Шығындар баптарының атаулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Жалпы және әкімшілік шығысар туралы түсінік
1.1 Жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және олар туралы
мәліметті қалыптастыруда бухгалтерлік есептің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары ... ... 7
1.3 Жалпы және әкімшілік шығыстардың синтетикалық
баптары ... ... ... .11

2 Жалпы және әкімшілік шығыстардың талдау есебі
2.1 Жалпы және әкімшілік шығыстардың талдау есебі және оларды есептен
шығару тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 19
2.2 Өндірістік шығындар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

3 Жалпы және әкімшілік шығыстарды есептен шығаруды есепке алу және
оның құрамын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...32

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да
активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында
пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып
табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 7200 - “Жалпы және
әкімшілік шығыстар” деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
“Тауарлы- материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп
стандартына және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес шығындар
субъектілермен тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілмейтін
және мерзім шығындары болып табылатын (есепті мерзімде шығарылған шығындар)
шығындар қарастырылады.
Субъект мерзім шығындарын белгілі мерзімде ешқандай жұмыс атқармаса да
шегеді және оларды есепке алу мен есеп берудегі көрінісі тұрғысынан мерзім
шығындары тауарлы – материалдық қорлардың қалдықтарына жатқызылмайды.
Сондықтан, мерзім шығындары – субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің есеп
берудегі нәтижелердің көрсеткіші.
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар болады және олар
өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің,
көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық
жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында
кезең шығыстарын жасайды.
“Тауарлы – материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп
стандартына және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес мерзім
шығындары құрамына 3 шығын тобы кіреді:
жалпы және әкімшілік шығыстар;
тауарлы – материалдық қорларды өткізу шығындары;
несие үшін пайыздар төлеу шығындары;
Бұл шығыстар тауарлы – материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды,
олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен
шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің
қалдықтарына жатқызылмайды.
“Жалпы және әкімшілік” атты шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-
шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл
шығыстардың есебі 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” деп аталатын активті
шотта жүргізіледі.
Жалпы және әкімшілік шығыстарды есепке алудың негізгі мақсаты -
ұйымдағы бухгалтерлік есептің ақпаратты және бақылау, талдау функцияларын
күшейту, сонымен қатар оның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын өте
тиімді пайдаланудағы ролін арттыру арқылы шығындардың тиімділігін арттыру
және кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық
көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты - ұйымда бухгалтерлік есеп жүргізуде
болатын жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасын, бухгалтерлік
есептегі ролін, номенклатуралық баптарын, синтетикалық есебін, есептен
шығару тәртібін және оның жетілдіру жолдарын кеңінен қарастыру.

1 Жалпы және әкімшілік шығысар туралы түсінік
1.1 Жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және олар туралы
мәліметті қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен
бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде
өндірілген өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды,
қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға
қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізгендігі бухгалтерлік есептің
басты міндеті болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәлімет
жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып табылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты
осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадайэкономикалық
пәндермен салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін
теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан сипаттау болып табылады[1].
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда
орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі
уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген
кәсіпорындарда, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу
үрдістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп
отыр.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының
сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтесеп кез-келген кәсіпорынды есеп беру мен басқару, сондай-ақ
экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті
ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.
Кәсіпорынның шаруашылық операцияларының тиімділігі мен олардың
заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың
қатаң қатаң тәртіп пен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп
жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық
өндірістердің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негізі
болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымдық мемлекеттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті
ақпараттық мәліметтері мен кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан
орындалуын қамтамасыз ету. Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік
шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа
ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты
емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де белгілі бір
кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына “Жалпы
және әкімшілік шығыстарын” жатқызамыз. Бұл шығыстар тауарлы-материалдық
қорлардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің
жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және
аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды. Бұл шығыстардың есебі
7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” деп аталатын активтік шотта
жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін шешуде
бухгалтерлік есеп аса маңызды роль атқарады. Ол негізгі ақпарат көзі және
экономикалық мәліметтерді жеткізуші болып табылады және де барлық өңделетін
экономикалық ақпараттың 90% бухгалтерлік есептің үлесіне тиеді. Сондықтан,
бухгалтерлік есептің негізгі ақпарат көздері ретінде – кәсіпорындағы
шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін шешудегі ролі, ең алдымен,
шаруашылық құралдардың және оларды қаржыландыру көздері немесе
міндеттемелер және меншік капиталы, сондай-ақ кәсіпорындардың қаржы-
шаруашылық қызметін жан-жақты көрсететін экономикалық қорытынды
көрсеткіштері туралы жеткілікті толық, экономикалық негізделген және ең
шынайы ақпарат берумен айқындалады. Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп
материалдық, еңбек және қаржы қорларын пайдалану бойынша жасалған
шаруашылық операцияларын құжаттармен негіздеуде және үздіксіз көрсетуді
талап етеді, соның арқасында көптеген не әртүрлі шаруашылық операциялары
қорытындыланады және үйлесімді ақпараттық жүйелер түрінде көрсетіледі, ол
өз кезегінде кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында қолда
бар қорлардың сақталуын және ұтымды пайдалануын қатал қадағалайтын
бухгалтерлік есептің бақылау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің №7 “Тауарлы-материалдық қорларды
есепке алу” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
кәсіпорындардағы жалпы және әкімшілік шығыстардан (өзге шығындардан басқа)
тұратындықтан кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелері,
оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру арқылы шешілуі керек.
Сондықтан шығыстардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін (резервтерін)
анықтау үшін бухгалтерлік есептің бақылау қызметтерін күшейту мақсатында
жалпы және әкімшілік шығыстардың белгіленген есептік баптар тізбегіне
сәйкес олардың сметаларын жасап, оны бекітуі қажет және сметалық-қаржылық
тәртіпті сақтау үшін қатаң бақылау қою керек. Мұндайда бас бухгалтердің
ролі есепті ұйымдастырушы ретінде тек сметадан тыс, артық шығындар жасауға
тыйым салумен ғана шектелмейді, ол сметамен қарастырылған шығындардың әрбір
түрінің тиімділігін арттыруға және кәсіпорындардың жалпы және әкімшілік
басқару аппаратын ұстау шығындарын барынша қысқартуға жасалған шаралардың
орындалуы үшін белсенді күрес жүргізуі тиіс[2].

1.2 Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да
активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында
пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субектінің шығыстары болып
табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 7200 “Жалпы және
әкімшілік” шығыстар деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есепке
алынады.
Жалпы және әкімшілік шығыстар көлеміне бақылауды күшейту және олардың
тиімділігін арттыру мүмкіндігін анықтау мақсатында “Тауарлы материалдық
қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп стандарты мен оған берілген
әдістемелік нұсқаулардың талабына сай және сауда мекемелерінің қаржы
шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін ескеріп, жалпы және әкімшілік
шығыстарын есепке алуды мынадай жасалған есептік баптар тізбегі бойынша
жүргізуді ұсынады (1.2.кесте)

Жалпы және әкімшілік шығыстар баптарының тізбесі.
Баптар Шығындар баптарының атаулары.
1 Көліктік қызмет көрсету шығындары
2 Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығындары
3 Еңбекке ақы төлеу аударымдары
4 Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді
(кеңсе,офис, т.б) күзету, қызметкерлердің еңбек және техника
қауіпсіздігін сақтау шығындары
5 Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды,
құрылыстарды, жабдықтар мен инвесторларды жалға алу және ұстау
шығындары
6 Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың
тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы
7 Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету
шығындары
8 Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің іссапарлары мен жүріп тұру шығындары
9 Мүліктік және басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік
құрамдағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындары
10 Тауарлы-материалдық қорлардың белгіленген табиғи кему шегін
(нормаларынан) тыс ырапталуы (жоғалуы), сондай-ақ талаптардың
негізсіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты
жетіспеушілігінен және жұмсап қоюдан болған ысыраптар.
11 Басқадай жалпы және әкімшілік шығыстар

Жалпы және әкімшілік шығыстардың ұсынылған баптарының бірыңғай
тізбегін сақтау және солар бойынша біртектес шаруашылық операцияларын
бірдей және экономикалық дұрыс көрініс табу үшін шығындардың жекелеген
баптарының экономикалық мазмұнын қарастырамыз.
1-бап “Көліктік қызмет көрсету шығыстары”. Бұл бапта есептеледі:
-қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын
шарт бойынша жалға алу шығындары;
-гараждарды немесе қызмет бабындағы жеңіл автомобильдердің және басқа
да көлік құралдарының тұру орындарын жалға алу шығындары;
-меншік кіріс жолдарын ұстау және бекітілген келісім-шарттарға сәйкес
оларды пайдалану үшін темір жолдарға төленетін шығындар;
2 – бап “Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығыстары”. Бұл бапта көрсетіледі:
-еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелеріне сәйкес басқару аппаратының
тізімдік құрамындағы (штаттық) қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеудің
барлық түрлері;
-ведомстволық күзеттің тізімдік құрамындағы қызметкерлерінің, сонымен
бірге сауда субъектілерін, кеңсе мен офистарды әскери-қарауыл мен кәсіби
өрттен қорғау қызметкерлерін қосқанда еңбектеріне төленетін ақының барлық
түрлері.
3 – бап. “Еңбекке ақы төлеуден аударымдар”. Бұл бапта басқару
аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерінің еңбекке
ақы төлеу қорының заңдарда белгіленген мөлшерлемесі бойынша төленетін
әлеуметтік салық көрсетіледі.
4 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді
күзету, қызметкерлердің еңбегін қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау
шығыстары”. Бұл бапта есептеледі:
-күзетуге жасалған келісім-шарттар бойынша басқа субъектілердің
көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу шығындары;
-өртке қарсы күзет шығындары;
-қызметкерлерге дәрілік бақылау жүргізгені үшін медициналық
мекемелерге (емханаларға, санитарлық-эпидемиологиялық стационарларға)
төленген шығындар;
-денсаулық сақтау объектілерін, денсаулықты жақсартатын лагерлерді
мәдениет және спорт объектілерін ұстау шығындары;
-еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ
денсаулықты жақсартатын шараларды жүзеге асыруға кеткен басқадай шығындар;
5 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды,
құрылыстарды, жайларды, жабдықтар мен инвентарларды жалға алу және ұстау
шығындары”. Бұл бап бойынша мынадай шығындар есепке алынады:
-жалға алынған ғимараттар, құрылыс-жайлар, жабдықтар, инвентарлар мен
жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың басқадай
объектілері үшінжалға берушіге тиісті жалгарлік ақы;
-жылытуға, жарық беруге, сумен қамтамасыз етуге, қоқыс шығаруға және
басқа да коммуналдық қызмет етуге кеткен шығындар;
-жайларды таза ұстауға байланысты жұмсалған шаруашылық және құрылыс
материалдардың құны;
-қызметкерлердің арасында мәдени-ағарту, дене шынықтыру, денсаулықты
жақсарту жұмыстарына арналған ғимараттар мен құрылыстарды ұстауға кеткен
шығындар;
Бұл бапта есепке алынбайды:
-қызметкерлердің еңбегін қорғау мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге кеткен шығындар;
-өрттен және күзеттік қорғауға кеткен шығындар;
6 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі
құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы”. Бұл
бапта көрсетіледі:
-”Негізгі құралдарды есепке алу атты” №6 бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес субъектінің таңдап алған амортизацияны есептеу тәсіліне қарай
жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдар объектілері
бойынша есептелген амортизациялық аударымдар мөлшеріндегі олардың тозу
сомасы. Амортизациялық аударымдар меншікті де, жалға алынған негізгі
құралдар бойынша жүргізіледі.
-бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне қарай есептеп шығарылған
мөлшерлері бойынша материалдық емес активтердің ай сайын есептелген
амортизациялық аударымдар сомасы.
7 – бап. “Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету
шығындары.” Бұл бапта есепке алынады:
-пошта, телефон, телеграф, факстік байланыстар қызметін төлеу
шығындары;
-меншікті телефон бекетерін, коммутаторларды, телетайптарды,
диспетчерлік және радио байланыстарды ұстау және пайдалану шығыстары;
-бақылау-кассалық аппараттар мен басқа да басқару техникалық
құралдарына қызмет көрсету, техникалық қадағалау және күтім жасаған сырт
мекемелерінің қызметін өтеу шығындары;
Бұл бапта есептелмейді:
-басқару техникалық құралдарын күтетін және жөндеумен щұғылданатын
тізімдік құрамдағы инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу
шығындары (еңбекақыдан аударымдарды қоса);
8 – бап. “Басқару аппараты, күзет және басқа тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің іссапарлар мен жүріп-тұру шығындары”. Бұл бапта
көрсетіледі:
-қызмет бабындағы іссапарлар туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
мекеме қызметімен байланысты қызмет бабындағы іссапар шығындары;
-субъект орналасқан (қалада, ауданда) аумақта іссапармен рәсімделген
қызмет бабындағы жүріп тұру шығындары;
-басқару аппараты қызметкерлерінің жұмыс орындарына жалпы қолданыстағы
көлікпен, арнайы маршруттар және ведомстволық көліктермен жету жол ақысын
төлеу шығындары;
-жүріп-тұру шығындары: қызмет орнын ауыстыру,жаңадан қабылданған және
басқа жерге қызметке жіберу, сайлаулы қызметпен айналысу үшін
қызметкерлердің жүріп-тұру шығындарын өтеу мақсатындағы өтемақы және
кепілдік туралы қолданылып жүрген заңға сәйкес қызметкерлерге біржолғы
төлемақы, тәуліктік, жол жүру және мүлік тасымалдау құны төленеді.
9 – бап. “Мүліктік және басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік
құрамадағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындары”. Бұл бапта
қарастырылады:
-негізгі құралдарды, тауарлы материалдық қорлар мен басқа да жалпы
шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы мүліктерді (кеңсені, офисті)
сақтандыру ұйымдарында ерікті және міндетті сақтандыру шығындары;
-еңбектің қалыпты жағдайы мен техника қауіпсіздігі және еңбек заңынжа
қарастырылған басқа жағдайларға сәйкес әкімшілік басқару аппараты, күзет
және тізімдік құрамдағы қызметкерлерді жеке міндетті түрде сақтандыру
шығындары;
10 – бап. “Тауарлы-материалдық қорлардың белгіленген табиғи кемуі
мөлшерлерінен (нормаларынан) тыс ысырапталуы (жоғалуы), сондай-ақ
талаптардың негіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты
жетіспеушілігін және жұмсап қоюдан болған ысыраптар”.
“Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп
стандартының талаптарына сәйкес бұл баптағы шығындар жалпы және әкімшілік
шығындар құрамында есепке алынады.
Солардың ішінде бұл бапта есепке алынады:
-тауарлық-материалдық қорлардың, ақша және басқа мүліктердің
жетімпеуі, ысырапталуы мен ұрлануынан пайда болған борыштарды есептен
шығару шығындары, егер сот негізделмеген талаптар ретінде, өндіріп алуға
жол бермегенде, немесе егер кәнәлі жақтар есебінен қажетті сомаларды өндіру
мүмкін болмаған жағдайда бекітілген тәртіпке сай субъекті есебіне
жатқызылады.
-бекітілген мөлшерден асатын тауарлар қалдықтарын есептен шығарудан
пайда болған ысыраптар, егер де ол материалдық жауапты адамдарың кәнәсінен
пайда болмаса және келісім-шарт бойынша жабдықтаушыларға ұсынылуға жатпаса;
-табиғи зілзала салдарынан тауарлардың сынуы, ақаулануы және
бұзылуынан болған ысыраптар;
-бастапқы сапасын ішінара жоғалтқан өндірістік тауарларды арзандатудан
келген жоғалтулар;
11 – бап. “Басқадай жалпы және әкімшілік шығыстар”. Бұл бапта жоғарыда
көрсетілген шығындар баптарының бірде біреуіне жатқызылмайтын мынадай
шығындар есепке алынады:
-салықтар, алымдар және мүліктер мен жылжымайтын мүліктерден бюджетке
аударымдар, заңдарда белгіленген және жергілікті үкімет органдарының
шешімдеріне сәйкес қарастырылған және жаңадан енгізілген басқадай
аударымдарды төлеу шығындар сомасы;
-күмәнді талаптар бойынша есептелген резерв сомасы;
-қызметкерлерге қосымша берілген демалысты өтеу, оның ішінде бала
тәрбиелеп отырған әйелдерге, қызметкерлердің жанұясы мүшелерінің демалу
орындарына барып қайту шығындарын төлеу;
-акционерлердің тізімін жүргізу шығындары;
-қызмет бабында пайдалануға арналған мерзімдік баспасөзге жазылу,
арнайыжәне анықтамалық әдебиеттерді, баға көрсеткіштері, тізбелер, нұсқаушы
және субъектінің шаруашылық қызметіне байланысты басқа да материалдар алу
шығындары;
-жұмысшы күшін жинақтау, кадрларды, мамандарды дайындау және кәсіптік
біліктілігін жетілдіру шығындары;
-қаланы (ауданды) көркейту, ауыл шаруашылығына көмек көрсету және
осыларға ұқсас жұмыстарға кететін шығындар;
-жалпы және әкімшілік шығындар құрамына жатқызылатын басқа да ұқсас,
бірақ жоғарыда қарастырылған баптардың біреуіне жатқызылмайтын шығындар.
Тұтынушылар кооперациясы жүйесінде осы бапта мынадай шығындар есепке
алынады:
-тұтынушы кооперативінің жаңадан тұратын мекеніне көшкен мүшелерінің
пай жарнасын аудару шығындары (бұл шығындар пай жарнасын аударған мекеменің
есебіне жатқызылады);
-пай жарналарынан жиналған өкілдерге төленетін сыйақылар;
-бақылау-тексеру және басқа да кооперативтік бақылау комиссияларының
штаттан тыс мүшелерінің қызметіне ақы төлеу шығындары[3];

1.3 Жалпы және әкімшілік шығыстардың синтетикалық баптары

Кез-келген кәсіпорындар, мекмелер, өндірістік ұйымдар өнім өндіруге
кеткен шығыстардан басқа сондай-ақ жалпы шығындар мен басқару аппаратын
ұстаумен байланысты шығындарын да шегеді. Олар өндіріс көлеміне тәуелді
емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір
түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе
де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Кезең
шығысына “Әкімшілік шығыстарды” жатқызуға болады.
“Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп
стандартының талаптарына сай жалпы және әкімшілік шығындар тауарларды
өткізу шығындарынан жеке еспке алынады да, субъектілердің қаржы шаруашылық
қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарында 7210 “Әкімшілік шығыстар” деген
шотта қарастырылады.
Әкімшілік шығыстарды бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсету және
олардың нақты мөлшерінебақылауды күшейту үшін көрсетілген шығындардың жеке
түрлерін ұсынылған есептік баптар тізбегінің экономикалық мазмұнына сәйкес
құжаттармен рәсімдеу тәртібімен бухгалтерлік есеп әдістемесін жан-жақты
қарастырамыз.
1 – бап. “Көліктік қызмет көрсету шығындары” бойынша осы баптың
экономикалық мазмұнына сәйкес 7210 “Әкімшілік шығыстар” шотында көрініс
табатын жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқару шараларын көліктік қызмет
көрсетуге кеткен мынандай шығындар есепке алынады.
Гараждар мен қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер және басқа да жалпы
шаруашылық және әкімшілік мақсатындағы көлік құралдарының арнайы
есептеулерге сәйкес есептелген тозу сомасы мынадай бухгалтерлік тізбемен
есептен (шығысқа) шығарылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
2420 “Негізгі құралдардың амортизациясы және қүнсыздануы” шотының
кредиті.
Заңдармен белгіленген мөлшердегі (нормалардағы) қызмет бабында жүріп-
тұруға жеке меншік жеңіл автомобильдерді пайдаланғаны үшінқызметкерлерге
төленген төлемақы сомасына олармен жасалған келісім-шартпен төлем
ведомосына сәйкес бухгалтерлік шоттарға мынадай жазу жүргізіледі:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті.
Қызмет бабындағы жеңілавтомобильдер мен басқа да көлік құралдарын
жөндеуге арнайы шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға есептелген
еңбекақы сомасына олармен жасалған келісім шарт пен есеп айрысу-төлем
ведомосына сәйкес бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” шотының кредиті.
Аталған жұмысшылардың тиісті еңбекақыларынан заңдармен бекітілген
мөлшерлеме бойынша арнайы есептеу негізінде есептелген әлеуметтік салық
сомасына:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
3140 “Акциздер”; 3150 “Әлеуметтік салық” шоттарының кредиті.
2 – бап. “Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығындары” бойынша сауда
кәсіпорындарының басқару аппаратының, күзет және басқа да тізімдік
құрамдағы қызметкерлерге еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері бойынша
есептелген сомасына есеп айрысу төлем ведомосына мынадай бухгалтерлік жазу
жүргізіледі.
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқамерзімді берешек” шотының кредиті.
3 – бап. “Еңбекке ақы төлеуден аудырымдар” бойынша басқару аппараты,
күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің еңбекақы төлеу
шығындарынан заңмен белгіленген ставка бойынша арнаулы есептеулер негізінде
есептелген әлеуметтік салық сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай
жазулармен көрсетіледі:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
3140 “Акциздер”, 3150 “Әлеуметтік салық” шоттарының кредиті.
4 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттардағы объектілерді
(кеңсе, офис) күзету, қызметкерлердің еңбегін қорғау және техника
қауіпсіздігін сақтау шығындары” бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына
сәйкес көрсетілген мақсттарға жұмасалатын төмендегідей шығындар есепке
алынады.
Қызметкерлерге қалыаты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге кеткен шығындар сомасы: қол жуатын сабын, орамал, жуатын
жуу құралдары, дәрі-дәрмек пен таңу материалдары мен аптечкены толтыру,
т.б. құрал-жабдықтардың құны шығыс құжаттамасы мен төлеуге ұсынылған шоттар
негізінде мынадай бухгалтерлік жазулармен есептен (шығысқа) шығарылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті.
1310 “Шикізаттар мен материалдар” ;
1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” - шығындарды кассадан қолма-
қол төлеген жағдайда.
Желдеткіштерді орнату және ұстауға, машиналар мен олардың қолданылып
жүрген басқадай күрделі емес сипаттағы құрылғылардың түрлерін қоршауға
жұмсалған құрылыс, шаруашылық, майлайтын және сүртетін материалдар, сондай-
ақ өрттен сақтану күзетіне кеткен материалдық шығындар сомасы тиісті шығыс
құжаттарына мынадай тізбемен есептен шығарылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті
Тиісті шоттардың кредиті:
1310 “Шикізат және материалдар”;
1330 “Тауарлар”;
1350 “Өзге қорлар”.
Кассадан қолма-қол төленген ведомстволық күзетті ұстау шығындар
сомасына: кеңсе, пошта-телеграфтар, телефондар және басқадай шығындар,
күзеттің тізімдік құрамындағы қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеудн басқа
төлеуге ұсынылған шоттарға сәйкес:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті.
1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті.
5 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды,
құрылыстарды, жайларды, жабдықтар мен инвентарларды жалға алу және ұстау
шығындары” бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сай тиісті шығыс
құжаттары негізінде келесі шығындар есепке алынады.
Ғимараттар, құрылыстар, жайлар жабдықтар мен инвентарларды ұстау және
ағымдағы жөндеу жүргізуге тиісті тәртіп бойынша құжаттармен рәсімделіп,
жұмсалған шаруашылық пен құрылыс материалдары, қосалқы бөлшектер және
жылытуға кеткен отындар құны тиісті шығыс құжаттарына сәйкес мынадай
бухгалтерлік тізбесімен есептен шығарылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті.
Тиісті шоттардың кредиті:
1310 “Шикізат пен материалдар”;
1330 “Тауарлар”;
1350 “Өзге қорлар”;
Жылу, жарық, сумен жабдықтау, канализация, қоқыстарды шығару және
басқа да коммуналдық қызметтер үшін сырт мекемелердің төлеуге ұсынылған
шоттары негізінде есептелген төлеу шығындары сомасына:
7210 “Әкімшілік шығыстар”;
3390 “Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шотының кредиті;
Осындай бухгалтерлік тізбесырт мекемелерінің электр, газ
есептегіштері, су өлшеу және басқа да қондырғыларды тексеру, таңбалау және
пайдалануға беру жөніндегі көрсеткен қызметтеріне есептелген төлеу шығындар
сомасына олармен жасалған келісім-шарттар мен төлеуге ұсынылған шоттарға
сәйкес беріледі.
Кеңсе және офистегі осы бапта қарастырылған ьір жолғы жұмыстарды
істеуге арнайы шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға олармен жасалған
келісім-шарттар мен есеп айрысу төлем ведомосы негізінде есептелген
еңбекақы сомасына:
7210 “Әкімшілік шығыстар”; шотының дебеті
3150 “Әлеуметтік салық” шотының кредиті.
Негізгі құралдардың жалға алынған объектілері бойынша аванстық төлемді
өтеу мерзімі келгенде, ҚҚС-сыз амортизациялық төлемдер бөлігіндегі
жалгерлік ақының бұрын осы есепті кезеңге енгізілген сомасы келесі
бухгалтерлік жазумен есептен шығарылады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
2160 “Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының
кредиті.
6 – бап. “Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі
құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы” бойынша
көрсетілген шығындарарнайы есептеулерге сай есепке алынады.
Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдар
объектілерінің баланстық құны мен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген
амортизациялық нормалар негізінде осы объектілер бойынша есептелген тозу
сомасына заңға сәйкес жүргізілетін өндірістік негізгі құралдардың белсенді
бөлігін жеделдетілген амортизация жүргізу тәсілінпайдаланып есептелген
сомаларды қоса бухгалтерлік есепте келесі жазулар жасалады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының кредиті;
2420 “Негізгі қорлардың амортизациясы және құнсыздануы”;
Амортизациялық аударымдар меншікте де, сондай-ақ жалға алынған негізгі
құралдар бойынша жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету
мерзімі негізінде есептелген мөлшер бойынша ай сайын есептелген
амортизациялық аударымдар сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай
эазулармен есепке алынады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
2470 “Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және
құнсыздануы” шотының кредиті.
7 бап. “Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету
шығындары” бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес кәсіпорынның
әкімшілік шығындарына жататын келесі шығындар есепке алынады.
Меншікті телефон бекеттері, коммутаторлар, телетайптар, диспетчер және
радио байланыстарын ұстау және пайдалану үшін құжаттармен тиісті тәртіпте
рәсімделіп жұмсалған шаруашылық, сүрту және майлайтын материалдар, қосалқы
бөлшектердің құны шығыс құжаттамасы, материалды есептен шығаруға
белгіленген нысандағы әртүрлі актілер негізінде бухгалтерлік есеп
шоттарында мынадай жазулармен көрініс табады:[4]
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
1310 “Шикізат және материалдар”;
1330 “Тауарлар; ”
1350 “Өзге қорлар”; шоттарының кредиті.
8 – бап. “Басқару аппараты, күзет және басқа тізімдік құрамдағы
қызметкерлердің іссапарлар мен жүріп-тұру шығындары” бойынша осы баптың
экономикалық мазмұнына сай көрсетілген мақсаттарға арналған келесі шығындар
көрсетіледі.
Қолданылып жүрген қызмет бабындағы іссапарлар туралы заңға сәйкес есеп
беруге міндетті адамдардың сауда қызметімен байланысты іссапарға жұмсалған
сомаға аванстық есеп беруге қосымша бастапқы құжатар негізінде бухгалтерлік
жазу жасалады:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының
кредиті.
Басқару аппараты қызметкерлері мен басқа да тізімдік құрамдағы адамд
мекеме мен кәсіпорындардың орналасқан аумақта қызмет бабындағы
іссапарлармен рәсімделмей жүріп-тұру шығындарын қолма-қол ақшамен төлеу
сомасы басшының нұсқауы мен тиісті дәлелдейтін ақша құжаттары негізінде
бухгалтерлік есеп шотарында келесі жазумен есептеледі:
7210 “Әкімшілік шығыстар” шотының дебеті;
1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті.
9 – бап. “Мүліктік және басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік
құрамадағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындар” бойынша негізгі
құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да жалпы шаруашылық және
әкімшілік мақсатындағы мүліктерді сақтандыру мекемелерінде ерікті және
міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру төлемдер сомалары есепке
алынады. Бұндай жазулар бухгалтерлік есеп шоттарында еңбек заңында
қарастырылған қалыпты еңбек ету жағдайлары талаптарына сай басқару
аппараты, күзет жәнебасқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерді міндетті
сақтандыруға есептелген сақтандыру төлемдер сомасын міндетті сақтандыру
келісім-шарттары мен шарттар-полистер негізінде есептен шығарылғанда
жүргізіледі.
10 – бап. “Тауарлы материалдық қорлардың белгіленген табиғи кемуі
мөлшерлерінен (нормаларынан) тыс ысырапталуы (жоғалуы), сондай-ақ
талаптардың негіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты
жетіспеушілігін және жұмсап қоюдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы
Өндірістің рентабельділігі, пайдасы және өнімділігі
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары
Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Кезең шығындарының есебі
Құс шаруашылығы
Үстеме шығыстардың есебі
Дебиторлық қарыздың аудиті
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Пәндер