Ұлт тағылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
УДК 323.21

ҚАЗАҚСТАН – МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚ, БІРЛІК, ЫНТЫМАҚ АЯСЫНДА.

Эльмира Тарбақбайқызы Какенова
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық
elmir_29@mail.ru

Тәуелсіздік алған он жылдан астам уақыт ішінде Қазақ елі ғасырларға
тең жолдан өтті. Ең бастысы - әрбір қазақстандық өз елі, Отаны –
Қазақстанға деген отаншылдық сезімі нық болды. Ұлты мен ұлысына қарамай
әрбір қазақстандық осынау құт мекенінің абыройы мен беделін көтеріп,
тәуелсіздікті нығайта түсуді өзінің басты парызы санады.
Әртүрлі ұлттардың өзара достық қарым-қатынастары елдің саяси жағдайы
мен әлеуметтік жүйесі тұрақтылығының факторы болып табылады. Кеңес Одағының
ыдырауынан кейінгі ұлттар арасында тұтанған қақатығыстар этникалық, діни
және басқа да белгілер бойынша әртүрлі әлеуметтік топтардан тұратын
қазақстандық қоғамға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Алайда басқа
мемлекеттерге қарағанда, біздің елде қақтығыстар әскери сипатқа ұласқан
жоқ. Бұның себебі қазақ жерінің кең-байтақтығы және қазақ халқының дәстүрлі
қонақжайлылығы мен менталитетінің арақатынасында Ұлы Отан соғысы кезеңі
сияқты қиын жылдарда Одақтың әр түпкірінен келіп қоныстанған әртүрлі ұлт
өкілдерін құшақ жая қарсы алғанында жатыр. Осыған орай Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында: Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын,
бірлігімізді, ұлтаралық және дінаралық татулығымызды, саяси
тұрақтылығымызды сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз, - деп
атап өтті [1].
Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды тығыз байланыста тұрған
ұлттардың нақты әрі белсенді ынтымақтастығы деп сипаттауға болады, себебі
республикада тәуелсіздікті бекіту барысында саяси тұрақтылық, бейбітшілік
және ұлтаралық татулықпен сипатталатын демократиялық құқықтық мемлекетті
құру шарттары орындалды. Яғни барлық ұлттардың тепе-тең және ерікті өмір
сүруі үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалып, барлық құқықтық
құжаттарда ұлтына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтары үшін бірдей
құқықтық жағдайлар бекітілген. Әртүрлі ұлт өкілдері өзара қарым-
қатынастарында тепе-теңдікке, әлеуметтік серіктестік пен ынтымақтастыққа,
сүхбатқа ұмтылу барысында толеранттық, өзара шыдамдылық, кең пейілділік
сияқты қасиеттерін танытуда. Сонымен қатар Қазақстанда әртүрлі этникалық
топтардың әртүрлі бірлестіктері, атап айтқанда, ұлттық мәдени орталықтар
және Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қызмет ететіндігін атап өту қажет
[2].
Ассамблея қызметі Конституцияға, мемлекет заңдары мен актілеріне, осы
органның ережесіне негізделген. Қазір Ассамблея құрамында 320-дан астам
мүше бар. Олардың ішінде қазақ және 33 диаспораның өкілдері топтасқан.
Нақтылап айтсақ: 77 қазақ, 52 орыс, 22 кәріс, 21 неміс, 20 украин, 18
татар, 14 еврей, 12 ұйғыр, 9 белорус, 8 чешен, 6 ингуш, міне осылай жалғаса
береді. Бұл қатарға халықаралық Қазақ тілі қоғамының, республикалық соғыс
және еңбек ардагерлері кеңесінің, орыс қауымдастығының Лад қоғамдық
славян қозғалысының тағы басқа қоғамдар мен қозғалыстардың, мәдени
орталықтар мен дін өкілдері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да кіреді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясында 25 республикалық және аймақтық,
185 облыстық және қалалық ұлттық-мәдени орталықтар түрлі ұлттардың мүддесін
білдіріп өкімет орындары мен жұрттар арасындағы сындарлы үндесуді
қамтамасыз етіп, сол арқылы біздің ортақ ұлттық шаңырағымызды нығайтуға
жәрдемдесіп отырғаны белгілі.
Қазақстанның динамикалық және әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында ішкі
саясат аясындағы ұлтаралық келісім мен Қазақстан қоғамының
консалидациялануы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының
басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл саладағы ортақ қызмет ішкі
саяси тұрақтылыққа, қазақстан қоғамындағы азаматтық келісімге және
мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері әртүрлі ұлт өкілдерінің
мүдделерін көтеру мақсатында қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өмірге белсенді
араласуда. Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттар бірлігін нығайта түсудегі
Ассамблея мақсаты Қазақстан-2030 даму стратегиясына толық
сәйкестендірілген.
Ұлттық-мәдени орталықтар, сан түрлі шаруашылық есептегі құрылымдардың
құрылтайшылары болып табылатындықтан, жиналған қаражатын өз мүдделері мен
мақсаттарына, ұлттық тіл мен мәдениетті көтеруге бағыттайды. Мәселен, неміс
ұлттық мәдени орталығы Беми деген ғылыми-техникалық өндірістік бірлестік
құрып, банк ашқан. Неміс ұлттық-мәдени орталығы Германияның еңбек
министрлігімен іскерлік байланыстар жөнінде келісім-шарт жасасқан [3].
Қазақстан халықтары ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынсты
нығайту жөніндегі маңызы уақыт өткен сайын артып, өзіндік рөлі айқындала
түсуде. Қоғамдағы діл бірліктердің барлық қырлары бойынша, әсіресе,
ұлтаралық саясатты айқындайтын мемлекеттік шаралар әзірленуде. Ассамблеяның
пікірін ескеру және оны шешуде ұлттар мүддесін назарға алу үйлесімді
қалыптасты. Осындай бағыт-бағдарды ұстанған Ассамблеяның негізгі дінгегі
беки түсуде.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
мәдени жағдайын дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық
бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың
құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың
барлық мектептері 9 тілде - қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин,
татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде
оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің 170 жексенбілік республиканың
барлық өнірінде жұмыс істейді.
Көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақстанда өмір сүруі біздің қоғамымыздың
зор байлығы, олар зор қамқорлықты қажет етеді. Солардың арасында саны
неғұрлым көп диаспоралардың бірі немістер.
Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуында өзіндік орны ерекше қазақ
жерінде 200 жылдан астам ортақ тарихы бар неміс ұлты. Қазақстандағы
немістер халық санының 1989 жылы 5,8% құрады. Олар ХVІІІ ғасырда Екатерина
ІІ өз отандастарын Волга өңіріне қоныстануға көндірген немістердің
ұрпақтары. Екінші дүинежүзілік соғыс жылдары Волга өңірінің немістері
Сталиннің бұйрығы бойынша Қазақстанға депортацияланды. 80-ші жылдардың
аяғында олардың Германияға қайтуы басталды, сөйтіп, 1992 жылға қарай олар
Қазақстан халқының 4,7% ғана құрады. Дегенмен де, тағдырдың жазуына қарай
өздерінің екінші отанына айналған елде біразы қалып, бүгінде мұнда екі жүз
мыңнан астам немістер тұрады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
кейін неміс ұлтын ақтау қолға алынып, 1993 жылдың 14 сәуірінде кеңес
одағының құрамындағы барлық немістердің жағдайына қарай, Қазақстандағы
немістерді ақтау туралы заң қабылданды. Көптеген немістер өздерінің
этникалық отанына қайта оралды. Сондықтан да, дәл қазіргі кезде неміс
тілінің, мәдениетінің Қазақстан аумағында сақталуы көкейкесті мәселе болып
отыр.
Неміс диаспорасының өкілдері Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі
болып табылады. Неміс ұлтының мәдениеті туралы ақпараттың таралуына
Deutsche Allgemeine Zeitung республикалық газеті мұрындық болып отыр.
Kasachstan im Blickpunkt неміс тіліндегі телебағдарлама, неміс
радиобағдарламасы тұрақты түрде шығарылуда. Неміс театры жұмыс істейді.
1992 жылы Қазақстан немістерінің бірінші съезінде барлық аймақтық
қорларды біріктіретін, Қазақстандағы немістердің қоғамдық ұйымы Қайта
жаңғыртуды құру туралы шешім қабылданды. Ассоцацияның жоғарғы басшы органы
төраға және Кеңес.
Қазіргі кезде Ассоцация Қазақстанда тұратын 228123 неміс ұлты өкілдерінің
басын біріктіруде. Ассоциацияны басқару демократиялық принциптермен жүзеге
асырылады. Әр 3 жыл сайын жалпы халықтық конгресс, ал конгрестер аралығында
Ассоциация кеңесінің жиыны өтіп тұрады.
Ассоциация жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан немістерінің қол
жеткізген дәрежелерін бекіту, халықаралық бірлестік, Қазақстан қоғамына
интеграция процесіндегі негізгі бағыттар мен мүмкіндіктерді анықтау.
Немістер Ассоциациясы нақты жұмыс істейтін құрылымдар негізінде неміс
этникалық тобын дамытуда жұмыс жасайды. Мысалы, неміс тілін оқыту, неміс
мәдениетін дамыту, мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсету, жастармен жұмыс
жасау, кәсіпкершілікті қолдау, неміс баспасын шығару олардың басты
қызметтерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда неміс тілі тереңдетіліп оқытылатын 6 мектеп, 84 неміс тілі және
мәдениеті дамыту, демалыс мектептері бар. Әрбір облыста орналасқан
облыстық, қалалық, аудандық қоғамдар, мәдени орталықтар неміс ұлттық
мәдениетінің қалыптасуы мен жұмысына жауапты.
Немістер Кеңесі өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетімен Қазақстан Республикасында тұратын немістердің этникалық
жаңғыруының кешенді бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама жалғасын тауып,
1997 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Өкіметінің Қазақстан
Республикасында тұратын немістердің этникалық жаңғыруына байланысты қосымша
іс-шаралар туралы Қаулысы шықты.
Сонымен, қазақстандық немістердің мәдени мұрасының сақталуына
аудармасы Қайта жаңғырту деп аталатын Widergeburt ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Асан Қайғы туралы аңыздар
Рухани болмыстың негізі ұлттық сана
Қазакстанның рухани келбеті-ұлттық идеялогия
Асан Қайғы туралы алғашқы жазбалар және дәуір шындығы
Пәндер