Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе бөлім

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да жеке тұлғалары
азаматтық – құқықтық субъектілері
1.2 Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі
1.3 Құқық субъектілерінің азаматтық әрекет қабілеттілігі

2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ Азаматтық құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру
2.1 Хабар – ошарсыз кетті деп танылу
2.2 Азаматтық өлді деп жариялау
2.3 Азаматтық хал актілеріндегі жазбалар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының
тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға
тартуда. Бұл саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын,
оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды. Осындай
мазмұнды тарихи контекстен тыс, құқықтық мемлекет тұжырымыдамасының мәні
мен мақсатының ерекше тұстарын түсіну, санаға сіңіру мүмкін емес. Аталған
тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми жарияланған құндылықтарды жүзеге
асырудың ақиқат мәні мен шарттарын ұғынуға, Қазақстан Республикасындағы
нақты жағдайларды және еліміздің құқықтық мемлекетке шын мәнінде жету
мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға болады.
Тұлғалардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің
Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа
айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның
бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп, бұл мәселені жан-жақты
дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Адам құқығы — азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің
басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып
табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай
ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген
ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
( Адам кұқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған
мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет
бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.
( Азамат құқығы — табиғи кұқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп
мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің
қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
( Тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау
мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты.
Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау
және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе
ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару,
реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда
байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне,
мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты.
Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш
қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi
қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.
Жақын болашақтағы міндет - жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде
басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру
болып табылмақ.
Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды
халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау
үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін
аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге
мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң
қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не
т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып,
оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам
құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды.
Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк
беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы
бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң
барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-
бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға
болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты
құрайды
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында
халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын
түсініп білу үшін, оның адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы,
түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі
кездегі жай-күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін бұл
институттарды дәйекті зерттеу және қазіргі кезеңде құқықтар мен
бостандықтардың қорғалуын жүзеге асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына
қойған мақсат мүдделері негізінде жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі
туындауда.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған проблемаға
Ресей және Қазақстан ғалымдарының бiрқатар зерттеулерi арналған. Бiрiншi
кезекте бұлардың қатарына РҒА академигi Е.А. Лукашеваның басшылығымен
жасалынған iргелi еңбектердi атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейiнгi
Ресей мен ТМД елдерiндегi адам құқықтарын қорғау проблемасын бiрiншi болып
ғылыми зерттеу деңгейiне көтердi.
Жеке тұлға институтының қоғамда пайда болуы мен қалыптасуын ғылыми
зерттеу дәрежесін отнадық және шетел ғалымдарының еңбектерінен көруге
болады. Бұл мәселеге Қазақстанда ТА. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, С.
С.Қ.Амандықова, Башимов, С.З.Зиманов, С. Өзбекұлы, З.Ж. Кенжалиев, А.К.
Мұхтарова, Ғ.С. Сапаргалиев, С.Н. Сәбiкенов, Н.А. Шайкенов, С.А. Табанов
сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңiстiгiнде
адам құқықтарын iске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж.Д.
Бусурмановтың зерттеуi ерекше орын алады.
Курстық зерттеудің пәні – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау
аясындағы қатынастардың мазмұны мен бағытын анықтайтын халықаралық және
ұлттық институттарын құқықтық ұйымдастыу мәселелерінің ерекшеліктері.
Зерттеудін объектісі – тұлғаның құқықтары мен бостандықтары мазмұнын
ашу барысында туындайтын құқықтық қатынастар.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу барысында қойылған негізгі міндет
аталмыш тақырыптың мәні мен негізгі белгілерін қамту мен қатар зерттеудің
жүйелігін және қамтылған проблемалардың мағынасын аша білу. Тұлға
институтының құқықтық негізін дамытып, толықтыру мақсатында ұлттық және
халықаралық конституциялық және нормативтік-құқықтық базасын және
институттарын саралап, зерттеу арқылы тұлғаның құқықтық жағдайын қарастыру
болып табылады.
Курстық зерттеудің негізгі міндеті - төмендегі мәселелерді айқындайды:
( тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және
маңыздылығын ашып көрсету;
( Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының
түрлері және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін нақтылау;
( халықаралық стандарттар жүйесіндегі адам құқықтары мен бостандықтары
институтын талдау;
( Халықаралық ұйымдардың тұлғаның құқықтарын қорғаудағы орнын анықтау;
( Қазақстанда адам құқықтарын қорғайтын, қамтамасыз ететін, кепіл
ететін негізгі институты - мемлекеттің және мемлекеттік органдардың
қызметін зерттеу, әрі жетілдіру туралы мәселелерді қарастыру;
( Қазақстан Республикасындағы тұлға құқықтарын қорғаудағы Уәкілдің
ролін анықтап, саралау.
Зерттеудің алдына қойған міндеттері оның теориялық және тәжірибелік
маңыздылығын арттыра түседі. Зерттеу тұжырымдары мен ұсыныстарын адам
құқықтарын қорғау мен қаматамсыз етуге бағытталған тәжірибелік және ғылыми
қызметтерде қолдануға болады. Жұмыста көрсетілген тұжырымдарын Қазақстан
Республикасының заңнамасындағы ұлттық және халықаралық институттардың адам
құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету қызметін
жетілдіруде қолдануға болады. Сондай-ақ жоғарғы оқу орнының оқу процесінде
Адам құқықтары курсын оқу барысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеудің мақсаттарына тиімді
қол жеткізу үшін жүйелі таладу әдісі: жүйелі-құрылымдық және жүйелі-
функционалдық талдау қолданылып, ұлттық және халықаралық институттардың
тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мәселелері
қарастырылды. Бұл әдістермен қатар, талдау, бақылау, салыстыру әдістері
қолданылды. Сондай-ақ әлеуметтану әдістерін қолдану арқылы адам құқықтары
жөніндегі комиссияның, адам құқықтары жөнінідегі Уәкілдің есептерін алуға
мүмкіндік берді. Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен
міндеттердің қайсыбір субъектіліріне байланысты болады. Біз қайсыбір
субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие
екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің
мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде
құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе
"тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық
қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық
қабілетті атаулының берін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар
мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал
азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие
болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек. Тұлғаның екі категориясы
бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам —
құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының
барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, коғамдар
және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады. Жоғарыда
айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды)
бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды
тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының
азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да жеке тұлғалары
азаматтық – құқықтық субъектілері

Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекетердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.
Сондықтан да азаматтық заңда жеке құқық қабілеттілігі туралы емес,
азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі
ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылға 19-маусымда
қабылданған Шетілдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы заң күші бар
Жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар
шетел азаматтары болып саналады. Қазақстан Республикасындағы олардың
азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекеттінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабы 11-бөлігіне сәйкес, Қазақстан
Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтағы жоқ адамдар деп
есептеледі. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты
пайдаланады.

.

1.2 Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару
қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп
тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың
бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық
қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін
тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің тендік
принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға
берілетін міндеттілік тендікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың
бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны)
мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңды бұл
орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъектівтік құқық алуға
тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық
қабілеттілігінің тендік принципімен жалпы ережеге сәйкес оны, шектеуге жол
берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған.
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.
Қолданылған жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың
қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтаста)
айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады.

Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша
сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіңдегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап соңдай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілгінің
мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған:
Азаматтың Қазақстан Реслубликасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті,
соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға
қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді
таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына
қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарыңда тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасасып, міңдеттемелерге қатысу;өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және
өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке
құқықтары болады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана
құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгенен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттілгі адамның-құқық субъектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім-бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз
әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі
үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып
табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл
дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның
өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға
тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы
мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен
міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет
қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес қабілеттілігі кәмелетке толғанда
яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-
бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге
рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден
бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке
және отбасы туралы'" Заң бойынша некеге тұруға І8 жастан бастап рұқсат
етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге темендетуі мүмкін
("Неке және отбасы туралы" Заң 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық
емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау
қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау
жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабы, 1-
тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық
құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де
ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша
айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты.
Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше
ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
-өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың,
қорғаншылары келісімінсіз ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
-ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша
хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің
келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интелектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді,
яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушылырының немесе қорғаншыларының
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке
толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-
тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленнің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері
көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар ( 14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген
зиянды өтуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның
тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы
өтуге тиісті. Олардың бұл міндетті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін,
сондай-ақ келтірген зиянды өтуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы
жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда
өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай
береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір
мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды.
АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай
салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінші жасауға құқылы.
Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған мәмілелерді жасағанымен,
әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілік
мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың
әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді.
Спирт ішімдіктер не немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып,
нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет
қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде
азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны
әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

1.3 Құқық субъектілерінің азаматтық әрекет қабілеттілігі

Әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және
міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын
қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? - деген сұрақ
туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.
Бұның мәні мынада; қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және
міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет
жасайды. Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі
бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына
алатындығында, қорғап жүретіндігіне.

Х.И.Оспанов Құқық негіздері Алматы Жеті жарғы 2006 ж. 93 бет.
Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек)
өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда
да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам
тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек
адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына қажетті әрекеттерін
орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар
адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның
келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі
мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе
мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Құқықтық қатынастың құрылымы
Пәндер