Жердің экономикалық бағалануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жер ресурстар нарығы және жер рентасы

Жоспар
Кіріспе
I.Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі
1.1. Жер ресурстарының мәні мен мазмұны
1.2. Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін белгілеу әдістері
1.3 .Жер рентасы туралы ұғым

II.Жер ресурстар нарығы және жер рентасы
2.1. Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы
2.2. Жер пайдалану ақылығы және оны экономикалық ынталандыру
2.3. Жердің экономикалық бағалануы

Қорытынды мен ұсыныстар
Пайдаланылған әдибиеттер тізімі

Кіріспе

Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті
заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы,
құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес.
Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі
қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса,
екіншілері – жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің
шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік
қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер
иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық
қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға
ынталандыру.Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге
болады.Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған.

1.1 Жер ресурстарының мәні мен мазмұны

Табиғат ресурстарының ең негізгісі жер ресурстары болып табылады. Жер
ресурстарына: жер және оның қойнауы т.б. жатады. Жер ең негізгі табиғат
байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы.Жер ресурстарын адам
баласы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланады.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Яғни, ол адам іс - әрекетінің
нәтижесі болып табылады.Жер ресурстары туралы сөз қозғаған кезде, ең
алдымен, оның ауылшаруашылығындағы қолданысы жөнінде айтқан жөн.
Ауылшаруашылығымен айналысатын адам үшін жер және оның қойнауы басты
өндіріс құралы.Соған байланысты жер ерекше қасиеттерге ие.Жер адам іс -
әрекетінің нәтижесінде топырағының құрамы өзгеретін табиғи және жасанды
құнарлыққа ие.Жер – “ табиғат сыйы ”, еркін , өз бетінше өндіріске
ұшырамайтын өндіріс құралы, сондықтанда сапасы жөнінен өте жақсы және
орташа жер учаскелері болады және олар шектелген көлемде болады.( 1 )

1.2 Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін белгілеу әдістері

Жер ресурстарын пайдалану төлемдері жерді тиімді пайдалану және жерге
орналастыру , жерді корғау , сапасын кұнарлығын арттыру шараларын ,сондай-
ақ аймақтын әлеуметтік –экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында қор
жинақтау мақсатында жүзеге асырылады
Жер ресурстарына төлем казіргі уақытта негізінен жер салығы түрінде
алынады .Бұл адамзат тарихында жердін алатын орнына және оны өте ертеден
пайдаланып келе жатқандығына байланысты. Жер ауданы, асіресе кұнарлы жерлер
шектеулі болғандықтан халықтар арасында жекелеген ұжымдар, адамдар арасында
неғұрлым құнарлы жер бөліктеріне ие болу ушін бәсекелес күрес тынбай журіп
келеді.Осындай неғурлым құнарлы жерлердін салыстырмалы түрде шектеулі болуы
оны тиімді пайдалану, экономикалық тұрғыдан бағалауды, салық белгілеуді-
яғни жерді пайдаланғаны ушін төлемдерді қолдану қажетілігін тарихтын озі
туындатты .Жер ушін төленетін салықтар көптеген ғасырлар бойы жер иесінін
,мемлекеттін және оның жергілікті органдары кірісінін негізгі тұрақты козі
болып келеді.Экономиканы басқарудың әкімшілдік –әміршілдік жүйесінде бізде
табиғат пайдалану тегін деп есептелсе де, жер салықтары болғаны рас , ол
әсіресе жеке кооперативтік секторларда қолданылады.Аймактық шаруашылықтар
бойынша ауылшаруашылық онімдеріне белгіленген бөлшектенген есептік (откізу)
бағалары жерді пайдаланушылардан мемлекетке бүркемелі турде рента алуды
корсетеді, ягни жер ушін толемнің болғанының айғағы. Аз мөлшерде болса да
қосалқы шаруашылық жүргізетін жерлерден , саяжайлық жерлерден, құрылыс
салуға берілген жерлерден салық алынатын. Жердін табиғат ресурстарының
басқа түрлерінен ерекшелігі өндірістін негізгі құралы және сонымен бірге
енбек заты болып табылады, сондықтан енбек құралы ретінде де, материялдык
байлық элементі ретінде де оған салық салу экономикалық және аділеттілік
тұрғыдан негізді.
Жер салығы төлемдері – жер иесіне, әсіресе, мемлекетк , оның
жергілікті органдарына табыс әкелуден басқа тағы жалпы экономикалық қызмет
атқарады. Жер иеленуші мен жер пайдаланушыны жер ресурсына ұқыппен қарауға
ынталандырады. Бұл жердін бүлінуі мен тиімсіз пайдалануына жол бермейді.
Сөйтіп жерге төлемдері қалыптасқан атауы бойынша белгілі дәрежеде салық деп
те аталуы мумкін.Сонымен қатар, жерді пайдаланғаны үшін төленетін салық
ұғымында жерді тиімді пайдалану ынталандырушы таза экономикалық мағынасынан
тарихи қалыптасқан заңдылық және саяси ұғым жағы басым.
Жер ушін төленетін салықтың көпшілігі жер пайдаланушының өндірген
өнімінін өзіндік құнына кіреді , яғни тұтынушылар-халык тарапынын
төленеді.Сайып келгенде, бұл төлемдер мемлекеттің, меншік иесінің, жер
иесінің қосымша пайда табуының козі болып табылады.Осыдан келіп ,
пайдаланушыларға тегін берудің маңыздылығы жөніндегі маркстік-лениндік
принціпі туындаған.
Табиғат ресурстары үшін төлем түрлерін сұрыптауға сүйенетін болсақ,
онда жер ресурстарына қатысты жерді пайдалану құқы жерді қалпына келтіру,
пайдалануды шектегені үшін, пайдаланғаны үшін, табиғи ортаны, яғни оның
ішінде жерді қорғау, жерді пайдалану заңдылықтарын бұзғаны үшін төлемдер
бар.Іс жүзінде көптеген құжаттарда бұл төлемдер бірге қарастырылып, әр
турлі айтылып жүр.Төлемсалық белгілеу негізінде әр түрлі баламалы
әдістемелер қоданылады және олардың әр түрлі нұсқалары бар. Жер пайдалану
үшін төленетін төлем мәселелерін шешудегі барлық ұсыныстарды қарастыруға
мүмкіндік болмағандықтан, жер үшін төленетін төлемдердің әр түрлі түрлерін
белгілеудің қазіргі кездегі негізгі прициптері, әсіресе төлемсалықтардың
негізгі түрлерінің нақтылы мөлшерін белгілеу, ресми құжаттарда
көрсетілгендері қарастырылады.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасы, орналасқан орны, сумен
қамтамасыз етілуіне байланысты анықталады және ол жер иесімен жер
пайдаланушының шаруашылық немесе басқа да әрекетіне, нәтижесіне байланысты
емес.( 1 )
Жер – тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын,
материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай.Жердің бағасы оған табиғи тән
нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда
болады. Сондықтан жердің тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің
тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапсының әр түрлігіне
байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады.
Сапалы жерлерден нашар жерлерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны
өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне
қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады.
Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты рента туындайтын алғы
шарт бар. (2)

1.3 Жер рентасы туралы ұғым

Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып, рента
деп аталатын табыс әкеледі. Жер меңыздылығы табиғи ерекшеленеді : еркін
ұдайы өндірілетін басқа екі факторларға қарағанда жер ұсынысы шектелген,
оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін ерекшілік болып
табылады. Сондықтан, жер ұсынысы икемсіз.
Жер ұсынысыныңшектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға
құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жағдай барлық экономикалық
мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен
ерекшеленеді.
Жер рентасы – жерден түсетін тұрақты табыс.Құрылу ерекшілігіне сәйкес
жер рентасының екі түрін бар – абсолюттік және дифференциялдық.Екіншісі
дифференциядық I және дифференциядық II рента деп
ажыратылады.Дифференциялдық I рентаның пайда болуының негізгі себебі – жеке
жер телімдерінің құнарлығы мен сол жердің нарыққа қатысты орналасу
ерекшеліктері. Дифференциялдық рента II жерге жұмсалған қосымша қаржыға
тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан
дифференциядық II рента туындайды. Ол сондай – ақ , ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да
туындайды.Абсолюттік жер рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты.
Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып
табылады.Ауыл шаруашылық айналымына кірмейтін жерден де жер рентасы
алынады.
Жер рентасының маркстік тұжырымдамасына келетін болсақ, қоғамдағы
барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады.
Сондықтан, жер рентасы пайда және процент сияқты қосымша құнның өзгертілген
формасы болып табылады. Карл Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне
сәйкес көрсете білді.
Дифференциялдық рента құнарлығы өте жақсы және орташа учаскеде алынған
өнімнің бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы өндіріс
бағасының арасындағы айырмашылық ретінде жақсы және орташа жер учаскесінде
пайда болады. ( 3 ) Дифференциалды рентаның алғышарттары – бір жағынан
монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ
тауарлы өндірістік қоғамдық қарым-қатынастар.
Дифференциалдық рента бірдей енбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен
салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім ( пайда)
алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы
одан нашар жерді пайдаланганда немесе пайдаланатын жердің сапасы
нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді. Оны қарапайым мысалмен
көрсетуге болады. Түсімі 40 ц\ га жалпы шығыны 20 мың теңге бидай
өндірілетін жер ауылшаруашылығынан алынды делік.Қалған жерлердің өнімділігі
10 ц\га. Жоғалтқан өнімді алу үшін ондай жерлердің төртеуін игеру немесе
қосымша шығын жұмсап жердің өнімділігін арттыру керек. Игерілетін жерге
жұмсалатын жалпы шығын 30 мың теңге деп алайық. Сонда бидай өндіруге
жұмсалатын шығын 10 мың теңгеге артады. Егер сапасы нашар жерлерді игермей,
оның орнына сапасы бұрынғы жердей жерді тапқан болсақ, оның халқы
шаруышылық тиімі 10 мың теңге болған болар еді. Яғни сапалы жердің
құндылығы сапасыз жерден 10 мың теңгеге артық деген сөз. Жаңадан игеретін
сапалы жердің экономикалық бағасы да 10 мың теңге.Былайша айтқанда,
экономикалық бағалау негізгі дифференциальдық тиім болды. Мысалдан
байқағанымыздай, халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған
жерден алынатын өнім немесе таза табыс шамасы емес, дифференциалдық табысқа
немесе нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең.
Мұндай жағдайда жердің құндылығын шекті шығын мен дербес шығынның
айырмашылығымен есептелген жер рентасымен анықтайды.
Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі
сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз
жылма –жыл ренталылық табыс береді.Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан,
осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек.Сонда
ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз. ( 2 )
Қорытынды : Дифференциядық рента – бұл өндірістегі қоғамдық және жеке
бағалар арасындығы айырмашылық. Ол жағдайы нашар учаскеде пайда болмайды.
Дифференциялдық рентаны анықтау әдістерін жоғарыда қарастырдық. Ал
абсолюттік рента жерді қалпына келтіру құндылығымен, яғни жұмсалатын
қоғамдық қажетті шығындармен анықтауға болады деп есептейміз.
Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы емес, ол
қажетті өнім алудың тұрақты көзі.Топырақтың құнарлығы ұзақ жылдар бойы
қалыптасқан табиғи процесс,қолдан жасалмайды. Бірақ экономикалық тұрғыдан
жаңғыртуға, жақсартуға болады.
Топырақтың құнарлығын жаңғырту, қосымша еңбек жұмсауды қажет етеді.
Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға
экономикалық жағдай туғызады. Сонымен, жердің құнарлығының қалпына келу
мүмкіндігі оны жаңғырту шығындарын жұмсауды туғызады. Көп жағдайда қалпына
келтіру деп - табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі
Жердің жалпы мінездемесі
Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру
Жер кадастрының құқықтық мағынасы
Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі
Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы
Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері
Жер салығы
Қазақстандағы жер қорын пайдалану
Пәндер