Жеке адамдың дамуына әсер ететін факторларды анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

І Тарау. ЖЕКЕ АДАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Жеке адамдың қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
1.2 Адамды ұжымда тәрбиелеу 5
12
ІІ Тарау. Жеке адам әлеуметтік тәрбие мақсаты ретінде
2.1 Тәрбие – жеке адамды қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде17
2.2 Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлжеке адамдың дамуының факторы
ретінде 17

ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
27
29


Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Жеке адам әлеуметтік тәрбие
мақсаты ретінде.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеке адам, оның даму факторлары туралы білім
жүйесін қалыптастыру.
Осыдан туындайтын міндеттері:
А) Жеке адамдың дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысының
негізгі ұғымдарын ашу.
Ә) Жеке адамдың қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін
сипаттау.
Б) Жеке адамдың дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
В) Субъектінің қызмет-әрекеті рөлінің жеке адамдың дамуы мен
қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу.
Негізгі ұғымдар: жеке адам, индивид, даралық, даму, тәрбие,
қалыптастыру, жеке адамдың дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы
күштер, жеке адамдың қалыптасуының заңдылықтары; субъект және объект.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология,
физиология, әлеуметтік педагогика тарихы, этноәлеуметтік педагогика.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке адамдың
әлеуметтік тәжірибені меңгеру, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұғаның
даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі
және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары
жеке адамдың дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да
әсер етеді деп есептеген. Жеке адамдың қалыптасуының факторлары туралы
идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-
әлеуметтік педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.
Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гелвеций, Д. Дидро, А.Дистерверг, К.
Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З.
Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С.
Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л.
Рубинштеейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам-өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуна да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне
керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт –
биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік
иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік
иесіне айналады.

І Тарау. ЖЕКЕ АДАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Жеке адамдың қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері

Әлеуметтік педагогикада “жеке адам” деген ұғымның әртүрлі
түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі:жеке
адам дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі
ретіндет индивид. Жеке адамдың ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің
болуы және оның функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзінеи,
еңбеке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке адам, сондай-ақ, психологиялық
дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, ақыл- ой
дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат - мүдделер).
Жеке адам-бұл интегративті жүйе, әлде бір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке адамды зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі”
бар деп мойындайды, олар оны “Мен - жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке адам туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке адамдың ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауап -
кершілігі, бостандығы, қадыр-қасиеті, даралығы. Жеке адамдың маңыздылығы
оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының,
әлеуметтік белгілері мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы
арқылы, оның іс- әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке адам” деген ұғымдардың қатары
“даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір адамдың басқа бір адамнан
айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшклігі бар екенін
сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше
белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық
қызмет- әрекеті мен қаблеттілігінің өзегшелігі арқылы арқылы ерекшеленеді.
Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы , әлеуметтік
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы,
жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір
адамды басқа бір адамнан, бір адамды басқа бір адамнан ажыратып, оған өзіне
тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым- индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы- жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз
адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке адам ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке адамдың дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу
әлеуметтік педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке адамға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай
қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе ревалюциялық секіріс түрінде
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму
кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып
тасталады, теріске шығарылады). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұғаның
дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы
жүзеге асады.
Жеке адамдың дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке адам ретінде дамуындағы ең басты – оның бойында болып жатқан
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке адам
ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің
алар орны ерекше.
Әлеуметтік педагогика мен психологияда жеке адамдың қалыптасуы
термині жиі қолданылады. Бұл жеке адамдың дамуының нәтижесі дегенді және
оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие
болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін
(форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада
тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасына немесе ата-
бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық
жер бетіндегі тіршіліктің тарихи және белгілі бір түрдің (біздің
жағдайымызда-адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым
қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады:жалпы адамзаттық (тік жүру
бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз
рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің
түрі, анатомиялық – физиологиялық бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден
тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
-функцианалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы);
-адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қаблетінің
дамуы, ойлау, еңебек ету қаблеті т.б);
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен
тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-
физиологиялықбейімділіктері;
-есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы
ерекшеліктер;
Жеке адамдың қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған ортада әсер етеді-
адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан
жағдайлар.Қоршаған орта макро және микро боолып бөлінеді. Макро орта
дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары,
мәдениеттің дамудеңгейі,бұқаралық ақпараттар құралдар). Микро-орталық
дегеніміз-баланыың ең жақын қарым-қатынас ортасы, оладамды әрдайым
қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар
мен адамдар әлемі. Жеке адамдың дамуымен қалыптасуына, белгілі бір
мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер
етеді.
Жеке адамдың қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретіндеқарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа
берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б), ал тар
әлеуметтік педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз-өсіп келе жатқан ұрпаққа
жалпы адамзаттық құндылықтардыигерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен
ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің әлеуметтік педагогикалық
процесін ұйымдастыру.
Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан адамдың дамуы мен
қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы
пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі
көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастың бірін жақтаушылар адамның дамуын,
негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы
аз деп есептелінеді. Жеке адамдың дамуын түсіндіретін осындай
(биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347
ж.ж.б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж.б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың
қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің
пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал
кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған префоризм (латынша – қайта құру, өзгерту)
деген философиялық бағыт төмендегідей ойды ұсынған: адамның ұрығында-ақ
болашақ жеке адамдың барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық
жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен
тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке адамдың дамуының биологиялық бастауларын
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог
Э.Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке адамдың барлық қасиеттерін
(соның ішінде сана- сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, ақыл-ой қабілеті
балаға көздері, тістері және саусақтары сияқты дүниеге келгенінен-ақ
беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке
адамдың барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын гендердің
жинағы немесе батареясы ғана деп санаған. Жеке адамдың дамуын
биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм
(грекше-прагма) дегеніміз – іс-әрекет, тәжірибе.Бұл бағыттың негізін салушы-
Джон Дьюи (1859-1952ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы
Джон Локк (1632-1704ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай
дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке
адамдың қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д. Локктың
белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза
тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен
тәрбие ғана жеке адамдың белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші
болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты,
ал оның өкілдері жеке адамдың қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін
бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар
адамның маңыздылығын кемсітеді.
Жеке адамдың дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші
орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың
аяғында психологиялық-әлеуметтік педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір
бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт педология, яғни тура
аударғанда балалар туралы ғылым, балатану деген атқа ие болады. Қазіргі
уақытта ғылымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жасөспірім, жастық
шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.
Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері
баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және
соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе
құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П сол заманғы педологияның теориясы
мен практикасын жалған ғылыми антимарксистік ережелерге сүйенген деп
айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты
заңы-балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтік факторлармен,
тұқымқуалаушылықтың және қайдағы бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік
түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде анкета және
тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған . шынында да
тәжірибесіз практик-педагогтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп
зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі тоқтату қате
болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл
туралы өз кезінде К.Д.Ушинский айтып кеткен болатын: Егер әлеуметтік
педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды
барлық жағынан тануы да керек.
Жеке адамдың даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
әлеуметтік педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір
бағытында – материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың
өкілдері жеке адамдың қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек
зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен
олардың адамның даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті.
Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру
әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың
қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-
эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке адам ретінде қалыптасады.
Жеке адамдың дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының
мәні зор екендігіне сенеотырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан
табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек
лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып,
философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ
индивидтің әлеуметтік тұқымқуалаушылығытуралы ойды ұстанады. Егер
биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік
тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материялисттік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер
қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке адамдың дамуы мен
қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі-
материалистік түсінікте жеке адам тек объект ғана емес, сонымен қатар, еең
бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет -
әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

1.2 Адамды ұжымда тәрбиелеу

Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті
оку болатын оқушылардың сымыптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар
арасындағы адам аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп
ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Мектеп сынып ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге
болады: оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-
әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттерімен, тендік
жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.
А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
қозғалыс -ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау — оның жойылу формасы. Әйгілі
педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуедцілік,
перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі кажет. Осы жолда
А, С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы), Бұл кезенде
ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі
ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға
галпыну яғни оқушылардын ұжымға катынасы бірлскен іс-әрекет мазмұнымен;
мақсат- міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы
– педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері
анықталып, тәрбиелеушілер жалпы мақсатқа, іс - әрекетке және ұжымдық
бірліккс келгеидс бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек
педагогтардың талаптарын қолдап кана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не
пайдалы не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды.
Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың
сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезенде белсенділер жұмысына педагог
көп көңіл бөлуі керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады.Бұл сатыда ұжым
бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, оида өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
реттеу механизмдері іске қосыла бастайды.Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір
қылықтар нормаларын талап өте бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе
береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты-осы ұжымның алға қойған
міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым — дара оқушының жеке дамуын мақсатты
бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен
байланысты, атап айтқанда:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б.
Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен
ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму
сатыларында қол жеткізілген қасиеттер киелі адамдың ерекшеліктерді
топтастырады; жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы,
көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет – қылықтарының тұрақтану. Егер ұжым
осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті адам қалыптастыру
үстіндедеген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -
үшімші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді
қалыптастырады. Дәстүрлер — тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-
ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-
түру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу
қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат
еткен мақсат перспектива деп аталады.
Ұжым мен адам арасындағы байланыс - тәрбиені демократияландыру
жағдайындағы, адам құқығы мен бостандытын сақтаудағы маңызды мәселенің
бірі. Көттгеген онжылдықтар бойы ұжымға өсер ету арқылы оқушы адамсын
қалыптастыру отандық әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады.
Адам міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам
жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік әлеуметтік педагогикалық
ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура
келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі -жүрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды -
болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне,
мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктшігіне т.б.
қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне
әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде
ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі адамдың
жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім
ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар
осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де
мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен
сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі.
Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-
қайшы келсе, онда қарым-қатынас киындыққа соқтырады.
Адам мен ұжым арасындағы қатынас тек адам сапасына ғана емес, ұжымға да
байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар,
дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады.
Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген адаммен қатынасқа
оңай түседі. Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын
табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің
әсерінен адамдың барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи
мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес
келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді.
Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-
өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып
оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл ІІедагогикалық жағдайдың
объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының
атқаратын рөлінін тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру
формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтандығы, бірін-бірі қабылдау
мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты
қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде адам мен ұжым арасындағы қатынас дамуының
кеңтараған үш түрі анықталған:
1) Адам ұжымға бағынады (конформизм);
2) Адам мен ұжым бір-бірімен үйлесімді катынаста (гармония) болады. 3)
Адам ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).
Бірінші түрі бойынша адам ұжым талалтарын өз еркімен бағынады, ал
кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және
тәуелсіздігін сактауы мүмкін. Егер адам ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның
құндылыктарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:
1) Адам өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сыртгай
бағынады;
2) Адамдың кейбір өзшдік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.
Мектеп ұжымдарында кеп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан адам кейбір
қиын іс-қимылдарға бой ұрады, Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен
құндылықтарын сырттай қабыддайды, талқылау кезінде ұжымның одан күтетінін
айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдар қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ
мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін
басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде
уақытша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді енгізу
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру
Тұлға, жеке адам, адам ұғымының ерекшеліктері
Социология түрлері
Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері
ХІХ және ХХ ғасырларда марксистік педагогиканың пайда болуы және дамуы
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Еңбек қызметтің себептері. Еңбек социологиясының категориялары. Жұмыссыздықтың отбасына, қарт адамдар мен әйелдерге әсері
Еңбек – қоғам өндірісінің негізі
ДНҚ жасау
Пәндер