ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН - ЖАЙЛАР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

1. Жаза тағайындау жалпы негіздері.

1. 1. Жазаны жеңілдету және ауырлату мән-жайлары.

1. 2. Қылмысқа қатысқаны үшін жаза тағайындау.

2. Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау.

2. 1. Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

2. 2. Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

2. 3. Шартты түрде соттау.

Қорытынды.

Кіріспе.

Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті (ғылымда) санмен қатар жалпы адамдық ой құндылықтар, зерттеулерде де болады. Қазіргі уақытта қылмыскерлермен мемлекет арасындағы қарым қатынас біздің мемлекетімізде заң негізінде құрылып жатыр.

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстың заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған.

Курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстық жазан және оның қолданылуы». Тақырыптың өзектіліг і қазіргі уақытта бүгінгі күнге сай келеді.

Курстық жұмысының мақсаты :

Қылмыстық жаза жалпы ұғымын ашу, оның жүйесі мен түрлеріне, ерекшелік мазмұндарына және қолдану реттеріне түсінік беру. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға баға беру оң және тері жағдайда қайтадан қарау және қайтадан тәрбиелеу, қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар.

Курстық жұмысының міндеті :

  1. Қылмыстық жазадан және одан босатудың түсінігінорын ашу.
  2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жүйесі мен түрлеріне мазмұнына түсінік беру.

Курстық жұмысының зерттелу деңгейі .

Осы курстық жұмысының тақырыбы көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бір сыпыра қазақстан мен ресейлік заңгерлер Т. И. Филимонова, К. А. Курляяндскова, И. В. Карпушина, И. М. Рахметова, Ағынбаев осы тақырып бойынша еңбектері бар.

Курстық жұмысының жаңалығы :

Дипломның жаңалығы бекітілуі Қазақстан мен Ресей заңгерлердің жұмыстары тәрбиесін қолданып, Қылмыстық құқық институт жүйесіне анализ беріледі.

Практикалық қолдануы: құқық сабақтарында, факультатив сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін кезделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатандығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.

3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.

Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекетінің зандылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол берілмеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.

Жаза Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жазатағайындауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.

Сондай-ақ сот жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрады бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды - жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алынады.

Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғүрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.

Сот жаза тағайындағаңда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы айтылған факторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі белгі бар. Ол біріншіден, істелген қылмысты қоғамға қауіптілік дәрежесі, екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екеңдігі, басқа айтылған жағдайлар мен мән-жайлар бұл жоғарыда айтылған екі факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты түсінік болып табылады.

Осы жоғарыда айтылған екі негізгі факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалык (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъектавтік белгілері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъективтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы "Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы" Қаулысының 2-тармағында жасалған қылмыстың қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір сыбайластың қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б. ) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.

Қылмыстық кодекстң 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипатгайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипатгәйтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипатгайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғаңдарға, ішімдікпен, наша-қорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипаттала-тын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

Соттардың сотталушының жеке басының мәліметгерін жан-жақты объектавті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотЖаршысы, 1993. №1, 2, 6-бет. принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметгерді жан- жақты еске алады.

ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде сотТар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бҰлжытпай орындауға тиісті. Жаза занды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) занда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы занда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға қҰқылы емес.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетгі, жетілген немесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықгы ауырлататан мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" - деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы № 3 Қаулысында "Егер занда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай қылмыстың бір белгісі ретінде Қылмыстық кодекстің айырықша бөліміндегі заңының диспозициясында келтірілген болса, онда ол сол қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықгы жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша есепке алынбайды деп көрсетілген. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабын-да қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау; б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажетгілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрыкты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.

3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген бол-са, ол өзінен-өзі жаза уағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:

1. Мән-жайлардың кездейсоқтоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмьс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетгі кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.

2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде кеп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотының Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.

3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықгы жеңілдететін мән-жайларға жатқызу - осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгеріс-тер болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.

4. Айыпкердің жас балалары болуы.

Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңіддік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.

5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын әз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе занды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетгі шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.

6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауаптылықты жеңілдететін мән жайлар
Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық
Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Қылмыстық жаза тағайындау
Жаза жүйесі
Жазалау және оның мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz