Еуропалық валюта жүйесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 ЖАҢА ЕУРОВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОДАҚТЫ ҚҰРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ

1. 1 Еуропалық одақтың құрылуы және қалыптасуы туралы . . . 5

1. 2 Еуропалық валюта жүйесі . . . 7

1. 3 Қазақстан Республикасының валюта саясаты . . . 9

1. 4 Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас . . . 11

2 ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК ЕЛДЕР ВАЛЮТАСЫ

2. 1 Евро Қауымдастықтың жаңа ақшасы . . . 13

2. 2 Америка Құрамы Штаты . . . 17

2. 3 Франция . . . 21

2. 4 Италия . . . 24

2. 5 Канада . . . 26

2. 6 Жапония . . . … . . . 30

2. 7 Ұлыбритания . . . 33

2. 8 Германия . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

Кіріспе

Алғашқы қағаз ақшалардың пайда болуы ежелгі Қытай деректерімен байланысты. Ал, Европада қағаз ақша жасау технологиясы Венециандық саяхатшы Марко Поло есімімен байланыстырылады Қазақстан жерінде ақшаның пайда болуы - Ұлан - байтақ өлкені мекендеген тайпалар тарихымен ұштасады. Ежелде Отырар, Испеджап, Суяб, Ақбешімде соғылған теңгелер дизайны жоғары шеберлікпен жасалған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылғы 15 - қарашадағы Президент жарлығына сәйкес теңге ұлттық валюта ретінде тарихқа енді.

Ал әлемдік ақша қорының негізгі үлесі - АҚШ долларларына тиесілі. Доллар - қазіргі таңда АҚШ, Канада, Австралияның қазыналық билеті ғана емес сонымен қатар, Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиепия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Пабаго және Гондурас мемлекеттерінде де қолданылатын әлемдік ақша бірлігі 1 доллар - 100 центтен тұрады. Сонымен қатар 2002 жылы 1 - қаңтарда Евро Қауымдастыққа мүше 12- мемлекет «Евро» банкнотын айналымға енгізді.

Әлемдік шаруашылық байланыстарын, валюта қатнастарынның жолға қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем денгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатнастарыелдін ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің терендеуіне, капиталистік шаруашлықтын құрылымдық өзгерісіне байланысты.

Валюта қатынастары - бұл дүниежүзілік қатнастардың қолданылуына байланыстыжәне елдер арасындағы шаруашлық байланыстарының алуан түрлеріне (сыртқы сауда, сыртқы капиталшығару, пайданы инвестициялау, ғылыми техникалық айырбас, туризм және т. б. ) қызмет көрсететін экономикалық қатнастар.

Қазіргі заманда валюта қатнастарының әлуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкілдүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниедүзілік болып екіге бөлінеді

Ұлттық валюта жүйесі - елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта қатнастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады [1, 15 б] .

Әлемдік валюта жүйесі - бұл дүниежүзілік шаруышылықтын дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.

Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.

Ақша барлық тауар өндірушілердің, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формаының орнына құнның толық және жайылыңқы формасына келді. Одан әрі өндіріспен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасында бір тауар бөлініп шығып басқа тауарлар осы тауарға айырбасталынды. Сөйтіп құнның толық және жайлыңқы формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі- ақша пайда болды. Осы кезде әртүрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда- саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым қатынастың ұлғаюы нәтижесінд ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. өйткені металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиеттінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруға байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды [1, 17 б] .

Курстық жұмыстың мақсаты - жаңа еуровалюта, оның даму перспективаларын анықтау.

Курстық жұмыстығ құрылымы - кіріспе, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАҢА ЕУРОВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОДАҚТЫ ҚҰРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ

1. 1 Еуропалық одақтың құрылуы және қалыптасуы туралы

Әңгімемізді ЕО-ның қалыптасу кезеңінен бастасақ, ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде құрылды. Әуелде құрамында үш мемлекет - Бельгия, Нидерланды және Люксембург болған бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталады. 1949 жылы Еуропа Кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951 жылы Париж шартына қол қойылып, Көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестігі құрылды. Оның құрамына 6 мемлекет - Бельгия, Италия, Люксембург, Нидерланды, ГФР және Франция кірді.

Уақыт өткен сайын ЕО-ның қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің саны арта түсті. Мәселен, 1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның қызметі негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. Арада он жыл өткенде, яғни 1967 жылы ЕО-ның құрылымында өзгерістер жасалып, оның атқарушы органдары, атап айтқанда, институттары - Еуропалық Комиссия, Еуорпалық Кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық Сот дүниеге келді.

Арада алты жыл өткен соң алтылық одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия қосылды. Осылайша Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің саны 12-ге жетті. Енді ЕО-ның өкілеттілігін нығайту міндеті алдыңғы кезекке шықты. Бұл айтарлықтай күрделі шаруа еді. Өйткені, онда қатысушы елдердің әрқайсысының мақсаты мен мүддесі жатты. Ақырында оған да қол жеткізіліп, 1987 жылы Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылы ЕО-ға мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, қаржы мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылы бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған шарт ЕО-ның конституциялық негізін қалаған құжат болып табылады [2, 30 б] .

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Еуропалық Одақ өз шекарасын шығысқа қарай ұлғайтуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, соңғы он жылдың ішінде ЕО-ның қатары 25 мемлекетке жетті. Мәселен, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылы Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония қосылды. Одақ тарихында осы он жыл өзіндік белсенділігімен ерекшеленеді. Бұлай деп отырған себебіміз - осы кезең ішінде ЕО-ны кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сонымен қатар, ЕО-ның алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру міндеті белгіленді.

2002 жылдың 1 қаңтарында Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы - еуро айналымға енгізілді. Сөйтіп, ЕО-ның бастапқы кездегі экономикалық және валюталық одақ құру үдерісі жемісті аяқталды.

Енді Еуропалық Одақтың институттары туралы сөз қозғайтын болсақ, олар мыналар: Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық Кеңес, Еуропалық Комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық омбудсмен. Осы құрылымдардың қызметіне қысқаша түсінік бере кеткен де артықтық етпейді ғой деп ойлаймыз.

Еуропалық Парламент тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайланған 732 депутаттан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі Германия - 99. Одан кейінгі орында Франция, Италия, Ұлыбритания тұр - әрқайсысынан 78 депутаттан. Испания мен Польшадан - 54, Нидерландыдан - 27, Бельгия, Венгрия, Грекия, Португалия және Чехиядан - 24-тен, Швециядан - 19, Австриядан - 18, Дания, Словакия және Финляндиядан - 14-тен, Ирландия мен Литвадан - 13-тен, Латвиядан - 9, Словениядан - 7, Кипр, Люксембург және Эстониядан - 6-дан, Мальтадан 5 депутаттан сайланған. ЕО-ға кезекті сайлау 2009 жылдың маусымында өтуі тиіс.

Еуропарламенттің өкілеттілігі айтарлықтай ауқымды. Ол Еуроодақ Кеңесімен бірлесе отырып заңнамалық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына, кәсіпкерлікке, қызмет көрсетулерге, білім беру мен зерттеу жұмыстарына, қоршаған орта мен денсаулық сақтауға, тұтынушыларды қорғауға қатысты мәселелер жөнінде тиісті шешімдер қабылдай алады. Сонымен қатар, қажет болып жатса, Еуропарламент Еуроодақ Кеңесінің шешімін қабылдамауы және заңнамалық үдерісті тоқтатып тастауы ықтимал. Осы себепті Еуроодақ Кеңесі халықаралық ынтымақтастық және оны кеңейту туралы келісімдердің қорытындысын Еуропарламентпен келісуге мүдделі. Бүгінде Еуропарламентте тұрақты жұмыс істейтін 20 комиссия бар. Бас хатшылығы Люксембургте орналасқан. Қазіргі төрағасы Испания Социалистік жұмысшы партиясының өкілі Хосе Боррель Фонтельес.

Еуропалық Одақ кеңесі ЕО-ның өкілетті шешім қабылдайтын басты органы болып табылады. Оның құрамы мүше 25 елдің әртүрлі салалық министрлерінен тұрады. Кеңес Еуропарламентпен бірлесіп, Одақтың заңнамалық актілері мен бюджетін қабылдайды. Сондай-ақ Еуропалық Комиссия дайындаған халықаралық келісімдерді бекітеді және мүше елдердің экономикалық саясатын үйлестіріп отырады. Кеңеске төрағалық ету алты ай сайын ротациялық негізде ауысып тұрады. Мысалы, бұл міндетті өткен жылдың соңына дейін Ұлыбритания атқарып келген еді. Оны енді үстіміздегі жылдың алғашқы жартысы аяқталғанша Австрия жалғастырады. Еуропалық Одақ кеңесінің бас хатшылығы Брюссельде орын тепкен. Кеңестің бас хатшысы лауазымын 1999 жылдан бері НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана атқарып келеді.

Еуропалық Кеңес - Еуроодақтың жоғары саяси органы. 1974 жылы құрылған Кеңес өз сессияларында ЕО-ның саяси бағытын айқындайтын өзекті шешімдерді қабылдайды. Еурокомиссия мен Министрлер кеңесі белгілі бір мәселеге орай ортақ пікірге келе алмаған жағдайда оның төрелігін Еурокеңес айтады. Әр алты ай сайын Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары мен үкіметтер басшылары тоқайласып, өткен жарты жылдың қорытындысын шығарады және алдағы жарты жылдың негізгі бағыттарын айқындайды. Оны ұйымдастыру Еуропалық Кеңестің мойнына жүктеледі.

Ал Еуропалық Комиссия Еуроодақтың атқарушы органы ретінде құрылған әрі Еуропалық экономикалық кеңістік пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістікке жетекшілік ететін институт болып табылады. Комиссия 1967 жылдың екінші жартысынан бастап жұмыс істеп келеді, 20 мүшесі бар. Комиссия мүшелерін сол елдердің үкіметі бес жыл мерзімге тағайындайды. Ал Комиссия президенті Одаққа кіретін елдер үкіметтерінің бірлескен шешімі бойынша тағайындалып, оны Еуропарламент бекітеді. Комиссия Еуроодақтың шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Ол 26 директорат пен арнайы қызметтерден тұрады. Комиссияның қазіргі президенті - Португалияның бұрынғы премьер-министрі Жозе Мануэля Дурау Баррозу. Бұл қызметті 2004 жылдың соңына дейін Италияның жақында қайтадан сайланған премьер-министрі Романо Проди атқарған-тын.

1. 2 Еуропалық валюта жүйесі

Еуропалық одақ шенберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.

Еуропалық валюта жүйесі - ұлттық валюталардың экономиқалық валюта шенберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатнастар жиынтығын көрсететін халықаралық валюта жүйесі.

Еуропалық Одақ шенберінде өткен күрделі келіссөздердің нетижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылады.

Еуропалық валюта жүйесі - ұлттық валюталардвң экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатнастар жиынттығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элеметтерден тұрады: 1) ЭКЮ еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизімі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын несиелеу механизімі.

Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

  • Еуропалық одақ елдер ішінде сенімді валюталалық тұрақтылықты орнату.
  • Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу.
  • Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, уеропалық ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
  • Халықаралық экономика және валюталық қатнастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету. ;

Еуропалық валютпа жүйесінің атқарушы механизімі ЭКЮ-ді қалыптастыру және реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.

Еуропалық валюта валюталық қорлардың Одаққа мүше елднрдің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы «делор жоспары» дегенмен тығыз байланысты.

Еуропалық Одақтың қайраткері Ж. Делор еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынады: 1) Еуропалық одақтын жекелеген елдер арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзіге асыру; 2) Еуропалық одақтын орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды Еуропалықұ одақтын ортақ валютасына ауыстыру.

1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия, Ипания, Португалия қосылады. 1991 жылы бір тұтас Еуропалық экономикалық кеністік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық одақ құруды құптады.

Батыс еуропа елдері валюталар курсының тербелуін реттеу мақсатында құрылған валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарады. Дегенмен, 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен жаңылды. 1990 жылдың қыркүйкгінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның фунты бөлініп шықты, испандық песет пен португалялық эскудо девольвацияға ұшырайды. Бұл оқйғалардың басты себептерінің бірі аталған елдердің орталық банктерінің биржалардың алып сатарлардың валюталардв құнсыздандыру мақсатындағы әрекетеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі болады. Осның салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз ақша бірлдіктерінің бесеуі солар үшін белгіленге курстын ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл едердің орталық банктері өз валюталарының күрсын жасанды түрде қолданудан бас тартты . Аталған валюталар белгіленген курстан 15 -ке ауытқу мүмкіндігіне ие болады. Орталық банкттер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғарғы денгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге өкілеттік.

Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталары күрсының бір - біріне катсты түпкілікті орнығуы 90- жылдардың соғы болды деп ұйғарады. Бұл процесстердің өзі үш кезеңге бөлінеді [2, 30 б] .

Бірінші кезені: 1998 жылы басталды. Бұл уақытта валюталық Одаққа қабылдау критерйилеріне сай келетін елдер анықталды. Маастрихт келісімі белгіленген критерйилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджкттің тапшылығы (3%-дан артпауы тиіс ), есептеу ставквсы, ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. Осы критерйилерге сай келген мемлекеттер бірінші топтың құрамына кіріп, валюталық одақтын алғашғы мүшелері болады. әзірше бұл критерйилерге Алмания, Люксинбург, ирландия және Австрия сай келіп тұр. 1998 жылдың соңына дейін орталық еуропалық банк құрылды да, одан әрі еуропалық орталық банктер жүйесі құрыла бастайды.

Екінші кезнде, (1990-2001ж. ж. ) Еуропалық орталық банк, алғашқы қадам ретінде валюта айырбасы операцияларында бірыңғай валютаны пайдаланатын болады. Коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары дв валюталвқ рыноктарда осы жолды ұстанатын болады. Екінші кезеннің екінші қадамы (2002-2003ж. ж. ) ұлттық ақшаларды жаңа еуропалық ақша бірдігі - ЕУРО ға алмастырылды. Жаңа, бірыңғай валюта айналымға түседі. Алғашқы кезде (6-ай ішінде) жаңа валюта ұлттық валютамен бірдей айналымда болады. Көрсетілген уақыттын соңына қарай ұлттық ақшалар, жоспарға сай, өздерінің төлем құралы статусын жояды.

Үшінші кезенде Еуропалық валюталық экономикалық одақ кеңістігіндегі банктік санақтардың барлығы еуропалық валюта ауыстырылады. Экономистердің есептеуі бойынша, бірінғай еуропалық валютаның дүние жүзіндегіең қуатты валюталардың бірі болуына мол мүмкіндігі бар. Бұл валюта Еуропалық одақты тұрақтандырып, инфляциямен күрксті жеңілдетеді және АҚШ, Жапония сияқты елдермен нарық үшін күресте кқмектеседі деп күтілуде.

ЕУРО-ның пайда болуы құнды қағаздар мен байланысты келісім-шарттардың көлемін арттырады деген сенім бар. Қазіргі уақытта еуропалық қаржы нарықтары өздерінің шашаранқылығына байланысты дүние дүзілікинвестицияның аз ғана бөлігін қамтуға шамалары жетіп тұр. Қалыптасқан жағдай - Еуропалық одақ қаржы экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес емес. Бірыңғай валютаны енгізу дүние хүзі инвесторларының еуропалық одаққа мүдделігін арттырады сөзсіз.

ЕУРО-ны еңгізу аталған валюта нарығының бір сәтте дүние жүзіндегі ең маңызды нарыққа айналдырып жіберуі әюден мүмкін. Нәтижесінде, капиталдар нарығында бұл валбтаның долларды вғвстыруға шамасы жетілетін болады. ЕУРО-ның орнығуы дүниежүзілік қаржы нарығына өте маңызды өзгерістер әкеледі. Бірыңғай еуропалық валюта еуро доллар мен иенаға төтеп берердеий күш-қуат жинайтын болады.

Жаңа ақша бірлігі бар валютаны екінші валютаға аударуға байланысты шығындарды да күрт кемітеді. Мамандардың есептеулері бойынша бұл шығындар жылына 40-50 млрд доллар сомасын құрады. Еуроны енгізудің тағы бір пайдасы биржалық маклерлер еуропалық валюталварды бұрынғыдай бір-біріне қатысты құнсыздандыру есебінен оңай олжа табу көздерінен бір жола айырылады.

1. 3 Қазақстан Республикасының валюта саясаты .

Әлемдік тәжіриебе көрсеткендей, нарық экономикасы жағдайында мемлекет тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің маңзды тарихи даму кезеңінде валюталық сыясат жүргізуге тиіс. Қазақстанның алдында валюта байланыстарының қызметін құрумен қатар халықшаруашлығын қайта құру, оны нарық жолыны бұру мәселелерін қатар алып жүру жұмыстары тұр. Жақын уақыттарға дейін ҚР-да «валюта реттеу» заңы 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған зағ бойнша жүркді. Бұл Қазақстан егемендік алғаннан кейін қабылданған бірінші заң еді. Бірақ та ол кезде Қазақстан сом зонасында еді, сондай-ақ жеке валюта саясатын жүргізуге практикалық тәдіриебесі аз болды. Бұл кезде еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және алтын валюта резервін құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі заңнын қағидалары либерализацмялау деңгейіне жауап беру мүмкндігінің артта қалғаның байқатты, ол кей жкрлерде қарама-қайшы сипатта болды. Ал қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан ҚР-ның заңының 8-ші бабына түзетулер негізілді.

1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «валюталық реттеу» түралы жаңа заң қабылданды. Жалпы алғанда валюталық реттеу бірнеше әкімшілік шараларды қажет етеді, яғыни бұл валюталық түсімнің көтерілуі және елден валюталық ағылудың қысқаруы деген сөз. Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем балансын бір қалыпта ұстау, валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекетке валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын тигізеді. Сондықтан да валюталық реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті құқық актілерін бекіту, хабар жинау, валюта заңдылықтарын қадағалау және қолдану жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан заңы бойынша валюталық реттеудің обьектісі болып, валюталық байлықтар және олардың операциялары есептеледі.

Жаңа заң бойынша валюталық байлыққа жататындар:

  • шетел валютасы;
  • құнды қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел валютасымен бекітілген номиналдар;
  • алтын құймасы.

Валюта байланыстарының субьектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» жатады. Қазақстан заңы борйынша «резиденттерге» жататындар:

  • Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қыэметте жүргендер;
  • Қазақстан республикасының заңы борйынша құрылған заңды тұлға, Қазақстан территориясындағы және одан тыс жерлердегі филиалдар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми ұйымдар;

Қазақстан Республикасындағы «резидент еместерге» жататындар:

  • Қазақстан Республикасындағы барлық жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары «резидент» түсінігінде көрсетілген ұйымдар жатады. Валюталық операциялар валюталық байлыққа жеке құқық берілу кезінде өтуге байланысты жүргізіледі, шетел валютасын төлем құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ, сыртқы экономиклық қызметте тенгені қолдану. «күнделікті валюта» операцияларыны жататындар;
  • «валюта байлықтарын сатып алумен сату» тауар мен қызмет көрсету операциялары. Жеке меншік құқын пайдалану, шетелге кететін және келетін айналымдар, банк салымынан түсетін табыстар, дивиденттер, әр түрлі саудаға жатпайтын айналымдар (алық алименттер, зейнет ақы және т. б. ) операциялар, . коммерциялық және қаржы несиелері (180 күнге берілген) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Халықаралық валюта қатнастары
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Еуропалық валюта жүйесі туралы
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Халықаралық валюта жүйесінің мәні, құрылымы
Валюта бағамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz