Жеке тұлға психологиясы


Дәріс 1
Психология пәні, мақсаттары мен әдістері.
Жоспар: 1. Психологияның теориялық және міндеттері.
2. Психологияның әдістері.
Мақсаты: Психологияның мақсаттары мен әдістерін білу.
Негізгі ұғымдар: Жаратылыстану, психиканың қалыптасуы, заңдылықтары.
Сұрақтар: 1. Психология ғылымы нені зерттейді? Анықтамасын берініз.
2. Психологияның негізгі салаларын атаныз.
3. Жалпы психология ғылымы нені зерттейді?
4. Психологияның зерттеу әдістері дегеніміз не?
Әдіс дегеніміз - бұл алға қойылған мақсатқа жету жолындағы қысқа жолдар мен тәсілдер жиынтығы. Ғылыми зерттеу әдіснамасы әлеуметтік психологиялық шарттарына байланысты жалпы психологияның негізгі немесе қосымша әдістері қолданылады.
Эксперимент әдісі - бұл бір фактордың екіншісіне әсер етуін анықтауға бағытталған. Негізгі әдістерінің ішінде таб иғи эксперимент көп қолданылады. Себебі, әртүрлі топтарда, ұжымдарда адам өзін емін-еркін ұстайтын жағдайларда өткізіледі. Табиғи экспериментті ең алғаш ұсынған А. Л. Лазурский. Эксперименттің лабораториялық түрін түрін алғаш В. Вунд Лейбциг қаласында лаборатория ашты. Бұл белгілі бір арнайы дайындалған орында жүргізіледі.
Кореляциялық әдіс - бұл екі фактордың арасындағы қалыпты байланысты анықтауға бағытталған әдіс болып табылады. Бұл факторалар зерттеушімен анықталмайды. Математикаылқ өңдеу әдісі мен кореляция коэффициенті мен анықтауға мүмкіндік береді. Спирмен кореляциясы әлеуметтік психологиялық зерттеулерде көп қолданылады. Сонымен бірге бұл универсалдылығымен ерекшеленеді.
Бақылау әдісі - мәлімет жинау үшін алдын-ала белгіленген мақсаты бар әдіс. Бақылау лабораториялық және табиғи әлеуметтік ортада жүргізіледі. Лабораториялық бақылау әдісінің кемшілігі. Зерттелуші өзін ыңғайсыз сезінуінде . Жалпы бақылау ғылыми тұрғыда жүзеге асу үшін келесі шарттарды орындауы керек.
- Нақты мақсаты болу керек;
- Жоспары;
- Бақылаудың жүйелі түрде өтуі;
- Бақылау қорытындыларын арнайы күнделікке тіркеп отыруы керек.
Аппаратуралық әдіс - бұл әдіс тобына техникалық құралдар, аппараттар көмегімен:
а) зерттеуші обьектінің белгілі бір мінезін көрсету үшін ситуация туғызу;
б) зерттелген мінездің азаюы;
в) зерттеушінің нәтижелері тіркеледі. Бұлардың біреуін, орындаудың өзі аппаратуралыққа жатады. Түрлері: «Арка», «Эстакада», «Лабиринт» т. б.
Сауалнама әдісі - бұл практикалық психологтың әлеуметтік психологиялық құбылыстар туралы ақпараттар жинау. Нәтижесінде бағалау, көзқарас, қабылдау стереотипі алынады. Сауалнаманың екі түрі бар: анкета және интервью.
Интервью әдісі - Вербальді түрде, белгіленген арнайы сұррақтар арқылы ақпарат жинау. Ол стандартты және стандартты емес жолдармен алынады. Интервьюдің мақсатына және зерттеулер көлеміне қарай: индивидуальді, топтық, массалық болып бөлінеді.
Индивидуальді - стандартты емес, еркін түрде болады. Мақсатты: тұлғалық ерекшеліктерді анықтау.
Топтық - мұнда топта белгілі бір тақырып белгіленеді. Оған сай пікірталас жүргізіледі. Онда лидерлік пен топ арасындағы қарым-қатынас анықталады.
Массалық - бұқаралық әлеуметтік психологиялық құбылысты диагностикалауға арналған: көзқарас, көңіл күй, әлеуметтік күш түсу т. б. Мұны тағы демоскопиялық деп атайды. Бұл интервью алдын ала бағдарланған болу керек. Олар зерттеушілерге ананимділікті қажет етпейтіндіктей болуға тиісті.
Анкета әдісі - бұл әлеуметтік психологияда көп қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Себебі ол тиімді әрі ыңғайлы. Оны қолдануға қарай: прессалық, почталық, таратушылық болып бөлінеді.
Почталық - арнайы дайындалған, почта арқылы жіберіледі.
Прессалық - бұл барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады, яғни газет, журнал, интернет т. б.
Таратушылық - бұл жалпы қоғам көзқарасын анықтау үшін қолданылады.
Контент - анализ - құжаттардың ақпараттық деңгейін анализдеудің арнайы әдісі. Бұл ерекше тұлғалардың қалдырып кеткен қолжазбаларын типіне қарай зерттеу, сорттау. Статусына қарай официальді және официальді емес болып бөлінеді. Жағдайдың бейнеленуіне, көлеміне, деңгейіне байланысты 1-ші 2-ші болып бөлінеді. Құжаттың жарыққа шығуына қарай: табиғи және мақсатты болып бөлінеді.
Тест әдісі - бұл әлеуметтік психологияда топтағы және тұлғалардың бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды.
Дәрісбаян 2
Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуы
Жоспар: 1. Қазақстан психологияның дамуының 1-ші кезені.
2. Марксистік кеңестік психология.
3. Қазақ психологиясы. К. Б. Жарықбаев.
Мақсаты : Психологияның даму кезеңдерін жетік білу.
Негізгі ұғымдар: Моральдік - психологиялық сипат.
Ортағасырлық ғұлама - ойшылдар.
Ұлтжамдылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар.
Сұрақтар: 1. «Жан» туралы ілімнің негізін салған кім? «Жан туралы» ғылыми-психологиялық трактаттың авторын атаңыз.
2. Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы және ғылыми мектептер мен бағыттардың пайда болуы. Оларды атап көрсетіңіз.
3. Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы қай кезеңнен бастау алады?
4. Ортағасырлық ғұламалардың еңбектеріндегі психологиялық ой-пікірлер туралы не айтар едініз?
5. Қазақстандағы психология ғылымы дамуының негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.
Дәрісбаян 3
Танымдық процестердің психологиясы
Жоспар : 1. Танымдық үрдістер.
2. Психикалық үрдісінің көмегімен қоршаған ортаны тану.
Мақсаты: Танымдық үрдістердің негізін білу.
Негізгі ұғымдар: Зейін, түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
Сұрақтар : Танымдық үрдістердің әр қайсысына талдау жасаңыз.
Дәрісбаян 4
Жеке тұлға психологиясы
Жоспар: 1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы.
3. Жеке тұлғаның бағыттылығы.
4. Жеке тұлғаның қалыптасуы.
5. Жеке тұлғаның әлеуметтену.
Мақсаты: Жеке тұлға психологияның қасиеттерін білу.
Негізгі ұғымдар: Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері.
Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттары.
Сұрақтар: 1. Даралық дегеніміз не? Анықтамасын берініз.
2. Жеке тұлға дегеніміз не? Анықтама беру сұралады.
3. Жеке тұлғаны қандай қоғамдық ғылымдар зерттейді. Атап берініз.
4. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымын атаныз. Жеке тұлғаның бағыттылығы дегеніміз не ?
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Адам - бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Екінші жағынан, адам - қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары «жеке тұлға» ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық рөлді атқарады. Жеке тұлғаның үш ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл - жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға «жеке бөліктерге» бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда «мен» деген ұғымды білдіреді. «Мен» - жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор.
Психикалық үрдістер - психикалық құбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым. Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты.
Жеке тұлғаның бағыттылығы
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекет жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік - жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағттандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, музыка тыңдау) болады.
Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Қызығу- бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады. Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Тұрақты қызығулар және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады. Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай қызығулар- осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуды айтады. Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады. Жанама қызығулар- нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен байланысты.
Сенімдер- бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі.
Ұмтылу- мінез-құлық түрткілері, онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін.
Ұстаным- бұл белгілі бір іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбиелеуде қалыптасады. Психология тарихында екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық. Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады. Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Әлеуметтену - бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі- идентификация. Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, қоршаған ортадағы адамдарға әртүрлі ережелерді, мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Еліктеу - бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті. Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Әлеуметтік фацилитация - бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады. Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік сияты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- Адам неге биологиялық құбылыс?
- Адам неге қоғамдық - әлеуметтік құбылыс? Түсіндіріңіз.
- Даралық дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
- Жеке тұлға дегеніміз не?
- Жеке тұлғаны қандай қоғамдық ғылымдар зерттейді.
- Жеке тұлғаның психологиялық құрылымын атаңыз.
- Қажеттілік дегеніміз не?
- Түрткілер дегеніміз не?
- Қызығу дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер
- Леонтьев А. Н. Индтвид и личность. М., 1987
- Рубинштейн С. Л. Направленность личности М., 1987
- Узнадзе Д. Н. Общее учение об установке М., 1987
- Бодалев А. А. Личность и общение. М, . 1983
- Қадіржан Сейіталиев Жалпы психология. 2007
Дәрісбаян 5
Жеке тұлға дамуының феноменологиясы
Жоспар: 1. Жеке тұлғаның қабілеттілігі.
2. Мінез ерекшелігі.
3. Темперамент.
Мақсаты: Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін моральдік ерік-жігер сапаларын білу.
Негізгі ұғымдар: Рухани, әлеуметтік қажеттіліктер.
Сұрақтар: 1. Қызығу дегеніміз не? Сипаттама беріңіз.
2. Адам неге биологиялық құбылыс? Сипаттам беріңіз.
3. Қажеттілік дегеніміз не? Түсіндіріңіз.
Дәрісбаян 6
Қоғамдағы адамның психологиясы
Жоспар: 1. Адам және қоғам.
2. Қоғамның тұлғаның қалыптасуына беретін әсері.
Мақсаты: Әлеуметтік ортаның адам өміріне тигізетін ерекше әсетін түсіну.
Негізгі ұғым: Социум, ұжым, социометрия.
Сұрақтар: 1. Психологиялық үйлесімділік дегеніміз не? Сипаттама берініз.
2. Өзара таңдау әдісі. Социометрия дегенімізді қалай түсінуге болады?
3. Ұжымдағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері қандай?
Дәрісбаян 7
Адам іс-әрекеті және адамдардың қарым-қатынасы, адамдардың қарым-қатынастары.
Жоспар: 1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
2. Іс-әрекеттің құрылымы.
3. Қарым-қатынас туралы түсінік.
4. Қарым-қатынас жасау - ақпарат алмасу әрекеті.
Мақсаты: Іс - әрекет пен қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды ролін түсіну.
Негізгі ұғымдар : Икемділік, дағды және әдет, адамның негізгі іс-әрекет түрлері, қарым - қатынас - өзара әрекет ету және адамдардың бір-бірін қабылдауы.
Сұрақтар: 1. Іс- әрекет дегеніміз не? Түсіндіріңіз. Нақта мысалдар келтіріңіз.
2. Икемділік дегеніміз не? Сипаттама беріңіз.
3. Адамның негізгі іс-әрекеттеріне тоқталып, әрқайсысына сипаттама беріңіз. Нақты мысалдар арқылы талдаңыз.
4. Қарым-қатынас дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
5. Бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады?
6. Қарым-қатынастың түрлерін атаңыз. Коммуникативті, интерактивті, перцептивтік қатынастарға сипаттама беріңіз.
Іс-әрекет туралы жалпы түсінік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz