Жал ақысы жалға берушіге


Жоспар:
Кіріспе
1 Жалға алынған негізгі құралдардың есебі
1. 1 Жалға алудың есебі.
1. 2 Қаржыландырылатын жалгерлік есебі
1. 3 Қаржылық жалгерлік лизингісі
1. 4 Лизинг алушы мен берудегі операциялардың көрінісі
2 ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ЖАЛДАУ
2. 1 Қаржылық жалдау
2. 1. 1 Бастапқы тану
2. 1. 2 Кейінгі бағалау
2. 1. 3 Операциялық жалдау
3 ЖАЛҒА БЕРУШІНІҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ЖАЛДАУ
3. 1 Қаржылық жалдау
3. 1. 1 Бастапқы тану
3. 1. 2 Кейінгі бағалау
3. 1. 3 Операциялық жалдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілетгілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъеклілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т. б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлікті есеп №7-ші "Жалгерлік есеп" деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі - көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 12 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1254 "Басқа да" шоттың дебетінде және 6160, (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарынын кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7450 шоты дебеттеліп, шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 1254 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:
847- егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
7110 - егер де негізгі құралдар тауарды сату мен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса, 3390 шоттың, кредитінде көрініс табады.
1 Жалға алынған негізгі құралдардың есебі
1. 1 Жалға алудың есебі
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 1630 "Жалға ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына ауыстырылады.
Енді біз ағымдағы жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
Қатар
№
2412-2416
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
2412-2416
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
Жал ақысы есептелінеді
Ай саын жыл бойына ҚҚС есептелінеді (16%)
3000
480
1410
1410
Ай сайын есеп беру кезінде болашақ кезеңнен түсетін табыс жабылып отырады:
- есептік кезеңнің табысы
- есептелген ҚҚ (16%)
3000
480
3520
3520
6030, 6160
3130
2412-2416,
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
2412-2416,
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
Жалға мерзімі біткен соң, негізгі құрал өз иесіне қайтарылды:
- объектінің қызмет ету мерзімі ұзартылған, яғни күрделі жөндеуден өткен неггізгі құрал ретінде
2412-2416,
«Меншігіндегі негізгі құралдар», субшоты
2412-2416,
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
2412-2416,
«Меншігіндегі негізгі құралдар», субшоты
2412-2416,
«Жалдағы негізгі құралдар», субшоты
8047,
7110, 7210
8047,
7110, 7210
Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай: жағдайларда ғана:
(а) қандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
(b) жалға берушінің рұқсатымен;
(с) егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса;
немесе
(d) жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.
Жалды қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:
(а) жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;
және
(b) қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл - жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің, міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы) .
Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:
(а) жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;
не
(b) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен: жалгер; жалгермен байланысты тарап; осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден тәуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.
Әділ құн - келісім жасасу барысында жақсы хабардар, осындай келісімді жасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.
Экономикалық қызметінің мерзімі - бұл:
(а) бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;
не
(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.
Пайдалы қызмет мерзімі - ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп кезеңі.
Кепілдік берілген жою құны - бұл:
(а) жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең) ;
және
(b) жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.
Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.
Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда, қосымша шығындарды білдіреді.
Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:
(а) жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің,
және
(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.
Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай кіріс - бұл мыналардың:
(а) жалдауға салынған жалпы инвестиция,
және
(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.
Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы - қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде (а) ең төмен жалдау төлемдері және (b) кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны (і) жалданған активтің әділ құнына және (іі) жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.
Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы - жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.
Шартты жалдау ақысы - белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы) .
Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.
Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.
Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.
Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдер мен пайданы көтеретін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.
Жалға беруші мен жалгер арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалдаушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әр түрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалдаушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.
Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі(1) . Төменде жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
(а) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;
- жалдаушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
- егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
- жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі үлесін құрайды;
және
- жалға алынған активтердің тек жалгер ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:
(а) жалгер жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты барлық залалдар жалдаушыға жүктеледі;
(b) таратылған сома әділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе залалдар жалдаушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында) ;
және
(с) жалдаушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.
Егер басқа белгілері негізге ала отырып, осы жалдаумен қатар жүретін барлық тәуекелдерді және пайданы елеулі ауыстыруға әкеліп соқтырмайтыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында активті көлемі осы уақыттағы активтің әділ құнына тең болатын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз болып отырғанда, жалдаушы осындай барлық тәуекелдер және пайданың елеулі бөлігін өзіне алмаған жағдайда, бұл орын алуы мүмкін.
Жер учаскелерін және үйлерді жалдау басқа да активтерді жалдау түріндегі сияқты операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі. Алайда, әдетте, жер учаскелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тән, егер жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе, иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол өзіне қабылдамайды, және мұндай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық ретінде көрсетілетін активтерді иеленуге немесе жалдау құқығында активтерді сатып алуға кіріскен кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сәйкес жалдау мерзімі бойына амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді.
Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде учаскелер мен үйлер жеке элементтер ретінде қаралады, мұның өзі жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған. Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz