Электр энергетикасы саласын дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта
мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең)

1-бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары

Мазмұны

Кiрiспе
1. 2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуы және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi
2. 2003-2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына iшкi факторлардың әсерi
3. Елдi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мақсаттары, мiндеттерi және басымдықтары
4. Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн экономика салаларындағы серпiлiстi бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету
& 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсiптiң дамуы
Тау-кен өндiру өнеркәсiбi
Өңдеушi өнеркәсiп
Электр энергетикасы саласын дамыту
& 2. Көлiк-коммуникациялық кешен
& 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту
& 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты
5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуiн қамтамасыз ету үшiн экономиканы мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру
& 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету
Орнықты экономикалық өсу
Ақша-кредит саясаты
Қаржы секторын дамыту
& 2. Экономиканы мемлекеттiк басқару
Фискалдық саясат
& 3. Инвестициялық саясат
& 4. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясат
Мемлекеттiк активтердi басқару және жекешелендiру
& 5. Кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты жетiлдiру
Бәсекелестiктi дамыту және монополияға қарсы саясат
Тариф саясаты
Техникалық реттеу және патенттер жүйесiн дамыту
Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кiру
Шағын және орта бизнестi дамыту
Кәсiби Үкiмет
6. Аумақтық даму
7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтiк саясат және адами капиталды дамыту
& 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтiк даму
Демографиялық және көшi-қон саясаты
Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту
Халықты әлеуметтiк қамсыздандыру
& 2. Бiлiм беру және 2007-2009 жылдарға кадрлар даярлау
& 3. Денсаулық сақтау
& 4. 2007-2009 жылдары мәдениеттi, ақпарат пен спортты дамыту
& 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлiк даму
& 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты
& 7. Табыс саясаты
& 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.

1. 2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуы және
2007 - 2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы
факторлардың әсерi

2005 жылы әлемдiк экономикада мұнайға бағаның жоғары қарқынмен өсуiмен және нәтижесiнде дамыған елдердегi инфляциялық күтiлiмдердiң өсуiмен қатар жүретiн тұтастай экономикалық өрлеу жағдайы қалыптасты.
Әлемдiк экономиканың өсу қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда жеткiлiктi жоғары деңгейде сақталды, дегенмен, 2004 жылғы рекордтық қарқыннан төмен болды және ХВҚ-ның бағалауы бойынша 4, 8 %-ды құрады. ХВҚ-ның бағалауы бойынша 2005 жылы Қытайдың ЖIӨ-нiң өсуi 9 %-ды, АҚШ-тiкi - 3, 5 %-ды, Жапонияныкi - 2 %-ды, Еуроаймақтiкi - 1, 2 %-ды құрады.
Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша әлемдiк сауданың көлемi 2005 жылы 7 %-ға өстi.
2005 жылы мұнай және металдар нарығы сенiмдi жоғары қарқынды көрсеттi. Геосаяси тартыс және Қытай мен АҚШ тарапынан сұраныстың жедел өсуi мұнай бағасы артуының алғышарты болып табылды.
Дүниежүзiлiк Банктiң деректерi бойынша 2005 жылы "Brent" маркалы мұнайдың әлемдiк орташа бағасы бiр баррель үшiн 54, 43 АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 42, 1 %-ға жоғары, ал мыс 28, 4 %-ға ұлғайды және бiр тоннасы 3679 долларды құрады, қорғасынның орташа жылдық құны бiр тоннасы үшiн 975, 3 доллар деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте, кезеңнiң соңында баға жылдың басына қатысты 16, 5 %-ға ұлғайды. Мырыштың орташа бағасы бiр тоннасы 1380 долларды құрады және жылдың iшiнде 45, 2 %-ға ұлғайды. 2004 жылмен салыстырғанда алюминийдiң орташа жылдық бағасы 10 %-ға төмендедi және бiр тоннасы үшiн 1897, 4 долларды құрады. JP Morgan деректерiне сәйкес глиноземнiң бағасы оны өндiрудiң төмен қарқынына және жоғары сұранысқа байланысты рекордқа жеттi.
2006 жылы 2005 жылдың позитивтiк үрдiстерiнiң болуына қарамастан әлемдiк экономиканың өсу қарқынына терiс әсер ететiн екi фактордың әрекетi жалғасуда. Оларға мұнайға бағалардың өсуi және 2005 жылдың соңында жаңарған әлемдiк басқа валюталарға қатысы бойынша, алдымен евроға қатысы бойынша АҚШ долларының әлсiреуi жатады. Жоғарыда келтiрiлген факторларға қоса, бiрқатар елдердiң, бiрiншi кезекте АҚШ пен Еуропаның орталық банктерiнiң ақша-кредит саясатын қатаңдату жалғасуы мүмкiн. ХВҚ 2006 және 2007 жылдары әлемдiк экономиканың өсу қарқынын 2005 жылғы деңгейде (тиiсiнше 4, 9 және 4, 7 %) бағалап отыр.
Әлемдiк экономиканың дамуы, оның iшiнде Қытайда, АҚШ пен ЕО-да, сондай-ақ негiзгi тауар нарығында қалыптасып отырған экономикалық жағдай әртүрлi халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдық бағалауы тұтастай алғанда сұраныс пен әлемдiк бағалардың деңгейi қазақстандық экспорттың негiзгi тауар ұстанымдарына сақталып отырғанын көрсеттi.
Мұнай . Егер бұрын мұнай нарығындағы жағдай негiзiнен мұнайдың ұсынысына тәуелдi болса, таяу уақытта керiсiнше мұнай бағасы осы шикiзатқа сұраныстан айқындалады.
ОПЕК-тiң пiкiрi бойынша шикiзатқа рекордтық жоғары бағаларға қарамастан, мұнайға әлемдiк сұраныс 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 1, 9 %-ға өседi және күнiне орташа 84, 9 млн. баррельдi құрайды. ОПЕК-тiң бағалауы Халықаралық энергетика агенттiгiнiң (ХЭА) болжамдарымен сәйкес келедi. ХЭА деректерiне сәйкес әлемдегi шикi мұнайды тұтыну 2006 жылы 2, 2 %-ға немесе күнiне 1, 79 млн. баррельге өседi және күнiне орташа 85, 18 млн. баррельдi құрайды.
2006 жылы барынша жоғары сұраныс АҚШ, Қытай және Үндiстан тарапынан байқалуда. 2006 жылы Қытайдың сұранысы белсендi экономикалық өсуге байланысты 6, 1 %-ға өседi.
ОПЕК болжамы бойынша 2006 жылы ОПЕК "себетiнiң" мұнайға бағасы бiр баррелi үшiн 45-55 доллар деңгейiнде сақталады.
ХЭА сарапшылары орта мерзiмдi перспективада мұнайға баға бiр баррель үшiн 60 доллар деңгейiнде қалады деп жоспарлап отыр.
Fitch WTI маркалы мұнайға орташа бағаны 2006 жылы бiр баррель үшiн 67 доллар деңгейiнде болжап отыр. 2007 жылдан бастап, егер Азиядағы тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятын жағдайда мұнайға бағаның бiрқатар төмендеуi, сондай-ақ бүкiл дүние жүзi бойынша жаңа қуаттар енгiзiлуi мүмкiн.
Мыс. Қалыптасқан және әлеуеттi жағдайды есепке ала отырып жасалған JP Morgan рейтингiлiк агенттiгiнiң болжамы бойынша, 2007 - 2008 жылдары мыстың құны бiр тоннасы үшiн 2400 доллардан төмен түспейдi.
Әлемдегi iрi мыс өндiрушi Codelco компаниясының талдаушылары осы металға бағаның дүние жүзiне шығару көлемiнiң өсуiне байланысты алдағы үш жыл iшiнде үштен бiрге төмендеуiн болжап отыр. Осылайша, 2006 жылы мыс запастарының айтарлықтай көп емес артуы байқалып отыр. Мыстың құны 2008 жылға қарай ең төменгi шегi бiр тоннасы үшiн 2500 долларға жетедi.
Қорғасын. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөнiндегi халықаралық топтың деректерi бойынша, әлемдегi мырышты тұтыну 6, 9 млн. тоннаға бағалануда.
Societe Generale талдаушыларының болжамы бойынша қорғасын бағасы осы металға Қытай тарапынан тұрақты сұраныстың нәтижесiнде 2006 жылы тарихи ең жоғары шегiне жетедi. 2010 жылға қарай қорғасынды бүкiл дүние жүзiлiк тұтынудағы Қытайдың үлесi 21 %-ды құрайды. Сонымен бiрге, қорғасынды жалпы әлемдiк тұтынудағы Батыс Еуропа елдерi мен АҚШ-тың үлесi 1996 жылғы 56%-дан 2010 жылғы 42%-ға дейiн қысқарады.
Мырыш. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөнiндегi халықаралық топтың ақпараты бойынша мырыштың тапшылығы 2006 жылы 430 мың тоннаны құрайды, 2007 жылы 300 мың тоннаға дейiн азаяды және 2008 жылы ғана концентратты жеткiзу мен тұтыну теңеседi.
Австралиядағы ең iрi Macguarie Bank Ltd банкiсiнiң талдаушылары мырыш жалатылған болат табаққа тұтыну сұранысының өсуi нәтижесiнде мырыштың құны 2006 жылы ұлғаюы мүмкiн. Тау-кен өндiру қызмет саласындағы жаңа жобалардың жетiспеуi металға әлемдiк сұраныстың өсуiмен бетпе-бет келедi.
Алайда, ABN Amro талдаушылары мырыш құнының төмендеуiн болжап отыр, өйткенi Mittal Steel Co. және Arcelor SA сияқты болат құю компаниялар өндiрiс көлемiн қысқартып отыр.
Алюминий. 2006 жылы алюминийдi әлемдi тұтыну 8, 3 млн. тоннаға жетедi.
Әлемдегi iрi тау-кен өндiрушi ВНB Billiton компаниясы 2005 - 2010 жылдар арасында бастапқы алюминийге әлемдiк сұраныс жыл сайын 5 %-ға өседi деп болжап отыр.
China Non-ferrous Mettals Association (СNNA) ақпараты бойынша Қытайда бастапқы алюминийдi тұтыну 2005 жылы 17, 3 %-ға 7 млн. тоннаға дейiн ұлғайды.
JP Morgan сарапшылары 2006 жылы алюминийге баға белгiлеу оған сұраныстың құлдырауына байланысты төмендейдi, бiрақ 2007 жылы электр энергиясына шығындардың өсуiне байланысты баға тұрақты болады.
Standard Bank сарапшылары 2006 жылы орташа бағалардың өсуiн 190 мың тонна металл тапшылығы аясында бiр тоннасы үшiн 1975 долларға дейiн болжап отыр.
Маtехis Соmmodity талдаушылары 250 мың тонна деңгейiнде тапшылық күтiп отыр. Орнықты және өсiп отырған сұраныс Қытайдағы құрылыс, көлiк және өндiрiс салаларының қауырт өсуiмен және Үндiстанның тұтыну нарығының дамуымен айқындалады. Бұл факторлар Еуропа мен Солтүстiк Америкадағы сұраныстың барынша баяу өсуiне тең болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру үшiн өндiрiстiң айтарлықтай өсуi Қытайда, Ресейде және Таяу Шығыста байқалады.
Халықаралық қаржы корпорациясының болжамы бойынша Қытай алюминий экспортын 2006 жылы 300 мың тоннаға дейiн қысқартады, ал импорт 500 мың тонна алюминийдi және 6, 85 мың тонна глиноземдi құрайды.
Болат. Болат табағы нарығы айтарлықтай санда экспортталған арзан Қытай өнiмi тарапынан өсiп отырған қысымда болды.
Еуропалық өндiрушiлер 2006 жылы тегiс илекке бағаның бiр тоннасы үшiн 20-30 артқанын жариялады. Импорттағы қатаң бәсекелестiк ең алдымен жақын уақытта бағалардың төмендеуiне ықпал ететiн болады.
Астық. 2004 жылғы егiннiң өте көп өтпелi запастары және 2005 жылғы егiнге жақсы болжамдары бар Еуропа нарықтарындағы азық-түлiк бидай бағалары тұрақты болды.
Егiстiктер ахуалының нашарлауы аясында Оңтүстiк Азия елдерi тарапынан американдық бидайға жоғары ұсыныс бидайдың жұмсақ және қатты сорттарына бағаны нығайтты.
Американдық бидай бағасы барынша тұрақсыз болды. Оған себеп болған табиғи фактор, атап айтқанда егiнге үлкен шығын келтiрген "Катрина" дауылы. 2005 жылы американдық бидайдың бағасы бiр тоннасы үшiн 152, 4 долларды құрады және 2004 жылдың деңгейiнен 3 %-ға асты.
Мұнай мен металдарға сұраныстың және тұтынудың күтiлiп отырған артуы, сондай-ақ әлемдiк бағалардың өсуi жағдайында Қазақстанның 2007 - 2009 жылдары экспорттық ұстанымын сақтауға және сыртқы сауданың көлемiн ұлғайтуға барлық мүмкiндiктерi бар.
Бұл факторлар алдағы жылдары Қазақстанның тау-кен өндiру және металлургия кешендерiнiң дамуына оң әсер етедi.

2. 2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын
талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына iшкi
факторлардың әсерi

2003 - 2005 жылдары Қазақстанның экономикалық өсуiнiң жоғары қарқыны әлемдiк тауар нарықтарындағы шикiзатқа қолайлы конъюнктура және сұраныс пен ұсыныс жиынтығының кеңеюi жағдайында қалыптасты.
2003 - 2005 жылдары жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) орташа жылдық өсiмiн 7-7, 5 %-ға қамтамасыз ету жоспарланды. Iс жүзiндегi өсiм қарқыны осы жылдары 9, 5 % мөлшерiнде қалыптасты.
ЖIӨ құрылымында тауар өндiру үлесi артты. 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өндiрiстiк сектордың үлесi 42, 9 %-дан 44, 1 %-ға дейiн өстi. Қызмет көрсетулер өндiрiсiнiң жалпы үлесi 2003 жылы 51, 8 % болса, 2005 жылы 52, 2 % жеттi.
Тауар өндiрiсiнiң өсуi өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және құрылыс өндiрiсi көлемiнiң өсуi есебiнен болды.
2003-2005 жылдары өнеркәсiп өндiрiсiнiң жыл сайынғы өсiмi орташа алғанда 8, 0 %, оның iшiнде тау кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде - 8, 8 %, өңдеу өнеркәсiбiнде - 7, 7 %, электрэнергиясын, газ және суды өндiру мен таратуда - 4, 8 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының өнiмiн өндiру көлемi 6, 7 %-ға, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы - 3, 1 %-ға, мал шаруашылығы - 10, 4 %-ға ұлғайды.
Құрылыста жылдық орташа өсiм 15, 3 %-ды құрады.
Қызмет көрсетудiң өсуi, жыл сайын қызмет көрсету қарқыны тиiсiнше орташа 8 % және 11 %-ға өскен, көлiк және сауда кәсiпорындары мен ұйымдарының есебiнен қамтамасыз етiлдi. Байланыс саласы жоғары қарқынмен дамыды, мұнда жылдық өсiм 28, 5 %-ды құрады.
2003 - 2005 жылдары iшкi сұраныстың кеңеюi тұтынуға жұмсалған шығыстар мен жалпы жинақталымның артуы есебiнен қамтамасыз етiлдi.
Тұтынудың өсуi үй шаруашылықтары мен мемлекеттiк органдардың шығыстарының артуы есебiнен қамтамасыз етiлдi. 2003-2005 жылдары тұтыну жыл сайын 10, 6 %-ға, үй шаруашылықтары мен мемлекеттiк сектордың шығыстары тиiсiнше 10, 2 % және 11, 6 %-ға артты.
Халықтың нақты ақшалай табысының өсуi, 2003 - 2005 жылдары жыл сайын 12, 1 %-ға артқан, жиынтық сұраныстың өсуiн қамтамасыз ететiн факторлардың бiрi болып табылады.
Жалпы жинақталымның жыл сайынғы өсiмi - 13 %, оның iшiнде күрделi капиталдың жинақталуы - 11, 2 %.
2003 - 2004 жылдары елiмiздiң төлем теңгерiмiнiң нығаюы жүзеге асты. Егер 2003 жылы ағымдағы шот 273 млн. АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасса, ал 2004 жылы ағымдағы операцияның профицит шоты 455 млн. АҚШ долларын құрады.
2005 жылы ағымдағы операция шотының 486 млн. доллар тапшылығы халықаралық қызмет көрсетулерге шығыстардың және инвестициялық табыстың резидент еместерiне төлемдердiң күрт өсуi нәтижесiнде қалыптасты. Халықаралық қызметтер импортының құны 2004 жылдың деңгейiнен 1, 5 есе өсiп, 7, 5 миллион АҚШ долларын құрады. Шетелдiк тiкелей инвесторларға төленетiн дивидендтердiң көлемi 3, 8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 2 есе өстi.
2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты артты. 2005 жылы ЖIӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер экспортының үлесi 54, 5 %-ды құрады, 2003 жылы 48, 4 % болды. Осы жылдарда тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының өсiм қарқыны орташа 42, 3 %-ды құрады.
2005 жылы ЖIӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер импортының үлесi 45, 4 %-ды құрады, 2003 жылы 43, 1 % болды. 2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының жыл сайынғы өсiм қарқыны орташа 38, 1 % болды.
2003 - 2005 жылдары негiзгi капиталға инвестициялар 1, 6 есеге өстi. 2005 жылы негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 2205, 2 млрд. теңгенi құрады.
2003 - 2005 жылдары тiкелей шет елдiк инвестициялардың нетто-ағыны оң қалпында сақталды, алайда 2005 жылы оның номиналдық көлемiнiң кемуi байқалды. 2005 жылы Қазақстанға 1, 7 млрд. АҚШ долл. тiкелей шетелдiк инвестиция тартылды, бұл таза ағыны 5, 4 млрд. долл. жеткен 2004 жылғы деңгейден едәуiр артта.
Елдiң халықаралық резервтерi 2005 жылдың соңында тұтастай алғанда 15143 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде Ұлттық қордың активтерi 8074 млн. АҚШ долл. құрады.
Тауарлар мен қызметтердiң ұлғаюы 2003-2005 жылдары орташа 6, 7 %-ға өскен еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз еттi.
2003 - 2005 жылдары өз кезегiнде жұмыссыздық деңгейiнiң азаюына әкеп соққан халықтың жұмыспен қамтылу саны ұлғайды. 2005 жылы ол 2003 жылғы 8, 8 %-ға керiсiнше 8, 1 %-ды құрады.
2003 - 2005 жылдары орташа жылдық есептеулерде инфляция 6, 4-7, 6 % аралығында болды.
2006 жылғы бiрiншi тоқсанында экономикалық өсудiң оң үрдiсi жалғасты: тауарлар мен қызметтерге сұраныс кеңейдi, негiзгi капиталға инвестициялардың көлемi ұлғайды, сауда теңгерiмi нығайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң бағалауы бойынша ЖIӨ-нiң өсуi 7, 7 %-ды құрады.
Бағалау бойынша ЖIӨ-нiң өсуi қызметтер саласының есебiнен шамамен 68, 2 % қамтамасыз етiлдi, бұл ретте, ЖIӨ-нiң өсуiн сауда шамамен 14, 9 %, байланыс қызметтерi 7 %, көлiк қызметтерi 7, 3 %, жылжымайтын мүлiктермен жасалатын операциялар және жалға беру жөнiндегi қызметтер 22, 5 % қамтамасыз еттi.
Тауарлар өндiрiсi ЖIӨ-нiң өсуiн шамамен 27, 6 % қамтамасыз еттi. ЖIӨ-нiң өсуiне өнеркәсiптiң қосқан үлесi 7, 2 %-ды, ауыл шаруашылығыныкi - 1 %-ды және құрылыстiкi 19, 4%-ды құрады.
2006 жылғы бiрiншi тоқсанда инфляция орташа жылдық мәнде 8, 4 %-ды құрады және 2005 жылдың осы кезеңiнiң инфляция көрсеткiшiнен 1, 5 пайыздық тармақта асты. Тұтыну тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 4, 6 %-ға, азық-түлiк емес тауарлардың бағалары 1, 2 %-ға ұлғайды, халыққа көрсетiлетiн ақылы қызметтер 2, 7 %-ға қымбаттады.
2006 жылғы қаңтар-наурызда негiзгi капиталға инвестициялар 2005 жылғы ұқсас деңгейден 1, 3 есеге артты және 447, 3 млрд. АҚШ долл. құрады.
2006 жылғы бiрiншi тоқсанда әлемдiк нарықтардағы негiзгi қазақстандық тауарларға конъюнктура жақсарды. Мәселен, Қазақстанның негiзгi экспорттық тауарларына әлемдiк бағалардың орташа индексi өткен жылдың бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда 27, 6%-ға өстi.
"Брент" сортты мұнайдың әлемдiк бағасы 2005 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 30%-ға өстi және орташа алғанда шамамен бiр баррель үшiн 61, 9 АҚШ долларын құрады. Мыстың бағасы өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 51, 2%-ға, мырыш 70, 5 %-ға, күмiс 38, 5%-ға, алтын 29, 7%-ға, қорғасын 27%-ға ұлғайды.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар экспорты 4, 5 млрд. АҚШ долл. құрады және 22, 8%-ға ұлғайды, ал импорт тиiсiнше 2, 5 млрд. АҚШ долл. және 17, 5%.
Елдiң халықаралық резервтерi 2005 жылғы 1 мамырда тұтастай алғанда 20947 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде Ұлттық Қордың активтерi 8547 млн. АҚШ долл. құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2006 жылдың қаңтар-ақпанында нақты жалақы 16, 3%-ға ұлғайды және 36238 теңгеге жеттi. Халықтық нақты ақшалай табысы осы кезеңде 16, 5%-ға ұлғайды.
2007-2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшiн экономика өсуiнiң барлық негiзгi факторларын жедел дамыту үшiн қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi инфляцияны берiлген аралықта ұстау мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнiндегi шаралар қабылдайтын болады, оның iшiнде:
резервтiк талаптарды қатаңдату жолымен банк секторының сыртқы қарыз алуын шектеу;
ақша агрегаттарын бақылауды күшейту;
ақша эмиссиясын стерилизациялау көлемiн ұлғайту.
Бұдан басқа, қор нарығының жаңа құралдарын дамыту уақытша бос ақша қаражатын байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2007 - 2009 жылдары салмақты мемлекеттiк саясат жүргiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешудi көздейдi:
ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан аспайтын мемлекеттiк бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттiң мұнай емес тапшылығын бiртiндеп азайтуға бағытталған фискалдық саясатты қалыптастыру және одан әрi жүргiзу;
Ұлттық Қордан қордың инвестициялық кiрiсiне тең бюджетке кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерiне кезең-кезеңiмен қол жеткiзу.
2006 жылғы 1 шiлдеден бастап Ұлттық Қордың жұмыс iстеуiнiң жаңа схемасына көшу елдiң макроэкономикалық дамуының теңгерiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.
Тариф саясаты саласында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердiң көтерiлуiне бақылау күшейтiлетiн болады.
2007 - 2009 жылдары өнеркәсiптiң дамуы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында және Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында айқындалады.
Мұнай-газ секторының тұрақты дамуы Қазақстанның экономикалық өсуiн қамтамасыз етудiң негiзгi шарттарының бiрi болады. 2007 - 2009 жылдары мұнай және газ конденсатын өндiру көлемiнiң қарқыны орташа есеппен 108 % құрайды.
Халықтың табысын арттыруға, оның iшiнде бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын арттыруға бағытталған саясат халықтың ақшалай табысының артуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, бұл өз кезегiнде елде iшкi сұраныстың артуына ықпал етедi.
Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға iшкi сұранымның кеңеюi инвестициялық тауарлар импортын айтарлықтай арттыруға мүмкiндiк бередi.
Халықтың нақты табыстарының кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен астасып, экономиканың нақты секторы инвестициясының өсуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

3. Елдi дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мақсаттары,
мiндеттерi және басымдықтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отын ретінде сутекті пайдалану
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Экономиканы дамытудағы электрмен қамтамасыздандыру саласындағы кәсіпорынның рөлі
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы
АЭС болашағы
Электр энергия станциясы
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялары
Салалық монополиялардың қызметін реттеуді жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz