Кепілдіктер мен өтемақылар


Қазақстан республикасы
Қазақстан Тұтынушылар Одағы
Арқалық экономика және құқық колледжі.
Құқықтану Циклдік Әдістемелеік Комиссия
Пәні: Қазақстан республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Курстық жоба
Тақырыбы : Жалақы, кепілдіктер мен өтемақылар төлеу
Мамандығы: « 0205002» «Құқықтану»
Топ: Құқықтану - 8
Курс: ІІІ
Сынақ кітпашасының номері:
Орындаған: Жумабеков Е. Е.
(қолы)
Тексерген: Байдильдина Ж. Р.
(қолы)
Қорғау күні: «» 200_ж.
Бағасы:
Арқалық қаласы
2007 жыл
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім .
2. 1. Еңбек ақыны мөлшерлеу.
2. 2. Қалыпты еңбек жағдайынан ауытқу кездердегі еңбек ақы.
2. 3. Кепілдіктер мен өтемақылар.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз және заңда көзделген ең төмен мөлшерден кем емес ақы алу құқығын бекіткен. Еңбекақы жүйесінде ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы халқының өмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы» жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын ҚР органдарының қызметкерлерінің еңбек ақысының бірыңғай жүйесі туралы» жарлығының, ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулысының және т. б. актілердің маңызы зор.
Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.
Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек және оның нәтижелері үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді.
1.
2. 1. Еңбек ақыны мөлшерлеу
Еңбек ақы - күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес еңбекке төленетін сыйақы (табыс) . Еңбек ақының ең төменгі мөлшері. кәсіпорынның меншік нысанына қатысты түрде, Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген жұмыскерге ең аз мөлшердегі ақшалай төлемді білдіреді. Еңбек ақының ең төменгі мөлшерін ҚР Үкіметі айқындайды және инфляция коэфициентінің өзгеруімен байланысты тоқсан сайын өзгеріп отыруы мүмкін.
Еңбек ақыны мөлшерлеу: орталықтандырылған және шарттық екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Еңбек ақыны бір орталықтан реттеу еңбек сапасы мен саны үшін еңбекақы тарифін белгілеу, сондай-ақ жұмыскерлердің барлық санаттарына (категорияларына) еңбек ақы төлеу үшін бірыңғай тарифтік сетканы, разряд аралық тарифтік коэффициенттерді қолдану жолымен жүзеге асырылады. Мемлекет 21 тарифтік разрядтан тұратын бірыңғай тарифтік сетканың айлык 1-ші разрядты тарифтік ставкасының мөлшерін бекітеді. Экономиканың барлық саласындағы ұйымдар бірыңғай тарифтік сетка мен 1-ші разрядты тарифтік ставка мөлшері негізінде, өндіріс жағдайы мен өзінің мүмкіндіктері негізінде, тарифтік ставкаларының өз мөлшерлерін дербес әзірлейді. Бірыңғай тарифтік сеткалар разрядтарының тарифтері жекелеген мамандықтардағы жұмыскерлерге ақы төлеуді жеке ыңғайда қарау үшін төменгі деңгей түрінде пайдалануы мүмкін.
Қандай да бір біліктіліктегі жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талабы. Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен (БТБА), сондай-ақ салалық тарифтік-біліктілік анықтамалығымен және кәсіпорын, мекеме, ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының
2.
біліктілік анықтамалығымен алады.
БТБА, әрбір кәсіпорындағы бірыңғай тарифтік сеткалар негізінде барлық лауазымдағы қызметкерлер үшін айлық тарифтік ставкалар әзірленеді.
Еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу тұтастай алғанда мемлекеттік қызметшілерге (лауазымдық кесімді жалақы, сыныптық деңгейі үшін үстеме, қызмет өткерген жылдары және т. б. ) қолданылады. Әкімшілік-мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы оларға жүктелген қызмет міндеттерін сөзсіз және толық орындау үшін олардың жеткілікті материалдық жағдайын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарды және олардың аппараттарын білікті және тәжірибелі кадрлармен толықтыруға ықпал етіп, мемлекеттік қызметшілердің адал және бастамашыл еңбегін ынталандыруы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы бюджет қаражаты есебінен төленеді (республикалық, жергілікті бюджеттен) .
Еңбек ақыны шартпен реттеу жеке еңбек және ұжымдық шарттарын жасау арқылы жүзеге асырылады. Әрбір жұмыс беруші БТБА мен бірыңғай тарифтік сетканы негізге алу арқылы еңбек ақыны реттеу үшін өзінің қаржылық мүмкіндігін ескере отырып, сондай-ақ білікті жұмыскерлерді тарту арқылы тарифтік ставкалардың өз мөлшерлерін белгілеуі мүмкін. Осыған орай жұмыс беруші жұмыскердің еңбегіне ақы төлеуде жынысына, жас мөлшеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, дінге қатынасына, сеніміне, азаматтық, қоғамдық бірлестікке жатушылығына, сондай-ақ жұмыскердің іскерлік сапасымен, орындалған жұмыстың санымен және сапасымен байланысты емес басқа жағдаяттарға қатысты жұмыскерге шектеу қоя алмайды.
Мемлекеттік қызметші болып саналмайтын жұмыскерлердің еңбек
3.
ақысы жұмыс берушінің қаражатынан жүргізіледі және кәсіпорын табысы мен меншік иесінің мүлкімен кепілдік беріледі және өнімдер мен қызмет көрсетулерден түскен түсімдерден бірінші кезекте өтеуге жатады.
Жұмыс беруші еңбек нормаларын қайта қарауы мүмкін. Ол жаңа еңбек нормаларын енгізу туралы жұмыскерлерді аз дегенде бір ай бұрын хабардар етуі тиіс. Жұмыскерлер өндіретін өнім нормаларын орындау үшін ол қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. 18 жасқа толмаған жұмыскерлер үшін өндірістік өнім нормалары ересек жұмыскерлерге арналған жұмыс көлемінен шығарыла отырып, 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін қысқартылған жұмыс уақыты ұзақтығына сәйкес (пропорционал) белгіленеді. Осыған орай еңбек ақы мөлшері соған сәйкес (пропорционал) азайтуға жатпайды.
Осы еңбек үшін жұмсалған еңбек пен еңбек ақы мөлшері арасындағы арақатынас тәсілі болып саналатын еңбек ақы жүйесі кәсіпорынның ұжымдық шартымен айқындалады.
Еңбек заңдылықтарымен еңбек ақы төлеудің келесідей жүйелері құралған:
а) еңбек ақы төлеудің уақыттық жүйесі;
б) еңбек ақы төлеудің келісімді жүйесі;
в) еңбек ақы төлеудің уақыттық сыйлықтық жүйесі;
г) еңбек ақы төлеудің келісімді сыйлық жүйесі.
Еңбек ақы төлеудің уақыттық жүйесі кезінде еңбек ақы мөлшері тұрақты тарифтік ставка бойынша атқарған уақыт (сағат) ұзақтығына қатысты айқындалады. Еңбек ақы төлеудің аталмыш жүйесі жиі түрде айлық кесімді қызметтік жалақы формасында белгіленеді.
Аталмыш жұмыскерлер үшін белгілі бір көрсеткіштерге қол
4.
жеткізуге қатысты еңбек ақы төлеудің уақыттық-сыйлық жүйесі, яғни, айлық, тоқсандық сыйлықтар және бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықтар төлеу белгіленуі мүмкін.
Еңбек ақы төлеудің келісімді жүйесі күні бұрын белгіленген бағалардан шығарыла отырып, нақты өндірілген өнімдердің көлеміне (санына) төлеу үшін енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек ақы төлеу мөлшері қандайда бір шек қоюлармен шектелмейді. Одан өзге, белгілі бір өнім өндіру келеміне қол жеткізгенде және онын сапасына қойылаты талаптар сақталған кезде әртүрлі қосымша сыйлықтар қаралуы мүмкін. Ондай кезде еңбек ақы төлеу жүйесі келісімді сыйлық сипатына ие болады.
Еңбек ақы төлеу жүйесі әрбір операцияға бағасы мен ақысын көрсетусіз бүкіл ұжым орындайтын жұмыс жиыны үшін еңбек ақы мөлшері белгіленетін кездегі аккордтық жүйс еңбек ақы төлеудің келісімді жүйесінің өзге бір түрі болып саналады.
Еңбек ақы айына аз дегенде бір рет төленеді. Еңбек ақы төлеу мерзімдері жеке еңбек және ұжымдық шарттармен айқындалады. Егер еңбек ақы беретін күндер демалыс немесе мереке күндеріне түсетін болса, онда еңбек ақы оның қарсаңында берілуі тиіс. Егер жұмыс беруші еңбек ақы төлеу мерзімін бұзатын болса, онда жұмыскерге еңбек ақы мен қатар, ҚР Ұлттық банкі белгілеген қайта қаражыландыру ставкасы мөлшерінде қарыз сомасының (еңбек ақының) әрбір кешіктірген күні үшін өсім төлеуге міндетті. Жетсе еңбек шартын бұзған кезде жұмыскерге есептелген еңбек ақы мен өзге сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнінен (шыққан күнінен) кешіктірілмей жүргізіледі.
Еңбек ақы жұмыскердің жұмыс істейтін орынында жүргізіледі. Егер
5.
жұмыскер тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (іс сапарда, вахтада және т, б. ) болса, онда жұмыс беруші өзінің есебінен белгіленген мерзімде жұмыскерге еңбек ақы жеткізіп беруге міндетті.
Схема 1.
6.
Схема 2.
Схема 2.
7.
2. 2. Қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқыған кездердегі еңбек ақы
Белгіленген еңбек нормаларын орындауды қалыпты еңбек жағдайы деп санау қабылданған. Осы нормалардан шегініс жасау, яғни басқаша ақы төлеу ауытқу болып танылады. Ауытқулар болып саналатындар: мерзімнен тыс жұмыстар;
- мереке күндеріндегі және демалыс күндеріндегі жұмыстар;
- түнгі уақыттағы жұмыстар;
- бос тұрып қалу (өндірісте, қызметте) ;
- лауазымдарды қосып атқару.
Еңбек заңдылықтарымен мерзімнен тыс жұмыстарға ақы төлеудің төменгі шегі белгіленген, яғни мерзімнен тыс жұмыстарға ақы төлеудің төменгі шегі белгіленген, яғни мерзімнен тыс жұмыстарға бір жарым мөлшерден аз емес шекте төленеді. Мерзімнен тыс жұмыстарға ақы төлеудің нақты мөлшерін жұмыс беруші айқындайды немесе ұжымдық шартпен белгіленеді.
Мерзімнен тыс жұмыстарға еңбек ақы есептеудің өзіндік ерекшелігі бар. Белгілі бір есептік кезең, мысалы: бір ай үшіи жұмыс уақытын жиынтық түрде есепке алу кезінде еңбек ақы төлеу. Бір айда 24 жұмыс күні болған кезде (тиісінше, 25 жұмыс күні кезінде - 50 сағат, 26 жұмыс күні кезінде 52 сағат) және уақытпен жұмыс істейтін жұмыскердің атқарған жұмыс уақыты 48 сағаттан артып кетпейтін жұмыс уақытының айлық есебі жағдайында оның сағаттық тарифтік ставкасы бір жарым мөлшерде төленеді. Мұндай ақы төлеу бір айдағы жекелеген күндер бойынша мерзімнен тыс жұмыстардың нақты бөлінуіне қатыссыз түрде жүргізіледі. Жұмыскер келісімді еңбек ақы төлеу кезінде, өзінің келісімді еңбек ақысынан тыс, тура осындай тәсілмен есептелген,
8.
мерзімнен тыс атқарған жұмысы үшін, соған сәйкес үстеме ақы алады. Мерзімнен тыс жұмыстар қосымша демалыс күндері берілуімен өтелмейді.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс екі еселенген мөлшерден аз емес шекте төленеді: келісімді жұмыс істейтіндерге - екі еселенген келісімді бағалар бойынша; уақытпен жұмыс істейтіндерге - екі еселенген сағаттық ставка мөлшерінде; кесімді айлық алатын жұмыскерлерге - егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде жүргізілсе, кесімді айлық ақыдан тысқары бір еселенген (одинарный) сағаттық ставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жүрілсе, онда кесімді айлықтан тыс екі еселенген сағаттық ставка мөлшерінде төленеді. Мереке немесе демалыс күнгі нақты жұмыс істеген сағаттары үшін жұмыскерге жоғары мөлшерде ақы төленеді. Мереке және демалыс күндеріндегі 0-ден 24-ке дейінгі сағаттар ғана есепке алуға жатады.
Жұмыскердің қалауы бойынша демалыс немесе мереке күнгі жұмыс үшін ақшалай өтемақы қосымша дем алатын күнмен ауыстырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мереке күнгі жұмысқа ақы төлеу бір есе мөлшерде жүргізіледі.
Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу бір жарым есе мөлшерден аз емес шекте төленеді. Жеке еңбек немесе ұжымдық шарттардың тараптары түнгі уақыттағы жұмыс үшін жоғары ақы төлеуді қарастыруы мүмкін. Жоғары ақы төлеу жағдайындағы жұмыс уақытының бөлігіне кешкі сағат 22-ден келесі күнгі таңғы сағат алтыға дейінгі жұмыста болу уақыты жатады.
Жұмыс берушінің кінәсінен болған бос тұрып қалу (өндірісте, қызметте) уақытына ақы төлеу жеке еңбек және ұжымдық шарттар
9.
ережелерінен реттеледі, өйткені еңбек заңдылықтарында бос тұрып қалу уақытына ақы төлеуді реттейтін нормалар жоқ. Жұмыскерлердің кінәсінен болған бос тұрып қалу уақыты төленбейді.
Қызметтерді қосып атқаратын жұмыскерлерге, яғни сол, бір кәсіпорында, жеке еңбек шартымен келісілген өзінің атқаратын негізгі жұмысымен қатар өзінің лауазым бойынша (қызмет көрсету ауқымын кеңейте отырып) жұмысты қосып атқаратын немесе өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан уақытша жұмыста жоқ жұмыскердің міндеттерін орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төленеді. Қызметтерді қосып атқарғаны (қызмет көрсету ауқымын кеңейту) немесе уақытша жоқ жұмыскердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы мөлшерін жұмыскермен арада жасалған келісім бойынша жұмыс беруші белгілейді, өйткені аталмыш қосымша ақы төлеу мөлшері еңбек заңдылықтарымен реттелмейді.
10.
2. 3 Кепілдіктер мен өтемақылар
Жұмыскерлерге кепілдіктер мен өтем ақылық төлемдер берілетін белгілі бір жағдайлар еңбек заңдылықтарымен белгіленген. Кепілдіктерге, заңдылықтармен ақталатын жағдайлар болып танылатын себептер бойынша жұмыскер жұмыс істемеген кездс оның жұмыс орны мен орташа айлық еңбек ақы сақталатын жағдай жатады. Өтемақылар - жұмыс тәртібімен және еңбек жағдайымен, жұмыстарды орындау кезінде жұмыскерге келтірілген шығындарды өтеумен байланысты ақшалай төлемдер, еңбек заңдылықтарымен келесідей кепілдіктер мен өтем ақылар белгілснген:
- жұмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктер жұмыскердің жұмыс орнының немесе лауазымның сақталуы түрінде белгіленеді. Осыған орай жұмыскердің орташа еңбек ақысы сақталмайды Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға келесілерді жатқызуға болады: мемлекеттік органдар сайлауына түсу, алдын ала анықтау, тергеу, прокуратура, сот органдарынын шақыруы бойынша келу, кәсіподақ органдарының сайлауына мүшелік және т. б. қысқа мерзімді әскери қызметін өтеген жұмыскер өзі әскерге шақырылған кәсіпорында жұмысқа тұру басым құқығына ие болады.
- медининалық мекемелерге тексерілуге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер. Осындай медициналық тексерулерден өтуге міндетті жұмыскерлердің мерзімді медициналық тексерулерден өтуі уақытында олардың жұмыс орны сақталады және жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа айлық еңбек ақысы сақталады.
- Біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыскерлер үшін кепілдіктер олардың жұмыс орындарының сақталуы
мен орташа айлық еңбек ақысын төлеу түрінде белгіленеді.
11.
Одан өзге, жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен жұмыс берушінің мүддесі тұрғысынан кадрлар даярлау үшін жұмыскерлерді оқуға жіберуге, оның ішінде жоғары оқу орындарына, аспирантураға оқуға жіберуге, оқытуға құқығы бар. Жұмыс берушінің қаржысы есебінен оқыған жұмыскер жеке еңбек шартында тараптар келіскен мерзімді жұмыс берушінің қарамағында атқаруға міндетті. Жұмыскер өзінің ынтасымен немесе жұмыс берушінің ынтасымен жұмыстан шығу кезінде (жұмыскердің белгіленген мерзімді атқармаған кінәсі салдарынан) толық атқармаған мерзімге сәйкес, оқумен байланысты барлық шығындарды жұмыс берушіге төлеуге міндетті.
- Қызметтік іс сапар кезіндегі өтемақылар келесідей төлемдер түрінде қаралған: іссапарда болу уақытындағы тәуліктік шығыстары, белгіленген жерге бару және кері қайту шығыстары, тұрғын жайды жалдау шығыстары.
Іссапарлармен байланысты жұмыскерлердің шығыстарын жабу (өтеу) тәртібі 22. 10. 1992 жылғы ҚР Министрлер кабинетінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кәсіпорындар, бірлестіктер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы» қаулысымен белгіленген.
Іссапарға жіберу жұмыс берушінің бұйрығымен және Іссапар куәлігін берумен рәсімделеді. Іссапар мерзіміне шыққан күннен бастап қайтқан күнге дейінгі уақыт кезеңі кіреді. Іссапар шығыстарын өтеу, ол іссапардан оралғаннан кейін үш күн ішінде тапсыруы тиіс, жұмыскердің аванс есебі негізінде жүргізіледі. Жұмыскерге іссапар басталғанға дейін іссапар шығыстарына мөлшерлеп қаражат (аванс) берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда аванстық есеп беру кезінде аванс сомасы ескеріледі.
Жеке бас шығыстарын (тамақтану, санитарлық-гигиеналық
12.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz