Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І Тарау.
1. 1. Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
1. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының (ТҮКШ) шығындары мен табыстарын есепке алу
1. 3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеу
1. 4. Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау жөніндегі шығындарды есепке алу
ІІ Тарау.
2. 1. Қосалқы ауыл шаруашылығының табысы мен шығындарының есебі
2. 2. Мал шаруашылығынан алынатын өнім мен шығынның есебі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Экономикалық ынталандыру шараларының жүйесін пайдалану аймақтағы құрылыс материалдары саласының жылдам дамуын, соның ішінде жергілікті маңызды шағын кәсіпорындардың (маусымдық және уақытша полигондар мен заводтарды қосқанда) құрылуын қамтамасыз етеді.
Бірқатар әлеуметтік проблемалардың жылдам шешілу қажеттігін атап өту әсіресе маңызды. Әлеуметтік қайта туу инвестициялық саясаттың елеулі түрде қайта бағдарлануын, жаңа салымдар облысында әлеуметтік сфера үшін басымдықтардың қамтамасыз етілуін білдіреді.
Облыстық әкімшіліктің қарауында әлеуметтік сфераның барлық мекемелері болу керек. Онсыз оның дамуы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүргізілетін, әлеуметтік саясат аясына кіре алмай, әлеуметтік даму үшін тағайындалған, көптеген қаражат ұстағыштардың жекеленген әрекеттерінің қорытындысы болып табылады.
Аймақтың келешекте дамуының баяндалған мақсаттары біріккен сипатта болады. Оларды нақтылау және анықтау қажет. Олардың барлығы өз араларында байланысқан. Олардың стратегиялық маңызының тек ұзақ мерзімді сипаты ғана емес, сонымен бірге варианттылығының белгілі шамасы бар. Бірақ бұл варианттылық көпшілігінде мерзімдеріне, әдістері мен қол жеткізу жолдарына қатысты болуы мүмкін. Стратегиялық мақсаттар мазмұнының өөзі жеткілікті түрде салыстырылап тексерілген болып ұсынылады: олардың жетістігі экономиканың объективті даму бағыттарына, тұрғындардың мұқтааждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін.
Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің білістілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды.
Мысалы, өндірістің шоғырлануы және интернационалдануы, ғылыми-техникалық сферадағы халықаралық кооперация және капиталды шетке шығару, әлемдік шаруашылықты құрылымдық қайта құру, қызметтер, сфераның өсуі және т. б. сияқты, экономикалық дамуда белгілі мұқтаждықтар тудыратын, әлемдік даму бағыттары сыртқы факторлар болып табылады. Ішкі және сыртқы факторларды талдау сол немесе басқа елдің, аймақтың экономикалық дамуының өнеркәсіптік стратегиясын ұйымдастыруға, әлемдік рынокта бар салыстырмалы артықшылықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
1. 1. Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық мұқтаждығына тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (асханалар, наубайханалар, моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді. Осы өндірістердің өндірген өнімінің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің шығындарының есебі 8050 - "Әлеуметтік сфера" шотында жүргізіледі; оның құрамына мынадай субшоттар жатады:
1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы";
2. "Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары";
3. "Тұрмыстық қызмет керсету, киім тігу және басқа да өндірістер";
4. "Демалыс және еңбек лагерьлері";
5. "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері";
6. "Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер";
7. "Басқа да өндірістері мен шаруашылықтар".
Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу, олар үшін белгілеген шығындар баптарының номенклатурасы бойынша "Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу ведомосында" жүргізіледі.
Ведомосқа жазу "Жалақы мен материалдар шығындарын тарату", "Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі", "Көмекші өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату" талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.
Әлеуметтік сфераның шығындарын есепке алатын ведомоста көрсетілген мәліметтер әлеуметтік сфераның әрбір объектілері бойынша жұмсалған шығындарды бақылау үшін пайдаланылады. Оның көптеген объектілерінде аяқталмаған өндіріс болмайды, не болмаса оның мөлшері азғантай болғандықтан калькуляциялау кезінде ескеріле бермейді.
Жекелеген өндірістер мен шаруашылықтар бойынша есепке алу әдістемесін қарастырып көрейік.
1. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының (ТҮКШ) шығындары мен табыстарын есепке алу
Оның құрамына тұрғын үй қоры, жалға тапсырылған тұрғын үй емес үй-жайлары, (үй астындағы подвалдар (төлелер) ), радиотораптар, санитарлық-гигиеналық объектілер (сумен жабдыктау, канализация, моншалар, кір жуу, шаштараз және т. б. ), жол шаруашылығы, қонақүйлер және т. б. ТҮКШ бойынша шығындар мен табыстарды есепке алу 8050 шотта шығыстар баптарының мынадай номенклатурасы бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы мен жалақыдан жасалатын (аударылатын) аударымдар - ТҮКШ қызметкерлеріне негізгі және қосымша жалақы - аула сыпырушыларына, күзетшілерге, коменданттарға және аталған қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша ұсталынатын (есептелінген) әлеуметтік салық) .
2. Үй шаруашылығын ұстау - қоқыстарды алып кету және қоқыстарды жағу, қардан тазарту (алып кету), жалпы пайдаланудағы жерлерді күтіп-ұстау және т. б. басқа да шығыстар.
3. Тұрғын үй құрылысын жөндеу - тұрғын үйлерді, ғимараттарды және басқа негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі шығындар: жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударылған аударымдар, жөндеу материалдарының құны, көліктік және басқа да шығындар, мердігерлік әдіспен және өзінің көмекші өндірісінің көмегімен атқарылған жөндеу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу.
4. Тұрғын үй қорының негізгі құралдарының амортизациясы - ТҮКШ амортизацияланатын негізгі құралдары бойынша амортизациялық аударым сомасы (ауланың жақсылап жабдықтаушылық объектілерін қоспағанда, олар бойынша тозу сомасы баланстан тыс 014 - "Тұрғын-үй қорының (құрылысының) тозуы" және 015 - "Сыртқы жақсылап жабдықталушы объектілерінің және басқа да ұқсас объектілерінің тозуы" шоттарында ескеріледі) .
5. Тұрғын үй құрылысы (қоры) бойынша басқа да шығыстар - бұрынғы баптарда есепке алынбаған шығындар.
Жекелеген талдамалық шоттарда тұрғын үй пәтерлері мен жатақханалар тұрғындарынан орталықтандырылған жылу, канализация және ассенизация, ыстық сумен жабдықтау, телефонды және ұжымдық антенналарды пайдаланғаны үшін алынатын нысаналы алымдар есебінен жүргізілетін шығыстар есепке алынады. Олар бойынша шығыстар бұл қызметтерді осы кәсіпорынның коммуналдық шаруашылығы көрсетті ме, әлде басқа кәсіпорын көрсетті ме, оған қарамастан "Коммуналдық қызмет" арқылы жүргізіледі. Нысаналы алымдарды (кірістерді) есепке алу жекелеген таңдамалық шоттардағы алымдар түрлері бойынша жүргізіледі.
ТҮКШ кірістері мынадай баптар бойынша есепке алынады: пәтерақы, тұрғын үй емес үй-жайға арендалық (жалғалық) ақы төлеу, үй шаруашылығының пайдалану шығындарын жабу үшін арендаторлардан (жалға алушылардан) алым жинау, басқа да кірістер.
1. 3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеу
Стационарлық асханаларды ұстау жөніндегі шығындар мынадай баптар бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы және жалақыдан аударылатын аударымдар - асхана қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық) .
2. Шикізаттар (өнімдер) - белгіленген рецептураға сәйкес тамақты (блюдоны) дайындау үшін асханаға босатылған өнімнің (тауардың) құны.
3. Отын, су - тамақты (блюдоны) дайындау үшін жұмсалған отын мен судың құны.
4. Ғимаратты күтіп-ұстау - жарық, жылу, сыпыру, амортизация, жөндеу, транспорт, ыстық және суық су, тамақты дайындау үшін технологиялық отындар.
5. Амортизация және басқа да ұсақ керек-жарақтар бойынша шығыстар. Бұл бапқа қоғамдық тамақтандыру саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы, сондай-ақ ұсақ керек-жарақтардың құны (қасық, ыдыс т. б. ) жатады.
6. Басқа да шығындар - бұрынғы баптарда көрсетілмеген шығындар (асхана жамылғыларын жуу және жөндеу, ыдыстарды шаю және т. б. ) кіреді.
Дайын тағамдардың өзіндік құнын анықтау және тағамның сатылу құнын есептеу олардың калькуляциялық карточкаларында жүргізіледі. Оларда рецептуралар бойынша тағамдардың реттік нөмірі, рецепт бойынша тағамдардың құрамына кіретін өнімдердің атаулары, өнімдердің жұмсалу нормалары және олардың сатылу бағалары жазылады. Есептеу үшін 100 тағамдық өлшем бірлігін алады. Есеп айырысу 100 тағамға жүргізіледі. Тағамның сатылу бағасына қосылатын үстеме ақыны асханалар өндірісінің шығындарын жабу қажеттігін негізге ала отырып анықтайды. Тағамның құны шикізат жиынтығы немесе өнімдерге баға өзгергенге дейін сақталады. Сату бағасының дұрыс белгіленгені калькулятордың (бухгалтерияның) қолымен расталып, оны өндіріс меңгерушісі немесе асхана директоры бекітеді. Карточкалар нөмірленіп, арнаулы картотекаларда сақталады.
Асхана қоймасына келіп түскен өнімдер (азық-түлік) мен тауарлар материалдарды есепке алу карточкаларында атаулары, сорттары, саны және құны бойынша есепке алынады. Кәсіпорын бухгалтериясында асханадағы өнімдер 1330-шотта есепке алынады.
Қоймадан алынған өнімдер асхана меңгерушісінің немесе басқа жауапты қызметкерлердің есебіне жазылады, ол күн сайын накладнойлардың, лимиттік-алу карталарының, кассалық чектердің негізінде ас-үй бұйымдарын сату мен босату есебін жасап, онда тағамдардың санын және олардың сату бағасын көрсетеді. Қолма-қол есеп айырысуға дайын тағамдарды босатқан кезінде кәсіпорын бухгалтериясы кассирдің есеп беруінде көрсетілген сомасын түскен түсіммен салыстырады.
Асхана меңгерушісі белгіленген мерзімде бухгалтерияға бұйымдардың сатылуы мен босатылуы туралы есеп тапсырады, оған түскен түсімдердің кассаға тапсырылғаны туралы кассалық ордерлер квитанциясын қоса тіркейді.
Асханалардағы тағамдардың босатылуын кәсіпорын күні бұрын өткізген абономенттер (біржолғы талондар) бойынша жүргізуге болады. Абономенттер қатаң есептегі бланкілер ретінде нақтылы құны (нөмірлері, сериялары, саны және материалдық жауапты адамдар) бойынша 006 - "Қатаң есептегі бланкілер" деп аталатын баланстан тыс шоттарда есепке алынады. Абономенттер бойынша босатылған тағамдардың құны дастарқан мәзірінде (менюде) көрсетіледі.
1. 4. Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау жөніндегі шығындарды есепке алу
Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау жөніндегі шығындарды есепке алу олардың әрқайсысы шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы және еңбек ақыдан аударылған аударымдар - педагогикалық, медициналық және басқа да қызмет көрсететін адамдардың негізгі және қосымша жалақысы және жалақыдан есептелген аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық) .
2. Шаруашылық шығыстары - үй-жайларды ұстау, жинау, жылыту, жарық беру, жөндеу, сумен жабдықтау, канализация, жаймаларды жуу, жөндеу және т. б. шығындар.
3. Оқытуға байланысты шығыстар және кітапхана үшін кітаптар сатып алу -балалармен сабақ өткізу және балалар мерекелерін өткізу үшін қуыршақ, құралдар мен материалдар сатып алу.
4. Тамаққа жұмсалған шығындар - белгіленген нормалар бойынша тамақ өнімдерінің құны.
5. Шаруашылық мақсаттары үшін жұмсалған шығындар, яғни жабдықтарды және керек-жарақтарды, жиһаздарды сатып алуға.
6. Жеке керек-жарақтар мен киім-кешек сатып алу - төсектер; тәрбиешілер, медициналық және басқа қызметшілер үшін арнаулы киімдер, ясли жасындағы балалар үшін киімдер мен жаялықтар, басқа да уақ-түйек керек-жарақты сатып алуға жұмсалатын шығындар.
7. Басқа да шығындар - іс-сапарларға, қызмет сапарларына жұмсалатын және бұдан бұрынғы баптарда ескерілмеген басқа да шығындар.
Мектепке дейінгі балалар мекемесін ұстау қаражаты: бюджет субсидиясы, ата-аналардың жарнасы, кәсіподақ ұйымының дотациясы, жергілікті билік органдарының дотациясы, кәсіпорынның қаражаты және т. б. көздері болуы мүмкін.
Монша, кір жуу, жөндеу-тігу шеберханасы, шаштараз т. б. әлеуметтік сферадағы объектілердің есебі жоғарыда келтірілген объектілердің есебіне ұқсас жүреді.
Енді әлеуметтік сфера шығыстары мен кірістері бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz