұғымына қатысты мәселерді зерттеу;
- жәбірленушіге қатысты өзекті мәселелерді көтере отырып, қылмыстық процестегі жәбірленуші ұғымына қатысты анықтамаларды талдау;
- қылмыстық процесс субъектілерінің ішіндегі жәбірленушінің орнын анықтау;
- тұлғаны жәбірленуші ретінде тану негіздері мен тәртібіне анықтау;
- қылмыстық процестегі жәбірленушінің процессуальдық жағдайын айқындайтын құқықтары мен міндеттерін талдау.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісі қылмыстық құқық саласында жәбірленушіге қатысты нормативтік құқықтық актілер арқылы баяндалатын құқықтық қатынастардың салалары болып табылады.
Теориялық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда қылмыстық іс жүргізу құқығының осы маңызды мәселері бойынша қылмыстық құқық ғылымы мен айналысатын төмендегі шетелдік, ресейлік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері негізге алынды: М. С. Строговия, Н. Н. Полянский, И. Д. Чельцев, В. Е. Чугунов, М. А. Рахунов, П. С. Эльнинов, В. И. Каминская, В. П. Резепов, Б. А. Галкин, У. М. Каз, В. д. Арсенов, А. В. Дулов, Э. С. Зеликсон, С. А. Шейфер, Г. Ф. Горский, Р. Х. Якупов, К. Ф. Гуценко, П. А. Лупинская, Б. А. Викторов және т. б. өз еңбектерінде қарастырған.
Жұмыстың құқықтық - нормативтік негізін Қазақстан Республикасының 30. 08. 1995 жылғы Конституциясы (өзгертулер мен толықтыруларды қоса), Қазақстан Республикасының 01. 01. 1998 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (өзгертулер мен толықтыруларды қоса), Қазақстан Республикасының 01. 01. 1997 жылғы Қылмыстық кодексі (өзгертулер мен толықтыруларды қоса), 25. 12. 1958 жылғы ССР Одағы және одақтас республикалардың қылмыстық сот ісін жүргізу Негізі, 22. 07. 1959 жылғы ҚазССР Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың мақсатымен міндеттері оның құрылымын айқындайды. Сонымен, жұмыс екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ТАРАУ ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕҚылмыстық процеске қатысушылар түсінігі
Қылмыстық процеске қатысушылары туралы мәселелерді зерттеуде қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясында үлкен көңіл бөлінген. Қылмыстық іс жүргізу құқығының осы маңызды мәселеріне М. С. Строговия, Н. Н. Полянский, И. Д. Чельцев, В. Е. Чугунов, М. А. Рахунов, П. С. Эльнинов, В. И. Каминская, В. П. Резепов, Б. А. Галкин, У. М. Каз, В. д. Арсенов, А. В. Дулов, Э. С. Зеликсон, С. А. Шейфер, Г. Ф. Горский, Р. Х. Якупов, К. Ф. Гуценко, П. А. Лупинская, Б. А. Викторов және т. б. өз еңбектерінде қарастырған.
Әдебиеттерді қарастыра отырып, қылмыстық процесс қарастырушыларының түсінігі туралы мәселелерге қатысты процессуалистер арасында бірегей пікір жоқтың қасы. Әрбір автор “қылмыстық процеске қатысушылар” түсінігіне әртүрлі анықтама берген. Әрбір автор “қылмыстық процеске қатысушы” ұғымының негіздерін әр қирынан анықтайды. Біреулері, іске тікелей қатысты (мүдделі) болуын негіздейді; ал өзгелері, “процеске қатысушы” ұғымының анықтамасын олардың тергеу және сот органдарының қызметіне қатысуымен негіздесе; үшіншілері, бұл институттың құқықтық табиғатын мүлделі түсіндірмейді, қылмыстық процеске қатысушылар ретінде заңмен қатысушылар деп танылған қылмыстық процессуалдық қызметтің субъектілерін есептейді; төртіншілері, субъектінің қылмыстық дәлелдеу процесіне қатысуымен байланыстырады; бесіншілері, субъектінің процессуалдық функцияларды жүзеге асыруға қатысуын ескереді, соңында, алтыншылары мемлекетпен және қоғаммен жүктелген міндеттер сипаты бойынша және биліктік өкілеттілікті жүзеге асыруы бойынша ажыратылады. Автор қай пікірді қолдайтыны, процеске қатысушылар тізімімен және сотта іс жүргізуге қатысушылар тобын топтастырумен байланысты.
П. М. Давыдовтың пікірінше, қылмыстық процестің қатысушысы, біріншіден, заң бойынша істі қозғау, қылмысты ашу және іс бойынша барлық мәселелерді шешу міндеттері жүктелген мемлекеттік органдар (сот, прокурор, тергеу және анықтама органдары), екіншіден, істі жүргізудегі мүдделі тұлғалар айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері болып табылады.
Қалған өзге де тұлғалар (куәгерлер, сарапшы, куәлар, аудармашылар және т. б. ) қылмыстық процестің қатысушылары болып табылмайды, өйткені, процесте өз құқықтарын білдірмейді, өз мүдделерін қорғамайды, ал тек сот-тергеу органдарына олардың міндеттерін орандауына көмектеседі [8, 45]
М. А. Чельцов қылмыстық процеске қатысушылар ретінде тек айыпкерді сезіктіні, қорғаушыны, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді және азаматтық жауапкерді атап көрсетеді. Ал, автор сот, прокурор, алдын-ала тергеу және анықтама органдарын қылмыстық процестің қатысушылар қатарына жатқызбайды, оларды “процесті жүргізетін билік органдары” деп атап көрсеткен [37, 87] .
Ал, көпшілік процессуалистер осы немесе өзге субъектіні қылмыстық процессуалдық қызметтің және қылмыстық процестің қатысушыларының қатарына жатқызу негізі ретінде субъектінің қылмыстық істі қозғау, тергеу және соттық қарастыру қызметтеріне қатысуы деп санайды.
“Қылмыстық процестің қатысушысы” деген ұғым М. С. Строгвичтің, И. Д. Перлованың және Р. Д. Рахуновтың еңбектерінде нақты және түсінікті анықтама берілген.
М. С. Строгович төмендегідей қорытындыға келген: қылмыстық процестің қатысушылары қатарына:
1) қылмыстық процессуалдық қызметті орындайтын (істі шешу, қылмыстық тергеу және қорғау) қылмыстық процессуалдық қызмет субъектілері сот, прокурор, тергеу және анықтама органдары, айыпталушы, қорғаушы және жәбірленуші;
2) сот өндірісінде тұрақты мәртебені иемденбейтін, қылмыстық процессуалдық қызметті жүзеге асырмайтын, ал қылмыстық процесте жеке процессуалдық іс-әрекетті жүзеге асыратын, белгілі бір міндеттердің орындайтын, белгілі бір құқықтарды иемденетін өзге де тұлғалар куәгер, сарапшы, куә, аудармашы. Олардың қатысуы эпизодтық сипатқа ие болады, олардың әрекеті дәлелдеу құралы ретінде, (тергеуші, сарапшы), немесе дәлелдемені тіркеу құралы ретінде (куәгер), немесе қылмыстық-процессуалдық қызметтің субъектілері арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде (аудармашы) қызмет етеді [33, 68] .
Сонымен, М. С. Строгович қылмыстық процеске қатысушыларының анықтамасының нышандарын көрсетіп ғана қоймай, сондай-ақ, қылмыстық процесс қатысушыларымен және қылмыстық процессуалдық қызмет субъектілері арасындағы айырмашылықты нақты көрсетіп береді. Қарап тұрсақ, процеске қатысушылар шегінде қылмыстық-процессуалдық қызмет субъектілерінің шегінен көлемді, өйткені, қылмыстық-процессуалдық қызмет субъектілері қылмыстық-процессуалдық функцияның үшеуінің бірін жүзеге асырады (қылмыстық ізге түсу, қорғау немесе істі шешу) .
Ал, И. Д. Перлов өзге көзқарасты қолдайды. Автордың пікірі бойынша, қылмыстық-процессуалдық қызметке қатысушы ұғымымен қоса, процеске қатысушы ұғымымен қоса, процеске қатысушы ұғымының белгілері болып табылады:
1) өз талаптарын білдіру үшін немесе өз мүдделерін қорғау үшін құқықтарының болуы;
2) белгілі бір міндеттерінің болуы;
3) белгілі бір қылмыстық-процессуалдық функцияларды орындау. Қылмыстық процеске қатысушы ұғымының осындай анықтамасы толық және дұрыс болып табылады, себебі ол оның барлық жақтарын қамтиды [8, 142] .
И. Д. Перловтың топтастыруы бойынша барлық қылмыстық процеске қатысушыларды үш топқа бөледі:
1) қылмыстылықпен күресетін мемлекеттік органдар: сот, прокурор, тергеу және анықтау органдары;
2) процеске қатысатын азаматтар: айыпталушы, сезікті, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куәлар, сарпшы, аудармашы және куәгер;
3) қоғамдық ұйымдар өкілдері: жеке айыпталушы, қорғаушы.
Қылмыстық сот өндірісінің қатысушысы туралы мәселе Р. Д. Рахуновтың еңбегінде жеке және дара зерттелінген [29, 32] .
Автор, процеске қатысушыларды олардың жұмыстарына қарай, яғни олардың қылмыстық процессуалдық функцияны орындауларына қарай, үш топқа бөліп көрсетеді: Бірінші топты мемлекеттік органдар құрайды:
1) анықтау жүргізетін тұлға;
2) тергеуші;
3) прокурор;
4) судья және сот;
Eкінші топқа мына тұлғалар:
1) сезікті;
2) айыпталушы;
3) айыптаушы;
4) қоғамдық айыптаушы;
5) қорғаушы;
6) қоғамдық қорғаушы;
7) жәбірленуші;
8) азаматтық талапкер;
9) азаматтық жауапкер;
10) жәбірленуші, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкердің өкілдері; үшінші топқа процессуалдық әрекеттері дәлелдеу құрамы ретінде қызмет ететін қатысушылар:
1) куә;
2) сарапшы;
3) мекеме және өзге де ұйымдар.
Ал, сот отырысынан хатшысы, куәгерді, аудармашыны автор процеске қатысушылардың төртінші тобына жатқызады. Осы мәселеде З. Л. Джексеневпен және Э. С. Зеликсонның көзқарастарын дұрыс деуге болады. Кең мағынада, авторлар Процесс қатысушылары қатарына “қылмыстық сот өндірісіне қатысатын органдарды, лауазымды тұлғаларды және азаматтарды жатқызады” [9, 5] .
Авторлардың осы жоғарыда аталған тәсілдерін дұрыс деуге толық болады, себебі ең бастысы зерттеуде қылмыстық-процессуалдық қызмет субъектілерінің қатысуы болып табылады, ал жеке мүдде немесе істі тергеу және соттың қарау нәтижесіне мүдделі болу емес.
Б. А. Викторов қылмыстық процеске қатысушылар белгілеріне мыналарды жатқызады:
- Қылмыстық-процессуалдық нормалармен көзделген істерге қатысу;
- Белгілі бір процессуалдық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылады;
- Өз құқықтары мен міндеттеріне сәйкес қылмыстық сот өндірісінде әрекет ету;
- Процессуалдық құқықтық қатынасқа түсушілер. Қылмыстық процеске қатысушылар дегеніміз;
- Қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (сот, прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, анықтау органы, анықтау органының басшысы, анықтаушы) . Бұл қатысушылар қылмыстық істі қозғайды және оның ары қарай қозғалысын анықтайды, тергеу жүргізеді және істі сот қарайды, тиісті шешімін қабылдайды. Заңға сәйкес, олар сот өндірісіне процестің өзге де қатысушыларын қатыстырады немесе қатысуына жол береді.
- Қоғамдық айыптаушы, қоғамдық қорғаушы;
- Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар: сезікті, қорғаушы, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері. Олар процессуалдық құқықтар мен міндеттерді қылмыстық сот өндірісін. Мемлекеттік органдармен қылмыстық процеске тартылған кезеңнен бастап иемденеді;
- Өзге де қатысушылар: куәлар, сарапшы, шаман, аудармашы, куәгер және тағы басқа. Осы аталған тұлғалар белгілі бір процесуалдық құқықтар мен міндеттерді иемденеді және жеке процесуалдық әрекеттерді жүзеге асырады, бірақ қылмыстық істе өз алдына мүддені иелене алмайды [5, 64] .
Қылмыстық процес ғылымында “қылмыстық процес субъектісі” және “қылмыстық процеске қатысушысы” деген ұғымдар жиі қолданылады. Біріншісі туралы П. А. Лупинская былай түсіндіреді, белгілі бір құқықтар мен міндеттерді иемденетіндер ретінде процеске қатысатын мемлекеттік органдары, лауазымды тұлға, азамат, заңды тұлға. Олардың іске қатысудағы рөлі, тағайындалуы және мақсаты әртүрлі, яғни процесс субъектілерін топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Олардың біріне мемлекет органдары және лауазымды тұлғалар кіреді сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу органының бастығы, анықтау органы және анықтаушысы, олар іс бойынша өндірісті жүзеге асырады, істе шешуші рөл атқарады және істің дұрыс шешілуіне жауап береді. Тек, солар ғана тұлғаға қатысты процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдауға және іс бойынша өндірістің басталғандығы туралы шешім шығаруға, істі өз бағытында және мәні бойынша шешуге құқылы. Олардың әр қайсысы өз құзіреттілігі шегінде ғана әрекет етеді, процесте өзінің арнайы міндетін орындайды және бұл үшін ерекше процессуалдық құралды қолданады.
Қылмыстық процеске қатысушылардың келесі тобын - сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері құрайды:
а) істе заңмен қорғалатын өз құқықтары мен мүдделерін білдіреді немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайды;
б) процеске белсенді қатысуына мүмкіндік беретін көптеген процессуалдық құқықтарды иеленеді және істің қозғалысына тигізетін әсері болады;
в) іске қатысуға жол беру немесе тартылуы үшін мемлекетік органның ерекше актісі қажет. Мысалы, істе адвокат - қорғаушының қатысуы үшін заң кеңесімен берілген ордердің болуы жеткілікті. Осы жоғарыда айтылған белгілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9 тарауында “Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар” деп аталатын субъектілерге тән, оларды “процеске қатысушы” деп атауға болмайды, яғни қылмыстық сот өндірісінің өзге субъектілерімен біріктіруге болмайды. Процесс субъектісі және процесс қатысушысы ұғымдар өзара түрі деген мағынаны білдіреді. Процестің әрбір қатысушы оның субъектісі болып табылады, ал, бірақта, процестің әрбір субъектісі оның қатысушысы болып есептелінбейді.
Р. Х. Якупов қылмыстық процесс субъектілерін қылмыстық-процессуалдық өкілетті қатынастағы алатын орны және рөлі бойынша оларды екі үлкен топқа бөліп көрсетеді:
1) мемлекеттік биліктік құзыреттілікті иемденетін субъектілер (процессуалдық органдар) ;
2) қылмыстық-процессуалдық қызметке қатысу үшін тартылған немесе қатысуға жол берілген субъектілер (процеске қатысушылар) . Субъектілердің бірінші тобына мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғаларды жатқызады, ал субъектілердің екінші тобына қылмыстық-процессуалдық қатынаста бағынушы тарап болып табылатын тұлғаларды жатқызады. Олардың барлығына тән белгілер олар қылмыстық іс жүргізуге тек мемлекеттік биліктілік құзіреттілікті иемденетін бірінші топтың субъектілерінің шешімі бойынша қатыстырылады немесе қатысушыларына жол беріледі. Екінші топ субъектілері өздерінің құрамы бойынша біртектес бола алмайды. Екінші топтың субъектілері өзара төрт топқа бөлінеді:
а) құқықтық мүддесі бар тұлғалар;
б) өзінің мүддесі бар, яғни өзге тұлғалардың заңды мүддесін қорғайтын немесе білдірeтін тұлғалар;
в) қоғамдық мүддені білдіретін және қорғайтын тұлғалар;
г) мемлекеттік және өзге де заңды мүдделерді қорғауға септігін тигізетін тұлғалар. А) тобына: сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер жатады; Б) тобына: сезіктінің қорғаушысы, айыпталушының қорғаушысы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің өкілдері, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкердің өкілдері жатады; В) тобына - қоғамдық айыпталушыны, қоғамдық қорғаушыны және кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша өндірістегі қоғамдық мүдделерді білдіретін өкілдер жатады; Г) тобына процессуалдық органдарға қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыруына ықпал ететін (көмектесетін) тұлғалар [40, 74] .
В. А. Стремовскийдің пiкiрі бойынша қылмыстық процестің қатысушысы қылмыстық-процессуалдық қызметтің субъекті ретінде танылуы үшін, төмендегі белгілері болуы тиіс:
- Қылмыстық сот өндірісі кезеңінің алдында тұратын барлық немесе кейбір міндеттерді орындау бойынша практикалық қызметті жүзеге асырады;
- Бір немесе бірнеше қылмыстық - процесуалдық функцияларды жүзеге асыруға қатысады;
- Белгілі бір міндеттерді немесе жеке процессуалдық әрекеттерді орындайды, сонымен қатар өз талаптарын білдіру үшін немесе өзінің заңдық мүдделерін қорғау үшін тиісті құқықтарды пайдаланады;
- Дәлелдеу құралы ретінде, дәлелдемелерді бекіту құралы ретінде немесе процестің осы сатысындағы өзге қатысушылары ретінде қызмет етеді.
Алдын-ала тергеудің қатысушысы ретінде тану үшін жоғарыда айтылған белгілердің (осы белгілердің жиынтығы) болуы міндетті емес тек біреуінің болуы жеткілікті.
Сонымен, В. А. Стремовский барлық қылмыстық процеске қатысушыларды үш топқа бөледі: Бірінші топ - алдын ала тергеуді жүргізетін және заңдылықты қадағалауды жүзеге асыратын, билік өкілдері. Екінші топ - азаматтар және заңды тұлға өкілдері (алдын ала тергеу өндірісіне қатысантындар) . Үшінші топ - қылмысты ашуға, қылмыскерді іздестіруге және қылмыс ізіне түсуге көмек көрсететін қоғамдық өкілдер [34, 24] .
В. П. Божьеваның пікірі бойынша, процеске субъектінің қатысу мақсатын, оның қызметінің бағытын, қылмыстық процесс міндетімен байланысты, қылмыстық іс бойынша өндіріс нәтижесіне қатынасын ескеру қажет. Осыларды ескере отырып, қылмыстық процестің субъектілерін төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) Сот билік органдары (сот, судья) ;
2) прокурор,
3) қылмыстық іс бойынша сотқа дейін іс жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар (тергеуші, тергеу органдарының бастығы, анықтау органы, анықтаушы) ;
4) қылмыстық сот өндірісінде құқықтық мүддесі бар субъектілер (қылмыстық процеске қатысушылар) (сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер) ;
5) қорғаушылар және өкілдер (айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің) ;
6) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері;
7) дәлелдеу процесіне байланысты сот өндірісіне тартылған тұлғалар (куәлар, сарапшылар, мамандар, куәгерлер) ;
8) көмекші міндетті орындайтын тұлғалар (аудармашы, сот мәжілісінің хатшысы, пристав және өзгелер) [3, 21] .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-10 тарау, 2 бөліміне сәйкес, қылмыстық процесс субъектілерін негізгі төрт топқа бөледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz