Әлемдік экономикаға интеграциялану


1. 2. Әлемдік экономикаға интеграциялану
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.
Сондықтан да Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл тұста өзіміздің бүкіл саяси және дипломатиялық әлеуметімізді толығымен іске қосқанымыз абзал.
Менің ойымша, қазақстандық бизнестің қалыптасу процессі аяқталып келеді. Ол ішкі ғана емес, сондай-ақ сыртқы рыноктарда да күш сынасу үшін «пісіп-жетілді».
Біз ендігі жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдік рыноктардағы бәсекелестік күреске дайындауымыз керек.
Біздің Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарда игеруін қолдап, көтермелеуіміз қажет. Бұл - жаһандық бәсекелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жайында аса маңызды білім алу мүмкіндігі.
Шетелдердегі барлық мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулері тиіс.
Қазақстан Даму банкіне сыртқы, әзірге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кірісетін кез келді. Жаңа міндеттерді шешу үшін Үкімет тарапынан Банкті он миллиард теңге, ал өңірлерден өкілдік ететін акционерлер бес миллиард теңге сомасында одан әрі қаржыландыруы қажет.
Біздің валюталық реттеуді ырықтандыру, ал 2007жылы қаржы секторында Еуроодақ стандарттарын енгізу бағытында батыл алға жылжуымыз керек.
Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе кәсіпорнымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуімен айқындалатын болады.
Қазақстан Батыс елдерінің өнім спасын бақылап отыру жөніндегі жарты ғасырға жуық тәжрибесін ең қысқа мерзімде меңгеруге бар күшін салып жатыр.
Біздің Президентіміздің айтуы бойынша, Үкімет қазірдің өзінде 2006 жылға дейінгі стандарттау мен сертификаттаудың ұллтық жүйелерін дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарын әзірледі., қазақстандық кәсіпорындарды ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшіру жөніндегі жұмыс жоспары жасалды.
Ендігі жерде әр министр мен әкімнің жұмысы олардың өз қызметінің саласында халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі істің жай күйіне қарай қатаң бағаланатын болады.
Қысқа мерзімде халықаралық іс-тәжрибеде қабылданған техникалық реттеу үлгісіне көшуді аяқтау қажет. Биылғы жылдың өзінде «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы қабылданып, қолданылып жүрген 50 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
1. 3. Индустриялық-инновациялық даму
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды.
Үкімет әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тартып, еліміздің артықшылықтарына қажетті талдау жасау арқылы жылдың соңына дейін накты ұсыныстар тұжырымдауға тиіс.
Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз кажет.
Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.
Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлык қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы) айқындап алуымыз кажет. Даму институттары болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы керек.
Инновациялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту үшін Алатау кентіндегі Ақпараттық технологиялар паркін іске қосып, Орал мен Степногор калаларында технопарктер құруымыз қажет.
Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін отандык әлеуетімізді кеңінен пайдалануымыз керек.
"Байкоңыр" кешенін жалға беруден түсетін бір сәттік пайда табудан гөрі ғарыш айлағын жалға беруді ұзарту жөніндегі келісімде көзделген Ресеймен бірлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қарай ойысқанымыз өте-мөте маңызды.
Мұның өзі біздің ғарыш жөніндегі ғылымымыз бен жаңа технологиялардың дамуына жәрдемдесер еді.
"Ангара" ғарыштық зымыран кешенін құру осындай бірінші жоба болуға тиіс. Біз қазірдің өзінде 2006 жылы өзіміздің тұңғыш ғарыштық жер серігін ұшыру жөніндегі жұмысы қолға алынды.
Перспективалы бағыт - шетелдің жетекші банкілері және компанияларымен бірлескен жобалар.
Осы бағытта Даму банкі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып "Солтүстік-Оңтүстік" электр желісі магистралінің құрылысын қаржыландыруға кірісіп жатыр. Жобаның құны - 280 миллион долларды құрайды.
Осы жылы "Қазакстан-Инжиниринг" ұлттық компаниясы біздің ірі машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында "Сингапур Технолоджизбен" бірлескен мекеме құрады.
Біз ауылшаруашылық және көліктік машина жасауды дамытуға ұмтылуымыз қажет.
Атап айтқанда, Қостанайдағы дизель зауытының өнімділігін арттырып, "Азия-Авто" зауытынан "Нива" автомобильдерін құрастырудан "Шкода" автомобилін кұрастыруға ауысу мәселесін ойластыру керек.
Сондай-ақ, "Қазақстан-КамАЗ" концерні зауытында жүк автомобильдерін құрастыруды арттыра түскен жөн.
Еліміздің экспорт әлеуетінің өсуіне индустрияның базалық салаларын,
бірінші кезекте металлургия мен металл өндеу саласын одан әрі дамыту оң ықпал етуі тиіс.
"Испат-Кармет" құрышты үздіксіз құю жөніндегі жобаны, сондай-ақ, мұнайгаз секторы үшін құбырлар шығаруды іске асыруды жоспарлап отыр, "Қазақстан алюминийі" құны 800 миллион доллар шамасында болатын электролиз зауытын салу секілді үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.
Химия және мұнай химиясы өнеркәсібін дамыту басым бағытқа ие болуы керек.
Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында жобалық құны миллиард доллардан асатын газ өндеу зауытын салу құрылысын бастау қолға алынды.
Атырау мұнай өңдеу зауытын кайта құру жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz