Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс



Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Қазақстан.Қытай арасындағы сауда.саттық айналымы
2. Қытайда өндірілетін ойыншықтардың сапасы
3. Мұнай.газ саласындағы ынтымақтасық

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойғандығы белгілі. Сондай-ақ, бүгін Ху Цзиньтаоның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен келіссөздерден кейін Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне де өз ретімен шешіліп келеді.
Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін нығайту мен аймақтық ынтымақтастықты күшейтуде, жалпы экономика саласында үлкен жетістіктерге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткендігі белгілі. Ал Қытай арадағы стратегиялық әріптестікті орнатып, дамыту туралы бірлескен Декаларацияға қол қойыл құжат көрші екі мемлекеттің ХХІ ғасырда бірлесе дамуының алғышарты деуге болады. Сондай-ақ, онымен бірге, Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты бірнеше маңызды құжат мөрмен бекітілген. Атап айтқанда, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық, трансшекаралық өзендердегі апатты жағдайларға байланысты жедел хабардар ету, “Қорғас” шекарааралық ынтымақтастығының халықаралық орталығы қызметін реттеу, электр желілері компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, “Қазнұртел” компаниясы мен мен Қытай Даму банкінің арасындағы несие беру туралы Келісімдерге қол қойылып, Каспий теңізі мен батыс Қытайды жалғайтын Трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылысын салу мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеу туралы және Ақпараттық - коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар қабылданды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респбуликасының президенті:
- Қазақстан мен Қытай арасында бұрын ешқандай жақын байланыс болмаған еді. Енді міне 1700 шақырымдық шекараның белгіленуінің арқасында екі жақты тауар айналымы жылдан жылға өсіп биыл 5 млрд долларға жақындады.
Ху Цзиньтао, Қытай Халық Республикасының төрағасы:
- Біз қол жеткен саяси ынтымақ пен экономикалық байланысты одан әрі дамыта береміз. Тату көрші, жақсы дос, сенімді әріптес ел ретінде Қытай Қазақстанның жетістіктеріне шын көңілмен қуанады. Ол табыстардың айқын белгісі бүгінгі Астананың асқақтаған бет-бейнесі.
1. Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігі]

2. «Жас қазақ үні» республикалық қоғамдық саяси басылымы, 27 сәуір, 2010 жыл.

3. Әлемтор: www.google.kz

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасы

Тақырыбы: Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс

Пәні: Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынас

Орындаған: Н.Құдайбергенова

Тобы: Ж-07-1

Қабылдаған: А.Оразова

Қызылорда, 2010 жыл

Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-саттық айналымы
2. Қытайда өндірілетін ойыншықтардың сапасы
3. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтасық

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық
Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік
туралы бірлескен декларацияға қол қойғандығы белгілі. Сондай-ақ, бүгін Ху
Цзиньтаоның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен
келіссөздерден кейін Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық
ынтымақтастық мәселелеріне де өз ретімен шешіліп келеді.
Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін нығайту мен аймақтық ынтымақтастықты
күшейтуде, жалпы экономика саласында үлкен жетістіктерге Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткендігі белгілі. Ал Қытай арадағы
стратегиялық әріптестікті орнатып, дамыту туралы бірлескен Декаларацияға
қол қойыл құжат көрші екі мемлекеттің ХХІ ғасырда бірлесе дамуының
алғышарты деуге болады. Сондай-ақ, онымен бірге, Қытай мен Қазақстанның
арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты бірнеше
маңызды құжат мөрмен бекітілген. Атап айтқанда, геология және жер қойнауын
пайдалану саласындағы ынтымақтастық, трансшекаралық өзендердегі апатты
жағдайларға байланысты жедел хабардар ету, “Қорғас” шекарааралық
ынтымақтастығының халықаралық орталығы қызметін реттеу, электр желілері
компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, “Қазнұртел” компаниясы
мен мен Қытай Даму банкінің арасындағы несие беру туралы Келісімдерге қол
қойылып, Каспий теңізі мен батыс Қытайды жалғайтын Трансқазақстандық темір
жол магистралінің құрылысын салу мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеу туралы
және Ақпараттық - коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық
туралы меморандумдар қабылданды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респбуликасының президенті:
- Қазақстан мен Қытай арасында бұрын ешқандай жақын байланыс болмаған
еді. Енді міне 1700 шақырымдық шекараның белгіленуінің арқасында екі жақты
тауар айналымы жылдан жылға өсіп биыл 5 млрд долларға жақындады.
Ху Цзиньтао, Қытай Халық Республикасының төрағасы:
- Біз қол жеткен саяси ынтымақ пен экономикалық байланысты одан әрі
дамыта береміз. Тату көрші, жақсы дос, сенімді әріптес ел ретінде Қытай
Қазақстанның жетістіктеріне шын көңілмен қуанады. Ол табыстардың айқын
белгісі бүгінгі Астананың асқақтаған бет-бейнесі.

ІІ.1. Бүгінде экономикасы жан-жақты дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің
ТМД елдерімен де, өзге Еуропалық елдермен де байланысы жақсарып келе жатыр.
Ішкі-сыртқы саяси қатынастарда жақсы жағынан көзге түсіп, дамыған елу елдің
қатарына енуді жоспарлап отыр. Осындай тығыз байланыс орнатып
мемлекетіміздің бірі – көрші Қытай Халық Республикасы. Аспанасты елімен
біздің ел барлық сала негізінде байланыс орнатқан. Мәселен, импорт, экспорт
жағдайлары да реттелген. Сауда-саттық саласында емін-еркін жүруге болады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда
көлемі ағымдағы жылы 15 млрд долларға жетпек. Бұл Елбасы мен Қытай Халық
Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен жүргізілген
келіссөздер барысында да белгілі болды.
"Тек биылғы жылдың бірінші жартысында тауар айналымы $6,5 млрд болып,
өткен жылғымен салыстырғанда 25% өсті. Ал биыл тауар айналымы 15 миллиардқа
жетеді. Бұл - үлкен қарқын, жаман емес",- деген болатын Нұрсұлтан
Назарбаев. ["Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігі].
Негізінде екі ел арасында саяси, экономикалық ынтымақтастық үшін ешқандай
кедергі жоқ. Өзара сауда-саттық көлемі артып келеді. Қазіргі уақытта
халықаралық кеңістікте күрделі экономикалық жағдайлар белең алуда. Оның
үстіне соңғы уақытта біздер және әлемдегі көптеген елдер әлемдік қаржы
дағдарысына тап келуде және бұл дағдарыс дүниежүзі экономикасы үшін өте
ауыр соққы болды. Осындай сәтте елдің жан-жақтағы көрші мемлекеттермен
тығыз байланыс орнатқанының әбестігі жоқ секілді көрінеді. Дегенмен,
аспанасты еліндегі өндіріліп жатқан тауарлардың санынан гөрі сапасы
көпшілікті алаңдатары анық. Мәселен, балаларға арналған ойыншықтарының өзі
түрлі химиялық қоспалардың көмегімен жасалатыны жасырын емес.
Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да — шетелдің
мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің
идеологиясы жүруде деген сөз. Онсызда телеэкрандарымызды шетелдің
мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп
жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да
Қытайдікі. Қарап отырсақ, мұның өзі астыртын саясат. Себебі, бұл аспан асты
елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі
кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте мемлекеттің тұтқасын
ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің
боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқан қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.

Еліміздегі базар, дүкен сөрелерін Қытай тауарларының жаулап алғанына
біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес.
Бұл елдің тамағы, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш
кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы
ғана емес, тағамы, тіпті балалар киетін киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге
толы екенін, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық
заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтер өнімдерін көшірумен
белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан
сапаға емес, санға мән беруде. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге
алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына ойлана бермейміз. Ересектер
балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның
негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын
зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп
жағдайда хабарсызбыз. Балаға ойыншық алғанда, байқасаңыз, олардың қызылды-
жасылды, ашық түсті болып келетінін аңғаруға болады. Ал ол буыны әлі қатая
қоймаған сәбидің көзін ауыртып, зиян келтіретінін дәрігерлер растап отыр.
Қытайлар нәрестелeрге арналған сүтке улы зат — меламин қосып, үлкен дауға
қалып еді... Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңадан туылған нәрестелер үшін
шығарылатын құрғақ сүт құрамына аса қауіпті улы зат меламинді қосқан
қытайдың 20-ға жуық кәсіпорнының бірнеше қызметкері сот алдында жауап
беріп, олардың екеуі өлім жазасына кесіліп, халықаралық деңгейде дау туғаны
белгілі. Одан кейін ит тамағына меламинді қосқан қытайдың кәсіпорнына
ашуланған Вашингтон Пекинге наразылық көрсетіп, екі ел арасында кәдімгідей
дипломатиялық тұрғыда үлкен дау туған еді. Бұл қауіпті меламин улы заты
жоғарыда аталған өнімдерде ғана емес, қытайлық тауарлардың көбісінен
табылып, Еуропа елдері осы елден импортталатын заттарды шекарадан өткізуге
тыйым салды.

ІІ.2. Қытай тауарлары, соның ішінде ойыншықтары Қазақстан нарығын ғана
емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары
Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында
улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып,
тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында
Ресейде балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен
қадағалау тиімділігін арттыру туралы жаңа заң қабылданып, күшіне енді.
Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін
нығайтуға күш салынады. Ойыншықтардан мырыш, фенол, формальдегид сияқты
улы, қатерлі заттар анықталған
Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық
Mattel компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын
дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық
кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық Dong Lian және Yip Sing
компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше
есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан
да Mattel компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен
Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп,
зорға құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға
түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылып тынады екен. Ал кішкентай
бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі
ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп,
түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид
әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында
ася зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және
шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті
нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау
қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар
құрамындағы кадмий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының көліктік негіздері
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Орталық Азия одағы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы: ланкестікпен күрес тәжірибесі
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Пәндер