ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан
Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында,
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы
берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери
қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде
әскери-қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген
қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.
Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық
қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.
Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен
байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері
әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы
қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.
Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі — қылмыстың арнаулы
субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт
бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет
атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери
қызмет атқарушы запастағы азаматтар.
ҚР Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық
әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-
космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери
құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік
байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің
ішкі әскерлері, т.б. жатады.
Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты
мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:
Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне
сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны
өзгедей орындамау (367-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік
міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап). Бастыққа қатысты күш қолдану іс-
әрекеттері (369-бап). Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары
болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың
жарғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).
Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: Бөлімді
немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап). Қашқындық (373-бап).
Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен
жалтару (374-бап).
Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы
қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап).
Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта)
қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі қызмет
атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-
бап). Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (379-бап).
Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді,
техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар: Әскери
мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсызда
құрту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап).
Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап).
Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен
нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану
ережелерін бұзу (393-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).
Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға карсы қылмыстар: Әскери
құпияны жария ету немесе әскери кұпиясы бар құжаттарды жоғалту (386-бап).
Әскери лауазымды қылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра
қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап). Қызметке селқос қарау (381-бап).
Шайқас даласында және соғыс жүріп жаткан ауданда әскери қызметті
атқару тәртібіне карсы қылмыстар: Құрып бара жатқан әскери кемені тастап
кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-
бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық 385-бап).
Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе
әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға
жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.
Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың көпшілігі
қасақаналықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың
жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

БАҒЫНЫШТЫЛЫҚ ТӘРТІБІНЕ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ САЙ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап).
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын
орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте
берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп,
өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс
құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды
бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі
орындамау — яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген
бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі
орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы
талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі,
немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.
Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет
мүддесіне елеулі зиян келтірілуі кажет. Зиян-мүліктік немесе
ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-
әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының
алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақат
келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал
келтірілсе зиян елеулі деп танылады.
Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның
арасында себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыс құрамы материалдық.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама)
жүзеге асырылады.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет осы
қылмыстың ауырлататын түріне жатады (367-баптың 2-тармағы). Ауыр
зардаптарға жасақана денеге орта дәрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі
өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге
аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық
залал келтірілу т.с.с. жатады.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі көзделген әрекеттер
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда бұл осы қылмыстың аса
ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы).
Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға
әкеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық ҚК-тің 367-бабының 4-
тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 2-
бөлігінде көрсетілген ауыр зардаппен бірдей болуы да мүмкін. ҚК-тің 367-
бабының 4-тармағындағы қылмыс құрамы субъективтік жағынан тек қана
абайсыздықпен (немқұрайлылық немесе менмендік) жүзеге асырылады.
Егер осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында
немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда кінәлінің жазасы арта түседі, ол үшін
жауаптылық ҚК-тің 367-бабының 5-тармағында көзделген.
Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға
мәжбүр ету (368-бап).
Қылмыс объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша
өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны
осы міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы,
мәжбүр ету арқылы сипатталады.
Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне
жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның
заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына
кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери қызметшіні ұстауға
байланысты әрекетіне соңғының қарсылық көрсетіп бағынбауы.
Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша озіне жүктелген міндетті
атқарушы өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы
олардың міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп
танылады. Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп
қалған екінші бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып
босатып алуы.
Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердін біреуін істеген
сәттен қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдынала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ
жасаса;
б) қару қолдана отырып жасаса;
в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр
зардаптарға әкеп соқса — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (368-
баптың 2-тармағы).
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында көрсетілген.
Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа
қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік
жатады.
Ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатының түсінігі ҚК-тің 103,
104-баптарында көрсетілген. Өзге де ауыр. зардаптарға бастықты абайсызда
өлтіру, жауынгерлік тапсырманы жүзеге асырмау, әскери техниканы істен
шығару, Қарулы Күштердің мүддесіне елеулі зиян келтіру т.с.с. жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген; соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер талданып отырылған
қылмыс құрамының өте ауырлататын түріне жатады (368-баптын 3-тармағы).
Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап).
Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін
атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты
жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану
арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі
түрлі жағдайда:
1) бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде;
2) немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне
қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті атқаруы,
қызметтік жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт
ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іс сапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін
айтамыз.
Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-
әрекеттеріне кінәлінің оның қызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе
одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған
өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет
бабына байланысты жасалады. Және оған қарсы күш қолдану әрекетімен ұласады.
Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге
де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы
көрініс табады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.
Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ
жасаса;
б) қару қолданып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе езге ауыр
зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (396-
баптың 2-тармағы). Бұл көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 363-бабын
талдағанда тоқталғанбыз.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың
аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).
Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери
қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін
бұзу (370-бап).
Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық
қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-
қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру
немесе өзге күш қолдану, не арожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе
жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу — арқылы сипатталады.
Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде
әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық
ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы
баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген
қылмыстың құрамын құрайды. Көрсетілген ережелерді бұзу нәпсіқұмарлық
сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің киім-кешегін, тамағын,
басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдайда кінәлінің іс-әрекеті
қылмыстардың жиынтығын құрайды. Дәл сол әрекеттер:
а) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз).
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ
жасаса (ҚК-тің 31-бабы).
г) қару қолданып жасаса;
д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚК-тің 104-бабы), осы
талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (370-баптың 2-
тармағы).
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ауыр
зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптың 3-тармағы) талданып
отырылған қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға
мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсызда кісі
өлімінің болуы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-
әрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет ҚК-тің 96-бабы бойынша
саралануға жатады.
Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).
Қылмыс объективтік жағынан әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде
немесе оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл
тигізуі арқылы сипатталады.
Тіл тигізу деп әскери қызметшінің ар-намысын аяққа басатын, қадір-
қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айтамыз. Көрсетілген баптың
диспозициясына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге
тіл тигізуі қылмыс деп қарастырылады. Бұл қылмыс құрамы бойынша іс-әрекетті
саралау үшін күш қолданудың орын алуы шарт емес. Әскери қызметшінің тіл
тигізуі жәбірленушінің әскери қызметін атқарумен байланысты немесе әскери
қызмет міндеттерін атқару кезінде болуы қажет.
Егер бағыныштының бастыққа, сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқару
кезінде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тіл тигізуі
орын алса, онда мұндай іс-әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады
(371-баптың 2-тармағы).
Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей
қасақаналыкпен істеледі.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ ӨТЕУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап)
Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші,
әскери қызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен
тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру
кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі
тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз
мерзімінде келмеу — арқылы сипатталады.
Әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың
рұқсатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.
Бөлім немесе қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар
жатады. Сондай-ақ қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлерден тысқары
жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетін өтейтін орындары да (уақытша
жұмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.
Әскери қызмет өткеруші бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап
кетсе, сол сияқты бөлімнен рұқсат бойынша босатылған кезде, тағайындау,
ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен
қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді
себептерсіз келмесе онда оның әрекетінде осы баптың 1-белігінде көрсетілген
қылмыс құрамы бар. Бұл құрамның субъектілері шақыру бойынша әскери қызмет
өткеруші — жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар.
КК-тің 372-бабының 2-тармағының субъектілері болып тәртіптік әскери
бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қызметшілер танылады.
Шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарушы
әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап
кету, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан кеп емес
уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу үшін жауаптылық ҚК-тің 372-
бабының 3-тармағында көзделген. Баптың бұл бөлігінің субъектілері болып
шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші — жауынгерлер, сержанттар матростар,
әскери құрылысшыларды, старшиналар немесе келісім-шарт бойынша әскери
қызмет өткеруші жауынгерлер, матростар, әскери құрылысшылар, сержанттар,
старшиналар, прапорщиктер, кәсіптік әскери білім беретін мекемелердің
курсанттары, мамандар, офицерлер танылады.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттер, егер ез бетімен
тастап кету бір айдан астамға созылса,сол сияқты тәртіптік әскери бөлімде
жазасын өткеріп жатқан әскери қызметші жасаған дәл сол әрекет, егер өз
бетімен тастап кету он тәуліктен артыққа созылса кінәлінің әрекеті ҚК-тің
372-бабының 4-тармағы бойынша саралануға жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс
уақытында жасаған әрекеттер, егер ез бетімен тастап кету бір тәуліктен
артыққа созылса, онда кінәлі КК-тің 372-бабының 5-тармағы бойынша
ауырлататын жағдайдағы қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.
Бөлімді немесе қызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына қарамастан өз
бетімен тастап кету осы құрамның өте ауырлататын түрі болып табылады.
Мұндай ретте қылмыстың субъектісіне шақыру бойынша немесе келісім-шарт
бойынша әскери қызмет өткерушілер жатқызылады және бұл іс-әрекет үшін
көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген. ҚК-тің 372-бабының ескертуіне сәйкес
осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған
әскери қызметші, егер бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жағдаяттардың
себептерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз
еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
Ауыр жағдаяттарға әскери қызметшінің ауыр науқасқа душар болуы,
жақындарымен болған бақытсыздық оқиғалар, жарғылық қатынастарға байланысты
емес қатынастардан пайда болған өмір мен денсаулыққа қауіптің болуы,
тойтарылмайтын күштердің әсер етуі т.с.с. жатады.
Қашқындық (373-бап)
Қылмыстық заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында
әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай
мақсатпен қызметке келмеу деп белгіленген (373-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір
азаматтың міндеті және азаматтық борышы, әскери міндеттілік және әскери
қызмет туралы заңдарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың
еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге
асырылады. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша әскери қызметші болып
танылғандар ез бетімен әскери қызметтен заңсыз жалтару мақсатымен әскери
бөлімді немесе қызмет орнын тастап кетуге, сол сияқты осындай мақсатпен
қызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шыққаннан кейін келмей қоюға
қақысы жоқ. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару қашқындық деп танылады.
Қашқынды құрылысы Жөнінен формальдық құрамға жатады және ол созылмалы
қылмыс болып табылады. Қылмыс әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет
орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уақыттан
бастап аяқталған деп танылады.
Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы
мақсатпен — әскери қызметтен жалтару арқылы сипатталады.
Қылмыстың субъектісі әскери қызметші — шақыру немесе келісім-шарт
бойынша өтеп жүрген әскери қызметшілер.
Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді
немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке
келмеу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (377-баптың 2-
тармағы).
Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған қашқындық үшін
жауаптылық ҚК-тің 373-бабының 3-тармағында көзделген.
ҚК-тің 373-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр
жағдайлардың себептерімен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі
өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін.
Ауыр жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 372-бабында талдау жасағанда
тоқталғанбыз.
Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери
қызметтен жалтару (374-бап)
Қылмыс объективтік жағынан әскери қызметшінің ауруды сылтау ету
немесе өзіне қандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау),
не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше
алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы арқылы
сипатталады.
Ауруды сылтау етуге өтірік соқыр, керең, мылқау болып көрінулер
арқылы әскер қызметі міндетін өткеруден жалтарады. Өзінің әскери қызметті
міндетін өтеуден жалтару мақсатымен дене мүшесін зақымдауға кез келген
затпен, құралмен, карумен немесе улы, зәрлі нәрселерді қолдану арқылы өзіне-
өзі немесе біреу арқылы зақым келтіруді айтамыз.
Жалған құжат жасауға - әскери қызметті немесе міндетті өтеуден
босатуға негіз боларлық өзі немесе басқа біреу арқылы дайындалған шындыққа
сай келмейтін құжаттарды жасау жатады.
Өзгеше алдауға — әскери қызметті өтеу мерзімін қысқарту үшін жоғары
білімі туралы жалған құжат көрсету, әскери қызметтен жалтару мақсатымен
лауазымды адамды сатып алып, өзіне қолайлы іс-әрекеттер істеткізу т.с.с.
жатады.
ҚК-тің 374-бабынын 1-тармағы бойынша қылмыстық жауаптылық әскери
қызметшінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери
қызметтен уақытша жалтарғаны (қарауыл қызметін атқарудан, әскери
кезекшіліктен, қауіпті әскери операцияға қатысудан, алыс іс-сапарға
барудан) үшін туындайды. Баптың бұл бөлімі бойынша қылмыс субъектісі болып
шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүргеңдер
танылады. Егер осы көрсетілген адамдар әскери қызмет міндеттерін атқарудан
толық босану мақсатында жоғарыда керсетілген әрекеттерді — ауруды сылтау
ету, өзге де алдау жолымен жасалса, онда олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 374-
бабының 2-тармағы бойынша сараланады.
0сы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер- үшін жауаптылық ҚК-тің
374-бабының 3-тармағында көзделген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы
мақсат әскери қызмет, міндетті атқарудан уақытша немесе толық босану арқылы
жүзеге асырылады.
ӘСКЕРИ КЕЗЕКШІЛІКПЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА АРНАУЛЫ ҚЬІЗМЕТ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ
ҚЫЛМЫСТАР
Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап)
Қылмыс объективтік- жағынан Қазақстан Республикасына кенеттен
жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік
қызмет) атқарудың ережелерін бұзу, егер де бұл әрекет мемлекеттің
қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы
арқылы сипатталады.
Жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелері ішкі қызмет Жарғысымен,
Қорғаныс министрі, Бас Штаб бастығы, Қарулы күштер түрлерінің Бас
қолбасшысының бұйрығымен және директиваларымен белгіленеді. Жауынгерлік
кезекшілік атқару ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасына кенеттен
жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару
қызметтерін бұзулар жатады.
Жауынгерлік кезекшілік атқару құрамына кезекшілік уақытында қызмет
орнынан ауытқуға, бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын
тастап кетуге, кезекшілік орнын басқа біреуге уақытша болса да беріп
кетуге, әскери техниканың дайындығына бөгет келтіретін істермен айналысуға
тыйым салынады, сондай-ақ жауынгерлік кезекші өз қызметін атқару кезінде
спирт ішімдіктерін, есеңгірететін, уытқұмарлық заттарды пайдалануға, байқау
аппараттарын өз бетімен алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты
орындамауға құқылы емес.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық—материалдық құрамға жатады. Өйткені
қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелерін бұзудан мемлекеттің
қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған
реттерде аяқталған деп танылады.
Мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне зиян ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен түрлері
ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстың түсінігі
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі
Өкімет өкілін қорлау
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Пәндер