Ақшақар балам
Профессор-оқытушылар мен қызметкерлерге арналған Жаңа жылдық думанды
кештің мерекелік бағдарламасы
1-жүргізуші Серік: Қайырлы кеш құрметті әріптестер!
Мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
2-жүргізушіӘсел : Жаңа жыл- туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.
Ал, мынау, мәңгі бақи-жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
1-жүргізуші Серік: Жаңа жыл- қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
2-жүргізушіӘсел : Біздің кешіміз думанды болмақ. Атап айтқанда ...
1-жүргізуші Серік: Ән думан.
2-жүргізуші Әсел : Дәм думан
1-жүргізуші Серік: Сән думан
2-жүргізуші Әсел : Дүние думан
1-жүргізуші Серік: Осындай әдемі кешімізде Ән думан болатындығы, оның әсем
әнмен өрнектелетіні, Сән думан болатыны сұлу қыздарымыз бен көркем
ұлдарымыздың ең үздік сән үлгілерін киіп сұлуланатындығы, дәм думан
болатындығы думанды кешімізде тек қана дәмді тағамдардың қойылатындығы, ал,
дүние думан болатындығы, барлық қымбат сыйлықтардың осы кеште
сыйланатындығында.
1-жүргізуші, 2-жүргізуші қосылып: Бүгінгі біздің кешімізде ашылмаған
таланттар өнер көрсетеді.СІЗДЕР оған таң қалмаңыздар!
2-жүргізуші Әсел: Әсем кештің ажары
Әсем әнсіз кіреме?
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Мерекелік Жаңа жыл ән шашуымен Ғалия Аронқызын қарсы алыңыздар
1-жүргізуші Серік: Мерекелік шат шадыман, көңіл күйдегі оқытушылар мен
қызметкерлер! Тағы да жаңа жыл мерекесі құтты болсын дей отырып алғашқы
құттықтау сөзді және факультеттердің, кафедралар мен бөлімдердің Жаңа
Жылдық безендіруінің қорытындысын жариялау үшін оқу ісі және дүниетанымды
қалыптастыру жұмыстары проректоры Даркенов Құрманғали Ғазезұлына сөз
береміз.
Проректордың құттықтау сөзі
факультеттердің безендірілуіне 1 орын, кафедралардың безендірулеріне 1.2.3
орын,
бөлімдердің безендірілуіне 1,2,3 орын
2-жүргізуші Әсел: Серік біздің думанды кешімізге қонаққа Новый год әнімен
Қанапин Аслан келіпті, тамаша әнді тарту ететін Асланды қарсы алайық..
1-жүргізуші Серік: Жыл санауымызда тышқан жылы он екі жылдық
мүшелдің бастауы екенін бәріміз білеміз. Ырымға сенетін елміз ғой
тышқан жылын жақсы көңіл-күйде, жақсылықта шығарып салып, келе жатқан
молшылықтың белгісі сиыр жылын ырымға сүйеніп, есік қағып тұрған жыл
бізге табыс әкелсін деп қарсы алайық.
2-жүргізуші Әсел: Шығыс күнтізбесі бойынша 2009 жыл – қызыл сиыр жылы
екен. Ал, жалпы сиыр атаулы еңбекқор екенін ескерсек, бұл жыл
еңбектің зейнетін көретін жыл болмақ. Табыстарға бастайтын талай
мүмкіндіктер туады, тек сол сәтті қалт жібермей ұстап қала білсек
жақсы.
1-жүргізуші Серік: Сиыр шығыс елдерінде үлкен құрметке ие, әсіресе Үнді елі
оның қасиетіне бас иіп, пір тұтады. Жаңа жылда молшылыққа кенелгіңіз
келсе, аянбай еңбек етіңіз. Дастарқанға ұнататын бар мәзірді: сүт
тағамынан, шөп-шаламнан, дәнді-дақылдар қосылып жасалған түрлі тағамдарды
қойып, ал, сиыр еті қосылып жасалған тағамдар мен салаттардың алуан түрін
қоюдан аулақ болыңыз.
2-жүргізуші Әсел : Туындасын кеудемдегі жаңа жыр
Жаңа жылда жан құрбылар, жайнай жүр
Шалқи келіп шабытпен
Шаттығымның есігін қақ, жаңа жыл !
1-жүргізуші Серік: Бақытыңды, ырысыңды көрсін ел,
Жалын құшқан жас отауға енші бер.
Жылу әкел, мейірім бер, жаңа жыл!
Тату болсын бір-бірімен көршілер.
2-жүргізуші Әсел: Біз осы бүгін мерекелік тілек айтуға дайындықпен келген
әріптестерімізге сөз беруді ұмытып кетпелік. Институт қабырғасында отыз
үшінші жаңа жылын қарсы алып отырған, көптеген шәкірттері Қазақстанның
түкпір түкпірінде қызымет етіп жүрген
1-жүргізуші Серік: салмақты, ардақты, ешқашан ашуланбайтын, ашуланса да
аздап қана ашуланатын, іске сайлы, кафедрасына жайлы Әбілхан Үмбетұлына
2-жүргізуші Әсел: және біздің де институтағы еңбек стажымызға 30 жыл болып
қалыпты-ау девизімен қызмет істеп жүрген ветеран деп атауға қыймайтын әлі
де жап-жас, жайдары жүзді Жанат Жанайдарқызы мен Пернегүл Әлімқызына сөз
берелік.
1-жүргізуші Серік: Құрметті әріптестер! Бізге қонаққа Аяз Ата мен Ақшақар
келе жатыр, біздер орнымыздан тұрып, қошеметтеп ортамызға шақырсақ жөн
болар.
Барлығы хормен: Аяз Ата, Ақша қар, Аяз Ата, Ақша қар, Аяз Ата, Ақша қар.
( Аяз ата мен Ақшақар кіріп амандасады )
Аяз ата Марал: Амансыңдар ма балаларым! Ақша қар екеуміз сендерді сағынып
келіп қалдық.
2-жүргізуші Әсел: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Біздің бүгінгі Таң қалмаңыз
атты жаңа жылдық мерекелік кешімізге хош келіпсіздер. Бүгінгі кешіміздің
қонақтары – Аяз ата мен Ақшақар.
Аяз ата Марал: Амансың ба, ұлдарым,
Өздеріне оралдым.
Есенсің бе, қыздарым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың,
Кермет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау демалғым.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын.
Оған да ән арналсын.
1- жүргізуші Серік: Аяз Ата және Ақшақар
Сіздерге ән мен би де бар,
Отыр ата, сәл демал,
Көңіл хошы күй де бар
Ақшақар Гүлшат: Ата, шырша шамын жағайық,
Қуанып бір қалайық,
Қуантайық ұл-қызды,
Демалып бір қалайық.
2-жүргізуші Әсел: Біз Жаңа Жыл мерекесінің символы шырша шамын жағуды
ұмытып кетпелік, ендеше бәріміз бірге үш рет Шырша шамы жағылсын деп
айталық.
Шырша шамы жағылсын
Шырша шамы жағылсын
Шырша шамы жағылсын
шыршаның шамы жағылуы керек
1-жүргізуші Серік: Жаңа жылдың шырша шамы жағылды. Біз осы арада өздері
шағын, ықшам ғана бірақ, атқаратын жұмыстары үлкен Салтанат Сағындыққызы
мен бас бухгалтер Сембек Арғынбайұлына сөз берелік.
2-жүргізуші Әсел: Жаңа сиыр жылының құрметіне, назарларыңызда Жаңа жылдық
мерекелік Ақшақарлар биі.
Аяз ата: Әсем желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған
Міне, сұлу қыздарым
Міне, көркем ұлдарым
Бізді күтіп сағынған.
Құрметті балаларым Жаңа жыл құтты болсын!
Ақшақар Гүлшат: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Қарсы алайық құрметпен,
Жаңа жылды сиырды.
Намыс додадағы музыкамен Жаңа жыл СИЫР ортаға келеді.
(Сырттан сиыр кіріп жиналған қауымды сүзгілеп
өтеді)
1-жүргізуші Серік: Келе жатқан жаңа жылымыздың бұл қылығын еркелік деп
түсініп, молшылықтың белгісі момақан сиыр жылында барлығымыз сүзіспей тату
да тәтті өмір кешейік. Ал, ендеше сиырымыз еркелеп болса сиырдың бізге
айтар сөзін тыңдалық.
Жаңа Жыл Сиыр сөзі Әлібек: Құрметті жұртым, жыл санауымыз бойынша он екі
жылдық мүшелдің бастауы болып табылатын тышқан жылы сіздерге өзінің бар
ырысын беріп, елімізде береке бірлік орнатыпты. Тышқан жылы барлық адамзат
қауымы жақсы көңіл-күйде болып, жақсылыққа, бақытқа кенеліпті. Ал, енді
тышқан жылымен қоштасып, мені қарсы алудасыздар. Жалпы мен жаратылысым
бойынша ұстамды да ерке, қарапайым болып табыламын. Кімге болса да
көмегімді тигізуге үнемі асығып жүремін. Менің жақсылығым мен қайырымымды
қабылдай білісеңіздер, мен сіздерді жыл бойы молшылыққа кеңелтемін.Тышқан
жылы тәріздес бар ынта жігеріммен сіздерге жайлы болуға тырысамын.
Аяз ата: Бәрекелді, жаңа жылда айтылған жақсы сөздер қабыл болғай.
2-жүргізуші Әсел: Меніңше, тілек айтатын уақыт болып қалды ау деймін. Олай
болса Серік ортаға Шадияр Аспандиярұлы бастаған факультет декандарын
шақырсақ қайтеді.
1-жүргізуші Серік: Әсел Жаңа сиыр жылының жақсы игі телегімен ұштасып
жатқан парасатты аға-апаларымыздың құрметіне Қонысбаев Улихан мен Ражанов
Қанаттың орындауындағы Жаңа Жыл әнін тындайық.
(Уалихан мен Қанат өлеңдерін айтып кетеді)
2-жүргізуші Әсел: Серік, манадан бері біраз игі тілектер мен тамаша ән-
билер орындалып Аяз атамыз бен Ақшақарымыз алыстан шаршап келгендіктерін
ұмытқан болар. Енді атамызды тыңдайық, қалай қарайсын?
1-жүргізуші Серік: Иә, Әсел дұрыс айтасын.
2-жүргізуші Әсел: Ендеше, Ата есігімізді тағатсыздана қағып келіп жеткен
жаңа сиыр жылымыз құтты болсын дей келе, білім ордамызға келгендегі көңіл
күйіңіз жайлы барша қауымға айта кетсеңіз деп ойлап тұрмын.
Аяз ата: Иә, балам сендерді, көрмегелі бір жылдың жүзі болды. Білім
ордаларында елеулі өзгерістер болғанын көріп Ақшақар екеуміздің жанымыз бір
жадырап қалды. Бірінші қабаттарыңызға барлық жаңалықтардың жаршысы болып
табылатын алып теледидар қойылыпты. Бұл жайлардың бәрі мені шаттандырып,
қуантты. Сондай-ақ сол қабатта орналасқан ақпараттық кітапхана кешенінің
дәліздері керемет бір өзгеріске ұшырап, ғылым мен білімге шақырған Абай
атамыздың суретімен, қасиетті қанатты сөздерімен өрнектеліпті. Ақшақар
осындай жаңалыққа құштар Роза қызым болса, сыйлық берші.
Екінші қабаттағы еліміздің рәміздері мен елін сүйген және де елі
сүйетін елбасымыздың, тәуелсіздігіміздің символы тәуелсіздік монументінің
керемет суреттерін көріп қуанышқы бөлендім. Басшыларыңыз Жасұлан
Құдайбергенұлының көп іс тындырғаны көрініп ақ тұр.
Ал, балам үшінші қабатқа көтеріліп нағыз кереметтің куәгері болдым,
оған қалай жаным жадырамасқа. Болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беретін
мамандарды дайындауға барлық қолайлы жағдай жасалған педагогикалық-
психологиялық кешенді көріп таң қалдым. Осындай алып іс, алып адамның
басшылығымен жасалды-ау деп ойланып келе жатсам алдымнан Пернекүл деген
кішкентай қызым шықты. Ақшақар балам Пернекүл қызыма сый көрсетші.
(жиналған жұрттың шапалағы жүргізушілер арқылы)
Өзге жерлерде Ақшақар екеуміздің сүйікті мезгіліміз қақаған қыста
сөніп тұратын фонтанды көріп одан сайын қуандым. Күні-түні әсем фонтанның
жанын шықпай, керметіне тамсанатын Рая қызыма мына фото альбомды
ескерткішке табыс етсек қалай қарайсын Ақшақар. Қызым жұмыста ғана емес
үйіндегі демалыс үстінде де фонтан жанындағы фотоларын тамашалап, қарап
отырсын.
Этаждан этажға көтерілген сайын Ақшақар екеумізді таңғажайып
кереметтер күтіп тұрған шығар десем төртінші қабатта орналасқан Ізбасты
балам басқарған музыка және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушылары тышқан
жылына өкпелі болған-ау деймін көңілім су сепкедей басылып қалды. Балам
төртінші қабат Ақшақар екеумізді күтпеген болар еш өзгеріс жоқ, жарқыраған
жаңа жылдық шырақтар да көрінбейді. Мен оларға ренжулімін. Ақшақар балам
Ізбасты ұлыма келер жылға бар күш жігерімен даярлық жасайды-ау деген
үмітпен сый көрсетіп жіберші.
Су сепкедей басылған көңілімді Әбілхан ұлымды кездестіріп көтердім.
Жаңа жылды жақсы көңіл күйде қарсы алып, жыл бойы жасаған еңбегінің
зейнетін көретін ұлымның бесінші қабаты өз бетінше әсем шамдардың көмегімен
керемет безендірілген екен. Ал, енді Әбілхан ұлыма қарсы қанатта орналасқан
Мейірбек ұлым Әлиядай қызым дүниеге келген тышқан жылына өкпелі тәріздес.
Ешқандай жарқыраған жаңа жылдық от шашулар көрінбейді. Ақшақар балам
Мейірбек ұлымының өкпелегені тарқасын сый құрмет көрсетіп жіберші. Мен
екінші оқу ғимаратында болып тентек Дастан ұлымды кездестірмей қайттым.
Олар мүлдем жаңа жылды күтпеген болар еш жаңалық жоқ, бар күш жігерін спорт
залды жөндеуден өткізу жұмыстарына жұмсап шаршап жүр-ау деймін.. Дастан
баламды кездестіргенімде қамшымның астына алып бір сабап алар едім. Келер
жылы шаршағанын ұмытып, Аяз атасы мен Ақшақарды жақсылап қарсы алуда
жігерлі болатын Дастан ұлыма сыйлық берейінші.
Абай, Қанат ұлдарымның да елеулі істерін естіп жаным бір жадырап
қалды. Ұлдармының тәрбиелеген бүлдіршіндері қалалық, облыстық,
республикалық тіптен халықаралық спорт жарыстарынан жүлделі орындармен
қайтуда. Осы ұлдарым қайда екен? Ақшақар балам, келе жатқан сиыр жылы
дүниеге келген Абай балам мен Қанат балама сыйлық берейінші.
Білім мен тәрбиенің ошағы білім ордаларыңыз бес жылдық аттестациядан,
үш жылға сапа және менеджмент жүйесі бойынша тексеруден сәтті өтіпті, оның
өзі білікті басшыларыңыз Жасұлан балам мен білімді оқытушыларыңыздың ерен
еңбегі болар. Осындай сәтті қадамдарыңыз тышқан жылы көбейіп Мөлдір, Роза,
Эльмира, Гүлдана қыздарыңыз бен қажылыққа барып қайтқан Мейрамхан
ұлдарыңыздың магистратураға түсуімен өз жалғасын тапқан екен. Қыздарым,
ұлдарым үнемі осындай жақсылықтарға кеңеліп, еңбектеріңіздің мол табысын
көре беріңіздер. Осындай жақсы, игі бастамалардың басындағы басшыларыңыз
Жасұлан Құдайбергенұлы үшін бір тост көтертіп қойсаң қалай болады Серік
балам.
1 жүргізуші Серік: Құрметті әріптестер, Жаңа 2009 жылы институт келешегі
кемел, бақыты баянды болсын. Осы істердің басындағы басшымыз, қайда болса
да білім ордам, өз ордам деп жүрегі соғып жүретін ректорымыз Жасұлан
Құдайбергенұлы үшін бір тост көтерелік.
(Серіктің жиналғандарға тост көтертуі)
2 жүргізуші Әсел: Аяз ата білім ордамызда жыл бойы атқарылған ісіміз бен
еңбегімізді бағалап жатқаныңыз бізді де қуантады. Ал, енді жаңа сиыр
жылында бізді не күтіп тұрғаны жайлы айта аласызба?
Аяз ата Марал: Жарайды қызым, айтып көрейін, қалауын білсін. Есігімізді
айқара ашып келген қайырымды сиыр жылында Бибіхадиша қызым, Шадияр ұлым
докторлық, Ардақ қызым мен Асел қызым кандидаттық диссерацияларын қорғап,
Бақытгүл, Базар, Айсауле қыздарым доценттікке ұсынылмақ..
1 жүргізуші Серік: Аяз Ата бәрекелді, айтқан игі тілектеріңіз орындалып,
ордамызда білімге құштар ғалым ұл-қыздарымыз көбейетін болды ғой. Жаңа
жылдық болжамыңызға көп-көп рахмет
Аяз ата Марал: Балаларым сендерге де рахмет, жыл бойы молшылыққа кеңелтіп,
сәттілікті алып келетін ЖАҢА ЖЫЛЫМЫЗ баршамызға жайлы болсын.
Ақшақар: Аяз ата, шаршаған боларсыз біздің құрметімізге деген Мүсілима
қызыныздың әзірлеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz