Ресми алтын валюта қорының құрлымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ВАЛЮТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

1. 1. Әлемдік валюта мәні және құрлымы . . . 5

1. 2. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы кезендері . . . 7

1. 3. Әлемдік ақша -жалпы өркениет тарихы . . . 14

1. 4. Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы . . . 18

ІІ ТАРАУ. ЕУРОПАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОДАҚТЫ ҚҰРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ

2. 1. Еуропалық одақтың құрылуы және қалыптасуы туралы . . . 28

2. 2. Еуропалық валюта жүйесі . . . 31

2. 3. Қазақстан Республикасының валюта саясаты . . . 35

2. 4. Қазақстанның ұлттық валютасының даму кезеңдері . . . 38

2. 5. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас . . . 63

ІІІ ТАРАУ. ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК ЕЛДЕР ВАЛЮТАСЫ

3. 1. Евро Қауымдастықтың жаңа ақшасы . . . 66

3. 2. Америка Құрамы Штаты . . . 72

3. 3. Франция . . . 77

3. 4. Италия . . . 81

3. 5. Канада . . . 85

3. 6. Жапония . . . … . . . 89

3. 7. Ұлыбритания . . . 93

3. 8. Германия . . . 96

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 100

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 102

Кіріспе

Алғашқы қағаз ақшалардың пайда болуы ежелгі Қытай деректерімен байланысты. Ал, Европада қағаз ақша жасау технологиясы Венециандық саяхатшы Марко Поло есімімен байланыстырылады Қазақстан жерінде ақшаның пайда болуы - Ұлан - байтақ өлкені мекендеген тайпалар тарихымен ұштасады. Ежелде Отырар, Испеджап, Суяб, Ақбешімде соғылған теңгелер дизайны жоғары шеберлікпен жасалған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылғы 15 - қарашадағы Президент жарлығына сәйкес теңге ұлттық валюта ретінде тарихқа енді.

Ал әлемдік ақша қорының негізгі үлесі - АҚШ долларларына тиесілі. Доллар - қазіргі таңда АҚШ, Канада, Австралияның қазыналық билеті ғана емес сонымен қатар, Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиепия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Пабаго және Гондурас мемлекеттерінде де қолданылатын әлемдік ақша бірлігі 1 доллар - 100 центтен тұрады. Сонымен қатар 2002 жылы 1 - қаңтарда Евро Қауымдастыққа мүше 12- мемлекет

« Евро »банкнотын айналымға енгізді.

Әлемдік шаруашылық байланыстарын, валюта қатнастарынның жолға қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем денгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатнастарыелдін ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатнастардың эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің терендеуіне, капиталистік шаруашлықтын құрылымдық өзгерісіне байланысты.

Валюта қатнастары - бұл дүниежүзілік қатнастардың қолданылуына байланыстыжәне елдер арасындағы шаруашлық байланыстарының алуан түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капиталшығару, пайданы инвестициялау, ғылыми техникалық айырбас, туризм және т. б. ) қызмет көрсететін экономикалық қатнастар.

Қазіргі заманда валюта қатнастарының әлуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкілдүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниедүзілік болып екіге бөлінеді

Ұттық валюта жүйесі - елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта қатнастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.

Әлемдік валюта жүйесі - бұл дүниежүзілік шаруышылықтын дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.

Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.

Ақша барлық тауар өндірушілердің, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формаының орнына құнның толық және жайылыңқы формасына келді. Одан әрі өндіріспен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасында бір тауар бөлініп шығып басқа тауарлар осы тауарға айырбасталынды. Сөйтіп құнның толық және жайлыңқы формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі- ақша пайда болды. Осы кезде әртүрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда- саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым қатынастың ұлғаюы нәтижесінд ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. өйткені металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиеттінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруға байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды.

I ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ВАЛЮТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

1. 1. Әлемдік валюта мәні және құрлымы.

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатнастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуы, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатнастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстурлі ақша қызметінің дүниедүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатнастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақша сыртқы суда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аудару, несие және қарыз беруді, ғылыми- техникалық айырбасты, турмзмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.

Валюталық қатнастар ұлттық және халықаралық денгейде жүзеге асады. Ұлттық денгейде олар ұлттық влюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік зандармен бекітілген, елдің валюталық қатнастарын ұйымдастыру нысаны(формасы) .

Ұлттық валютва жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады.

  • Ұлттық валюта бірлігі;
  • Ресми алтын валюта қорының құрлымы;
  • Ұлттық валютаның паритеті менг валюта курсын қалыптастыратын механизімі;
  • Валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
  • Валюталық шектеулердің деңгейі;
  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т. б.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютанвң курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсететін жеке бір ел валютасының «бағасы».

«Паритет» - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы(құны) оның паритетіне дәлме - дәл келмейді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашлық шеңберінде валюталвқ қатнастарды ұйымдастыру нысаны.

Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашлықтын бірте - бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінрек мемлекет аралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
  • халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрлымы;
  • валюталық паритеттер мен курстардың механизімі;
  • валюталардың өз-ара айыпбасталу жағдайы;
  • халықаралық есептеулердің нысаны;
  • халықаралық валюта нарықтары мен дүниежүзілік алтын нарықтарындағы орныққан тәртіп;
  • халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықарылық валюта қоры - МВФ, Халықаралық даму банкі - МБРР және т. б. )

Дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе - тендікте сақтауды қамтамасызету шенберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Әлемдік валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатнастарды кеңейтуге, немесе, керсінше шектеуге әсер ететән ең маңызды механизімдердің бірі.

1. 2. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы кезендері

Әлемдік валюта жүйесі - динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс елдері экономикасындағы, дүнмкжүзілік щаруашлықтағы өзгерістер менг қажеттіліктерге сәйкес бірте - бірте өрістеді.

Өз даму барысында халықаралық валюта негізгі төрт кезеннен өтті және сол кезендер халықаралық валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.

Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі деп аталады. Бұл жүйе ХІХ ғасырдың сонына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі нарықтарда алтынға еркін айырбасталды.

Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  • әр бір валюта бірлінгінде белгілі алтын мөлшкрінің болуы;
  • валютанығ алтынға айырбасталу мүмкіндігі ел ішінде де, мемлекет шекарасынан тысқары жерлерде сақталуы;
  • алтын құймалардың монетаға (тиынға) айырбасталу, алтынның еркін экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында еркін сатылуы;
  • Алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң байланыстың болуы;

Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизімі қатаң курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттардың басқа түрлеріне, алтын монета, алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады.

Алтын стандарттың бір түрінен екінші түріне кқшу дүниежүзілік капитализм жүйесінің дамуы барысында жүзеге асып отырады.

Капиталистік шаруашлықты жү. огізудің бірте - бірте күрделенуі, жүниежүзілік шаруашлық байланыстарының кеңеуі мен тереңдеуі, экономикалық дағдарыстардың циклдық қайталанулары экономиканы реттеуді күшейтуді обьективті қажеттігін туғызып, мемлекеттің экономикалық процестерге араласын күн тәртібіне қояды. Экономикаға мемлекеттің араласуының күшеюі алтын стандартмен анықталатын қатаң валюта курсының реттелетін, өзара байланысты валюта курсына айнала бастауына әсер етті.

Екінші жүйе - алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылғы Генуя конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінрек бұл шншімді капиталистік елдердің көпшілігі құптады. Алтын девизді стандарт жағдайында банкноттар алтынға емес, басқа елднрдің девиздеріне (банкноттар, вексельдер, чектер) айырбасталып, содан кейін ғана алтынға ауыстырылатын болады. Девиз ваюта ретінде доллар мен фунт стерлингі қабылданды. Алтын девизді стандарт іс жүзінде реттелетін валюта курс жүйесіне, ең алдамен алтын-валюталық стандарт жүйесіне көшудің алғашғы қадамдары еді.

Алтын - валюталық стандарт жүйесі ХХ ғасырдың 30- жылдарында пайда болып, 50- жылдардың сонына қарай толық қалыптасты. Бұл жүйе бойынша қағаз ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын - валюталық стандарт жүйесі Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық конференцияда қабылданып, өз күшіне кірді. Бреттон - Вудс валюта жүйесінің белгілеріне мыналар жатады:

  • елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу қызметін алтын атқарады.
  • әр түрлі елдердің валюталары құнынің өлшемі ретінде және халықаралық несие төлеу құралы болвп американдық доллар бекітілді;
  • басқа елдердің орталық банктері мен үкімет мекемелері АҚШ-тың казначейліктерінде 35 долларды бір трояндық унция мөлшеріндегі алтын курсы бойынша айырбастайды.

Унция - ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның валюталық бағасы ресми баға негізінде құралып, 1988 жылға дейін аса көп өзгерістерге ұшыраған жоқ.

  • валюталарды өз-ара салыстыру және оларды айырбастау алтын мен доллар арқылы көрсетілетін валюталық паритеттер негізінде жүзеге асырылады;
  • әр бір ел өз валютасы курсының тұрақтылығын басқа бір елдердің валюталарвна салыстырмалы жағдайда қамтамасыз етуге міндетті болады.

Валюталардың нарықтық курсы белгіленген алтын немесе доллар паритеттерінен 1%-тен артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана жүргізіледі.

  • мемлекетаралық валюталық қатнастарды реттеу Бреттон- Вудс конференциясында құрылған халықаралық валюта қоры арқылы жүзеге асырылады.

Бреттон - Вудс келісімі халықаралық валюта жүйесінің дамуындағы маңызды кезен болды. Тұңғыш рет халықаралық валюта жүйесі үкімет аралық келісімдерге негізделеді Бреттон - вудс жүйесі алтын доллрлық стандартты орнықтру арқылы сауда айналымын кеңейтуге, өнеркәсібі дамыған мамлекеттердегі өндірістін өсуіне едәуі ықпал жасады.

60- сонына қарай Бреттон - Вудс жүйесі күшейе түскен дүние жүзілік шаруашлықты интернациоландыру процесімен қайшылыққа келе бастады. Трансұлттық корпарациялар қызметінде валюталық алып сатарлықтар көбейді. Алтын - долларлық стандарт іс жүзінде бірте - бірте тек долларлық стандарт жүйесіне айнала бастады. Ол аз дегендей АҚШ-тың өз экономикасы бірқатар қйыншылықтарға тап болды, олардың не бастысы Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның экономикалық қуаты артып, олардың ықпалының күшеюі 60- жылдардың сонына қарай доллардың позициясын шайқалтты. Еуропа елдерінлегі доллардың қоры орасан зор сомаға жетіп, дербес еуродоллар нарығын қалыптастырды. Айталық 90-жылдардың басындаАҚШ-тан тыс елдердегі доллардың көлемі 30 млрд. доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы шектен шығып кетті. Бреттон - Вудс жүйесінің долларды алтынға айырбастау жөніндегі талаптары АҚШ- экономикасына көптеген ауыртпалықтар алып келді.

70-жылдардың басында Бреттон - Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді. АҚШ алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты. Дүниежүзілік нарықта алтынның бағасы күрт жоғарлап кетті.

Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ - тың Кингстонда (Ямайка) өткен кзекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері төмендегідей:

1. Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылад, яғыни алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.

2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатнастар әлемәндегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі кусыныа негізделі. Кез келген елге валюталық курстардың кез келген режимін тандауға мүмкіндік береді. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болады:

а) валюталардың сатып алушылық қабілеті.

ә) Халықаралық нарыққа валюлалардың сұранысымен үсынысынның арақатынасы .

3. арнаулы ақша резерві (СДР), яғыни (қарыз берудің арнайы құқығы) стандарты құрылды.

СДР негізгі резервтік валюта болып, басқа резервтік валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы бололып табылады.

90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе - валюталардың өзгермелі курсы қаллыптасты.

Бұл жүйе екі элемен ттен тұрады:

1) негізгі тіреуші бірліктер тандалады, ол бірліктер негізінде жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады.

2) Валюталық курстардың ауытқу диапозоны үлкен амплетудаларда дүзеге асырылады.

Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді: Ямайка келісімінде қабылданған СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.

Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестіріледі.

1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындвқ құрамы алынып тасталды.

СДР курсы валюталық кәрзеңкі негізінде анықталады.

Валюталық кәрзенке - 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 пайыздан кем болмауы тиіс. 1978 жылдың бірінші шілдесінен бастап, валюталық кәрзенкенің құрамы мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты түзетілді.

1981 жылдың қаңтарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат - СДР-дың шартты құнын есептеуді женілдету.

Бұл валюталарға жататындар АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.

Валюталық кәрзеңке - бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын басқа валюталар жинағына қатысты өлшеу. Валюталық кәрзенкені есептеуге мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген экономистердің пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып табылады.

Біз жоғарыда СДР валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге, резервтік валютаның тағыда бір түрі бар. Ол - валюталар кәрзенкесінің құүны негізінде анықталатын ЭКЮ бірлігі. ЭКЮ-дің СДР-ға қарағанда қолдану өрісі кенрек, ол тек рксми байланыстарда ғана емес, жеке меншік секторда да пайдаланылады. Айталық, ЭКЮ валюта бірлігі есебінде бірлескен қорларда және халықаралық валюта - несие, қаржы ұйымдарында, ауыл шаруашлығы өкілдерінің бірінғай жүйесі ретінде, Еуропаның Одаққа мүше елдердің орталық валюталық интервенция жасағанда т. б. жағдайларда қолданылады. Жеке меншік (коммерциялық) ЭКЮ еурооблигациялық земдерді, банктердің дипозиттері мен кредиттерін қаржыландыратын валюта есебінде пайдаланылады. 500-ден аса халықаралық ұйымдар несие беру шараларында ЭКЮ-ді пайдаланады. Еуропалық валюта жүйесіне кіретін елдер валюталарының ондағы үлесі мынадай: неміс маркасы 30, 4%, француз франкі- 19, 3%, ағылшын фунты-12, 6%, итальян лирасы-9, 9 %, голланд гульдені 9, 5 %, белбгиялық франк 7, 8 %, даниялық крон 2, 5 %, испандық пест 5, 2 %, португалдық эскудо 0, 8 %, гректердің драхмасы 0, 7 %, люксинбургтің франкі 0, 3% .

Еуропалық экономикалық одақттастық құралдарда біртұтас еуропалық валюта жасау мәселесі қарастырылған жоқ болатын. Бірақ, 70 жылдардың ортасынан бастап біртұтас валюталық одақ құру жолдары белсенді түрде іздестіріле бастады. Еуропалық Одақтастықтың жетекшілері АҚШ долларына альтернативтік валюта бірлігін жасауға ұмтылу мен қатар, валюталар шайқасын тиімді бақылау үшін валюталардың интеграциясын жүзеге асыруға мүдделі болады.

Еуропалық Одақ шенберінде өткен күрделі келіссөздердің нетижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылады.

Еуропалық валюта жүйесі - ұлттық валюталардвң экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатнастар жиынттығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элеметтерден тұрады: 1) ЭКЮ еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизімі ; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын несиелеу механизімі.

Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

  • Еуропалық одақ елдер ішінде сенімді валюталалық тұрақтылықты орнату.
  • Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу.
  • Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, уеропалық ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
  • Халықаралық экономика және валюталық қатнастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету. ;

Еуропалық валютпа жүйесінің атқарушы механизімі ЭКЮ-ді қалыптастыру және реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.

Еуропалық валюта валюталық қорлардың Одаққа мүше елднрдің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы «делор жоспары» дегенмен тығыз байланысты.

Еуропалық Одақтың қайраткері Ж. Делор еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынады: 1) Еуропалық одақтын жекелеген елдер арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзіге асыру; 2) Еуропалық одақтын орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды Еуропалықұ одақтын ортақ валютасына ауыстыру.

1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия, Ипания, Португалия қосылады. 1991 жылы бір тұтас Еуропалық экономикалық кеністік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық одақ құруды құптады.

Батыс еуропа елдері валюталар курсының тербелуін реттеу мақсатында құрылған валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарады. Дегенмен, 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен жаңылды. 1990 жылдың қыркүйкгінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның фунты бөлініп шықты, испандық песет пен португалялық эскудо девольвацияға ұшырайды. Бұл оқйғалардың басты себептерінің бірі аталған елдердің орталық банктерінің биржалардың алып сатарлардың валюталардв құнсыздандыру мақсатындағы әрекетеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі болады. Осның салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз ақша бірлдіктерінің бесеуі солар үшін белгіленге курстын ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл едердің орталық банктері өз валюталарының күрсын жасанды түрде қолданудан бас тартты . Аталған валюталар белгіленген курстан 15 -ке ауытқу мүмкіндігіне ие болады. Орталық банкттер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғарғы денгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге өкілеттік алады.

1. 3. Әлемдік ақша -жалпы өркениет тарихы.

Ақша тарихы - жалпы цивилизация тарихы. Тарихи заманда адамзат ақша ретінде түрлі заттарды пайдаланған: Мысалы, Ежелгі Грецияда темір сынығын, Каромен аралдарында тас бөлшектерін, Африка, Азия, Мұхиттық аралдарда - кауриді, Мексикада какао дәнін, Ежелгі Русьте мал терілерін, Қытайда шай т. б.

Алғашқы қағаз ақшалардың болғандығы туралы мәліметтер император Ву - Ти (б. э. д. II ғ. ) кезіндегі Қытай деректерімен байланысты.

Б. э. д. II ғасырда Қытайлар жібек қабықшасынан қағаз алу технологиясын ойлап тапқаннан бастап, бұл материал ақша жасауғада қолданыла бастады.

Қағаз ақшалардың етек жаюы, X ғасырда Қытайда жасанды ақшалардың да пайда болуымен ерекшеленеді. 13 ғасырда Венецияндық Марко Поло Қытайға саяхат жасады. Оның жиған деректері әлі де қағаз ақша жайлы білмейтін Европ жұртына айтарлықтай жаңалық болды. Бірақ Европа халқы Марко Полоның мәліметтеріне сенімсіздік білдіріп, қағаздың алтын, күміс тіптен мыспен де теңеспейтіндігін айтты.

Сондықтан Европада алғашқы банкноттар Марко Поло саяхатынан кейін тек, 80-100 жылдан соң пайда болған.

Қытайдағы алғашқы ақша куань - сұр түспен, қара жазбалармен және қызыл мөрімен ерекшеленеді. Алғашы қағаз ақшалар Европада 1483 жылы Испандықтардың арабтармен соғысы кезінде тиын жасау үшін күмістің жетіспеушілігінен пайда болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесінің мәні, құрылымы
Халықаралық валюта қатнастары
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақша жүйесінің түсінігі және оның типтері
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және элементтері
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz