Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.

2.2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және
түрлері.

2.3. Жыныстық қылмыстар.

2.4. Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстар.

ІІІ. Қорытынды

-1-

Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде
тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни
басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп Қылмыстық кодекстің 96-бабында
тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру
деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл
қылмыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін
жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның
ішінде адам өлтіудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады.Заң
жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей
қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен
бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген
уақытынан басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім
клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді.Тыныс алуы мен қанның
айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы
басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан
да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім,
орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі
басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері
біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Яғни адам өмірінің соңғы сәті – биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен
көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған
іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік бай-
ныстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың
өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру,жарылыс жасау,басқа да әдістер-
-2-
ді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге
жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жү-

рек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне
зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі
кездеседі.Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдіс
терінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер әту жолымен адам өлті-
ру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін.Бұл негізі-
нен мынадай жағдайда болуы мүмкін.Кінәлі адам біреуді өмірінен айыру мақ
сатымен өлімге араша тұра алатын және осыған тікелей міндетті бола тұрса
да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупінтуғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң
та-
лаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нә-
рестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды не-
месе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өз-
дігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың
ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүм-
кін.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жә-
бірленушінің өлімі болып табылады.Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекеті-
не оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралануға негіз бола-
ды. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе
белгілі
бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп
жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасын
дағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың
арасында себептік болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана
жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқ-
талғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде
-3-
кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсау-
лыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру – материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективтік жағы – Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәй-
кес тек қана қасақаналықпен тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүм-
кін.Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғ-

ып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін
екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын
тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі
өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы
әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын ті-
лемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауын нем-
құрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру
оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа
бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғаны кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты
адам
өлтіруде тікелей ниетте,ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты-жана-
ма ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықды айқын-
даудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің
әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін,бірақ оның
еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалатындығы бойынша анықтала-
ды. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыс
тың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын,сипаты мен оқшаулауын (мы
салы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық
әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және
одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ес-
-4-
керуі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табыла-
тын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында,
өмірден айыруға тікелей тиеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын
қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды
және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына
маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте,
адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі
өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болу-

ын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті балама-
лы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты
денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келге-
нінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдай-
лар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқтал-
ғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өл-
тіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен,
осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екен
дігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндіріл-
ген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қо-
са айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлі
нің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды не-
месе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен
немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байла-
нысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.Адам өлтіруге жасалған оқта-
луды аталған әрекеттермен бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде өз әрекетінің нәтижесінде өлім-
нің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай
-5-

қойматынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы
бола алады. (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы).
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табы-

лады, ал Қылмыстық кодекстің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда
адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі
құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа бірік-
тірілген. Негізгі құрам – бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың
2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың 1-тармағы) мына-
дай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде ұрыс-керіс
үстінде (бұзақылық себептер болмағанда) жәбірленушінің заңсыз әрекеттері-
не байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байла-
нысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру-Қылмыстық кодекстің 96-бабы-
ның 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдлай-
ларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі.
Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәр-
тіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объек-
тивті жаққа қатысты жағдайлар, содан соң субъективтік жаққа және субъекті-
ге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлаттатын жағдай
лары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай орна
ластырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан да көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағы-
ның а тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі немесе екі немесе одан да көп адамды
өмірі-
нен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан да көп
адамды өлтіру ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірлену-
шілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кі-
-6-
нәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін,әдет-

те көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе
одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар.Мұн-
дайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал
үшін – кек алу мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге – екінші адамды өлтіру
ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жағдай-

ларды кінәлінің әрекеті осы а тармақшасымен сараланады.
Екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе
және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе одан да
көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-тің 24-бабының
3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының а тармақшасы бойынша сарала-
нуы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби қоғамдық
борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын
өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының б тармақшасы).
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыста-
рын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі кел-
тіру мақсаттарында, немесе олардың осындай әрекеттері үшін кек алу мақса-
тында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы-
ның 1994 жылғы 23 желтоқсанындағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығы-
на қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қол-
данылуы туралы №7 қаулысында кез келген адамның қызмет аясына жата-
тын жұмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау
деп – арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сон-
дай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу,
дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына ха-
барлау және т.б.) жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып та-
нылады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қоғам-
дық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең басты-
-7-
сы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байла-
нысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе
қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары
болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыс-
тық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар – ата-ана-
лары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және
бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олар-
дың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көздел-
ген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жа-
тады (ҚК-тің 167, 340-баптары).
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бір-
дей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру
(ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының в тармақшасы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемісті-

гіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақыт-
ша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, соның дене
мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліға қарсылық
көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын
түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну
керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың
және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды
қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайда кімнің
душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні
жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге
алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты
жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау
-8-
түсінігі (ҚК-тің 125-бабында) және кепілдікке алу (234-бапта) берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен ұштасқан жағдайда, не
адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер
дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың
жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 96-бабы, 2-тармағының в
тармақшасы, 234,96-бабы, 2-тармағының в тармақшасы).
г) жүкті екендігі кінәліға белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабының 2-
тармағының г тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтерің-
кі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады.Осы құрамның болуы үшін ең алды-
мен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтықтағы
жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек.Белгілі
деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғанды-
ғын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің
болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінін жүкті
екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы
хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең емес-
тігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте
тұрған
тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел
екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы
қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы,3-тармағы,96-
бабы, 2-тармағының втармақшасы).
д) аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағы-
ның д тармақшасы)
Адам өлтірудің өзі қатігездік әрекет. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Ұрлық объектісі - меншік
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Пәндер