МЕРЗІМІ СОТТАЛҒАНДАР САНАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды

үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша

тағаындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі

ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.

Қылмыстық кодестің 70-бабына сәйкес:

1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас

бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас

бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот

тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол

мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам

қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мұмкін.

2.Сот мерзімінен бұрын шарттытұрде босатуды қолдана отырып,

сотталған адамға осы Кодекстің 63-бабының 5-бөлігінде көзделген

міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазанің өтелмей қалған бөлігі

ішінде орындауға тиіс.

3.Жазадан шартты түрде – мерзімінен бұрын босату сотталған адам:

а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған

адам;

б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен

екісін;

в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде

төрттен үшін;
-7-
сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған

адамға егер мерзімінен бұрын – шартты түрде босату осы баптың

жетінші бөлігінде көзделген неіздер бойынша жойылған болса,

тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен

кейде қолданылуы мүмкін.

4.Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан

кем болмауы керек.

5.Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп

жүрген адам,егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді
деп

таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде

өтесе, мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылуы мүмкін.

6. Мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына

бақылау жасауды оған мамандандырылған өкілетті мемлекеттік орган,

ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің

командованиесі жүзеге асырады.

7. Мерзімінен бұрын – шартты түрде босату қолданылған адам, егер

жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде;

а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе
оған

мерзімнен бұрын-шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген

міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде

аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын – шартты түрде

босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау

-8-

туралы қаулы ете алады;

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде

мерзімінен бұрын – шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны

сақтау туралы мәселені сот шешеді;

в) қылмыс қасақан жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында

көзделген Ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен

бұрын – шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс

жасаған жағдайда да жаза ережелер бойынша тағайындалады.

Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас

бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын –

шартты түрде босату қолданылмайды.

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан

шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз,

түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін

жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде

мерзімінен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы

және еңбекке, оқуға деген көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірибесінде

түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру

қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкілікті

жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның

өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған адамға мына

негіздерде қолданылуы мүмкін:
-9-

1.Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас бостандығынан

айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі

мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл

түрімен ауыстыра алады.Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін

өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

2.Жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам

жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін

ауыстырылуы мүмкін.

3.Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-

бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін

көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы

мүмкін (ҚК-тің 71-бабы).

Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған

сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босатуды да

босатпауы мүмкін.Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер

жеңілірек жазамен ауыстырлыған ретте, қосымша жаза одан гөрі

қатаңырақ болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша

жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу

қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот

мұндай жағдайда кінәлі адамға ҚК-тің 60-бабына сәйкес үкімдерінің
_________________________
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі
қаулысының 9-тармағы.

-10-

жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да бірінші үкім бойынша өтелмей

қалған жазаны соңғы жазаға қосады.

2.3.Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін

кейінге қалдыру. Жас әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің

жазаны өтеуін кейінге қалдыру Қылмыстық кодекстің 72-бабында қаралған

және бұл сот тағайындаған жазаны өтеуден босатудың бір түрі болып

табылады. Заңда жазаның қайсы түрін өтеуді кейінге қалдыру туралы

айтылмаған. Бірақ, заңның мәтініне зер салсақ, жүкті әйелдерді және

балалары бар әйелдерді бас бостандығынан айыру жазасын өтеуін кейінге

қалдыратынын аңғарамыз. Заңға сәйкес жеке адамға қарсы ауыр және аса

ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға

сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді және 8 жасқа

толмаған балалары бар әйелдерді сот тиісінше бір жылға дейінгі немесе бала

8 жасқа толғанға дейінгі мерзімге жазасын өтеуден босатуы мүмкін. Демек,

жазаның бұл түрін өтеуден босату тек қана жеке адамға қарсы ауыр немесе

аса ауыр қылмыстардың басқа қылмыстарды істеген жүкті әйелдер мен 8

жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, егер олар 5 жылдан астам мерзімге

бас бостандығынан айыруға сотталған болса, қолданылады. Заңға сәйкес

жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін 5 жылдан астам

мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге 72-бап

қолданылмайды. Осыған байланысты жеке адамға қарсы ауыр немесе аса

ауыр қылмыстың түсінігін анықтау қажет.Жеке адамға қарсы қылмыстар деп

-11-
адамның өмірін жоятын, денсаулығына зиян келтіретін қасақана істелген іс-

әрекеттер жатады. Бұған қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің І

тарауындағы жеке адамға қарсы қылмыстар, сондай-ақ басқа тараулардағы

террорлық акт, бандитизм сияқты адам өміріне қастандық жасайтын

қылмыстар жатады. Осы жеке адамға қарсы қылмыстардың бәрін емес, тек

қана ауыр немесе аса ауыр түрін істегендерге және сол үшін 5 жылдан артық

бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаның бұл түрін қолдануға

болмайды. Мысалы, мұнай қылмыстарға 96-баптағы адам өлтіру, 103-

баптағы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 125-баптың II-III

бөлігіндегі адамды ұрлау, 129-баптың II,III бөлігіндегі сияқты қылмыстар

жатады. Ауыр және аса ауыр қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-

бабының 4,5-бөліктерінде айтылған. Осы көрсетілген шектеуден басқа кез

келген қылмысты істеген жүкті, жас балалары бар әйелдерге 72-бапты

қолдана беруге болады. Жазаның бұл түрін өтеуді кейінге қалдыру тек

әйелдерге, оның ішінде жүкті және жас балалары бар әйелдерге ғана

қолданылады. Жүктілік тиісті медициналық құжаттармен расталады, ал жас

балалары бар екендігі арнаулы анықтамалармен дәлелденеді.

Заң бойынша жазаны өтеуді кейінге қалдыру немесе жазаны өтеуден

босату жүкті немесе 8 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге ғана

қолданылады.

Заңда қандай ретте осындай адамдарға жазаны өтеуден босату туралы тура

айтылмаған. Бұл мәселені шешу тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің ұғымы мен негіздемесі
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық жауаптылықтын пайда болуы
Зерттеу пәні - бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқықтарының сақталуын құқықтық реттеу
Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Пәндер