Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жазаның белгілері
2.2. Жазаның мақсаттары
2.3. Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
2.3.1. Айыппұл
2.3.2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру
2.3.3. Қоғамдық жұмыстарға тарту
2.3.4. Түзеу жұмыстары
2.3.5. Әскери қызмет бойынша шектеу
2.3.6. Бас бостандығын шектеу
2.3.7. Қамау
2.3.8. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
2.3.9. Бас бостандығынан айыру
2.3.10. Мүлікті тәркілеу
2.3.11. Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
бөлім

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және
ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі
ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін
кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен
экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың
құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда
көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай
шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде
қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық
құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да
жатады.
Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола
отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара — мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстақ кодексте жазаның сот үшін
міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа
кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен
шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен
гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында
жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы, — делінген. Қылмыстық жазамен салыстарғанда басқа да мемлекеттік
күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы
әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан
бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік
комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды
жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-
біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану — тек
қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен
жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге
асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті
болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу
шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды
тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе
лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды
күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды
және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып
табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы
мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің
қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда
адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және
пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа
тартылуға тиісті,—делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза
тағайындау міндетті емес.

2.1. ЖАЗАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік
немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің
кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады.
Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына
тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір
кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы,
мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда
көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні
жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ
береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол
сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық
жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық
заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан
айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың
зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат
теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады.
Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья
тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол
сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ
береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап
болмайды.
2.2 ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ
сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да
жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген
адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ
жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ
құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы
белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң
қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру
үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады,
қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-
құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар
танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу
фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген
мақсатына жетуінің құралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң
талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде
түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға,

еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс
жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан
қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз
орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты
— басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс
істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық
күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге
бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта
көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз
қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі
болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында
көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып
қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-
сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің
қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының
қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза — қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы
Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ
туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтарымен бостандықтарына шек қою
арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде
қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс
айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына
тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен
бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы
және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын
құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын
өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері
болып табылады.
2.3. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстык заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан
айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері
негізінен үш топқа белінеді:
Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң
бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін
қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж)қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша
жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны
тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде
міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда
үкімнің корытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме
жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның
баптарында қосымша жаза колдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық
кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа
сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде
көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа
негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға
жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі
жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде
қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, колданылып
жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген.
Бұл жазаларды дұрыс қолдану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі
шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипатгама
береміз.

2.3.1. АЙЫППҰЛ
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: "Айыппұл — осы Кодексте
көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне
қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің, белгілі бір мөлшеріне сәйкес
келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған
сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде
тағайындалатын ақша өндіріп алу (40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендей айыппұл негізгі немесе
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап
болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады.
Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар
үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше роль
атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңда
көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса,
онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана
мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда
көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана
қолданады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған
адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де
табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың
ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот
белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына,
кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына
байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және
жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік
көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте
тағайындалады. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне сотталған адамның
жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге
табысының мелшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда
айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек
қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады.
Қылмыстық-атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім
күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды
төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге
мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді
немесе төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға кұқылы. Егер
сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы
күшпен орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін
жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару деп сотталған адамның өзінің ақша
қаражаттары басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден
ашық бас тартуы болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42,43 және 46-баптарында көзделген
ережелер сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне
тиісінше айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе 80
сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың есебінен
қоғамдық жұмысқа тартумен түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен ауыстырылады.

2.3.2. БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН
АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе
өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап).
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы
келік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған
адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап)
қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген
қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе
белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай
адамдарға осы кұқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын
реттерде қолданылады.
Мұндай жазаны колдану негізінен кызмет бабын немесе кәсіптік қызметін
пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет кою,
мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір
лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара
айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте
белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдық
жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.
Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына
тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға
тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю,
т.б. ҚК-тің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі
мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде кылмыстық заңның санкцияда ол туралы
арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының
талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын
қылмыс кұрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның
санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай
сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Сонымен, Қылмыстық
кодекстің 41-бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану кұқығынан бұл жаза түрі заңның
санкциясында көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі туралы үкімде
көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы. Сотталған адамдар
сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс
істемеу туралы тыйым салуы заңда көрсетілмеген.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана
орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша
жауапқа тартылады.

2.3.3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам
оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған
адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше
45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен
немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотгалған адам қоғамдық
жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан
шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери кызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.

2.3.4. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл
жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін
санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан,
еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек
еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы
шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі сотталған
адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау
жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның мақсаттары
Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Жаза түсінігі
Жаза
Жазаның белгілері
Қылмыстық жаза түсінігі
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Түзеу жұмыстары
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Пәндер