Жеке меншік формалары
Жоспар
КІРІСПЕ 3
1 ЖЕКЕ МЕНШІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы 5
1.2 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы 5
7
2 ЖЕКЕ МЕНШІК ЖӘНЕ ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
2.1 Жеке меншік формалары
2.2 ҚР-дағы жекешелендіру және оның кезеңдері 13
13
3 ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 14
3.1 Өндіріс саласындағы жеке меншік
3.2 Қазақстан Республикасында жеке меншікті қорғаудың қауіпсіздік
мәселелері 20
3.3 Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік түсінігін қазіргі таңда 20
жетілдіру мәселелері
23
ҚОРЫТЫНДЫ
24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27
ҚОСЫМША
29
КІРІСПЕ
Экономикалық ой-пікірде көп уақытқа дейін мынадай пікір қалыптасты,
меншік дегеніміз – адамның затқа қарым- қатынасы, адамның затқа билігі, оны
иелену, пайдалану және билік ету, өзінің өмір сүруінің материалдық
шарттарын қолдану мүмкіндігі. Сонымен қатар, адамның затты иеленуге деген
талпынысы табиғи бөлінбес инстинкт ретінде көрінді.
Алайда қоғамның даму заңдылықтары туралы білімдердің жинақталуы мен
тереңдеуіне байланысты меншік туралы көзқарастың негізі табиғилықтан гөрі
әлеуметтікке жақындығы деген бағытқа ауыса бастады.
Сол себепті меншіктің табысты дамуы үшін көптеген экономикалық және
әлеуметтік шарттардың орындалуы қажет, соның ішінде жаңа экономикалық
жағдайда меншіктің қатынасын қайта қарастырған жөн.
Бірақ болашақ жиналған тәжірибенің талдамасы мен білім негізісіз
мүмкін емес.
Меншік ұғымы астында тіпті бір-бірінен ажырату қиын болатын өзара
байланыста болатын экономикалық сияқты заңды қоғамдық қатынастардың күрделі
және көп деңгейлі жүйесі жатыр. Алайда қоғамның даму заңдылықтары туралы
білімдердің жинақталуы мен тереңдеуіне байланысты меншік туралы көзқарастың
негізі табиғилықтан гөрі әлеуметтікке жақындығы деген бағытқа ауыса
бастады.
Жалпы түрінде меншік экономикалық ресурстарды иелену бойынша
экономикалық агенттер мен тұтынушылық игіліктер арасындағы қатынастар болып
табылады. Сонымен қатар жалпы мағынада экономикалық ресурстарды иемдену
тұтынушылық игіліктерді иемденуге қатысты ең алғашқысы, әрі бастысы болып
табылады деп айтуға болады. Осының нәтижесінде кез келген қоғамда, кез
келген елде халықтың бай мен кедейге бөлінуі адамдардың өздерінің немесе
басқалардың ресурстарына деген қарым-қатынасынан туындайды.
Кез келген қоғамда меншік қатынастары конституциямен, заңдармен және
көптеген заңға тәуелді құқықтық актілермен реттеледі (жарлықтар, қаулылар,
ір түрлі мемлекеттік органдардың бұйрықтар).
Кез келген ұлттық экономика экономикалық қатынастардың үш түрін
қамтиды.
Біріншіден, қандай да болмасын нарықта сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасымен анықталмайтын меншік қатынастарынан басқа өндіріс күштерінің
даму деңгейімен, техника мен технологияның жағдайымен байланысты техникалық-
экономикалық қатынастар.
Екіншіден, әлеуметтік-экономикалық қатынастар немесе өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну саласындағы экономикалық ресурстарды және
тұтынушылық игіліктерді иелену сияқты меншік қатынастары.
Үшіншіден, ұйымдастырушылық-экономикалық немесе ұйымдастырушылық-
басқару қатынастары. Олар меншік қатынастарымен реттеледі және микро және
макроэкономикалық деңгейлердегі өндірісті ұйымдастыру сипаты мен формасында
көрініс табады.
Нарықтық экономиканың өзегі – нарық субъектілері қызметінің
айырбасталуы және ең алдымен сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара
қатынас болып табылады. Бұл қызмет айырбас объектісінің бір меншік иесінен
екіншісіне ауысуына әкеп соғады. Және де бұл айырбас дұрыс жүргізілу үшін
нарықтық қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделерін тіректі құқықтық
қорғау болуы қажет. Бұнымен қоса сатушылар да, сатып алушылар да меншіктің
экономикалық түрін таңдау еркіндігіне ие.
Алайда меншік құқығы еркін бәсеке мен тиімді шаруашылық үшін
жеткіліксіз болып келеді. Және нарықты білу де, өз пайдасы үшін
тәуекелділікке бел буу тұрақты және заңи қорғалған жүйе бар екендігін
растайды.
Мемлекеттік актілермен тіркелген және өмірге енгізілуі меншіктің
даусыз қорғалуы нарықтық айырбастың басты шарты болып табылады. Меншік бір
тұлғадан екіншіге тез және кепілмен берілген кезде ресурстар тиімді
қолданылатын жерге барады.
Меншікті иелену кәсіпкерді өз ресурстарын әл-ауқаттың өсуі мақсатында
материалдық және рухани игіліктерді құру процесінде қолданады. Кәсіпкер
меншік құқығына ие бола алмаса, онда ресурстарды үнемді өнімді пайдалануын
қадағалау да әлсірейді. Осыған орай нәтиже де тиімді бола қоймас. Мысалы,
такси жүргізушінің меншігінде болса, ол өз көлігін кұтіп ұстайды. Егер оны
күтпесе, оның жөндеу жұмыстарына көп шығын кетуі мүмкін, бұл өз кезегінде
такси пайдасының азаюына алып келеді. Ал егер көлікті басқа біреу иемденсе,
онда жүргізуші табысын өсіру үшін көлікті мүмкіндігінше пайдаланады, тіпті
падалану ережелерін де бұзуға барады. Бұл кезде жөндеу жұмыстары
жүргізушіні алаңдатпайды, өйткені жөндеу жұмыстарының шығындарын иесі
өтейді. Жүргізушінің бұл көліктің иесі ретіне сезіну үшін арнайы
ынталандырулар мен жазалар ойлап табуға болады, бірақ өнертапқыштар бұл
тәртіпті өз мүдделері үшін іске асырады. Сонымен қатар жеке иелік ету
(берілген жағдайда) марапаттау мен айып төлеу жүйесіне сүйенбей-ақ
сәйкесінше ынталандыруды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыс мақсаты: жеке меншік және оның артықшылықтары мен
кемшіліктері тақырыбын толық ашу, жеке меншік бойынша ең өзекті мәселелерге
тоқталып кету.
Курстық жұмыс міндеттері: жеке меншік және оның формаларына анықтама
беріп, оларды зерттеу.

1.1 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы
Меншікті зерттеудегі маңызды қадамды өткен ғасырдағы экономикалық ой-
пікір жасады. Ұсақ буржуаздық социализм идеологы П.-Ж.Прудон (1809-1865)
мына әйгілі нақыл сөздің иесі: Меншік – бұл тонау. Мұндай анықтаманы
көпшілік мойындады және негізделген сынға тап болды, бірақ Прутонның
бағытында маңызды бөлшек бар еді. Егер бір тұлға затты иеленсе, басқа
тұлғада ондай мүмкіндік айырылған. Яғни, меншіктің негізінде табиғат емес,
қоғамдық қатынастар жатыр деген сөз.
Адам өмір сүреді, өндіреді және өз еңбегінің нәтижесін басқа
адамдармен тығыз өзара байланыста пайдаланады. Осыған сәйкес, меншік – бұл
қандай да бір матералдық игіліктерді иелену, соның ішінде өндіріс
құралдарын иеленуді көрсететін адамдардың арасындағы қатынастар деп айтуға
болады.
Меншік туралы көзқарасты толықтыру үшін оның қоғамдық қатынастар
жүйесінде алатын орнын анықтауымыз керек.
Біріншіден, меншік – бұл негіз, қоғамдық қатынастардың барлық
жүейсінің іргетасы. Бекітілген меншік түрлерінің сипатына бөлу, айырбас
және тұтыну формалары тәуелді болып келеді. Осылайша, нарықтық экономикада
жеке меншік үстем болды.
Екіншіден, қоғамдағы әр түрлі топтардың жағдайы мен өндірістің барлық
факторларын пайдалану мүмкіндігі меншікке байланысты болып келеді.
Үшіншіден, меншік тарихи дамудың нәтижесі. Оның формалары өндіріс
тәсілдерінің өзгеруімен ауысып отырады. Сонымен қатар мұндай өзгерістердің
қозғаушы күші өндірістік кұштердің дамуы болып табылады. Ф.Энгельс жазып
кеткендей, жел диірмені іспеттес өндіріс қоғамды береді.
Төртіншіден, әр экономикалық жүйе шеңберінде өзіне ғана тән меншік
формасы болады, бұл меншіктің алдыңғы экономикалық жүйеден келген басқа
ескі формаларымен қатар, жаңа жүйеге көшу кезіндегі жаңа формаларының
болуына шек қоймайды. Меншіктің барлық формаларының өзара байланысы
қоғамның даму барысына оң ықпал жасайды.
Бесіншіден, меншік формасының бір түрінен екіншісіне көшу эволюциялық
жолмен жүргізілуі мүмкін. Яғни, өмір сүру үшін бәсекелес күрес негізінде
күресе алмағандар жойылып, сәйкес жағдайларда өмір сүру қабілеттілігі
жоғары болатындар ода ары дамиды. Дәл осы уақытта меншіктің жаңа формалары
өз билігін жүргізген кезде формаларын ауысуының революциялық жолы мен орны
болады.
Нарықтық экономикаға көшу және КСРО-ның таратылуымен өндіруші тез
шешім қабылдауды қажет ететін бір топ проблемалармен кездеседі: өнім
өткізудің күрделілігі, орын алған өндіріс байланыстарының үзілуі жәна тағы
басқалары. Алайда өндіріс салаларында бой алған экономикалық дағдарыстан
шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызмет ету жүйесін толық
зерттеу қажет, оның экономикалық ортадағы тәртібі мен ықпалын қарастырып,
қызметінің мақсаттары мен қиындықтарын түсіну маңызды болып келеді.
1992 жылдың күзінде қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу кұрделі мәселе
екендігі анық көрінді. Үкімет қатаң саясатты ауыстырып, келісімге көшті.
1994 жылы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының қабылдаған
экономикалық шешімдер кәсіпорынның экономикалық ортасының келесідей
ерекшеліктерін анықтады:
• Кейбір салалардың, аймақтардың, ірі кәсіпорындардың жасырын
мемлекеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту: дотация, жеңілдікпен
несиелендіру, салық және кедендік жеңілдіктер;
• Инфляцияның жалғасуы, несиенің тұрақты қымбаттауна ,ұзақ мерзімді
несиенің бұрмалануына және рубль бағаманың төмендеуіне ( орнықты
валюталарға байланысты) оның үнемі құнсыздауымен,ұлттық валютаны
енгізуіне әкеледі;
• Мемлекеттік және аумақтық деңгейде экономиканы қалыпқа келтіруді
жалғастыру, бұнда жергілікті басшылар бағаларды қалпына келтіру
және салық салуды өзгерту шаралырын кең қолданған,сонымен қатар
кәсіп орындарға тікелей әкімшілік ықпал еткен;
1995 жылдың бірінші жартысында инфляцияның баяулауы байқалса да,
директорлар макроэкономикалық жағдайды қолайсыз деп таныды. Алайда көптеген
тауарлар нарығындағы ұлғайып жатқан бәсекелестікпен қоса қатаң несиелік
саясат импорттық өнім жағынан өткізу дағдарысының шиеленісуіне алып келді.
Трансформациялық экономикалық жағдай кәсіпорын басшыларының алдында
тұрған жаңа проблемаларды алдын ала болжады және ол әр түрлі зерттеулерді
растайды. Кәсіпорын жұмысындағы басты қиыншылық, шаруашылық жүйесінің
бүлінуі. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ең дағдарыстық басқару
аймағы болды. Сондай-ақ директорлардың 10-20 % қаржылық, кадрлық,
ұйымдастырушылық проблемалар тиімсіз деп санады. Алғашқы айлардан бастап
жағдай күрт өзгерді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуі басталды,
қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Қаржылық проблемалар кешені бірінші орынға шықты.
Эксперттік институт мәліметтері бойынша,1993 және 1994 жылдары ең
маңызды проблема деп басшылардың 61% — қаржы, 13%— өткізім, ал 7% жабдықтау
деп есептеді. Кәсіпорын басшыларының шағымдары қаржылық салаға бағытталды,
сонымен қатар басқа да проблемалар қаржылық қиындықтардан туындады. Соның
ішінде кәсіпорынның экономикалық жағдайын ауырлататын ең қиын
проблемалардың ішінен бірінші орынға салықтар шықса, ал екінші орында –
шикізатқа, материалдарға баға өсуінің жалғастырылуы. Үшінші орында –
шаруашылық байланыстардың бұзылу проблемасы.
Шаруашылық байланыстардың бұзылуы бір-бірімен өзара байланысты
фактордың екі тобымен түсіндірілген. Бірінішісі- бұл берілген салалардың
өзіндік факторлары: ТМД-да шаруашылық байланыстардың бұзылуы, салалардағы
және бірлестіктердегі технологиялық байланыстардың үзілуі, дәстүрлі
жеткізушілерді жоғалтуы, шикізаттың кейбір түрлеріне тапшылықтың болуы.
Екінші тобы –қаржы саласындағы факторлар: жеткізілімдер ақысын төлеуге
қаражаттың болмауы,есеп айырысу мен төлемдердің кешігуі,соңғы өнімін жүзеге
асыру үшін шарттары бойынша қол жетпейтін шикізаттың және жинақтамалардың
бағалары. Өткізімдерге байланысты көптеген қиындықтарды басшылар тәртіпті
өзгерту белгісі ретінде қабылдамайтыны өте қызық. Директорлардың санасында
сұраным және төлем төлеуге қабілетті сұраным деген екі ұғым бөлінген,
яғни тұтынушыларға бүгін өнім керек, бірақ соңғыларының оны төлеуге
қаражаты жоқ.
Сонымен, сарапшылар кәсіпорын қызметін, еңбек ұжымының сақталуымен
байланысты жағдайларды және өзінің тіршілік етуін қолдауға тырысу ретінде
қарастырады. Кәсіпорынның 58% үшін бұл негізгі мақсаттардың бірі болып
қалды.Сонымен қатар көптеген басшылар үшін басқа да мақсаттар маңызды болып
табылады. Жекелей алғанда, кәсіпорынның пайдалылығын көбейту сияқты
классикалық нарықтық уәждемені басшының 27% атап өткен. Нарықтық қатынастың
13 субъектісі негізгі міндет ретінде кәсіпорынның пайдалылығын көбейту,
жалақының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету. Кейбіреулері мемлекеттік
меншіктен жеке меншікке өтуді негізгі мақсат ретінде көздейді.
1.2 Жеке меншік құқығының конституциялық тұжырымдамасы.
30.08.1995ж ҚР Конституциясында жеке меншік бірнеше нормаларда
көрсетілген. Салыстыру үшін: 28.01.1993 ж ҚР Конституциясының 45 бабында
тек меншіктің көпүлгілік формалары туралы еш түсіндірілусіз айтылған.¹
Азаматтық айналымды нарықтық шаруашылық дәуірінде әділетті құқықтық
реттеудің алғашқы шарты болып меншіктің әртүрлі формаларының тең қорғанысы
табылады. Маңызды тепе-теңдік ҚР Конституциясының 6 бабының 1 тармағында
бекітілген. Мемлекеттік және жеке меншігінің құқықтық тәртіптемесін
теңестіре отырып, заң шығарушы меншіктің қатысты формаларын қарсы
қояды.Қарсы қоюшылықтан априори туындайды: егер азаматтық құқықтың барлық
субъектілеріне ҚР Конституциялық кеңесінде көрсетілгендей өз
қызығушылықтарын сотта қорғаудың бірдей процессуалды мүмкіндіктері және
міндеттемелер бойынша меншіктік жауапкершіліктің ұқсастығының шаралары
танылады,яғни тек екі түрлі құбылыстың белгілі бір бөлігін тірдей танудың
реалды қажеттілігінің танылуы.Осы қағиданың трактовкасы түсіндіруді қажет
етеді,03.11.1999ж № 192 берілген ҚР Конституциялық үкімінің уәждемелік
бөлінеді: Мемлекеттік және жеке меншіктің тең қорғануының конституциялық
талабының шарты, сонымен қатар мемлекеттік және жеке меншіктің оларға
заңнамамен рұқсат етілген және қол жетімділігінде қорытындыланады,бір
құқықтық тәртіптемеге жариялылықта да (салықтар,т.б.), жекеде де
(келісімдік қарым-қатынас, т.б.) салаларда бағынады. Бір құқықтық
тәртіптеме тұжырымдамасы екі мүмкін болатын нәтижелік мағына береді.
Біріншіден, жеке және мемлекеттік меншікті қорғаудың бір құқықтық
тәртіптемесі. Қорғаныс сөзі,нормативті үнеудеу ойынан өткізілуі мүмкін,
бірақ мағынасына қарай шешілуі және дәйектелген фрагментте тұспалдануы
тиіс.А.С. Пиголкин және Е.М. Сморгунова жазады: Нормативті-құқықтық
нұсқаманы мазмұндаудың нақты талаптарында, әрине нормативтік актілердің
мәтінінде тілдер құралын пайдаланудың үнемділік қажеттілігі туындайды. Бос
сөз, шыншыл емес қайталаулар, заттарды сипаттау және түсіндіру кезіндегі
көпсөздік- осының бәрінен заі шығарушы қашқақтау керек.[1]
Екіншіден, құқықтық режим терминін жеке және арнайы ретінде жеке
мемлекетке қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәртібі ретінде
немесе егер қаулыда ұлттық заңи жүйе ретінде оңайлатылған түзетуге толық
жол берілген болса шартты түрде түсінуге болады. Яғни, заңдылықтың
нормалары азаматтық айналымның барлық қатысушыларына активтерінің көлеміне,
әлеуметтік беделіне, қызметтерінің мақсаттары мен басқа да жеке белгісіне
қарамай бір деңгейде таралады. Қазақстанның заңдылық жүйе шеңберіндегі
құқықтың барлық салалары үшін осыған ұқсас қағиданың түжырымы өзекті болып
келеді. Бұл субъектілердің өздерінің қорғалғанына деген сенімділікті
нығайтады, мемлекеттік мүдде маңызды болып жарияланған кезде, бұған
негіздеме болмаса да, жеке қатынастарда қоғамдық биліктің жойылуына тежеу
жасайды.
Жоғарыдағы постулат бойынша басқа тұрғыдан талқылау абсолютті түрде
жалған қорытындыға әкеледі(алогизм): жария (салық) құқығы мен жеке (шартты
өзарақатынастар және т.с.с.) құқықтық режим арасында ерекшелік жоқ. Бұл
нәтиже дұрыс емес, бұдан шығатыны осыған ұқсас ҚР Конституциялық кеңестің
03.11.1999 ж. № 192 қаулысының тұсінігі анық. Өйткені құқықтың бірлігінде
қандай да болмасын елдің біртұтас әлеуметтік ағзасы сияқты жария құқық және
жеке құқық – елдің әлеуметтік өміріндегі орны мен дамуының айрықша
заңдарымен ерекшеленетін екі түрлі заңды әлем, екі заңи ғаламшар.
Яғни, жоғарыда айтылған теңдестік мәні– жеке меншікке қатысты заңды
шешімді қабылдауда қандай да бір артықшылықтардың болмауы, басқа
жағдайларда берілген формалар өзіндік сипатта болады. Дәлелденіп жатқан
жағдай Ресейдің Конституциялық Сотының судьясы Г.А. Гаджиевтің мемлекет
меншік алуан түрлі формаларының дамуына жаңдай жасауы қажет [2] деген әділ
пайымдауымен дәл келеді. Автор бұл жерде қандай жағдай екенін
нақтыламағандықтан, кең мағынада құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, саяси
және басқа да жағдайлар деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында бекітілген
ұйғарынды анықтықтың толық талдамасы берілген тақырып шеңберінен шығып
кетеді. Оның болашағы бар және жеке меншік құқығының қағидаларын талқылау
кезінде қажет болып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында байқалған
қарама-қайшылық осы баптың 3 тармағының нормасында өз күшін тапқан.
Мысалға, Жер заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде ғана жеке
меншікте болады [3]. Осындай әдіспен жерге жеке меншіктің ерекше құқықтық
тәртіптемесінің конституциялық базасы қалыптасады. Басқа табиғи ресурстар
(ауа, қойнау, су, фауна және т.б.) 3 тармақтың басқа ережелеріне сәйкес тек
қана мемлекеттік меншіктің объектісі болып келеді. Мынадай сұрақ туады:
егер Қазақстанда ешбір жағдайда жеке меншік құқығының объектісі болмайтын
заттар тобы болса, онда жалпыға таралған мына тұжырым қаншалықты әділ:
меншік формалары жоқ, бұл құқықтың әр түрлі субъектілері бар? Мұндай ой
Меншік формалары біздің заңнаманың айғағы болып табылады, сол себепті
олардың өмір сүру аясы нақты шектеу керек және мүлікті субъектінің қай
түріне тиесілігін анықтау ретінде қарастырады. Көрініп тұрғандай,
Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелері керісінше қорытынды
жасайды: меншік формаларының шектелуіне тек субъектілері ғана емес, сонымен
қатар объективтілік құрамы бойынша да жол беріледі.
Автордың дәйексөз келтіруіндегі өз қорытындысын ресейлік нормативтік
материалдарға сүйенгендігі түсінікті. Алайда, азаматтық айналымнан алынған
заттардың мемлекеттікке тиесілігіне келсек, Қазақстан мен Ресейдің
Конституциясындағы ережелер нақты сәйкес болмағанымен, көп жерлері ұқсас
болып келеді. Мысалы, ресей Федерациясын Корнституциясының 9 бабы 2
тармағында былай делінген: Жер және басқа да табиғи ресурстар жеке
меншікте, мемлекеттік, муниципалды және меншіктің басқа формаларында бола
алады. Е.А. Суханов осы ережеге сілтеме жасай отырып, айналым
қабілеттілігі жоқ заттарға көптеген ресурстарды, соның ішінде құрлықтық
қайраңдар мен теңіз экономикалық аймақтардың, қойнау байлықтарын, жер
учаскелері мен су қоймаларын, табиғи жолман пайда болған емдік бұлақтар мен
осыған ұқсас объъектілерді жатқызады. Сәйкесінше сілтемеде ғалым идеялардан
басқа мынадай маңызды пікірді атап өтеді: жалпы ержеге сәйкес Ресейдің
табиғи ресурстары мемлекеттік меншіктің объектісіне жатады. Арнайы заңдар
көрсетілген жалпы ережеден алып тастап, берілген объектілер бойынша жеке
меншік құқығы тәртіптемесін қалыптастыруды қарастырады. Осыған ұқсас
қорытындылар догматикалық әдебиетте де мазмұндалған.
Қазақстандық Негізгі заңын әзірлегендер мемлекеттің унитарлық
құрылымын және ұлттық қауірсіздіктің негізін нығайта отырып, бәр уақытта
ресейлік заңи қоғамға әйгілі қағиданы қайталады және жақсартты. Қазақстан
Республикасында қоршаған ортаның табиғи байлықтары тек қана мемлекеттік
меншіктің объектілері болып табылады (жеке меншікке берілетін жердің
белгілі бөліктерінен басқа), ал Ресей Федерациясында - жалпы ережеге сәйкес
мемлекетке тиесілі болады, яғни арнайы заңмен белгіленген негіздемелер мен
шектерде жеке меншікк өте алады. Берілген бақылаулар бойынша нақты
қорытынды шығару үшін келесі ұйғарынды айғақтықпен толықтыру қажет. Егер
жердің иесі (Ресейде - басқа табиғи ресурстар) жеке тұлғаллар болмаса, онда
бұл мүлік мемлекеттік деп саналады (Ресейде-немесе муниципалды). Ол
ешқашанда қараусыз заттарға теңестірілмейді. Осы тұрғыдан объективтілік
құрамы бойынша меншіктің екі формасының шектелуінің мүмкіндігі мен
мақсаттылығы айқын.
ҚР Конституциясының 26 бабының 1тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде иеленген кез келген мүлікке ие бола
алады³. Басқа негіз болатын бастаулардың жүйесінде, соның ішінде меншікке
қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету, ұлттық тәртіптемесінің халықаралық
тәжірибесінде кең етек алуы және т.б. келтірілген дәйекекі конституциялық
кепілдікті анықтайды. Бір жағынан, барлық жеке тұлғалардың адал иеленген
мүлікті басқалардың қол сұғуынан қорғауға кепілдік береді (ҚР
Конституциясының 26 бабының 1тармағын кең талқылау кезінде) және азаматтық
айналымның тұрақтылығын ұйымдастырады.
ҚР Конституциясында тек қана үш ереже аталып кетті (26 бап 1тармақ, 6
баптың 1,3 тармартары), онда жеке меншіктің аты айтылады, осы әдістемені
сақтай отырып тұжырымдаманы талдауды жалғастырамын. Егер жария терминмен
(жеке меншік) байланыстырмай зерттеліп жатқан субъективті құқыққа мәні
жағынан жақын нормаларды зерттеумен айналыссақ, онда заңды формулалар мен
құрылымдар тізімі кеңейе түседі. Бұл зерттеуге кері әсер етеді – ол өзінің
тұлғалылығын, яғни цивилистік мазмұны құқықтың басқа салаларының
ережелерімен жуылып кетеді.
Позитивті құқықтың қайнар көздерінің келесі сатысы – нормативтік
қаулылар формасында мазмұндалған ҚР Конституциялық Кеңесінің қорытынды
шешімдері. Олар жалпыға міндетті, түпкілікті және шағымдануға жатпайды,
заңды күшіне байланысты республикамен бекітілген халықаралық шарттардан
асып түседі, тек ҚР Конституциясына ғана жол береді. Құқық
теориясындаосындай заңи актілердің реттеуші функциясы статистикалық,
бағытталған механизм деп аталады.
Сипатты ескерту. Жоғарыда аталған 03.11.1999 ж. №192 қаулысынан басқа
меншіктің ір түрлі аспектілерін қозғайтын ҚР Конституциялық Кеңестің басқа
нормативтік құжаттарында оның формалары айтылмайды, яғни бір заңды ұғым деп
түсіндіріледі. Алайда бұл ұғымның бастапқы қағидалары жеке мүліктің
айналымымен байланысты қиын жағдайлардан конституциялық қадағалау органдары
шығарады. Мысалы, астындағы жер учаскесінде орналасқан мүлік объектілерінің
иесіне тиесілігі туралы ұйғарынды айғақтық ҚР Конституциялық Кеңесінің
Богатырь Аксесс Комир ЖШС –ке тұрақты жер пайдалану және жеңілдіктер
берілуін рәсімдеу туралы іске негізделеді. ҚР Ұлттық банктің коммерциялық
банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу талдамасының нәтижесінде
жалпы жинақ қалыптастырылды: даусыз тәртіппен меншік құқығының тоқтатылуына
жол берілмейді және т.б.
Құқықтық шығармашылық пен заңи тәжірибе бойынша бұл зерттеу қандай да
бір теориялық мәнге ие ме? Сұрақ шешілді деп ойларсың: Шын айтатын болсақ,
меншіктің ешқандай формасы жоқ. Тек меншің және меншік құқығы деген ұғым
ғана бар. Ол әр түрлі құқықтық жүйеде, алуан түрлі экономикалық және
құқықтық теориялардың өкілдері тарапынан әр түрлі түісініледі. Бірақ ең
бастысы бұл ұғым бірдей болу керек [4]. Алайда түсініспеушіліктер қалады.
Қазақстанда, белгілі бір игіліктерге мемлекеттің меншігі танылатынын
қайталап өтемін. Берілген айналымда болмайтын игіліктер тыныш жағдайда
заңды тағдыры туралы соттық даудың болуын алып тастайды. Егер мемлекеттік
мүлікті басланста ұстау бойынша проблема пайда болған кезде (27.11.2000 ж
Әкімшілік процедуралар туралы ҚР заңы 11 бабы 3тармағы), ол тек
техникалық болып келеді және бюджет қаражаттарын үнемдеу қағидасына сәйкес
кез келген уақытта жоғары тұрған мемлекеттік органмен шешіледі, яғни соттың
қарауына берілмеуі қажет. Бұдан келесі мәселе шығады: кез келген азаматтық-
құқықтық (соттық) істі қарау кезінде меншіктің тағдыры шешіледі. Мысалға,
жеке форманы мүлік растайды ма немесе оны жалпыға қолдануға бекіту
(сақтау) керек пе? Егер бұл жағдай растау қарарымен шешілсе, онда келесі
сұрақ туады: жеке субъектілердің қайсысына зат тиесілі және т.б.? Азаматтық
айналымның белсенділігі тікелей жеке меншік қатынастарының еркіндігіне
байланысты болғандықтан, доктринаның міндеті-сәйкес институттың маңызын
тиянақты түрде зерттеу. Субъективті құқық ты қорғаудың жалпы қиғадалары мен
дәстүрлі мазмұнына (үштік иелену, пайдалану, билік ету) тоқталмаған
маңызды болып келеді. Кейде меншік институттарының құрылымындағы негізгі
(жалғыз емес екенін ескеру керек) элементтер талдауы жасыратыны жоқ
немқұрайлылықпен шектесіп жатады.
Мысалға, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі 212 бабы 4 тармағында
былай делінген: Меншік иелерінің құқықтары тең деңгейде қорғалады [5].
Бұл форма – азаматтық кодификацияны әзірлеушілердің ұқыптылық үлгісі. Олар
түпнұсқа (авторлық), бірақ сол уақытта мәнін жоғалтпай–ақ Ресей
Федерациясының Конституциясынан Азаматтық кодексінің 2 тармағының 8 бабына
енгізілді (Ресей Федерациясында жеке, мемлекеттік және өзге де меншік
формаларын теңдей үлеспен мойындайды және қорғайды). В.В. Чубаров Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексінде 212 бабы 4 тармағында өзінің
түсіндірмесін пайымдаудан бастайды : Барлық меншік иелерінің құқығы тең
болып табылады (Конституции 8 баб).Бұл қалай?! Меншіктің құқықтық
режимінің құрамы тек қорғалу механизімімен ғана анықтала ма? Әрине, жоқ.
Құқықтық режим – құқықтық қаражат кешенін біріктіретін терең мағыналы,
мазмұнды құқықтық құбылыс. Олардың арасында құрамы мен қорғану әдісінен,
функционалдық институттан, принциптің арнайы әрекеті мен сипатынан басқа,
құбылыстарды ажыратуға көмектесіп, ерекше объектілер мен субъектілердің
құрамы, пайда болу және тоқтатылу өздік негіздері және т.б жатады. Бұл
мемлекеттік заңдылықта дамып жатқан тек қана бөлшектері мен көлеңкелі
тұстары.
Бірақ заңгерлер құқық құралдарын іздеуге міндетті.[6]
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабында былай делінген:
1. ҚР да мемлекеттік және жеке меншік тең деп танылады және қорғалады.
2. Жеке меншіктің қолдану міндеті - бір уақытта қоғам игілігі үшін
қызмет ету болып табылады.Жеке меншіктің оъектілері мен
субъектілері,көлемі мен жеке меншік иелерінің өзіндік құқытарын жүзеге
асыру шегі және олардың қорғалуы заңмен анықталады.
3. Жер және оның қазба байлықтары, сулар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі
және өзге де ресурстар мемлекеттің меншігі болып табылады.Сонымен
қатар жер заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде жеке меншіте болуы
мүмкін.

Жеке меншіктің негізгі формалары болып жеке- дара, ұжымдық және
қоғамдық меншік саналады.
Жеке- дара меншік өндіріс нәтижелері мен қорлары жеке тұлғаларға
тиесілі болған жағдайда көрініс табады. Ол жеке тұлғаларға өндіріс
факторларын тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табу қызуғышылығын
тудырады.
Ұжымдық меншік өндіріс нәтижелері мен қорларының жеке тұлғалардың
біріккен тобына тиесілі болуымен сипатталады. Сол топтың әр мүшесі өндіріс
факторлары мен өндірілетін өнімнің иесі болады. Ұжымдық меншікке отбасылық,
кооперативтік, еңбек ұжымының меншіктері жатады.
Қоғамдық меншік белгілі бір объектілердің барлық қоғамға тиесілі
екендігін көрсетеді.
Жеке меншіктің базалық формаларынаның негізінде оның- акционерлік,
кооперациялық, бірікккен түрлері пайда болады. Бұндай кәсіпорындардың мүлкі
үлестік негізде бірге басшылық жасайтын әріптестерінің қосқан ақша
қаражатының мен басқа да қаржыландыруларының негізінде пайда болады. .
Шаруашылық серіктестіктер
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым
шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылған, сондай- ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген
және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі,
жайапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық және сенім серіктестігінен басқа шаруашылық серіктестікті бір
тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Толық және сенім серіктестігі қатысушылары азаматтар ғана бола алады.
Акционерлік қоғам
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.
Еншілес және тәуелді акционерлік қоғам
Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не
олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым осы ұйымның
қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып
табылады.
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен
астамы, басқа заңды тұлғаныкі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.
Өндірістік кооператив
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың
өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестікті өндірістік
кооператив деп танылады.
2.2. ҚР-дағы жекешелендіру
Жекешелендіру – бұл мемлекеттен азамат пен заңды тұлғалардың
мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акциялары мен мемлекеттік меншік
объектілерін сатып алуы.
Жалпы меншікті мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік кәсіпорындарды
жеке меншікке сатуды ғана көздемейді. Ол күрделі, көп жақты құбылыс. Осы
процесті жүргізудің формалары мен тәсілдері: мемлекеттік кәсіпорындарды
ұжымдарға жалға беру, акционерлік қоғамға, кооперативке айналдыру, аграрлық
секторда фермер шаруашылықтарын қалыптастыру және т.б. тәрізді әр түрлі
болып келеді.
Қазақстан Республикасында бұл процесс меншікті мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру, мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкін
жекешелендіру ерекшеліктері туралы және т.б. Заңдар негізінде жүзеге
асырылуда. Осыған байланысты 1991 жылы ҚазақССР-інде 1991-1992 жылдары 1
кезең мемлекеттік меншікті мелекет иелігінен алу мен жекешелендіру
бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылды. Бұл меншікті қайта құрудың 1-ші
кезеңі болып саналады.
1992 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша, республикада төрт жарым мыңнан
астам әр түрлі республикалық және коммуналдық меншіктің объектілері қайта
құрылды. Олардың бағаланған құны - 21 млрд. сомнан астам. Өндірістегі орта
және ірі кәсіпорындарды акцияландыру процесі жеделдетілді. Аграрлық сектор
бойынша, 447 совхоз жекешелендірілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінің нақты нәтижесі қандай
деген мәселеге келетін болсақ, мына деректер оған жауап бере алады. Кіші
кәсіпорындар: 1992 жылы өндірілген өнімдердің 0,6 пайызын, бірлескен
кәсіпорындар - 1,1; шаруа қожалықтары - 2,2 пайыз өндірді. Ал, бұлар
биржалық саудада өздерінің тиімділігін көрсете алмады. Олардың саудадағы
үлесі 2,2 пайызға тең.
1993 жылы 5 наурызда Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен
алу мен жекешелендіру жүргізудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық
бағдарламасы туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында
мемлекеттік Мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар пакеті
мен оны жүзеге асырудың күнтізбелік-жоспар сызбасын әзірлеп қабылдады.
Олардың ішіндегі аса маңыздылары Жекешелендірудің инвестициялық
купондары туралы ереже, Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралы және т.б. Сөйтіп жалпы саны алты құжат пакеттері
әзірленіп, бұлар негізінен шілде 1993 ж. айынан жүзеге асырыла бастады.
Соларға сәйкес әуелі кіші жекешелендіру жүргізіледі. Ол негізінен: бөлшек
сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, жүк тасымалы
автокөліктерін, сондай-ақ жұмысшыларының саны 200-ден аспайтын кішігірім
өнеркәсіп орындарын қамтиды. Мұндай кәсіпорындар республикамызда шамамен 27
мыңға жуықтайды. Оларда 1 миллионнан астам адам еңбек етеді. Бұл
кәсіпорындар аукциондар мен коммерциялық байқаулар арқылы
жекешелендірілген.
Жалпы кіші жекешелендіру үрдісі үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде негізінен - жалпы жекешелендіру объектілері мен оның
жекешелендірілу мерзімі анықталады. Аукцион немесе коммерциялық байқаулар
арқылы жекешелендіруге жататын кәсіпорындарды таңдауда мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz