Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары


Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ МӘТІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Мәтін лингвистикасы, табиғаты, салалары, түрлері
1. 2 Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
2 ӘДЕБИ МӘТІНДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Концепт лингвомәдениеттанудың базалық ұғымы ретінде
2. 2 Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару мәселелерін концептуалды тұрғыдан қарастыру
2. 3 Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудармасының лингвомәдени сипаттамасы
3 ӘДЕБИ МӘТІНДЕГІ "ГҮЛ" ЛЕКСЕМАСЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ АНА ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3. 1 «Гүл» лексемасының сипаттамасы
3. 2 Әртүрлі әдеби мәтіндердегі «Гүл» лексемасының ағылшын тілінен ана тіліндегі жазбаша аудармасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
6
6
11
19
19
20
21
23
23
25
29
32
Кіріспе
Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Әдеби мәтіндік аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан әдеби мәтіндік аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Әдеби мәтіндік аударма қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Әдеби мәтіндік аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби мәтіндік аударманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті лингвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады. Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады.
«Концепт» термині орыс тіл білімінде XX ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеуін зерттеумен байланысты пайда болды. С. А. Аскольдов - Алексеевтің 1928 жылғы «Русская речь» жинағында жарық көрген «Концепт и слово»деген еңбегінде концептілерді танымдық және әдеби мәтіндікдік түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық шегінің өзгеріп, кейде бір-бірімен астасып отыратынын да жоққа шығармайды.
«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнов, Е. С. Кубрякова, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич, А. Вежбицкаяның еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырады. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың тіл өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып, олардың мән-мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
ХХ ғасырдың аяғында лингвисттер, тілдік тасымалдауыш - бұл белгілі концептуалдық жүйелердің тасымалдауыштары деген пікір айтады. Қазіргі күні алдыңғы орында ментальдылық немесе концептілер-ментальдылықтың мәні болып табылады. Лингвистикада концепт терминінің ескі де жаңа түрі бір мезгілде пайда болған. 1928 жылы С. А. Аскольдов «Концепт және сөз» атты мақаласын жариялаған, бірақ өткен ғасырдың ортасына дейін концепт ұғымы термин ретінде ғылыми әдебиеттерде қабылданбаған.
Тіл білімінде "концепт" термині алғаш рет XX ғасырдың алғашқы жартысында қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселелерін зерттеуге байланысты пайда болды. Соңғы жылдары тіл білімінде "концепт" теориясы лингвистикалық сипатта нақты жан - жақты бір тілдің ішіндегі материалдар негізінде де, туыс немесе туыстығы жоқ әр түрлі тілдер материалдары негізінде де салыстыра - салғастыра зерттеле бастады.
Әдеби мәтіндік аударма деп - әдеби мәтіндік шығармаларды, яғни негізгі қызметі оқырманға әдеби мәтіндікдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе әдеби мәтіндік аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, әдеби мәтіндікдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының әдеби мәтіндікдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Әдеби мәтіндік аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Соның ішінде болашақ аудармашының аударма жасау барысында лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру ерекше орын алады.
Лингвомәдениеттану құзіреттілігі - мәдениетаралық қатысым жағдайында лингвомәдениеттану дағдыларын орында пайдалана білумен ерекшеленетін көп сатылы, бірі екіншісіне тәуелді бірнеше кезеңдері бар, өз сөзін дұры ұйымдастыра білумен, ең соңында басқа мәдениет өкілімен еркін тілдесуге қол жеткізуімен айқындалатын құзіреттілік. Жалпы алғанда лингвомәдениеттану құзіреттілігіне былайша анықтама беруге болады: «Лингвомәдени құзіреттілік дегеніміз - басқа лингвомәдени қоғам өкілімен тілдік қатынас кезінде тіл бірліктерінде көрінетін әлем туралы білім негіздерін меңгеруі арқылы мәдениеттер сұхбатына танымдық іргетас жасай тілдесе алуын қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік пен өзара түсіністік жағдайында сөйлесуге дайындығы лингвомәдениеттану құзіреттілігі болып саналады». Бұл мәселемен айналысқан ғалымдар өзге тілде оқытудың ең соңғы жетістігі лингвомәдениеттанулық құзіреттіліктің қалыптасу деңгейімен өлшенетінін айтады.
Осыған байланысты, ана тілін оқыту барысында шет тілі дәрістемесінде лингвомәдени әрекетті қолдану маңызды болып табылады, өйткені лингвомәдени ақпараттар шетелдік студенттің маңыздылығын құрайтын ерекше түрде тілдік бірліктер семантикасына айналған байланыс құзіреті болып табылады. Лингвомәдени ілім, байланыс бөлігі ретінде, лингвомәдени құзірет қажеттілігін қалыптастыруын тудырады. Сол себептен, зерттеу тақырыбы «Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері» болып отыр.
Курстық жұмыстың нысаны. Ағылшын және ана тілдеріндегі әдеби мәтіндер.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен лингвомәдени құзіреттілігін «Гүл» концепті арқылы анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- әдеби мәтіндік аударманы оқытудағы рөлін теориялық тұрғыда негіздеу;
- ағылшын тілінен әдеби мәтіндік шығарманы аударудың концептуалды тұжырымдамалық қорын негіздеп талдау;
- әдеби мәтіндік шығарманы аударудың әдіснамалық негізін анықтап, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту;
- әдеби мәтінге «Гүл» концепті негізінде ағылшын және ана тілінде трансформациялық талдау жасау;
Курстық жұмыстың теориялық құндылығы. Аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру барысында әдеби мәтіндік аудармаға ағылшын және ана тілінде концептілік талдау жасауға негізделген.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Курстық жұмыста ұсынылған көзқарастар мен пікірлер әдеби мәтіндік аударманы оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар әдеби мәтіндік шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық, концептуалдық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Концептке қатысты белгілі мамандар - М. А. Күштаева, А. Ислам, Н. Уәли, орыс тілі мамандары - Е. С. Кубрякова, В. З. Демьянков, Н. Д. Арутюнова, Т. В. Булыгина, А. Д. Шмелев, еңбектері басшылыққа алынды.
Курстық жұмыстың әдістері. Зерттеу барысында негізінен сипаттама және трансформациялық талдау тәсілдері, жасалған аудармадағы трансформация түрлеріне статистикалық талдау жасалды.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Шетел тілін оқытудағы әдеби мәтіндік аударманың және де концепттің теориясы мен практика салаларындағы ғылыми еңбектер, ағылшын тілінен әдеби мәтіндік шығарманы аудару теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде В. Н. Комиссаровтың, В. А. Маслова, Ж. А. Жақыповтың, А. Семеновтың, А. В. Федоровтың, С. А. Аскольдов-Алексеевтің еңбектеріне сүйендім.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ӘДЕБИ МӘТІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Мәтін лингвистикасы, табиғаты, салалары, түрлері
Қазіргі кезде тілдік ғылыми ой-сананың дамуында бірімен бірі тығыз байланысты бірнеше үрдістің қалыптасқандығы байқалады. Олар: экспансионизм (бірнеше ғылымдардың тоғысуы арқылы жаңа «қосарланған» ғылымдардың пайда болуы), антропоцентризм («тілдегі адамды» жан-жақты тануға бағытталған), функционализм (тілдің қолданысын, қолданыс барысындағы мағынасын зерттеуге бағытталған) және экспланатарлық. (Э. Д. Сүлейменова. 3-4-беттен)
Мәтін лингвистикасы интегративтік сипаттағы даму үстіндегі экспансионизм бағытындағы зерттеулердің қатарынан орын алады. Себебі қазіргі таңдағы тілдік зерттеулер тек бір ғана саланың төңірегінде шектеліп қалмай, өз ішінде және сырттай басқа пәндердің ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Соның ішінде мәтін категориясы тек синтаксистің еншісіндегі ұғым емес, ол жан-жақты талдауды қажет ететін көп қырлы күрделі ұғым.
Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасып, бүгінде өзінің дұрыс даму жолына түскен жеке сала ретіде таныла отырып, өркениетті ғылыми ой-санадағы үлкен бір белестен хабар береді. Сондай-ақ, ол әлемдік гуманитарлық, философиялық пайымдаулардың ең алғашқы басқышы ретінде, аталған бағыттардың өріс алуына себепкер болатын тікелей шындық қалпында қабылданады. Әдіснамалық негізі коммуникациялық қатынас ұғымдарынан тұратын тілдің коммуникативтік іс-әрекет концепциясы адамзат танымындағы осы маңызды фактор қызметін атқарады, бұл мәтінің әр түрлі функционалдық қабаттарының жекелеген ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, жүйелік қаңқасын жобалауға итермелейді. Мәтін лингвистикасы «тілді әуел бастан қарым-қатынас құралы ретінде қарастырудың бірізді-логикалық дамуының нәтижесі» болып табылады.
Мәтін лингвистикасы мәселелері қазақ тілі білімінде соңғы жылдары кеңінен қарастырыла бастады. Р. Сыздық, М. Закиев, Т. Қордабаев, Б. Шалабай, С. Құнанбаева, С. Мұстафина, А. Таусоғарова, Б. Райымбекова, Ф. Жақсыбаева, Ж. Қайшығұлова, З. Ерназарова, О. Бүркіт, Г. Әзімжанова, Г. Смағұлова т. б. көптеген қазақ ғалымдарыны зерттеу еңбектерінде мәтін мәселелері әр қырынан қарастырылды. Дегенмен, мәтінді зерттеу мәселесінде әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Солардың бірі - әңгімелеу мәтіні және оның тілдік-стильдік табиғаты мәселесі болып отыр.
Әңгімелеу мәтіні бұған дейін жалпы мәтін аясында, композициялық-сөйлеу формалары аясында қарастырылып келгенмен, арнайы зерттеу нысанына әлі айнала қойған жоқ.
Жалпы мәтін - адамзаттың тілдік қарым-қатынасындағы алғышарттар мен оның ұйымдастырылу ұстанымдары туралы ғылым. Мәселе төңірегіндегі қарқынды да жемісті ізденістер дәстүрлі тілдік лингвистикадағы стилитстика, соның ішінде әдеби әдебиет, ғылыми стилъдер саласында жүйелі сипат алып келеді. Мұны сан алуан көзқарастар мен ұстанымдарды, қағидалар мен тұжырымдамаларды тірек ететін ғалым-мамандардың тақырып төңірегіндегі өзекті мәселелерге арналған ғылыми еңбектерінен, монографиялар мен ғылыми-танымдық мақалалардан, оқу құралдарының жарық көруімен, сондай-ақ мәселенің даму бағдарына арналған конференциялар мен симпозиумдардың өткізіліп жатқанынан бағалауға болады. Тіл зерттеушілерінің мәтін мәселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мәселесіне деген ықыласын аңдатады. Мұның астарында тілдік тұлға мен адамзаттың әлемдік образын ашу, тану ниеті жатқаны жасырын емес. Себебі, әрбір мәтінде тілдік жүйеден хабары бар тілдік тұлғаның әрекеті орын алады.
Мәтін табиғатына деген қызығушылықтың кездейсоқтық еместігін дәлелдейтін факторлар баршылық: тілдің қазіргі тіл біліміндегі көзқарастар тұрғысынан қарағанда, өте ауқымды да салмақты құбылыс екенін, коммуникацияның құрамдас бөлігі болып табылатынын түсіндіруге деген талпыныс, мәтін арқылы жүзеге асырылатын адамзат іс-әрекетінің түрлі жақтарымен тілдің өзара айланысын зерттеп тануға деген қадам, сонымен қатар, мәтін арқылы жанды әрі сан қырлы болып келетін тіл болмысын ашуға, оның заңдылықтарын меңеруге деген талап-ниет арқылы уәжделеді. Сондықтан, тілдік зертте пәні ретінде оның басты әрекетінің бірі - мәтінді ұйымдастыру қызметіне тоқталудың өзектілігі орасан.
Мәтін - өте күрделі де қайшылықтарға толы тұтасқан құрылым. Осы тұтастықтың ұйымдасуына негіз болатын - оның композициялық-құрылымдық формалары. Композициялық құрылымдық формалар - мәтіннің негізгі құраушы компоненттері. Мәтінде баяндалатын мәселе, көрініс түрлі мағлұматтар осы формалардың өзара құрылымдық-мағыналық байланысуының нәтижесінде бейнеленеді. Бұл көбінесе, әдеби әдебиет мәтіндеріне тікелей қатысты.
Көтеріліп отырған өзекті мәселе туралы көрнекті ғалым М. М. Бахтиннің «Текст естъ как первичная данностъ гуматинарно-философского мышления и является той непосредственной действителъностъю, из которой толъко и могут исходитъ эти дисциплины» деген пікірі бүгінде мәтін лингвистикасы аталып отырған жаңа ізденіс бағытына жол ашатын бағдарлама бола алды. (201-беттен. Бахтин М. М. Проблема текста в лингвистике, филолгии и других гумаитарных науках. -В кн. Эстетика словесного творчества. М., 1979) . Бұл пікірді неміс ғалымы З. И. Шмидт те қолдай отырып, мәтіннің ең алғашқы құрылымдық тұтасқан, базалық категория екендігін айтады. (Бахтин М. М. сонда 91-бет) . Қазіргі кездегі зерттеушілердің еңбектерінен де мәтіннің алъфа мен омега екендігін баяндайтын тұжырымдамаларды келтіруге болады. (Шмидт. 371-б) . Олардың пікірінше, тілдің ең басты бірлігі сөз немесе сөйлем емес - мәтін болып табылады. Тек мәтіннің өзі ғана жанрға тәуелсіз, дербес тілдік тұтастық құрайды.
Мәтін теориясы саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан неміс лингвисті П. Хартманның пікірлері де қазіргі қазақ ғалымдарының мәтін туралы тұжырымдарына негіз болып жүр. «Қазіргі кезде мәтінді зерттеуге бағытталған лингвистика қалыптасып үлгерді, бұл лингвистикалық сала тілдік зерттеулер ішіндегі аса үлкен екпінмен дамып, ғылымға айта қаларлықтай жаңалықтар әкеліп жатқан ғылыми майдан. Ол лингвистика мәселелерінің диапазондық аумағын кеңейте отырып, барлық лингвистикалық идеялардың - өткен, бүгінгі және алдағы ой-пікірлердің басын қосады. Тіл білімінің бұл саласы болашақ лингвистикалық ізденістерге бағдар бола алады» деген пайымдаулары бүгінгі тіл білімінің даму бағыт-бағдарын дәл сипаттайды (Қашқынбаева Қ. С. 207беттен) .
Жалпы тіл білімінде тіл теориясының жалпы мазмұндық аспектісі әр түрлі бағытта қарастырылады. Мәселен, В. В. Виноградов, Л. В. Щерба, В. М. Жирмунский, Б. А. Ларин, С. Д. Кацнелъсон еңбектерінде тіл шынайы практикалық сана ретінде қарастырылады, тілдің санамен, мәдениетпен, психологиялық әрекетпен байланысы сөз болды. Сол кездің өзінде аталған ғалымдар мәтін ұғымы туралы нақты тұжырымдамалар жасамағанмен, мәселенің алғышарттарын ашып үлгерді. Мұны Л. В. Щерба негіздемесіндегі үш жақты жүйенің тілдік материал ұғымына сүйенетін дискриптивистердің пікірлерінен байқауға болады.
Мәтін лингвистикасы өз кезегінде бірқатар тілдік пәндермен байланысып, өзара сабақтасып жатады. Соның ішіндегі, ғылымда жиі айтылып, әдістанымдық, теориялық тұрғыдан жүйелік сипат алып келе жатқаны - мәтін лингвистикасы мен лингвостилистика. Лингвостилистика саласының объектісі, зерттеу пәні - мәиін типтерін айқындау, оларға сипаттама беру болып табылады. Функционалдық лингвистиканың лингвостилистикадағы ең маңызды тараулардың бірі екені белгілі. Екінші жағынан, мәтіндердің типін анықтау, мәтін деңгейіндегі типологиялық құрылымды жүйелеу мәтін лингвистикасының жетекші бөлімі болып таблады. Сондықтан мәтін лингвистикасы мен лингвостилистиканың зерттеу обсерваториясы әрдайым бір арнаға келіп, тоғысып жатады.
Лингвостилистиканың маңызды мідеттерінің бірі ретінде тілдің экспрессивтік құрамдарының зерттелуін атауға болады, яғни әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің экспессивтік-эмоционалдық потенциалын қарастыру және оның сөйлеу әрекеті кезіндегі жүзеге асырылуын қарастырылуы. Бұл стилистикалық парадигматика мен синтагматиканың өзара әсеін көрсетеді. Отандық тіл білімінде стилистика мен мәтін лингавистикасының өзара байланысы изоляцияланбаған тілдік бірліктерді зерттеуге деген жалпы талпынысқа мүмкіндік бергені байқалады (Гальперин И. Р. Проблемы лингвистики // Новое в зарубежной длингвистике, Вып ІХ. М, 1980. Косерну Э. Серия литературы и языка, 1977. №6) .
Қазіргі таңда мәтін лингвистикасының даму бағыты ретінде қалыптасып келе жатқан бірнеше ағымды атауға болады.
1. Негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе ретіндегі мәтіндік зерттеулер.
2. Мәтін типологиясын коммуникативтік көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге құрастыру.
3. Мәтінді құрайтын бірліктерді қарастыру.
4. Ерекше мәтіндік атегорияларды анықтау.
5. Мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің жүзеге асырылуының әр түрлі деңгейлерін айқындай.
6. Фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу.
Мәтін лингвистикасындағы өзге салалар туралы Қ. С. Қашқынбаева неміс лингвисті П. Хартманның мынадай жіктемесі барын алға ттартады:
1) жалпы мәтін лингвистикасы;
2) нақты мәтін лингвистикасы;
3) мәтін типологияларының лингвистикасы (209беттен)
Ал, белгілі неміс ғалымы Э. Косериудің пайымдауына сүйенсек, мәтін лингвистикасы лингвистикалық ой-санадағы, құрылымдық-функционалдық және генеративтік-трансформациялық лингвистикамен қатар тұратын негізгі үш бағыттың бірі болып саналады. (Косерну Э. Современное положение в лингвистике. - Известие АНССР. Серия литературы и языка, 1977, № 6. 17 бет) . Ол жеке дербес тіл білімінің саласы ретінде жаңа ғана қанат жайып келе жатқанына қарамастан, тілдік мәселелерінің ауқымдылығы жағынан жоғарыда аталған ғылым салаларымен иық тірестіре алады.
Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З. Я. Тураева оның қазірде белгілі болған мынадай түрлерін көрсетеді:
1) онтологиялық аспект - мәтіннің өмір сүру формасы, оның мәртебесі, статусы, ауызекі сөйлеу тәсілінен айырмашылығы;
2) гносеологиялық аспект - мәтіндегі объективті шындықтың көріну сипаты, әдеби мәтін жағдайында - эстетикалық шындықтың нақты әлемдегі көрінісінің сипаты;
3) жеке лингвистикалық сипат - мәтінді тілдік рәсімдеу сипаты;
4) психологиялық аспект - қабылдау сипаты;
5) прагматикалық аспект - мәтін авторының объективтік шындыққа және мазмұндық материалға деген қаарым-қатынасының сипаты (Тураева З. Я. Лингвистика текста. М. : Просвещение, 1986. 8-бет) .
Әрбір аспектіні жеке-жеке қарастыра отырып, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
1. Мәтінді жоғарғы дәрежелік деңгей ретінде зерттеп тану - мәтіннің сөйлемдегі қарапайым құрылымнан ерекшеленетін, күрделі тұтасқан құрылымдық-семантикалық бірлік екенін көрсетеді. Коммуникативтік тұтастықпен жымдасатын бұл бірлік мағыналық, грамматикалық жақтан аяқталған тұтас ой, логикалық, грамматикалық және семантикалық байланысқа түскен бір бүтін ретінде қабылданады. Мәтіннің ауқымды құрылымдық базасын құрайтын сыртқы және ішкі құрылымдық қарым-қатынастарды бақылау - зерттеудегі ең жемісті бағыттардың бірі болмақ.
2. Мәтін типологиясын құрастыру объектінің өзіндегі қайшылықтар мен үздіксіз байқалып жататын вариативтік секілді едәуір қиыншылықтар мен кедергілердің бары екенін алға тартады. Дегенмен, аталған бағытта айта аларлықтай жемісті еңбектер де жоқ емес. Тіл білімінде бүгінгі күнге дейін ертегілер, балладалар, лирикалық өлеңдер мен мифтер, детективтер, қысқа газет мақалалары мәтіндерінің коммуникативтік, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінің сипаттамасы жасалған.
Бір ғана функционалдық стилъге жататын мәтіндердің типіне сипаттама жасаумен қатар, мәтін типологиясын жүйелеудің басқа да өлшемдері бар екені байқалады. Мәселен, Г. В. Ейгер, В. Л. Юхт мәтін типологиясына деген екі түрлі жолды нұсқайды:
1) біріншісі мәтіндегі өзара үйлесімділіктің типіне сипаттама жасауға, сондай-ақ мәтіннің коммуникативтік ұстанымдары мен құрылымдық семантикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәтін элементтерінің өзара байланысына негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz