Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы
1.1 Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
ІІ Тарау. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түрлері
2.1 Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар
2.2 Жыныстық қылмыстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына —
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, — деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке
адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға
арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке
адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып
табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы
қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру
(96-6.); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6.); жан күйзелісі
жағдайында болған адам өлтіру (98-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу
кезінде жасалған кісі өлтіру (99-6.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін
қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6.);
абайсызда кісі өлтіру (101-6.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6.).
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
(103-6.); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-6.);
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-6.); денсаулыққа жан күйзелісі
жағдайында зиян келтіру (108-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-6,); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-6.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
(111-6.); азаптау (107-6.); қорқыту (112-6.); адамдардың органдары мен
тәнін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-6.); соз ауруларын жұқтыру
(115-6.); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ) жұқтыру (116-6.);
медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше
орындамауы (114-6.); клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен
құралдарын қолданудың тәртібін бұзу. (114-1 6.); заңсыз аборт жасау (117-
6.); науқасқа көмек көрсетпеу (118-6.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-6.).
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: адамды ұрлау (125-6.); бас
бостандығынан заңсыз айыру (126-6.); психиатриялық стационарға заңсыз
орналастару (127-6.); адамды саудаға салу (128-6.).
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: жала
жабу (129-6.); қорлау (130-6.).
Жыныстық қылмыстар: зорлау (120-6.); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш
қолдану (121-6.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу
және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-6.); жыныстық
қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен
әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-
әрекеттерге мәжбүр ету (123-6.); жас балаларды азғындату (124-6.).

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш
рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа
адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп Қылмыстық кодекстің 96-бабында тура
көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп
танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс
құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық
көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам
өлтіудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және
денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды.
Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып,
алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады.
Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және
биологиялық болып екіге бөлінеді.Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан
кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің
салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа
созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі
қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа
органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың
өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті
– биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен
көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-
әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік
байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың
өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру,жарылыс жасау, басқа да әдістер
ді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен бірге
жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек –
қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым
келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі
кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдіс
терінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер әту жолымен адам өлтіру
мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірінен айыру
мақсатымен өлімге араша тұра алатын және осыған тікелей міндетті бола тұрса
да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупінтуғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі
заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған
нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе
олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен
жүріп-тұра алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек
балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылады.Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралануға негіз болады.
Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі
бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп
жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі
арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен
зардаптың арасында себептік болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана
жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін
оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде
кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы,
денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру – материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективтік жағы – Қылмыстық кодекстің 96-бабына
сәйкес тек қана қасақаналықпен тікелей және сол сияқты жанама болуы да
мүмкін.Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол
сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін
екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын
тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі
өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы
әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын
тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауын
немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру
оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа
бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғаны кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты
адам өлтіруде тікелей ниетте,ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты-
жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықды
айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни
кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын
тілегендігін,бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалатындығы
бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен
жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған
қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын,сипаты мен оқшаулауын (мысалы,
адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті
тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан
кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі
тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып
табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында,
өмірден айыруға тікелей тиеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын
қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және
басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына
маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам
өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің
болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын
қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде
болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа
ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын
міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша
қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін
жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам
өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен,
осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екен дігін
іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген
қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса
айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің
шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды
немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен
немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты
болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған
әрекеттермен бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде өз әрекетінің нәтижесінде
өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай
қойматынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола
алады. (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы).
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып
табылады, ал Қылмыстық кодекстің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда
адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің
негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа
біріктірілген. Негізгі құрам – бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-
баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың 1-тармағы)
мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде ұрыс-керіс
үстінде (бұзақылық себептер болмағанда) жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне
байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты
болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру-Қылмыстық кодекстің 96-
бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл
жағдлайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әр
түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері
пайдаланылады.[1]
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір
тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және
объективті жаққа қатысты жағдайлар, содан соң субъективтік жаққа және
субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлаттатын
жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай
орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан да көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының
а тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі немесе екі немесе одан да көп адамды
өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан да көп
адамды өлтіру ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында
жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы
мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен
кейін,әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі
немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар.
Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол
мысал үшін – кек алу мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге – екінші адамды
өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы
жағдайларды кінәлінің әрекеті осы а тармақшасымен сараланады.
Екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам
өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі
немесе одан да көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-
тің 24-бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының а тармақшасы
бойынша саралануы тиіс.[2]
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби қоғамдық
борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тің
96-бабы, 2-тармағының б тармақшасы).
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын
туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі
келтіру мақсаттарында, немесе олардың осындай әрекеттері үшін кек алу
мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
1994 жылғы 23 желтоқсанындағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы
әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолданылуы
туралы №7 қаулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын
қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы
жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе
жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан
немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.)
жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып танылады. Қылмысты
саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық іс-әрекет жасағаннан
бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі
олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады[3].
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік
немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары
болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар – ата-аналары,
балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге
тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты
олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап
көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша
саралануға жатады (ҚК-тің 167, 340-баптары).
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей
адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-
бабы, 2-тармағының в тармақшасы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің
кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен
уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, соның дене
мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліға қарсылық
көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын
түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну
керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және
жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды
қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайда кімнің
душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не
кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған
қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды
ұрлау түсінігі (ҚК-тің 125-бабында) және кепілдікке алу (234-бапта)
берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен ұштасқан жағдайда,
не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер
дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың
жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 96-бабы, 2-тармағының в
тармақшасы, 234,96-бабы, 2-тармағының в тармақшасы).
г) жүкті екендігі кінәліға белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабының
2-тармағының г тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай
көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады.Осы құрамның болуы үшін ең
алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген
ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі
керек.Белгілі деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен
хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына
оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол
жәбірленушінін жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл
туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі,
ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу
мекемелерінде есепте тұрған тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті
әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай
осы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы, 3-тармағы, 96-
бабы, 2-тармағының втармақшасы).
д) аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-
тармағының д тармақшасы)
Адам өлтірудің өзі қатігездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті
саралау үшін айрықша қатігездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам
өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша
қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу,
тірідей өлтіру, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер
ететінуды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.
Айрықша қатігездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған
жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б.
көзінше кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-
қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-
қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен
қалыңдық, қамқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар,
т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру
(ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының е тармақшасы)
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес,
көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге
адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. ) жатады.
Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы да
жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды
өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе
жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен
бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінәлінің
әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу
тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. Қылмыстық
кодекстің 96-бабы 2-тармағының е тармақшасымен жауапқа тарту үшін
кінәлінің ниеті адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын,
нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтіретінін
сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың
өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру
кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне қарамастан
жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде
адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда
кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы
бойынша сараланады.
ж) Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының ж
тармақшасы)
Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ
деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына
түсінік берілген Қылмыстық кодекстің 31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын
уәделеспей бірлесіп қатысқан болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып
табылады. Мұндайда қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні
өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар
тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану
үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе
солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы
маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың күні бұрын
уәделеспесе де ашықтан-ашық,өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге
бағытталған әрекет жасалғандығын айқындау қажет.
Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы
алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар
тобының адам өлтіргені белгілі.
Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын
біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам
өлтіру деп танылады.
Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала
келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін
алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, ұйымдасқан
топтың адам өлтіруі орын алады.
1.2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Әрбір жеке адамның денсаулығы–ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы-оның негізгі байлығы.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемелекеттің,
қоғамның, әрбір азаматтың негігі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі
денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып,
халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар
қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты
сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы
бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат
бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз-адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам
ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның
дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай
қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы
қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап);
2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап);
3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);
4) ұрып-соғу (106-бап);
5) азаптау (107-бап);
6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);
7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
(109-бап);
8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
(110-бап);
9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);
10) қорқыту (112-бап);
11)ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын, тінін
алуға мәжбүр ету (113-бап);
12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-
бап);
13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап);
14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап);
15) заңсыз аборт жасату (117-бап),
16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап),
17) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы-басқа
адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы
жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен,
атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру),
химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен
ұру),термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру)арқылы,
сонымен қатар психикалық әсер ету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz