Әкімшілік жаза - әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы


ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Әкімшілік жаза - әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол: а) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды зандарды сактау және құқықтык тәртіпті құреттеу рухында тәрбиелеу;
б) құқық бұзушының да, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады (ӘПБтК-тің 22-бабы) .
Әкімшілік жазалар белгілі межеде қылмыстың алдын алу функциясын орындайды.
Әкімшілік жазалар, әдетте, құқық бұзушыға иә моральдық, иә материалдық ықпал жасаудан көрінісін табады. Кейбір әкімшілік жазалар өзіне бір мезгілде әрі моральдық айыптауды, өрі материалдық ықпалды, әрі бұзушының құқығын уақытша шектеуді бірікііреді (мысалы, әкімшілік қамауға алу, арнайы құқығынан айыру және басқалар) .
Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудың негіздерімен және мақсаттарымен, оларды бірімен бірін ауыстырудың мүмкіндігімен айырылатын үйлесімді жүйе құрады.
ӘПБтК-тің 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар белгіленіп, бекітілген: 1) ескерту; 2) затты құнын өтеп алып қою; 4) затты тәркілеу; 5) арнайы құқығынан айыру; 6) әкімшілік қамауға алу; 7) кәсіпкерлік қызметке қадағалау тағайындау; 8) белгілі бір қызмет түрінің лицензиясынан (патентінен) айыру.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан аласталуы мүмкін.
Занда әкімшілік жазалар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Заттарды құнын өтеп алып қою және тәркілеу негізгі және қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін, қалғандары - тек қана негізгілер ретінде. Қосымша жазалар жеке түрінде қолданылмайды.
Ескерту - моральдық сипаты бар жаза. Ол жазбаша түрде беріледі немесе өзге әдіспен де жасалзды. Ауызша ескерту әкімшілік жаза болып табылмайды. Барлық басқа негізгі әкімшілік жазалар сияқты ескерту де сондай зандық салда-лар туғызады. Мысалы, тиісті салдарлар туғызатын құқық бұзушылықтың қайталанғандығын анықтау үшін оның маңызы болуы мүімкін.
Айыппұл - Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінің санына сәйкес келетін теңге түрінде Қазақ ССР-і ӘПБтК-те қаралған жағдайлар мен шенберде алынатын ақшалай төлем. .
Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың негізінен барлық түрлері үшін қаралған ең көпөріс алғанжаза. Бұл занды бұзған адамдарға ықпал жасаудың неғұрлым тиімді тәсілі екендігін әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр.
Азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл, әдетте, ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінің жиырма есе мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға - елу есе мөлшерінен аспауы керек (ӘПБтК-тің 26-бабы) .
Айрықша жағдайларда әкімшілік жауапкершілікті ерекше күшейтудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының заң актілерімен осы бапта көзделгеннен көп мелшерде айыппұл белгіленуі мүмкін.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексі жаңа редакцияда кабылданғанға дейін тұрақты сомада көрсетілген айыппұлдар мөлшерін қайта есептеудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 26 қазандағы заңымен белгіленген.
Бұл заң бойынша егер айыппұддың жоғарғы шегі 1964 жылғы ӘПБтК-те белгіленген он сомнан аспаса, ол құқык бұзу жасалған кезде белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің оннан біріне тең деп, бірақ салынатын айыппұлдың мөлшері елу сомнан төмен болмауы тиіс; отыз мыңнан аспаса - ол ең төмен жиырма жалақы мөлшеріне тең деп есептелінеді, бұл орайда салынатын айыппұлдың мөлшері ең төмен он, он бес жалақы мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
1993 жылғы 28 қазандағы Қазакстан Республикасы Заңымен ӘПБтК-тің 26-бабына енгізілген «еңбекке ақы төлеудің ең төменгі айлык мөлшерлерінің», «ең теменгі жалақының» деген сөздер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 маусымдағы заңымен «ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінің» деген сөздермен ауыстырылды.
1997жылғы 13 маусымдағы заңмен ӘПБтК-тің 26-бабы мына мазмұндағы бесінші тармақпен толықтырылды: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі қабылданғанға дейін осы күнгі қолданылып жүрген Кодекспен белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең теменгі айлық мөлшерінің (жалақының ең теменгі мелшерінің) шамасына сәйкес сома түрінде салынатын айыппұл - ақшалай өндіріп алу әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кездегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есепті керсеткіші мөлшерін негізге ала отырып есептелсін делінген.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болып табылған затты құнын өтеп алып қою, оны еріксіз алып қою және сатылғаннан кейін түскен соманы алып койылған затты сатуға байланысты шығындарды шегере отырып, бұрынғы иесіне қайтару болып табылады. Әкімшілік жауаптылықтың бұл шарасы, әдетте, аң ататын мылтығы бар және қоғамдық тәртіпті ұдайы бүза тын адамдарға қолданылады.
Күн көрісінің негізгі көзі аң аулау болып табылатын адамдарға атылатын қару мен оқ-дәрілерді құнын етеп алып кою қолданылмайды.
Әкімшілік құқық бұзушылык жасаудың құралы немесе объектісі болып табылған затты тәркілеу - бұл затты құнын өтемей еріксіз түрде мемлекет мекшігіне айнаддыру.
Егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында өзгеше көзделмеген болса, тәркілеуге құқық бұзушының өз меншігіне жататын зат қана жатады. Әдетте, контрабанданың заттары, заңсыз балык аулау құраддары, аң аулау ережелерін бұзған жағдайда оқпен атылатын қару т. с. с. тәркіленеді.
Контрабандалық заттар, олардың иесі кім екеніне қарамастан, тәркіленуі мүмкін.
Бұл шараларды шектеу мьшаларға саяды: а) тәркілеуге жатпайтын заттардыңтізімі зандармен белгіленген; б) аң аулау күн көрісінің негізгі көзі болып табылатын адамдарға дәрімен атылатын қарумен оқ-дөрілерді, аң аулаудың басқа қаруларын тәркілеуді қолдануға болмайды.
Тәркіленетін тиісті заттың екі ғана, мүлік емес, бұл әкімшіліктің осы шарасын қылмыстық жаза шарасынан айырады.
Заттың құнын өтеп алып қою мен тәркілеу түріндегі жазалар Қазақстан Республикасынын 6, 26-баптарында қаралған жеке меншік құқығы заңмен қорғалады деген қағидаға қайшы келеді. 26-бап бойынша соттың шешінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
Азаматқа берілген арнайы құқығынан айыру (көлік құралын жүргізу құқығы, аң аулау құқығы) құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге қолданылады. Мысалы, жүргізушілер мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені, транспорт құралын жүргізуді мас күйіндегі адамға бергені; мас екендігі белгіленген тәртіпке сәйкес куәландырудан өтуден бұлтарғаны үш ін айлық есепті көрсеткіштің он есе мелшерінде айыппүл салыяады немесе бір жыддан үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралдарының барлық түрлерін жүргізу құқығынан айтады (ӘПБтК-тің 128-бабы) .
Заң бойынша жауаптылықтың бұл шарасы көлік кұралдарын мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамдарға, мас күйінде жүргізу кездерін қоспағанда, қолданылмайды, аң аулау күн көрісінің негізгі көзі болып табылатын адаодарды аң аулау құқығынан айыруға болмайды.
ӘПБтК-тің 23-бабындағы әкімшілік жазалаудын тізімінде белгілі бір кызметке берілген лицензияны (патентті) жою бар. Мысалы, лицензиялауға жататын көлік қызметін жүзеге асырудың арнайы рұқсатында қаралған шарттарды бұзғаны үшін арнайы рұқсатты (лицензияны) жою. Бұл сияқты шара Кеден ісі туралы заң күші бар Жарлыққа, жеке кәсіпкерлік туралы және басқа зандарда әртүрлі құкық бұзушылыктар үшін қаралған.
Әкімшілік қамауға алу әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге айрықша реттердеғана белгіленеді және қолданылады. Ол, мысалы, ұсак бұзақылық (ӘПБтК-тің 174-бабы), полиция қызметкерінің немесе халық жасақшысының занды жарлығына немесе талабына қасақана бағынбағаны үшін (185-бап) ; сотқа құрмет-темеушілік көрсеткені үшін (185-1-бап) ; есірткі заттарды шамалы мөлшерде заңсыз иеленгені немесе сақтағаны үшін (44-бап) қолданылуы мүмкін.
Қамауға алынғаңдар арнайы тағайындалған орындарда күзет қарауында катал оқшау жағдайында ұсталады. Қамауда отырған уақытына жұмыс орны бойынша еңбек ақы теленбейді, ал әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адаңдардан бағудың шығындары мен тамағының құны еңдіріліп алынады. Әкімшілік жазасын етеп отырған кезде хат жазысуға, жақын туыстарынан және баска адаңдардаң саухат алуға, заттар немесе тамактар сатып алуға рұқсат етілмейді, күзетпен камерада ұстауға байланысты шектеулер бар.
Әкімшілік қамауға алуды тек аудандық (қалалық) сот немесе судья ғана тағайындайды.
Бұл ықпал жасау шарасын колдану жөнінде занда шектеулер белгіленген. Әкімшілік қамауға алу жүкті әйелдерге, 12 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 18 жаска толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ
Қоғамдагы құқықтың ең күрдслі негізін құрайтын нормативті-кұқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқарып отыратын нормативтіактілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-гұрып, мораль, діии т. б. нормалар) жалпы мемлскеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш рстінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік; Ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтық негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымсн тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесіндс нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтық ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік реттеп-басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардагы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға кешті. Қазіргі кездс әлсмдсгі барлық мемлекеттердс құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны да-мытуда, құкықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілсттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығын қабылдангаи нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны қүқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуга тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер заңды болу үшіп міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизнттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің еміргс келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикасының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:
мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлскет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп-басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекеттік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғам-ның, халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құралы. Оның құқыктың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
- норк; ативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттар, ерікті орын-далмаса оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т. б. түрде шығады, олардың занды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп-басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді:
- заңдар және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дорежесі жоғарылаған сайын нормативтік актілердің де занды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т. б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: занды шығарушы органдардың актісі; заңды орындайтын органдардыңактілері, сот жүйссінің актілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz