Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау
Жоспар
Кіріспе.
1. Жаза тағайындау жалпы негіздері.
1.1. Жазаны жеңілдету және ауырлату мән-жайлары.
1.2. Қылмысқа қатысқаны үшін жаза тағайындау.
2. Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау.
2.1. Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
2.2. Шартты түрде соттау.
Қорытынды.
Кіріспе.
Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті (ғылымда) санмен қатар жалпы адамдық
ой құндылықтар, зерттеулерде де болады. Қазіргі уақытта қылмыскерлермен
мемлекет арасындағы қарым қатынас біздің мемлекетімізде заң негізінде
құрылып жатыр.
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстың
заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған.
Курстық жұмысымның тақырыбы Қылмыстық жазан және оның қолданылуы.
Тақырыптың өзектілігі қазіргі уақытта бүгінгі күнге сай келеді.
Курстық жұмысының мақсаты:
Қылмыстық жаза жалпы ұғымын ашу, оның жүйесі мен түрлеріне, ерекшелік
мазмұндарына және қолдану реттеріне түсінік беру. Қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босатуға баға беру оң және тері жағдайда қайтадан қарау және
қайтадан тәрбиелеу, қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар.
Курстық жұмысының міндеті:
1. Қылмыстық жазадан және одан босатудың түсінігінорын ашу.
2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жүйесі мен
түрлеріне мазмұнына түсінік беру.
Курстық жұмысының зерттелу деңгейі.
Осы курстық жұмысының тақырыбы көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары
заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі
едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге
бағытталған. Бір сыпыра қазақстан мен ресейлік заңгерлер Т.И. Филимонова,
К. А. Курляяндскова, И.В. Карпушина, И.М. Рахметова, Ағынбаев осы тақырып
бойынша еңбектері бар.
Курстық жұмысының жаңалығы:
Дипломның жаңалығы бекітілуі Қазақстан мен Ресей заңгерлердің
жұмыстары тәрбиесін қолданып, Қылмыстық құқық институт жүйесіне анализ
беріледі.
Практикалық қолдануы: құқық сабақтарында, факультатив сабақтарында
қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен және қорытындыдан
тұрады.
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі
кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық
қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды.
Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке
тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза
ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері
көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін
қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін
кезделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз
ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза
тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-
баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы
бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатандығы төменірек жаза
тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі
және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның
түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайының ықпалы ескеріледі.
Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады.
Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы
бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана
қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген
қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының
кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-
әрекетінің зандылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-
әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл
немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол берілмеуі керек. Тағайындалған жаза
істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына
жетері анық.
Қылмыстық кодекстң 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке
басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипатгайтын мән-
жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын
сипатгәйтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның
ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы,
оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға
қатынасы, оны сипатгайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге
жатады. Бұрын сотталғаңдарға, ішімдікпен, наша-қорлықпен әуестенушілерге,
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс
жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше,
мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген,
өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипаттала-тын адамдардың бірінші
рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметгерін жан-жақты объектавті
түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу
үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың
адамгершілік Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотЖаршысы, 1993. №1,2, 6-бет.
принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының
денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген
көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да
басқа мәліметгерді жан- жақты еске алады.
1.1.ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға
қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін
немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі
мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын
және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере
отырып, жаза тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң
талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза занды, негізді және әділ болуы
үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты
жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң
арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-
жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда
жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың
еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап)
занда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы занда көрсетілген мән-
жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы
емес.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану
кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында
қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза уағайындау
кезінде қайталап ескеріле алмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген
жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның
мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта
көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе
мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:
1. Мән-жайлардың кездейсоқтоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес
қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін
біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмьс онша ауыр емес
қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты
істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық
топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетгі кездейсоқ жағдайға
жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.
2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде
кеп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс
ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау
мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың
ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық
жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс
жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы
Сотының Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза
тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше
қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні
бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа
Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы жеке берілген.
3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін
басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің
істеген қылмысын жауаптылықгы жеңілдететін мән-жайларға жатқызу — осының
айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгеріс-тер
болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп,
ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті
әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны
жеңілдететін мән-жайға жатады.
4. Айыпкердің жас балалары болуы.
Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің
жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңіддік көрсетуге
негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс
істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола
алмайды.
5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де
көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық
зиянның орнын әз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға
бағытталған өзге де іс-әрекеттер.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз
еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші
жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өлімнен алып қалады, осы
көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының
болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру
деп кінәлінің жәбірленушіге немесе занды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті
түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы,
ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған
жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі
адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі,
мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп
беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетгі
шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың
зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен
өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып
есептелмейді.
6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар
тоғысуының салдарынан істеу.
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау
үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және басқа да себептермен
қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің
өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдық жетіспеушілікке,
жұмысындағы, отбасындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің бимо-ральдық
тәртібіне, тұрғын үйдегі колайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін.
Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қыз-метіне, оқуына байланысты жәйттар,
жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа
ауыстырылуы сияқты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа
ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты
мінез-құлқының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана
жеңілдететін мән жайларға жатады. Совдықтан да мас болып, ауыр материалдық
жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға
жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе басқа да ауыр жағдайлардың
кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсоқ, олардың тарапынан
зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағдайда, әлгіндей жағдайлар олардың
басьг-на тумаса, олардың қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.
7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық,
қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.
Осы жағдайлардың жауаптылыкты жеңілдетудің қатарына жатқызылуы себебі,
мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан,
еріксіз көндірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу
себепті өз ойын емес, соның ойын іске асырады. Ондай жағдайларда болған
күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл
жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын
басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың
бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып
кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай
жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын
шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретінде
жауапқа тартылуы да мүмкін. Қорқыту, еріксіз көндіру салдарынан немесе
материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мәжбүрлік
қажеттілік жағдайында істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Басқа жағдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда
мұндай әрекетгер жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызылады. Бұл жерде
қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз
әрекетгі қолданамын деп қорқытып, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету
арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық
тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, соның
асырауында болуы немесе өмір сүруі материалдық жағынан соған тікелей
тәуелді болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы
айтылады.
Басқа жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылық, туыстық
жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажетгілік,
қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрыкты немесе өкімді орындау
жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты қажетті қорғану шебінен асса да, қоғамға қауіпті қиянатган қорғану
үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ
жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға, тағы да
басқа заң қорғайтын мүдеге қылмыстық қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты
істемеген болар еді. Қорғану шегінен асса да, ол аса қауіпті емес қылмысты
қоғамға қауіпті қиянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға
дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстык
кодекстің 99, 109-баптарында көрсетілген қажетгі қорғану шегінен шығып,
кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса қауіпті
емес түрін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстык кодексіңде қылмысты мәжбүрлік
қажеттіліктен, қылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің зандылық
шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады
деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі қажеттіліктің шарттарын
сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты
жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында
істелген іс-әрекеттің нәти-жесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп
болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару
мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің
Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса,
ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі
керек.
3. Жазатағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмвген
мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Қылмыстық кодекстің 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы
ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе
жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза
тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы қарастырылған. Осы бапқа
сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның
іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету
жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен
мөлшеріне ықпалы ескеріледі.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция
шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы
бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті.
Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан
адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) қылмыс мақсатына жетудің
мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін
ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты қатысушының атқарған ролімен
сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болып роль атқарады — ұйымдастырушы ма,
айдап салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші ме? Әдетте,
ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа
көмектесушілерге қарағанда жаза қаталырақ тағайындалады. Қатысу дәрежесі
қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген еңбегінің көрінісі
арқылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні — алға қойған мақсаты
толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі
мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағанда оларды туғызуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz