Орманды басты кесу


Жоспар:
Кiрiспе
I. Жалпы бөлiм
1. Жасыл аймақ орман шаруашылығынын орналасқан орны
2. Орман өсiрушiлiк шарты
2. 1. Климаты
2. 2. Топырағы
2. 3. Су өлшеуiш тарабы
II. Арнайы бөлiм
1. Орманды күтiмдiк кесу
2. Орманды басты кесу
3. Орман шаруашылығының өртке қарсы жобасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кiрiспе
Сарыарқа төсінде саябақты қала тұрғызу туралы ата-бабамыз өткен ғасырда да армандаған болатын. Жасыл аймақ туралы жылнаманың бірінші парақтары он тоғызыншы ғасырдың аяғында, яғни, астана шағын ғана қалашық, Ақмола болған кезінен жазылған. Дәл сол сәтте қалада алғашқы қала саябағы пайда болып, орман ағаштары отырғызылып, Есілдің айналасында алғашқы жасыл аймақ пайда бола бастады. 1904 жылы алғашқы экологиялық жобаны А. Л. Адамович ұсынған болатын, яғни, ол Ақмоланың шет аймағын жасанды жасыл аймаққа айналдырды. Алдын-ала жасалған теріс болжамдарға қарамастан, Ақмоланың шет жағынан жас шыбықтар бой көтеріп, көп ұзамай-ақ, жайқалып шыға келді. Биолог ағашты сор жерге отырғызуға да болатынын дәлелдеп берді. «Қызыл жар» шағын орманында қарағай, қайың, терек, мойыл, бозқарағандар өсетін. Бұл шара кейін де жалғасын тапты. Біртіндеп, қалашық көшелерінде алғашқы ағаштар отырғызыла бастады.
Аймақтың өсімдікті тарихының тағы бір парақтары - Целиноград студенттерінің «жасыл қаласы». Комсомолдар ең үздік іс-шараларды іске асырып, бүкіл бір кварталды құлпыртып жіберді. (Қазіргі «Самал» шағын ауданы) . Алайда, кейінірек, кейін анықталғандай, қала жоспарына кішігірім саябақтың енбейтіні анықталды, соған байланысты, ағаштарды кесіп, орнына тұрғын үй ауданы бой көтерді. Қаланың жасыл картасына жаңа астаналық мәртебе де өзгерістерін ала келді. 1997 жылы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ақмола аймағында санитарлы қорғау аймағы құрылды. «Экологиялық дәлізді» құру қызметінің жауапкершілігі орман шаруашылығы мен еліміздің басты, табиғатты қорғау ведомствосына жүктелді. Мамандар барын салды, сынақ учаскелерінде өсімдіктердің ондаған сұрыптары сыналып жатты. Ал жасыл аймақ жобасына көптеген жұмыс күші тартылды.
Сәулетшілер мен экологтардың ортақ ойы - елордамыз жасыл желекке орануы тиіс. Бұл бағытта бірінші қадамдар жасалды да. Соңғы бес жылдың ішінде қалада алты бақ, жиырма шақты саябақ пен елорданың әкімшілік орталығында сулы жасыл бульварлар пайда болды. Бүгінде Есілдің жағасында Президент бағының, сонымен қатар, Сарыарқа көшесінен демалыс аймағының құрылысы аяқталып келеді. Сәулет біртумасын құруды қала тұрғызушылармен қатар, «жасыл» сәулеткерлері де қолға алды. Астананы гүлдендіру жұмысына қазіргі заманның дизайнерлері де кірісіп, елорда бақтары мен саябақтарын барынша жайқалтуды уәде етуде. Ақбұлақ өзенінің бойынан француз стиліндегі «Арай» саябақ құрылысы жүргізіледі. Мұнда ағаштар симметриялы орналасатын болады. Ал орталық стадионның алдында түрлі гүлдермен көмкерілген «Олимпиада шары» орнатылады. «Северная корона» тұрғын үй кешенінің жанындағы баққа әр беретін, көп жылдық шырмауық гүлінің өзіндік ерекшелігі бар. Жақында Астананың шағын жасыл аймақтарында елорда халқы үшін бейтаныс ағаштар пайда болады: емен жапырақ тектес магония, куриль шайы, матсудан талы, маньчжур жаңғағы, сүйір жапырақты үйеңкі және басқалары. Әрине, елордалық өсімдіктерге қарағанда, мұндай экзотикалық түрлердің ерекше күтімді қажет ететіні анық. Бұдан кейін, қаланың кез-келген учаскесіне, бақтар мен саябақтарына бақташы топтар бекітіледі. Қала салушылар коммуналды шаруашылықтың алдына нақты жоспар қойды, яғни, жылына он саябақ құрылысы бітуі керек. Ал әрбір жаңа нысанның толығымен бітуі үшін, қазынадан 30-45 миллион теңге бөлінуі тиіс.
1. Жасыл аймақ орман шаруашылығынын орналасқан орны
Елорданың бас жоспарында толық көрсетілген қаланы көгалдандыру тұжырымдамасы жеке «эко-орманы», «эко-дәлізі», «эко-кеңістігі» бар «эко-қаланы» құруды ұсынып отыр. Жасанды шалғындар, сондай-ақ, жасанды көлдер мен айдындар түрлі ағаштармен айнала қоршалатын болады. Бүгінде қалаға шаған, қайың, қарақат, алма ағаштары, үйеңкі, қарағай, емен, тал ерекше көрік беріп тұр. Бәрінен де, Астана бақтары мен саябақтарында тал, үйеңкі, қарағаш және сары акациялар көп. Құстың самғар биігінен қала кілемдей жайқалып жатыр. Экологтар елорданың жасыл «киімі» қалаға тек қана сән беріп қана қоймай, сонымен қатар, табиғи апаттардан да сақтап қалатынын айтады. Жасыл желектер арнайы жолдармен отырғызылып, қатты желге қарсы қорғаныш қалқан құруда. Мұндай әдіс арқылы желдің жылдамдығын 50-80 пайызға дейін азайтуға болады. Одан өзге, қалың жасыл аймақтар жазғы шаң-тозаң мен қысқы дауылдарды да азайтып, жалпы экологиялық жағдайды реттейді. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, жапырақты ағаштар шаң-тозаңның отыз пайызын, ал қылқан жапырақтылар - 42 пайызға дейін ұстап қалуға қабілетті. Ал бір гектар орман 400 келі күкірт қышқыл газын сіңіре алады.
Келешекте Астананың айналасындағы су артериялары мен жасыл белдеуін қамтитын экологиялық дәлізді құру жоспарлануда. Масштабты бағдарламаны жүзеге асыруда Ресей, Израиль, Канада мамандары еңбектеніп жатыр. Ең басты жасыл осі Есіл өзенінің бойымен өтіп, күрделі сәулет композициясының басты байланыстырушы нүктесі болып, ішкі белдеуден онымен екі жүйедегі «жасыл дәліздер» келіп байланысатын болады. Мұндай «жанды бағыттар» екі бағытта жүргізілетін болады, біріншісі - Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендері арқылы болса, екінші бағыт - Майбалық көлінен сол жағалауға дейін созылады. Тағы да бір жасыл жолақты экологтар темір жол периметрі арқылы салуды жоспарлауда. Бұл ось қаланың тұрғын үйлер және өндірістік бөліктерінің арасында шекара іспеттес болмақ. Астананың айналасын жасылдандыру жөніндегі жоба да жүзеге асып жатыр. Қазақстанның жас астанасын қоршаған, бірнеше миллиардқа бағаланған жасыл шеңберді мамандар 2015 жылы аяқтамақ. Орман отырғызу екі кезеңнен тұрады. Сыртқы қатарға жапырақты ағаштар отырғызылса, ішкі жағында қылқан жапырақтылар болады. Соңғы сегіз жылғы жұмыстың қорытындысы - Астана айналасында 25 мың гектар орман отырғызылды.
Жалпы 75 мың гектар жерді алатын «Зүбаржат алқаның» жартысы дайын болып тұр. Оның құрамына үйеңкі, тал, шие ағашы мен қайыңдар кіреді. Ерекше «экологиялық белдеу» құру үшін, отыздан аса ағаштың түрі пайдаланылып жатыр. Сар даланы жасыл желекке көмкеру қиынға соғуда, себебі, жасылдандыру мақсатында бөлінген жердің тең жартысы сор топырақ болып тұр. Қазіргі таңда ғалымдар тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, топырақ картасын дайындап жатыр. Қаншама зерттеулер жүргізіліп, «жасыл тұжырымдамасы» дәлелденді, яғни, қала маңына орман отырғызуға болады. Негізінен, жергілікті сұрыптардан, жабық тамырлы жүйемен ағаштарды отырғызбақшы. Агрохимияның ескі заңдары артта қалып, жаңа әдістерді белсенді түрде игеруде. Мәселен, құнарсыз қайраңдар ылғалды сіңіретін, бірақ, оны буландырмайтын гидрогелдермен өңделіп, топырақты құнарлындыруда. Шаруашылықтағы екі питомникте бүгінде конвейерлік «жасыл өндіріс» жолға қойылған. Мұнда елордалық бақтар мен саябақтар үшін отырғызылатын материалдарды өсіріп, құнарландырады.
Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылы әрбір қала тұрғыны үшін екі ағаштан және жиырма түптен келеді екен. Астанада барлығы алты мың гектар жер игеріледі. Ал бұл - бір жарым миллион ағаш пен он алты миллион түп. Мұндай тамаша ойды жүзеге асыру үшін ондаған жылдардың кететіні анық. Табиғат адам сияқты емес, асықпайды. Ғашықтар бағындағы жас ағаштар біздің ата-әжелеріміз саясында серуендеген ағаштардың деңгейіне жақын күндері жете қоймасы анық. Енді, басты мәселе, отырғызылған сол бір жасыл желектерді сақтау болып тұр. Ал орман кодексін бұзған адамдарға қатал жаза қолданылатын болады. Егер де, кәсіпорын бір гектар орманға зиян келтірсе, компания екі гектар жерге ағаш отырғызып, оған он жыл бойы қарайтын болады. Ал жеке зиян келтірушілер үшін де жаза сондай, бір тал кессең, екі тал ек. Бүгінде экожүйені құру үшін жүздеген мамандар еңбектеніп жатыр. Олар бәрі де, бір ауыздан, Саябақты қаланы бірігіп жүріп тұрғызу қажеттігін айтады. Экологтар ынтымақтастыққа әрбір қала тұрғындарын шақырып, елорданың «жасыл картасына» әрқайсысының өз үлесін қосуға үндеуде.
2. Орман өсiрушiлiк шарты
Ормандарды жүйелеу - орман типологиясының негізгі мәселесі. Ал орман шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған «екпе ағаштар типтері» деген түсінік. Сондықтан «құрғақ алқаптағы» және «сулы алқаптағы» орман типтері деп бөледі.
Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен араластыруға болмайды. Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы, толықтығы, қабаттар саны, бони тет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу барысы. Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған. Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.
Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің - сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағынасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.
Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар - жан - жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.
Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.
Орман түсінігі көп қырлы . Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т. б. құрастырады.
Орман - жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым - қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 . . . 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері - 0, 5 % көп бермейді.
Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т. б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.
Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т. б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық, жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т. б. әсер етеді.
Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне жайлы жағдай табады, өйткені олар қоректене және көбейе алады. Ал көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда қоңызының дернәсілін азайтады.
Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың қоректенуін қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды, қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.
Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г. Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі.
В. Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео- жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен ».
Ағаш және бұталарда мына маңызды бөліктер бар: сабақ, тамыр, жапырақ, өркен, бұтақтар, жеміс және дән, әрқайсысының өз функциясы бар. Сабақ - ағаштар мен бұталардың жер бетіндегі бөлігі, жапырақтарды, гүлдерді, жемістерді қалыптастырып көтеретін және өткізгіш және сүйеніш функцияларын атқаратын. Сабақ пен тамыр және жапырақтардан су және минералдық заттар көтеріледі және жапырақтардан органикалық заттар тамырларға барады. Ағаштарда сабақ деп діңді түсінеді - ол басты сабақ, тамырдың мойнынан басталады, яғни тамырдың діңге қосылатын жері. Дің негізгі, өте құнды сүрек беретін құрылым. Діңнің сыртқы бөлігі қабық деп аталады, ол ағаш және бұта тұқымдарын табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғайды және ағаштың сыртқы әлпетін көрсетеді.
Сүрек діңнің негізгі массасын құрастырады, сонымен қатар сабақтар мен бұтақтардың. Оның физикалық (түрі, жылтырлығы, кебуі, ісінуі, қабықтануы, тығыздығы, жапырақтануы, т. б. ) және механикалық (қысқанға төзімділігі, созылуы, қозғалуы, жарамсыздығы, бұралуы, иілуі, жабысқақтығы, қаттылығы ж. т. б. ) қасиеттерімен шаруашылық мағнасы және халық шаруашылығында қолдануы кеңінен байланысты.
Сүрек өсімдік жасушаларынан құрастырылған, сырты қабықталған құрамдардан тұрады. Сүректің химиялық құрамы барлық ағаш тұқымдастарындағыдай. Абсолюттік құрғақ сүректің органикалық бөлігі көміртегінен (49 . . . 50%), оттегінен (43 …44%), сутегінен (6%) және азоттан (0, 1 . . . 0, 3%) құралған. Бейорганикалық бөлігі, жандырғанда күл болып Са, К, Мg, Na және басқа элементтер (0, 1 . . . 1%) құрастырады.
Тамыр - ағаштар мен бұталардың жер астындағы бөлігі, өсімдікті су және минералдық заттармен қамтамасыз етеді және топырақта тамырмен бекиді. Жапырақ - жер бетіндегі орган, оның көмегімен негізгі тіршілік әрекеттерінің процестері жасалады, ол фотосинтез, дем алу, транспирация.
Өркен - жапырақтары мен бүршіктері бар жас сабақ. Бұтақтар - діңнен тарайтын бойындағы өркендер. Өркен мен бұтақтар бөрікбасын құрастырады. Ол жерде жапырақтар, гүлдер және жемістер қалыптасады. Жеміс - тозаңданғаннан кейін қалыптасатын, жабық тұқымдастардағы орган. Ол дәндерді қорғап және шашады. Дән - жеміс ішіндегі, дәнмен көбейетін өсімдіктердің органы. Дән көбею, тарау және қолайсыз жағдайларды бастан кешу әрекеттерін атқарады.
2. 1. Климаты
Климат - географиялық орналасуымен анықталатын, бір жердегі көп жылдық өзгермейтін ауа райы құбылымы. Ол негізінде астрономиялық және физикалық - георгафиялық жағдайлардың әсерімен қалыптасады.
Астрономиялық жағдайлар жер бетіне күн сәулесінің бір келкі түспеуін тудырады. Ол сәулелік және жылулық теңдіктің, ормандардың вегетациялық кезеңдерінің қалыптасуына, яғни жыл кезеңдеріне, метеорологиялық жағдайларының өзгеруіне әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш және бұта өсімдіктері өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.
Физикалық - географиялық жағдайлар жер бетінің сипаттамасын, климаттық әртүрлілікті анықтайды және сонымен қатар - ормандар географиясына әсер етеді.
Сонымен, орман өміріне климаттық жағдайлар (жарық, жылу, ылғал, ауаның атмосфералық құрамы және оның өзгеруі) өте әсер етеді, олар экологиялық жағдайлардың құрыстырушысы және тіршілік немесе даму ортасы. Климаттың жағдайлары орманның өмірі, оның маңызды көрсеткіштері, ағаш бітімінің құрамы, формасы, қоры, сүректің техникалық сапалары, орманды жаңарту, оның санитарлық жағдайы, өрт қауіптілігінің күшейуі немесе төмендеуі, ормандық мәдениеттендіру жұмыстары. Климат, оны қалыптастыратын ауа райы жағдайлары, орман кесу және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды.
Ормандағы климаттық жағдайлар, сапалық және сандық жағынан, ашық жердің жағдайларынан айырмашылығы бар.
Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші, оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек құралмайды.
Фотосинтез - космостық үдіріс. Оның әсерімен жыл сайын 1000 млрд - құрғақ органикалық зат құрастырылады, ол жер бетінің құрғақ және су көлеміне тең келеді. Құрғақ жер көлемінде ормандар 24, 4 млрд. т. құрғақ органикалық заттар құрастырады, жайылымдар - 10, 4, егістіктер - 8, 7, шөлді жерлер - 5, 4.
Орман шаруашылығында жарық биологиялық әсер ретінде қаралады, өсімдіктердің өсіп және дамуын қамтамасыз ететін. Сонымен қатар жарық экологиялық әсерге жатады, бұл жағдайда, орман қалыптасады.
Орманға түсетін жарық екі түрлі болады: тік және шашыраңқы, көк аспаннан, бұлттардан, жер және су бетінен шашыраған. Ашық ауа райында күн жоғары тұрғанда шашыраңқы күн сәулесі, барлығынан, 20 %. Тік күн сәулесі жер бетіне Күннен сәулелер ретінде түседі.
Физиологиялық үдірістің жүруіне және көмір қышқылының сіміріліп хлорофилл құрастырылу үшін жарықтың спектральдік құрамы көп мағналы. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді. Ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуына ультракүлгін сәулелер аз болу керек, ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді. Көмір қышқылы сіміріліп хлорофилл құрылуға күн сәулесінің қызыл, сары бөліктері көп мағналы. Көк, сия көк сәулелері ағаш және бұталардың өсімдік бүршігі өсіп - дамуына көп әсер етеді.
Барлық ағаш тұқымдастардың жарыққа қатынасы әртүрлі. Орман шаруашылығында оларды жарық сүйгіш және көлеңкеде, өсетіндерге бөледі. Жарық сүйгіш ағаш тұқымдастарына қайың, бал қарағай, көктерек, т. б., ал көлеңкеліктерге шырша, жөке ағашы, шамшат, май қарағай, т. б. жатады.
Жарық құмарлық өзгеріп отырады және орманың жасымен орман құрғыштығына байланысты жас кезінде ағаштар жарыққа құмар емес, ал өсе келе ол көрсеткіш өзгереді. Топырақ жағдайы жақсарғанда ағаштардың көлеңке сүйгіштігі көбейеді.
Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz