Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1. Әлеуметтік қорғау – зейнетақымен қамсыздандыру.
2.2. Халықты жұмыспен қамту.
2.3. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.
2.4. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар.
2.5. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына
байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер мен нормалар

КІРІСПЕ.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз азаматтарға
материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-
ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу
жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқық саласы. Зейнетақы,
жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсетулермен бағып –
күтудің нақты түрлелі әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігін әлеуметтік
қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен
мемлекеттік органдардың қарттармен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету
ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру
азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда
қамтамасыздандырумен аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен азаматтарды
сауықтырудың профилактикадан өткізудің және олардың еңбекке қабілеттігін
қалпына келтірудің маңызды құралдары ретінде медициналық қызмет көрсетумен
және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп немесе қолдап отырған белгілі
бір әлеуметтік экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды. Әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі құқықтық қатынастар өздеріне қатысты емес мән-
жайлар бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардың қартайған еңбекке
қабілетсіз өзге де табысы аз және әлеуметтік
жағынан хал-сипаттарын материалдық жағынан қамтамсыз ету және әлеуметтік
қызмет көрсету жөніндегі қатынас. Мұнда азаматтарға зейнетақылық төлем,
жәрдемақылар, өтемдер немесе әлеуметтік қызмет көрсету нысанында белгілі
бір ақшалай төлемдер алуға субъективтік құқық берілген. Ал тиісті
мемлекеттік немесе өзгеде орган осындай төлемдерді төлеуге немесе
әлеуметтік қызметтер көрсетуге заң жағынан міндетті болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі жүйесіне мыналар жатады:
1. Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі.
2. Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі.
3. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау.
4. Мемелекеттік бюджет және өзге де түсімдер есебінен қамсыздандыру.
5. Еңбек үлесінің мөлшерінің мұқтаждық себептеріне және өзге де әлеуметтік
маңызы бар факторларға байланысты әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары
мен деңгейлерін саралау.
6. Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнетақыны жинақтауды
қалыптастыруға міндетті түрде қатысады.
7. Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыру құқығы.
Аталған принциптерді жүзеге асыру өзін әлеуметтік мемлекет деп
жариялаған Қазақстан секілді кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясаттың
кемелдігі мен экономикалық жағынан дамығанын айқындайды. Әлеуметтік
қамсыздандыру қатынастарын жіктеу негізіне алынған өлшемдеріне байланысты
былай бөлінеді:
1. Қамсыздандырудың жекелеген түрлері бойынша құқықтық қатынастар:
а). Зейнетақылық ( ынтымақтастық және жинақтау зейнетақы түрі)
ә). Жәрдемақылар мен өтемдік төлемдер бойынша (уақытша еңбекке
қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар,
әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар)
б). Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша (мүгедектерді кәсіптік оқыту және
еңбекке орналастыру)
2. Мерзімдер бойынша:
а). Белгісіз мерзімге қолданылатын мерзімді құқықтық қатынастар (қарттар
мен мүгедектерді интернат үйлерінде ұстау, зейнетақылық құқықтық
қатынастар)
ә). Белгілі бір мерзімге қолдданылатын мерзімді құқықтық қатынастар
(мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылған жағдай
бойынша төленетін жәрдемақылар, мүгедектік бойынша)
б). Міндетті бір мәрте орындаумен тоқтатылатын құқықтық қатынастар (бір
жолғы жәрдемақылар, протездеу).
3. Заңдық фактілерді анықтау және дауларды қарау жөніндегі іс жүргізу
құқықтық қатынастар әлеуметтік заңдарының құқықтық қатынастарының
ерекшелігі сол олар әдетте, мынадай күрделі заңдық құқықтарынан
туындайды:
а). Заңдық фактілер (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілетсіздік, асыраушысынан
айырылу)
ә). Оған не адамның өз қалауын білдіруі
б). Құзіретті органның қамсыздандыру түрін тағайындау туралы фактісі.
Еңбек өтілімі – азаматтың қоғамдық өндірістегі ақы төленетін қоғамдық
пайдалы қызметінің ұзақтығы, сондай-ақ заңмен теңестірілген құқық белгілі
бір заңдық салдарларды сонымен байланыстыратын қызмет.
Еңбек өтілімінің 3 түрі бар:
1) жалпы;
2) үздіксіз;
3) арнаулы.
Жалпы еңбек өтілімі- бұл жұмысшының немесе қызметкер ретіндегі
жұмыстың жиынтық ұзақтығы немесе соған тең келетін басқа қызмет
түрімен айналысу.
Үздіксіз еңбек өтілімі – жұмыста жол беруге болатын белгіленген тектік
мерзімнен асатын үзіліс жасалмаған, қызметкердің ұйымдардағы жұмысының
және заңда көрсетілген қызметінің ұзақтығы.
Арнаулы еңбек өтілімі – белгілі бір кәсіп бойынша, белгілі бір еңбек
жағдайындағы экономиканың белгілі бір саласындағы жұмыстың ұзақтығы.
Еңбек өтілімі - әлеуметтік қамсыздандырудағы заңдық фактілер ретінде түрлі
роль атқарады. Зейнетақылық және өзге де құқықтық қатынастардың пайда
болуын туғызады.

1. Қ.Р. Конституциясы. 1995-жыл. 30 тамыз.
2. Мемлекет және құқық негіздері Автор. Е.Баянов.
Алматы Жеті жарғы 2001 жыл.

2.1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ – ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ.
Әлеуметтік қамсыздандыру – еңбек етуге қабілетсіз адамдарды материалдық
және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар
жүйесі.
Зейнетақы – азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне
байланысты, асыраушысынан айырылғанда, арнулы қызмет атқарған жылдар үшін
заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы.
Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан
Республикасында зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан
Республикасы Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңымен
басқа да Заң актілерімен айқындалады.
Зейнетақы қоры – зейнетақы төлеуге арналған мақсатты зейнетақы қоры
қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары жұмыс
берушілердің жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті
сақтандыру жарналары есебінен құралады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Заңдарында
белгіленген тәртеппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. Қазақстан
Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар,
егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын
пайдаланады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар Қазақстан
Республикасы Конституциясына негізделеді және Зейнетақымен қамсыздандыру
туралы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерінен
тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңнан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық
шарттың ережелері қолдданылады.
Мемелекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды
зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген мөлшерін сақтай отырып,
зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді. Зейнеткерлік жасына жеткен
және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 9 бабының 1 тармағына
сәйкес өзі зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1998 жылы 1 қаңтардан кеін
қалған мерзімнің кемінде төрттен үшіне тең кезең ішінде жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер
зейнетақы мөлшері заң актілерімен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен
төмен болса, тиісті қосымша төлемдер түрінде мемлкеттік әлеуметтік
жәрдемақы беріледі.
1997 жылғы 20 маусымындағы Қазақстан Республикасында Зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үш түрге
бөлінеді:
1. Мемлекеттік (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан)
2. Мемлекеттік емес (жинақтаушы зейнетақы қорынан)
3. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары бойынша.
Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға
зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен
қамсыздандыруға кепілдік береді. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңда
зейнетақы термині деп орталықтан (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан) жинақтаушы зейнетақы қорына, әскери қызметшілер, ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген
қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығын білдіреді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін
есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың
тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органына беріледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды халықты әлеуметтік қорғау
органы Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Халықты әлеуметтік қорғау органы зейнетақы тағайындау мәселелері
бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды
рәсімдеуіне көмек көрсетуге міндетті.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды
қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен
бастап, он күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік
қорғау органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін бес күннен кешіктірмей, бұл
туралы арыз берушіге хабарлайды. Орталықтан зейнетақы төлемдерін
тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау органы бас
тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз
берушіге қайтаруға міндетті. Халықты әлеуметтік қорғау органы шешіміне сот
тәртібімен шағымдануға болады. Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы
тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті
құжаттарды халықты әлеуметтік қорғау органына бір мезгілде берген күн
орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып
есептеледі.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу
Зейнетақымен қамсыздандары туралы Заңның 14 бабына сәйкес белгіленетін
орташа айлық кірістің елу пайызы есебінен жүргізіледі. Орталықтан төленетін
зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге
қарамастан, қатарынан кез-келген үш жыл жұмыс үшін орташа айлық табысы
негізге алынады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге
арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгзіледі.
Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін үш жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан
отыз алты күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз
алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін
есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы
заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға
тиіс.
Орталықтан зейнетқы төлемдерін тағайындау былай жүргізіледі:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, ерлерге - 61 жас, әйелдерге - 56жас;
1998 жылғы 1 шілдеде ерлерге – 61,5 жас, әйелдерге – 56,5 жас;
1999 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 62 жас, әйелдерге - 57жас;
2000 жылғы 1 шілдеде ерлерге – 62,5 жас, әйелдерге – 57,5жас;
2001 жылғы 1 шілдеде ерлерге - 63 жас, әйелдерге - 58жас.
1949 жылғы 29 тамыздан бастап, 1963 жылғы 1 шілдеге дейін кемінде 10
жыл төтенше және барынша көп радиациялық қатерлі өңірде тұрған азаматтардың
Семей-ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес зейнетақы
тағайындауына құқығы бар. Еркектер кемінде 25 жылдық жалпы жұмыс стажы
болған кезде 50 жасқа толғанда, әйелдер кемінде 20 жыл стажы болған кезде
45 жасқа толғанда, селолық жерлерде тұратын 5 және одан да көп балаларды
туып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер50 жасқа толғанда, аталған
зейнетақы жасын 1998 жылғы 1 шілдеден бастап, жыл сайын 6 айға өсіре
отырып, тұтас алғанда, 3 жылдан асырмай жасы бойынша зейнетке шығуға
құқығы бар.
Мемелкеттік жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз – белгіленген тәртіппен
салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және зейнетке
шыққандарға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай – ақ зейнетақы активтерін
қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, оларды бағалы қағаздарға,
банктердің депозиттеріне, халық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына
инвестициялайтын заңды тұлға. Құрылтайшысы Үкімет болып табылатын Жабық
Акционерлік Қоғамы нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 22
бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының
жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда төленеді. Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жжүзеге асыру тәртібін Қазақстан
Республикасы Үкіметі белгілейді және ол Бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланады. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы
төлемдеріне салық заңдарына сәйкес салық салынады. Жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы активтері:
1. Зейнетақылық жарналармен жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік
емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компанияларға төленетін комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағандағы
инвестициялық қызмет есебінен құралатын инвестициялық кіріс;
2. Заңдарда көзделген басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына зейнетақы жарналары
төленген алушының жинақталған зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда
заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады, Алушы қайтыс болған
жағдайда оның отбасына немесе алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы
қоры жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ
жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бір жолғы төлем
жасайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 27 бабына сәйкес жинақтаушы
зейнетақы қорларының салымшылары:
1. Зейнетақы шартын жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға;
2. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай – күйі туралы ақпарат алуға;
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
4. Зейнетақы шартына және заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушы:
1. Зейнетақы жасына жетуі бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы
төлемдерін алуға;
2. Өзінің жинақтаушы зейнетақы қорларын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан
екіншісіне аударуға құқылы. Ол жылына екі реттен аспауы керек;
3. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес өзі жинақтаған зейнетақы қорын
мұра етіп қалдыруға;
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен
жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1. Зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртібін;
2. Жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруді;
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары арасындағы
құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін қамтитын зейнетақы ережелерін
белгілейді. Зейнетақы ережелерін уәкілетті орган белгілейді.
Зейнетақы шарты жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының арасында
үлгілік зейнетақы шартына сәйкес жазбаша түрде жасалады. Үлгілік зейнетақы
шартын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, заңды мекен-жайы және банктік
реквизиттері;
2. Салымшының аты-жөні, мекен-жайы немесе оның атауы;
3. Шарттың мәні;
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
5. Зейнетақы жарналарын енгізудің тәртібі мен шарттары;
6. Жеке зейнетақы шотының номері;
7. Тараптардың міндеттемелерді орындаған жағдайда болатын жауапкершілігі;
8. Шарттың қолданылу мерзімі;
9. Шартты өзгертудің және бұзудың тәртібімен ережесі болады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес болып екі
түрде қызмет атқарады.
1. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:
1). ашық;
2). кооперативтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын
жеріне қарамастан, салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге
асырады.
Кооперативтік жинақтаушы зейнетақы қоры сол қордың құрытайшылары және
акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы
қызметкерлері үшін құрылады.

1. Қ.Р. Ұлттық Энциклопедиясы 3 том. Алматы – 2000 жыл.
2. Қ.Р. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы Журнал № 45. Алматы
Жеті жарғы 1999 жыл
3.Мемлекет және құқық негіздері. Е. Баянов. Алматы Жеті жарғы 2001жыл

2.2.ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық экономиканың және ұйымдық
қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңы реттейді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың жеке қажеттерін
қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін
Конституцияға, конституциялық заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық
актілерге қайшы келмейтін қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының
24 бабының 1 тармағында әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе
төтенше жағдайларда не соғыс жағдайларында ғана жол беріледі делінген.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы
қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Халықты
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары
мыналарға бағытталған:
1. Республика азаматтарына, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға бірдей
мүмкіндіктерді әділ де қолайлы еңбек жағдайларын жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге;
2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3. Білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттеріне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне
бағдарлауға;
4. Мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін
шараларды әзірлеу мен іске асыру қызметін үйлестіріп реттеп отыруға және
олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекет
азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында кемсітушіліктің кез келген
нысанынан қорғауға, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға уәкілетті
органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдаумен жұмысқа орналасуға
жәрдемдесуге кепілдік береді. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды да қамтамасыз етеді. Мемлекет
жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз
құзіреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын
әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға
міндетті.
Заңға сәйкес мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау үшін оның мынадай
түрлерін көрсетеді:
- жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау мүліктілікті арттыру, қайта даярлау және
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
- қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
- табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
әлеметтік экономикалық дамуды индикативті жоспарлар негізінде жұмыскерлер
мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен халықты жұмыспен қамту
бағдарламаларын әзірлеп, мынадай мәселелерді бекітті:
- халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуін ынталандыратын шаралар;
- әлеуметтік қолдауды қажетсінетін халықтың мақсатты топтарының жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру;
- жұмыс күші сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігін ұстап тұру;
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша мәліметтердің ақпараттық базаларын
жетілдіру;
- инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек нарығындағы ахуалды
ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құру.
Халықты еңбекпен қамту бағдарламасын қаржыландыру Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Республикалық және жергілікті бюджет
қаржыларынан, сондай – ақ өзге де қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Республикада жұмыспен қамту ұйымдарының субъектілері болып мыналар
саналады:
- Орталық атқарушы орган;
- Жергілікті атқарушы орган;
- Жұмыс берушілер.
Орталық атқарушы органның қызмет тәртібі, құқықтық мәртебесі мен
өкілеттіктерін Қазақастан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Орталық атқарушы орган өзінің құзыры шеңберінде:
- өкілетті органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылық жасауды жүзеге
асыруға;
- халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын әзірлеуге;
- ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатымен инвестициялық контрактылар жобаларын
қарауға қатысуға;
- Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте шетел жұмыс күшін
тартумен, сондай – ақ Қазақстан Республикасының шетелге жұмыс күшін
шығарумен байланысты қызметіне лицензиялар беруге, тоқтатуға және кері
қайтарып алуға міндетті.
Жергілікті атқарушы органдар:
- жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар
әзірлеу;
- жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс
орындарын құруға көмек көрсету;
- жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету;
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.
Жұмыс беруші:
- Уәкілетті органға ұйымның таратылуымен, штат санының немесе лауазымы

мен кәсібі, мамандығы мен біліктілігі, соларға тікелей қатысты жұмыскерлер
саны мен санаттары туралы толық көлемдегі ақпаратты уәкілетті органға
беруге;
- Оның пайда болу күнінен бастап, 3 жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындарының
барлығы туралы уәілетті органға мәлімет жолдауға;
- тиісті органның берген жолдамасына жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа
қабылдаудан бас тарту туралы себептерді көрсете отырып белгі соғу жолымен
ол туралы уақытылы (уәкілетті органнан оған азаматты жіберген күннен
бсатап, 5 жұмыс күні ішінде) хабардар етуге міндетті.
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы
органдар заңының 8 бабына сәйкес: жұмыс таңдау кезінде азаматтар мен
жұмыссыздарға көмек көрсетуге, еңбекке орналасу және оқыту үшін жолдамалар
беруге міндетті.

1. Еңбек құқығы. Оқулық. С. Ахметов, Б. Ахметова.
Алматы Жеті жарғы2001ж.
2. Қ.Р. Халықты жұмыспен қамту туралы Заңы. Егемен Қазақстан №146.
1998 жыл. 8 тамыз.

2.3.ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН.

Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Онда айтылған мәселелердің бір
шамасы әлеуметтік салада болды. Мәселен, балалар мен аналарға көрсетілетін
көмек пен оларға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, зейнетақылық мөлшерге
байланысты, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында біршама өзгерістер
болатынын айтты. Елбасының жолдауы халықтың көңілінен шығып, қолдау тапты
деп ойлаймын.
Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы күннен бастап, сіздер мен біздер қажыр
қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық
сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің
атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы
жылданжылға артып отыр,- деп бастады сөзін Мемлекет басшысы.
Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық.
Қазақстанның алдағы дамуы кемел-келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси
және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл
қадам бастық.
Біз жоғары және арнаулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі
АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Өзінің жинақтаушы зейнетақы қорларын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға құқылы
Нормативтік-құқықтық актілер түсінігі,түрлері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктер
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Халықаралық жария құқығының түсінігі
Пәндер