Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

К і р і с п е . . . 6

1-тарау. Жазаның түсінігі, түрлері және мақсаттары

  1. Жазаның ұғымы және мақсаттары . . . 8
  2. Жазаның негізгі түрлері . . . 13

1. 3 Жазаның қосымша түрлері . . . 23

2-тарау. Жаза тағайындаудың бастамасы

2. 1 Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар . . . 26

2. 2 Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау . . . 36

2. 3 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау . . . 40

3-тарау. Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау

3. 1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 47

3. 2 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау . . . 54

3. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 64

3. 4 Шартты түрде соттау . . . 66

Қ о р ы т ы н д ы . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70

К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістер мен жаңғыртулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді.

Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар Заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды.

Қазіргі таңда, Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау жүйесінің түсінігі мен маңызы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Мұны біз, өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетімізде қылмысқа қарсы күресуде, қылмыстық жазаны қолдану ең негізгі басты күрес деп саналмайды.

Бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге, соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.

Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық- құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде, оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілдеу жаза тағайындауға құқылы.

Мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция органы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жаза тағайындау жүйесінің түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осыдан біз жазаның ауырлығын және жеңілділігін толығымен біліп - көре аламыз.

Осы жұмыстың міндеттеріне тоқталсақ:

  • жазаның түсінігі мен мақсаттарын ашып көрсету;
  • негізгі жазалардың қолдану ерекшеліктері;
  • жаза тағайындаудың жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын ашу;
  • белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза тағайындау;
  • аяқталмаған және қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау;
  • қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау;
  • қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау;
  • үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау;
  • және соңғысы шартты түрде соттау.

Бұлардың барлығы осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігі мен маңызын ашуда көп үлес қосады. Осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігін және маңызын толық көлемде түсіну үшін, жазаның түрлерін дипломдық жұмысқа енгізіп отырмын.

Жұмысты орындауда кездескен кейбір қиындықтар мен мемлекеттік тілдегі әдебиет тапшылықтарын қоспағанда, жалпы, мүмкіндік шегінде отандық және Ресейлік заңгер-ғалымдардың еңбектерінен, сондай-ақ кеңестік дәуірдегі еңбектерден салыстырмалы түрде пайдаланылып, тақырыптың мазмұнын ашуға қол жеткізілді деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау 10 бөлімдерімен, қорытынды және пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрып, жалпы көлемі 71 бетті құрайды.

1-тарау. Жазаның түсінігі, түрлері және мақсаттары

1. 1 Жазаның ұғымы және мақсаттары

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетімізде қылмысқа қарсы күресуде, қылмыстық жазаны қолдану ең негізгі басты күрес деп саналмайды.

Бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге, соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады [2. 13 б. ] .

Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық- құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде, оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілдеу жаза тағайындауға құқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция органы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтарушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаның жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді [1. 14, 20 бб. ] .

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрінде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен бөлімін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді және лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды. Заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза - адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмысты жауаптылықтан босатуға болады [3. 24 б. ] .

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмыстық іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.

Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындалғанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандақтың кінәлі үшін белгілі бір құқылы зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мерзімін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.

Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай:

Біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның ерекшелігі сол, сот үкімі бойынша тағайындалған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді. Ал әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндай құқылық зардап болмайды.

Жазаның мақсаттары: Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 38-бап 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сонымен қатар сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған [3. 13 б. ] .

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазасының арнаулы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2 - бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзгеде қылмыстық - құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді [3. 3 б. ] .

Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеу болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаны әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.

Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастардың қалыптасуына жағдайлар туғызады.

Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па деген заңды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазасының мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

Жазаның жүйелері мен түрлерінің жалпы сипаттамасы:

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға қолданылатын жазаның түрлері ҚР қылмыстық кодексінің 39-бабында көрсетілген жазалар мәніне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру;

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу;

3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау.

Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз [3. 13 б. ] .

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізі жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.

Екінші топқа қосымша жазалар жатады:

Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» 1999 жыл 30 сәуірдегі №1 Қаулысының 16-тармағында «соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударған жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына көмектеседі», - делінген [14. 91 б. ] .

Сондықтан да қылмыстық заң баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімінің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде, ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбау мүмкін [3. 20 б. ] .

Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін [3. 13 б. ] .

Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмысқа тарту. Осы көзделген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін.

Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны немесе мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Келесі бөлімде осы жаза түрлеріне жеке-жеке сипаттама беріп өтіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстың қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Әскери қызмет бойынша шектеу
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстың қайталануының жалпы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz