ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Тұран-Астана» университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Экономикалық пәндер» кафедрасы

меңгерушісі С. К. Тажикенова

«» 2012ж.

МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жергілікті деңгейдегі инновация мен өзін-өзі жұмыспен қамтудың мәселелерін шешу»

050509 - «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша

Орындаған Зайнуллин М. Р

Ғылыми жетекшісі Турмухамбетов Ж. Ш

АСТАНА

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
:
Кіріспе: 1. Ауыспалы экономика жағдайларында еңбекпен қамтудың әлеуметтік экономилкалық моделінің теориялық аспектілері.
:
Кіріспе: 1. 1 Дамушы елдердегі еңбекпен қамту моделі.
:
Кіріспе: 1. 2 Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу.
:
Кіріспе: 2. Қазақстан Республикасындағы ауысымды экономика жағдайларында еңбекпен қамтудың әлеуметтік экономикалық моделін қалыптастыру.
:
Кіріспе: 2. 1 Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамтудың құқықтық аспектілері.
:
Кіріспе: 2. 2 Ауысымды экономика жағдайларында Қазақстан Республикасында еңбекпен қамтудың әлеуметтік - экономикалық моделін қалыптастыру мәселелері.
:
Кіріспе: 2. 3 Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының қазіргі кезеудерінде әлеуметтік - экономикалық моделін қалыптастырудың негізгі принциптері.
:
Кіріспе: 3. Қазақстан Республикасында әлеуметтік - экономикалық моделді дамытудың перспективалық алғышарттары.
:
Кіріспе: 3. 1 Еңбекпен қамтудың әлеуметтік - экономикалық моделін жетілдіру.
:
Кіріспе: 3. 2 Әлеуметтік - экономикалық үрдістердің моделдері перспективасы.
:
Кіріспе: Қорытында
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымша
:

КІРІСПЕ

Қоғамның дамуындағы қазіргі өзгерістер қоғамдық саяси және еліміздің экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Жүргізілген реформалар курсы - әлеуметтік - еңбек саласын өркендетуде игі ықпалын тигізді. Еңбекпен қамту саласында үлкен өзгерістер, ұласпалы революция жүзеге асты деуге болады, миллиондаған адамдардың қоғамдық еңбек жағдайлары күрт басқа арнаға бетін бұрды.

Қазір белгілі бір сенімдікпен атап өтуге боларлығы, Қазақстанда қоғамдық өндірісте толық еңбекпен қамтылған жандардың нарықтық шаруашылыққа бейімделуі жүзеге асты. Экономикалық белсенділік өсті. Экономикалық белнеседі тұрғындардың көпшілігі мемлекеттік құрылымдарға емес, өзіне еңбек етеді, өндірістер мен мекемелердің жеке кооперативті сипатты түрлерінде жұмыс атқаруы белең алды. Осы орайда 15 проценті шағын бизнеспен қамтылған.

Алайда, ұлттық экономиканың нарыққа баяу түрде енуі республикадағы әлеуметтік - экономикалық үрдістердің кешеуілдеуіне әсер етті, бәрінен бұрын, жұмыс күшіне байланысты белең алған кемшіліктер мол болды. Еңбекпен қамту саласын реформалаудағы қателіктер мен сәтсіздіктер және еңбекпен қамтудағы жөнсіздіктер ұлттық экономикадағы келеңсіздіктер мен жұмыссыздыққа әкеліп соқты 20 процент тұрғындар еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі әдістемесі бойынша жұмыссыздар деп есептелінеді, тіркелген жұмыссыздар саны 7, 3 процентке жетті.

Магистрлік жұмыстың мақсаты - әлеуметтік - эономикалық үрдістерді модельдеу, Қазақстан Республикасының ауыспалы экономика жағдайларында перспективалық дамуын өркендету мақсатын көздейді. Моделдеудің негізгі принциптері еңбекпен қамтудың әлеуметтік - экономикалық моделі қалыптасуы негізінде байқалады.

Ең алдымен шет елдік тәжірибелермен танысамыз көптеген елдер нарықтық емес шаруашылықтан нарықтық экономикаға ауысып, реформалау жолынан өтті, тәжірибелері мол. Елдер арасындағы үлкен айырмалар, мемлекеттік арасындағы үлкен айырмалар, мемлекеттік араласудың нақты әдістеріне ғана қатысты емес, сонымен бірге кілтті принциптермен байланысты, көшу барысындағы қателіктерден сабақ алынып, тәжірибе жинақталды. Біздің еліміздің нарықтың экономикаға көшу барысында да мәселелер ауқымы жетерлік.

Осы үрдістен кейін еңбек нарығы жағдайларына талдау жасаймыз және еңбекпен қамту саласындағы елдегі қазіргі экономикалық жайларға назар аударылады. Байқалатыны, еңбекпен қамтылғандарды болу пропорциясы іскерлік белсенділігі жоғары салаларға қарай қанатын жайды. Нарықтық құрылымдармен бірге өркендеуші салаларда өзгерістер белең алды. Қазақстан еңбекпен қамтудың салалық құрылымы жағынан көбіне көп нарықтың экономикасы дамыған (Венгрия, Польша, Оңтүстік корея) мемлекеттерге жақын, өз даму барысында еңбекпен қамтудың белгілі бір әлеуметтік - экономикалық модельдерін қалыптастыруды ауыспалы экономика жағдайларында негізгі нысан етіп алады, бұның бәрі жұмыссыздық түрлерінің артуына, салалық құрылымдардағы дисбалансқа әкелді.

Мәселелердің жиынтығы мен бірінші кезектегі шаралар бұл бағытта әлеуметтік - экономикалық моделін қалыптастырудың теориялық принциптеріне негізделеді. Аталмыш модель жете қарастыруды керек етеді. Оны жүйелі түрде реформалар ыңғайына қарай, әсіресе маңыздысы, әлеуметтік - экономикалық дағдарыс барысында қарастыруға болады. Осының негізінде еңбекпен қамту моделінің әлеуметтік - экономикалық жағына талдау жасалынып, күрделі, ауыспалы кезеңдегі даму барысы айқындалады. Әлеуметтік - экономикалық үрдістер саласында еліміздің экономикасына оң өзгерістер әкеледі.

Еңбекпен қамтудың әлеуметтік - экономикалық моделі дамыған, әлеуметтік тұрғыда жетілген еңбек нарығы мен оны пайдалану заңдылықтарына ыңғайланады. Осыдан келіп еңбекпен қамту саясатында жаңа талаптар келіп шығады, оның өзі еңбекпен қамтудың құқықтық негіздеріне ыңғайланған, 1998 жылы 30 - желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды еңбекпен қамту» заңында жан - жақты өрбіген. Екі негізгі мәселені атап өтелік: біріншіден, мемлекеттік реттеу экономикалық тиімділік талаптарына қайшы келмеу керек; екіншіден, еңбекақының төлену жағдайының реттелімі дұрыс болуы шарт. Маңыздылығы, реттеу механизмдерінің дұрыс болуы нәтижесінде еңбекке қабілет күшейіп, еңбек қарқындылығы, белсенділігі артады. Осы орайда көтермелеу шараларының да мәні зор.

Еңбекпен қамтудың әлеуметтік - экономикалық моделін қалыптастыруда экономикалық аспап, құралдар қажет, олар өмірдегі жоспарларды іске асыруда қажет. Еңбекпен қамтуды жетілдіру саясатының бағыттары бірнешеу. Олардың негізгілері: еңбекпен қамту орталықтарының жұмыстарын белсендендіру, орта және шағын бизнесті өркендету, агроөнеркәсіптік кешенді жеделдету. Аталмыш шараларды орындау мемлекеттік деңгейде жүзеге асса, еліміздегі жұмыссыздықты қысқартуға себепкер болады.

Осыдан шығатыны, еңбекпен қамтудың тиімді жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасының тоқырауға қарсы бағдарламасының негізгі кіндік қазығы болып есептеледі, өйткені жұмыссыздық еліміздегі экономикалық жағдайға кері әсерін тигізеді. Сол үшін қазіргі кезеңде жаңа әлеуметтік - экономикалық модел қалыптастыру ауыспалы экономика жағдайында өте өзекті болып отырған мәселе, сонымен бірге қоғамның да ерекше ауқымды жұмыссыздықпен қатысты жайлары шешілетін еді.

1. Ауыспалы экономика жағдайларында еңбекпен қамтудың әлеуметтік -экономикалық моделінің теориялық аспектілері.

Көптеген дамушы елдердегі өнеркәсіптің шапшаң қарқынмен өсуінде еңбекпен қамту баяу өрбіді. Кейбір жағдайларда еңбекпен қамту деңгейі тіпті төмен болды. Негізгі жауап - еңбектің өнімділігінің артуы. Өндіріс өсуі қарқыны (Q) мен еңбек өнімділігі өсу қарқыны (Q/N) еңбекпен қамту қарқыны шамасы мен тең (N) :

Equation. 3 (1)

Формуладан аңғарылатыны, өндіріс өсуінде, егер ал 8 процентті қамтыса жылына және еңбекпен қамту 3 процент болса, айырмашылық еңбек өнімділігінің артуымен қамтамасыз етіледі. Харрода - Домараның бастапқы моделі технологиялық үрдісті есепке алмады. Онда шығын коэффициенті көлемі назарда болды (өндіріс ауқымындағы өзгерістер мен капитал тығыз байланысты) . «Капитал шығарылым» қатынасы моделдің бастапқы нұсқаларында тұрақты қатынаспен ыңғайлас «шығарылым - жұмыс күші». Осындай қарым - қатынаста нақтыланатыны ішкі жалпы өнімнің 10 проценттің өсімі әрдайым 10 проценті көлемдегі еңбекпен қамтуды қамтамасыз етті. Бірақ еңбек өнімділігінің артуында Жалпы Ұлттың Өнімнің артуынан жұмыс күші 3 процентке өседі. Еңбек өнімділігінің артуының себептері «капитал - жұмыс күші» қатынасымен байланысты, өндіріс факторларының да ауыспалы жайлары үрдіске қатысты. Ол жинақтау, капитал қоры және экономикалық даму араларындағы өзара байланысты қарастырады және байқататыны, неғұрлым «капитал - жұмыс күші» қатынасы артқан сайын, пайда, жинақ, өсу қарқыны да артады «Оптимальды» жинақтау өндірістің максималды өсуін қамтамасыз ете отырып, капитал сыйымдылығы зор өндірістік үрдістерді пайдаланұға негізделеді. Айтылғандардан шығатыны - өндірістің өсуі және максимальды еңбекпен қамту бірлесімді емес, өзара қайшылықты мақсаттар.

Еңбек өнімділігін арттыру - қалау, тілек ету мақсаты, одан да маңыздысы - барлық өндірістін факторлардың тиімділігін арттыру. Еңбек өнімділігі көп себептерге байланысты көтерілді қолайлы және қолайсыз фактораларға қатысты. Оның көтерілуі білім беру, жұмысшыларды оқыту, өндірісті тиімді басқарумен байланысты халқы тығыз орналасқан елдерде капитал сыйымдылығы зор үрдістерді қолдану да көп сауалды туындатады, жұмыс күнін тығыз орнықтыруда, күрделі еңбек жабдықтарының импорты (тракторлар, энергия машиналары, автоматты тігін машиналарды, ауыр құрылыс жабдықтары ж/с т. б. ) . Бұл тәжірибе қаржы ресурстарының шығынына, шетел валютасынаң жирайына әкеліп соғады, жұмыспен қамтудың кеңеюіне де әкеліп соғады Қымбат техниканы шығару, еңбек өнімділігін арттыра отырып, өндіріс шығындарын да ұлғайтады, басқа өндірістін факторлар тиімділігін төмендетеді. Жұмыс күшіне үнем жасау күрделі жабдықтарды қолдану коэффициентінің арнасын тарылтып, жергілікті нарықтың аясының шағындануына әкеледі.

Сал үшін Харрода - Дамар моделдерін қолдануға негізделген саясат және неоклассикалық модель - капиталды жинақтау мен экономилкалық өсу экономикалық өсудің жоғары қарқынын камтамасыз етеді, еңбекпен қамтуды күшейту көрсеткіштерін арттырады. Егер даму мақсаты жалпы ұлттық өнім қарқынын жетілдіру болса, онда бұл саясаттың ақталғаны. Егер маңызды міндет - еңбекпен қамтуды реттеу баса, онда еңбек сыйымдылығы зор өндірістерді құруға бағытталуы тиіс (шағын фермерлік, өндеу салаларындағы шағын өндірістер) .

Еңбекпен қамтудың жоғары деңгейі өнім ауқымының өсуіне түрліше әсер береді, 90 - шы жылдары кең таралған пікір - кірісті арттыру мүмкіндіктерінде көптеген экономистер былайша баға берді, еңбекпен қамту өсуіне бағдарланған стратегия экономикалық прогресті қарқынды етеді. Әсіресе бұл ауыл шаруашылығына қатысты өзекті жайларды қамтиды және қаладағы бизнестіу шағын формаларына да қатысты. Жұмыс атқарушылардың көптілігі кіріс ұлғаюын тұрғындардың аз кірісті бөлігінде деп санайды, өз кезегінде жергілікті әндіріс тауарларына тұтынудың колемін арттырады. Бұндай тауарлар өндірісі еңбектің көп шығынын талап етеді. Нәтижесінде ұлттық өнім, еңбектеп қамту артады. Осы мақсатқа жету үшін міндетті түрде өзара толықтырғыш саясат бағдары технологиясы мен өндірістік факторлар бағасы деформациясын шектеу енеді.

Неоклассикалық тұжырымдамаларға деген назардың артуы дамушы елдердегі еңбекпен қамтуда орны зор үрдістердің бірі. Бағаның көтермелеу рөлінің неоклассикалық моделі күрделі емес және фирма жағдайының ерекшеліктеріне де арқа сүйейді. өндірушілер үнем принциптерінің талаптарына сал нарықта өндірістің түрлі факторларымен ұшырасып, комбинациясын іріктейді, өнім шығаруда аз шығын шығаратын жүйесін қарастырады. Осы орайда белгілі болғаны, олар технологиялық үрдістер жиынтығын іріктеуге жағдай тұғызады - еңбек сыйымдылығынан жоғары капитал сыйымдылығына дейін. Егер капитал бағасы жұмыс күнімен салыстырғанда зор болып есептелсе, құрмет еңбек сыйымдылығы нұсқасына беріледі. Жұмыс күшінің жоғары бағасында өндіруші капитал сыйымдылығы үрдісін таңдайды, қымбат факторларға қол жеткізуде жұмыс күші де басты назарда болады.

ІІ қосымшада техникалық шешім қабылдауды таңдау әдісі көрсетілген. Фирма, фермер немесе басқада экономикалық бірлік техникалық үрдістердің екі түрін таңдау мүмкіндігіне не: ОА үрдісі, бұл орайда капиталға көбірек шығын талап етіледі жұмыс күшімен салыстырғанда, еңбек сыйымдылығы зор ОВ үрдісімен. Ғ және G нүктелері шығарылатын өнім ауқымының лайықты нұсқасын танытып, олар арқылы Q, F G Q сызықтығы өтеді - еңбектің алуан сәйкестігі мен капиталдың жүйесінің орайласатын да тұстары белең алады (дәстүрлі неоклассикалық модель көптеген техникалық үрдістердің барысына арқау болып, сол жағдайда бұл сызық дөңес қисық формасын иеленеді. Қарастырылған әдістерге сай, капитал мен жұмыс күшінің сәйкестігі бағаның өндіріс факторларына қатынасы арқылы анықталады. Мысалы, капиталдың нарықтық бағасы және жұмыс күші көлеңкелі құнына әсер береді, ал қаланып отырған өндіріс ауқымы - Q. Егер капитал жұмыс күшімен салыстырғанда арзан болса, (бағалық сызықтық К L) өндіріс нұсқасы F нүктесінде капитал сыйымдылығы үрдісінде ОА-ны қалдану арқылы іске асады Арзан жұмыс күшінде - бағалау бағыт К “L”, өндіріс үшін оптимальды жағдай G нүктесінде туындап, еңбек сыйымдылығы үрдісінде ОВ туындайды. Осылайша, кез келген өндірістік үрдістерде қазіргі уақытта жұмыс күшінің бағасы нақты бір нәтижеге, жетістікке жету үшін қажет (Егер капитал сыйымдылығы зор үрдіс ОА еңбек сыйымдылығы зор ОВ-ға ыңғайланады яғни ОА-да қолданылатын технология шығынның аз көлемін талап етеді, өндіріс көлемі де капитал сыйымдылығы зор техникаға беріледі) .

Логика бойынша жұмыс күшіне ұсыныс, қаржылық және материалдық ресурстардың тапшылығы үшінші әлем елдерінде неғұрлым еңбек сыйымдылығы зор технологияларды қалданудың шынайы өмірдегі қатынасы мынада: көбінесе ауыл шаруашылығында, және өнеркәсіпте жоғары механикаландырылған капитал сыйылдылығы зор үрдістер қолданылады, мынадай көрініс те сипат алуы мүмкін: алып тракторлар егісте жайындай жүзсе, бос отырған жұмыссыз шаруалар отырады қалаларда өндірісті жоғары деңгейлі техникалары жұмыс атқарса, қақпаларда жұмыс іздеушілер саны арта беруде. Бұндай жағдай фермерлер рационализмі жетіспеушілігінен туындайды.

Түсіндіру баға рөлінің бағасын береді. Құрылымдық институционалды және саяси факторлар әсерінен жұмыс күшінің нарықтың бағасы жоғары, ал капиталда - салыстырмалы түрде алып қарағанда төмен 2-ші қосымшада көлеңкелі баға К, L линияларында орын алып, нақты К, L бағаларынан бірсыпыра ерекшелігі белең алады. Еңбек ақының жоғары деңгейі кәсіподақ ұйымының араласуымен, еңбекақы төлемі қызметкерлердің түрлі бағыттығы күрестеріне де байланысты. Бұрынғы еңбекақы төлеу деңгейі барысында тарифті жүктеме түрлі мәселерді арқау еткең оның ішінде еуропалықтардың өмір сүру деңгейі де назар да болатын еді. Дефицит капиталына қатысты тағы бір көріністе баға жасанды түрде осындай факторлар жиынтығы нәтіжесінде төмендетіліп оған либералды амортизациялық нормативтер, төмен және кері пайыздық жүктемелер, капитал жабдықтарына деген импорт бажының төмен болуы, импортты марапаттау, салықтың жеңілдіктер және валюта курсының жоғарылауы енді. Баға деформациясының алғашыртының бірі-ауыл шаруашылығы жүйесі мен өнеркәсіптегі капитал сыйымдылығы зор технологияларды марапаттау, жергілікті жағдайларға жауап бермейді. Ерекше атап өтерлігі, жекелген фермерлер ұстанымы мен кәсіпкерлердің капитал сыйымдылығы зор техникаларды іріктеуі ақталған және нарық белгілеріне лайықты реакцияларға ие қоғамның тұтастай қызығушылығы тұрғысынан қарастырғанда, әлеуметтік шығындар капиталды толық пайдаланбаудан және жұмыс күшіне де қатысты Мемлекеттік саясат, баға мәселесіне бағытталған жайларды шеше отырып, еңбекпен қамтуды көтеруге үлес қосып қана қоймайды, сонымен бірге дефицит капиталын тиімді пайдалану барынша лайықты технологиялық үрдістер нәтіжесінде іске асады.

Капиталды еңбекпен алмастыру шегі. Бағалық диспропорцияны жоюдың тиімді саясаты капиталды түрлі өндіріс салаларында алмастыруға қатысты. Экономистер оны өндіріс факторын икемді алмастыру деп есептейді. Оны бағдарлы түрде анықтау барысында еңбек үлесі пайызының капитал қатынасына жақындығын нысан етіп алады (қатынас “еңбек-капитал” немесе α/К) капитал бағымының пайыздық өзгерістерін салыстырмалы қарастыруға, еңбек бағасына қатысты (Р к / Р і ) . Алгебраның икемділік η α К мәнін де төмендегі формулаға сүйенеді, осыған сәйкес шамасы айқындалады:

(2)

Мысылы капиталдың қатыстық бағамының артуымен өндеу онеркәсіптерінде 1 процентке, «еңбек- капитал» қатынасы артады мысалы 1, 5 процентке алмастыру икемделігі 1, 5 процентке тең. Егер Р к / Р α қатынасы 10 процентке түссе, ал α/К - тен 6 процентке, онда алмастыру икемділігі 0, 6-ны құрайды. Икемділіқтің жоғары қатыстылық көрсеткіштері нақтылағандай, баға қурылымындағы айтарлықтай өзгерістер өндіріс факторларының деңгейіне әсер етіп, өндіріс үрдістерріне өзгерістер енгізіп, еңбекпен қамту саласына өрлеу әкелді. Осындай жағдайларда баға қатынасына өзгерісі еңбекпен қамтудағы негізгі алғышарт болып саналады. Көптеген тәжірибелік тұрғыдағы зерттеулерден байқалғаны, өндіріс факторларын алмастыру дамушы елдерде мынадай көрсеткішті құрайды - 0, 5 - 1, 0 16 . Бұның аңғартатыны, еңбекақының қатыстық төмендеуі 10 процентке еңбекпен қамту көлемін 5-10 процентке арттырды. Жұмыс күшінің шағын үлесі өңдеу өнеркәсіптерінде дамушы елдерде жалпы көрсеткіште аталмыш өнеркәсіп секторындағы жұмыс орнының артуына әкеліп соғады. Баға саясаты өндіріс факторларына осы мәселелерді шешуде табыс әкеледі және сол үшін ол даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып есептеліп, еңбекпен қамтуды бағдарлаудың негізгі болып табылады.

Дамушы елдердегі еңбекпен қамтудың үш моделіне талдау осы мәселенің күрделілігін аңғартады: 1) өндіріс факторлары бағасы ресурстарды бөлу мен еңбекпен қамту жағдайына ерекше әсер береді және басқа да жайларға жер береді; 2) индустрияландырудың мемлекеттік саясаты, ауыл шаруашылығының өсуіне залал тигізе отырып, қалаларда еңбек күшін пайдалану мәселелерін күрделендіреді; 3) тиімді, еңбек сыйымдылығы зор технологияларды пайдалану экономикалық өсу қарқынына тиісті мәмлерде септігін тигізеді. Осының барлығы миграциялық ағынға соғады, қалаға кашу ұлғайып, жұмыссыздық артуда.

1. 2. Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу

Енді өнеркәсібі дамыған елдердей еңбекпен қамту мәселесіне назар аударып, олардың жинақталған тәжірибесіне көңіл аударамыз. Мемлекет аралық айырмаларға көңіл аударғанда мемлекеттің араласуы тұрғысында ол елдерде де көп үрдістер белең алды, қателесу, одан сабақ алу кездесті. Қазақстанның нарықтық жағдайға көшуімен байланысты. Батыс елдерімен байланысы іс-тәжірибесіне үңілудің де өзіндік пайдасы зор.

90-шы жылдардың басынан 2000-ші жылдардың оратасына дейін жалпы экономикалық жағдайда жұмыс күші жетіспеді, сол себепті батыс елдерінің алдында тұрған негізгі мәселе - «адами ресурстарды» жетілдіру, жұмыс күшін жинақтап, топтастырып, басын қосып, экономиканың құрылымды жақтарына ынталандыру, өндірістегі кезеңдік тербелістерге жете мән бере отырып, еңбек нарығы заңдарына еңбекшілерді жақындата түсті. Тұрақты еңбекпен қамтуды негізгі алғышарты етіп ала отырып, экономиканың барлық саласын өркендетуге күш - жігер салынды, салалық кәсіби - біліктілік және аймақтық қарқындылығын және техникалық, құрылымдық өзгерістерге бейімделу қабілетіне де назар аударды.

Осы кезеңді мемлекеттік реттеу құралдарын кеңейту мақсатында, ғылыми орталықтар құрылып, еңбек нарығы барысында дәрістер ұйымдастырылды, министрліктер, ведомоствалар - барлығы жұмылып, еңбекпен қамтудың тәжірибелік негіздерін жандандырды. Бір уақытта сонымен бірге арнаулы қорлар құрылу арқылы қаржылық базасы нығайып, қажеттілікті өтеу алғышартына айналды. Мемлекеттің араласуы арқылы бірсыпыра мәнді іс-әрекеттер атқарылды.

Терең мәнді экономикалық дағдарыстан кейін 90-ші жылдар оратасында және одан кейінгі жаппай жұмыссыздықтың белең алуында, бірінші алға қойылған мәселе - еңбекпен қамтуды қолдау, іске асыру, мемлекеттік тараптан осы іске жұмылу, жергілікті атқару органдарының рөлін көтеріп, де орталықтандыру жүйесіне назар аударылды. Бірнеше елдер өкіметі тарапынан жарық көрген бағдарламаларда еңбекшілердің еңбекақысы төмендеуі қысқартылған жұмыс күшіне байланысты екендігі анықталып, соған қатысты амалдар қолға алынды. Кең түрде назар аударылған жайт - мемлекеттік субсидия наймы, бірінші кезекте - жастар мәселесі, олардың еңбекпен қамтылуының реттілігін ұйымдастыру. Еңбекпен қамту бағдарламасы жекелеген аймақтардағы жұмыссыздар үшін әзірленді.

Мемлекеттің кадрларды даярлау, қайта даярлау әрекеттерінің арнасы кеңіді, өндірістер шығындарының біраз бөлігін оқу үрдісін ұйымдастыруға арнады, стипендиялар төлеу, біліктіліктен қайта өтушілер үшін төлем жолдары қарастырылды. Осы мен байланысты кәсіби оқыту мен қайта оқыту екі жақты бағаланды: жұмыс күші сапасын жетілдіру, еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп беруін қамтамасыз ету, басқа жағынан, жұмыс күшінің икемділігін көтеру, еңбек нарығының динамикасының ыңғайына бейім болуын қарастырады.

Жұмыс орындарын құруды ерекше мәнге ие болған - жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, әсіресе бұл үрдіс АҚШ, Дания, Норвегия, Нидерландыда белең алды.

90-ші жылдар басынан неоконсервативтін өзгерістер аясына негізгі мәселе болып - кіріс, пайда есептелінді, өндіріс бәсекелестіктері артып, жұмыс күшінің икемділігіне қатты назар аударылды. Еңбекпен қамтуды реттеудің маңызды мәнінің шаралары - жұмыс күшін уақытша еңбекпен қамту, зейнетақыға тез ауыстырып жіберу, шетел жұмыс күші ағынын қысқарту не тоқтату.

Еңбекпен қамтуды қолдау бағдарламасы жастардың жұмыссыздығына әкеліп соқты. Қоғандық жұмыстардың жұмыссыздық рөлінің үлестін салмағаның артуына байланысты қысқа мерзімді жұмыспен қамтуды нысан етіп алды, бұл жолда жоғары біліктілік талап етілмейді. Қайта даярлау курстары бағдарламаларында негізімен өндірістегі субсидия мәселесіне көңіл бөлінді. Еңбекпен қамту саясатында негізгі мәнге ие болатыны - шағын кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде жұмыссыздардың өз ісін құруларына қолдау беру, жергілікті билік, кәсіподақ кәсіпкерлер тарапынан жұмыстарды жандандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың жоғарғы өсу қарқыны
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы
Қазақстандағы жұмысбастылық мәселелері және еңбек рыногының жағдайы
Еңбек нарығы және оның түрлері
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
Қазақстанның еңбек нарығының дамуына талдау жасау
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы
Қазақстанның нарықтық экономиксы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz