Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген кылмыстык заңда белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстык заңның өзінде барлык соттар үшін міндетгі болып табылатын
жекелеген жазаларды қодданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметгі
атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан
және мемлекетгік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым аткару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан
айыру, әскери кызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік өскери белімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері
негізінен үш топқа белінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі
жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын
жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығьшан айыру;
в) қоғамдык жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж)қамау;
з) тәртіптік әскери белімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) елім жазасы қолданылуы мүмкін (39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның
мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз.
Сондықтан да қылмыстык заңның баптарының санкцияларында қосымша
жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны
тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде
міндетгі түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жағдайда
үкімнің корытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме
жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның
баптарыңда қосымша жаза колдану міндетгі деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық
кодекстің 55-бабында керсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа
сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәледдерін үкімде міндетті түрде
көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптык шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекетгік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа
негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданы-
латын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір
лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айна-лысу құқығынан айыру. Осы
көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе баска
жазаға занда белгіленген реттерде косымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да
мүмкін. Сонымен, колданылып жүрген қылмыстык занда мазмұны мен мәні әр
түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану — қылмыспен
тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның
жекеленген түрлеріне сипатгама береміз.
АЙЫППҰЛ
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: "Айыппұл — осы Кодексте
керсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне
қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштін, белгілі бір мөлшеріне сәйкес
келетін мөлшерде не сотталған адамның жалакысының немесе ол кылмыс жасаған
сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде
тағайындалатын ақша өндіріп алу (40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендей айыппұл негізгі немесе
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыкка тап
болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады.
Кінәлі адамнан үкім бойынша акшалай ендіру сотталған адам және басқалар
үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекше роль
атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана занда
көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында керсетілмеген болса,
онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек қана
мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша занда
көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана
қолданады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған
адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезендегі өзге де
табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың
ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот
белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына,
кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына
байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Занда айыппұлдың төменгі және
жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік
көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте
тағайындалады. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне сотталған адамның
жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге
табысының мелшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда
айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек
қызметі, авторлық каламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады.
Қылмыстық-атқару құкығы бойынша айыппұлды орындау сотка жүктеледі. Сот үкім
күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды
төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге
мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді
немесе төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға кұкылы. Егер
сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы
күшпен орындалуға жатады. Занда айыппұлды төлеуден өдейі жалтарғаны үшін
жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару деп сотгалған адамның өзінің ақша
каражаттары басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден
ашық бас тартуы болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42,43 және 46-баптарында көзделген
ережелер сақтала отырып, айлык есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне
тиісінше айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе 80
сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың есебінен
қоғамдық жұмысқа тартумен түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен ауыстырылады.
БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ
ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру мемлекетгік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе
өзге де кызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап).
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы
келік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және келік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған
адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап)
қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қылмыстык жаза шарасы ретінде істелген
қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе
белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай
адамдарға осы кұқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын
реттерде қолданылады.
Мұндай жазаны колдану негізінен кызмет бабын немесе кәсіптік қызметін
пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет кою,
мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір
лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара
айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметге
белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мыса-лы, материалдық
жауапкершілікке байланысты лауазымдық кызмет атқармау.
Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына
тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға
тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю,
т.б. ҚК-тің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі
мерзімге және жазаның косымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде кылмыстық заңның санкцияда ол туралы
арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының
талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде колдаңылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын
қылмыс кұрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның
санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай
сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Сонымен, Қылмыстык
кодекстің 41-бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану кұкығынан бұл жаза түрі заңның
санкциясында көрсетілмесе де оны қолдану қажетгілігі туралы үкімде
керсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құкылы. Сотталған адамдар
сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс
істемеу туралы тыйым салуы занда көрсетілмеген.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана
орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстык кодекстің 362-бабы бойынша
жауапқа тартылады.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
беліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағатган аспайтын мөлшерде тағайындайды және сотталған адам
оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған
адамдардың істейтін қоғамдык. жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше
45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен
немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотгалған адам қоғамдык
жұмысты өтеген уакыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан
шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери кызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.
ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл
жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін
санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Түзеу жұмысына сотгалған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан,
еңбек ұжымынан бөлінбейді, езінің жұмысын, қызметін сотгалғанға дейін еңбек
еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы
шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі сотталған
адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау
жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жұмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотгалған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетгі түрде
қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда
жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамньщ енбегі мәжбүрлі
сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлегі
мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы жазасын өтеу мерзімі
жеқілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотгалған
адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға кақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан
босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын — қылмыстық орындау
инспекциясының келісімі қажет. Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана етеледі.
Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адамды бұрынғы
сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады
деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби
қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жүмыска
немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның
жұмыс орнында өтелуі тиіс. Түзеу жүмыстары екі айдан екі жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді және сотгалған адамның ай сайынғы табысынан 5
проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен
белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте
мемлекетгің кірісіне ұсгап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жүмысы жоқ немесе оқу орнында
өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу
жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлык есепті көрсеткішке тен айыппұл
сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы
мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, соттүзеу
жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Жаңа Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын
етеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылык белгіленген. Мұндай жағдайда сот
түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстыра алады.
Қылмыстық орындау заңы бойынша:
1) Сотталған адамға инспекцияның жұмысқа кірісу туралы берген
ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе;
2) инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін се-бепсіз жағдайлармен
келмесе;
3) белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша
ескертуден кейін бұзса;
4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде келсе
немесе жұмысқа мүлдем келмей қалса;
5) сотталған адам түзеу жұмысын өтеуден бас тарту мақсатында бой
тасалап қалса, олар әдейі жалтарған деп саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кылмыстык орындау
инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ
Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес: келісімшарт бойынша
әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ
шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше
белімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы
қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп
жүрген, сотгалған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге әскери кызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Жаза жүйесі жайлы
Жазаның белгілері
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар - қылмыстық құқықтың өзегі
Республикасының азаматтығынан айыру
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қылмыстық құқықтағы жазаның белгілері
Пәндер