Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

I тарау. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,
жөнелту не өткізудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы 5
1.1 Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды
жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы 5
1.2 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығының объектісі және заты 9
1.3 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығының объективтік жағы 12

II Тарау. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,
жөнелту не өткізу құқық бұзушылығының жауаптылықты ауырлататын
түрлері 16

III Тарау. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,
жөнелту не өткізу құқық бұзушылығының криминологиялық мәселелері
3.1 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында28
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығын жасаушы субъектінің жеке басы
3.2 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не28
өткізу құқық бұзушылығының жасалу себептерімен жағдайлары
3.3 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығының алдын-алу 29

Қорытынды
32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
37

39

КІРІСПЕ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: "Қазақстан
есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде орналасқан жеріне байланысты
Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен
аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан
қарағанда өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар, есірткіге салынушылық
пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз
жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз"[ 1, 9б. ].
Есірткіге қарсы күресте маңызды аспектілерінің бірі - заңсыз
айналымдағы есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттардың қылмыстық мәселелері.
1997 жылы қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне есірткімен байланысты
қылмыстар бөліміне белгілі бір өзгерістер енгізілді. Есірткі айналымының
бақылауын реттейтін заң жүйесі және басқа да нормативтік заң актілері
өзгерді және тағы да өзгерістер енгізілуде. 1998 жылдың 10-шілдесінде
Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды, прекурсорларды және оларды
заңсыз айналымға жіберуге қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9-наурызында арнайы Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы
Үкіметі Бақылауға жататын есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттар
және прекурсорлар туралы қаулы қабылдады.
Қоғамдық аса қауіпті қылмыстар, есебі оған қарсы шаралардың
тиімділігін арттыру қажеттілігі және оны жан-жақты қамтамасыз ету, істің
барлық жағдайын нақты және толық тексеру, оған жол берілу себептері мен
жағдайларын ашып, қалпына келтіру туралы 2003 жылы 11 мамырында Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумында Есірткі заттарды, жүйкеге қатты
әсер ететін заттарды және улы заттарды заңсыз айналымға жіберуге байланысты
істер бойынша заңдарды қолдану туралы қаулысында Қылмыстық Кодекстің 286,
297, 303 баптарын қолдануға байланысты, басшылық түсініктеме беретін қаулы
қабылдауды қажет етті [ 2, 11б.].
Есірткіге еліктірген есер шөптің жер-жаханды жайлап, тұзы жеңіл
талайларды тұтқындап үлгергені қашан. Тарих терезесінен үңілсек, бүгінгі
күні ғасыр тажалына айналып, адамзатқа ажал шашқан апиын мен есірткі
заттарының бастау алар түп-тамыры тым тереңде жатыр екен. Енді апиынға
деген қанағаттылықтың орнын адамдық қасиеттен айыратын құмарлық алмастырып
ауыр қылмыстардың қатары нашақорлықпен байланысты болып жататын жан
түршігерлік әрекеттермен толыға түсті. Есірткімен байланысты қылмыстармен
күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында.
Адам көшпелі өмірінің отырықшылық тұрмысына көшкеннен бері
егіншілікпен айналысып келеді. Егіншілікпен айналысқаннан кейін өзі
пайдаланатын және пайдалану салдарынан есеңгірететін кейбір есірткілік
эффект беретін заттарды ашты. Дегенмен практикада бұл заттардың адам
дамуының ерте кезеңдерінде де, бұл есірткі заттарды қолдану қоғамның
дамуына қауіпті екенін түсініп, олардың қолданылуын әрдайым шектеп,
қадағалап отыруға тырысқан.
Өркениеттілік үшін ең қауіптісі - есірткі заттарын заңсыз өндіру,
өткізу, айналымға жіберіп тарату. 1998 жылы 8-10 маусымда Нью-Йорк
қаласында Бұұ Бас Ассамблеясының Арнаулы Сессиясы осы мәселені талқылауға
арналды. Бұл сессия қабылдаған құжаттар заңсыз есірткіні айналымға
жіберумен күрес саласындағы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шараларға
ықпал етуге тиіс.
Астана мен Алматыға есірткілер жермен де, көктен де келіп жатыр.
Үстіміздегі жылдың 11 айында есірткімен айналысқан 5525 адам тұтқындалған.
Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 35% көп. Есірткі тұтынатындар
да, одан туындайтын қылмыстар да жыл санап осылай еселеп өсе түсуде.
Есірткіні мөлшерден тыс пайдаланып жарық дүниемен қош айтысқандар қатары да
көбеюде. Алматы қаласы бойынша "Өжет" елдімекені мен "Малая станция" аталып
кеткен қаланың Шығыс жағы есірткі сатудың ортасына айналыпты, 60-қа жуық
притон анықталыпты. Транзиттік пункттерде 279 кг есірткі заттар тәркіленіп,
19 наркокурьер әшкереленіпті. Нашақорларға ең қолайлысы героин. Қылмысты
істің 3400-ның 1800-і героинді құрайды. Жасөспірімдердің 80% синтетикалық
есірткі пайдаланады. Есірткіге қатысты қылмыстық істер айыпты деп табылған
жасөспірімдердің ең жасы 7 жастағы бала екен. [ 3, 14б.].
Қазақстан экспортшыларының мәліметтері бойынша қазір республика
халқының 1,3 пайызға жуығы нашақорлар. Тек Шымкенттің өзінде медициналық
емес мақсаттарда есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қабылдайтын 22
мың адам тіркелген, ал жалпылай айтатын болсақ, бұл сан 30 мың адамнан
асады. Ал, мына бір дерек қатты қауіптендіреді. Құқық қорғау органдары мен
наркологиялық диспансерлердің есебінде тұратын адамдардың ішінде 65
пайыздан астамы 30 жасқа дейінгілер, ал 35 пайызды 14 жастағы жасөспірімдер
құрайды. Тек Алматының өзінде наркодиспансерде 3000-ға жуық жасөспірімдер
есепте тұрады. Ал, бұл мамандардың айтуынша бұл соңғы көрсеткішті 10-ға
көбейтсек, сол нақты мәліметке жуықтайтын көрінеді.
Бір наркоман есірткі тұтынуға жыл сайын 17-ге дейін адам тартады екен.
Тек 2009 жылы Қазақстанның құқық корғау органдары 23 тоннадан артық есірткі
заттары қолға түсірілді. [ 3, 24б.].
Курстық жұмыстың мақсаты – есірткі, психотроптық заттарды, сол
тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,
сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын
анықтау.
Қазіргі таңда көптеген кұжаттарда айтылған ережелерге сүйене отырып,
мен осы диплом жұмысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жіберуге
байланысты теориялық ережелерін қарауға, оның қоғамдық қауіптілігін
көрсетуге ұмтылдым.
I тарау. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,
жөнелту не өткізу құқық бұзушылығының қылмыстық құқықтық сипаттамасы
1.1 Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды
жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы

Есірткімен байланысты қылмыстар ең алдымен пәнінің ерекшелігімен
анықталатын жеке спецификасы бар.
Есірткілер болып - есірткі заттары жүйкеге әсер ететін және оларды
пайдалану салдары халықтың денсаулығына айрықша қауіп төндіретін заттар
ретінде жіктелген өсімдіктер, дәрі-дәрмек заттар болып табылады. [3, 11б.].
Есірткі заттар - бұл, 1972 жылғы протоколына сәйкес жөндеулер
енгізілген 1961 жылғы есірткі заттары туралы Жалпы Конвенциясына және
сонымен бірге Қазақстан Республикасының заң шығарушылығымен сәйкес
бақылауға жататын есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың және
прекусорлардың тізіміне енгізілген, психикалык және физикалык тәуелділікті
тудыратын, шығу тегі табиғи және синтетикалық заттар болып табылады.
Жүйкеге әсер ететін заттар - бұл Қазақстан Республикасының заң
шығарушылығымен сәйкес бақылауға жататын Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдерімен, сонымен бірге жүйкеге әсер ететін заттар туралы
1971 жылғы БҰҰ Конвенциясының есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін
заттардың және прекурсорлардың тізіміне енгізілген және оларды пайдалану
салдарынан психикалык тәуелдікті тудыратын, шығу тегі табиғи және
синтетикалық заттар болып табылады. [ 4, 117б.].
Есірткілермен байланысты қылмыстардың пәніне кіретін есірткі заттар
мен жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың тізімін анықтап,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9-наурыз күнгі №186 қаулысымен
бекітіліп, Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс. Есірткі
заттарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың тізімінің IV
таблицасына енгізілген.
Аталған тізімде прекурсорларға жататын заттардың да тізімі анықталған.
Прекурсорлар - бұл, 1988 жылғы БұҰ есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымына қарсы күресі туралы Конвенциясына, сонымен
бірге Қазақстан Республикасының есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік
комиссиясының және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен
қарастырылған тізіміне кіретін есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін
заттарды дайындауда жиі пайдаланылатын өсімдік тектес не химиялық жолмен
алынатын заттар болып табылады.
Есірткі заттардың мынандай түрлері бар:
Есірткі заттар (өсімдіктер): конопля өсімдігі, көкнәр өсімдігі және
олардан шығатын есірткілер (гашиш, апиын).
Жартылай синтетикалық есірткі заттар: героин, эфедра, кока
өсімдіктерінен шығатын есірткілер.
3. Психотроптық заттар (қатаң рецептпен берілетін әр түрлі дәрілер).
Зауыттан шыққан дәрілер.
Синтетикалық есірткі заттар (фентанилдер, метадон, ЛДС т.б.)
Прекурсорлар (уксус қышқыл ангидриді, эфедра - эфедрин) -есірткі
заттар жасағанда пайдаланылатын заттар.
Конопля (қарасора) өсімдігінен алынған есірткі заттардың құрамында ең
белсенді компонент - тетрагидроканнабинол болды. Қарасорадан - марихуана,
гашиш (анаша), каннабис смоласы, гашиш майы т.б. шығады.
Марихуана деп - конопля өсімдігінің ұсақталған, кептірілген, өсімдік
жапырақтарының жоғарғы жағынан алынған, гүлдері араласқан бөліктерден
тұратындарды айтады.
Гашиш (анаша) деп - қарасораның кептірілген, өте ұсақталып електен
өткізілген бөліктерді айтады.
Гашиш майы - сұйық масса сора өсімдігін әртүрлі еріткіштермен ерітіп,
буландыру жолымен алынатын сұйық зат. Қара қоңыр түсті, конопляның иісі
сезіліп тұрады.
Көкнәр өсімдігінен (апиынды және майлы көкнәрлар) көкнәр сабаны
(солома майы) морфин, кодеин, апиын, экстракциялық апиын т.б. алынады.
Апиын (опий) дегеніміз - көкнәр әлі піспеген кезде көкнәрдің қауашағын
тіліп, шықкан шырынын кептіріп, дайындап алынған, смолаға ұқсас қоңыр қара
түсті зат.
Жартылай синтетикалық жолмен алынған есірткі заттарға - героин, эфедра
мен кока өсімдіктерінен шығатын есірткілер жатады. [ 5, 4б.].
1992 жылдан бастап "эфедра" деген есірткі түрінің көбейе түскендігі
туралы айтылуда. Оған шикізат болатын қырықбуын өсімдігі Іле Алатауында
молынан өсетін көрінеді. (200 мың га жер). Эфедра есірткісі өте қатерлі,
адам 1-2 рет пайдаланған соң-ақ дағдыланып кетіп, 2 жылдан кейін қайғылы
жағдайға душар болады.
Экстази - деген есірткі заттар шоғырланатын дискоклубтар, түнгі ойын-
сауық орындарында кездеседі. Осы "кәсіппен" республикада 171 тұрақты
қылмыстық топ шұғылданады. Жылдық есірткі айналымы көлем 25млн. АҚШ
долларын құрайды екен. [ 6, 2б.].
"Нашақорлық" түсінігі медицинаға бұрыннан белгілі, адамның физикалық
және психологиялық ахуалдарына теріс әсер ететін және тек қан күнделікті
түрде белгіленген мөлшерде есірткі заттарын қабылдаса ғана жүйкенің
әрекеттік белсенділігі артыратын аурулар тобы болып табылады.
Нашақорлықтың негізгі қауіптілігі - есірткілердің жүйкеге әсері яғни
адамды өлермен сезімге апаратын және одан босатылу мүмкін емес
қасиеттілігінде.
Есірткі заттары шынында да күшті қасиеттерге ие, бірақ та бұл жансызда
да, әрі еріксіз ғана заттар. Ешбір есірткіге өздігінен құрбан секірмейді
ғой, солай емес па? (құрбан деп - нашақорды айтып отырмыз) Есірткіні
адамдардың өздері қызу құмарлығымен пайдаланады, ал енді бұл мәселенің
барлығы, олар соны, яғни, есірткіні - қайдан алады, қалай жасайды. Барлығы
бір заттар сияқты ғой? Мысалыға, опиатты алсақ, ол науқастарды аурудан
құтқарады және сонымен бірге адамды ауру қылады, бұлар у есебінде де және
оған қарама-қарсы, яғни уға қарсы дәрі есебінде де қолданылады. [ 7, 9б.].
Нашақорлық (наркомания) - бұл негізінен (грек тілінен аударғанда-
"нарко" ақыл-ойдың бүлінуі және "мания" құмартушылық деген сөзі) кішкентай
дозада қолданғанда эйфория сезімі болады, ал үлкен мөлшердегі дозаларда
-ессіздену, есірткі ұйқысына шалдықтыратын, есірткіге дүлей құмарлықта
сипатталатын өзімшілдердің ауруы болып табылады.
Есірткіні жүйелі түрде қабылдау денсаулықтың тез бұзылуына, ішкі
мүшелердің құлдырауына, неврологиялық және жүйке жүйелерінің бұзылуына,
әлеуметтік кері кетуінің дамуына әкеледі.
Адамда, әдетте есірткі заттарын бірнеше рет қабылдағаннан кейін
есірткіге психикалық тәуелділіктен күшті құмарлық есірткілік жындануын
шақыратын тканьдарына кіріп, жүйкенің әдетті заттарына айналады. Соның
салдарынан есірткі жүйкенің химиялык және биологиялық тканьдарын бірқалыпты
сақтаудың негізгі жолы болып қалады.
Физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін есірткінің болмауы
абстинентті синдром - есірткі аштығына әкеліп соғады. Оның айқындалуы
нашақордың есірткілік жындану жағдайын шақыруы үшін, әр кез дозаны
үлкейтіп, есірткіні жүйелі қабылдауына душар етеді. Есірткі керек кезінде
болмаса, нашақордың көңілі құлазып, сәл нәрсеге ашуланғыш болады. Қатты
толғанулар бірте-бірте қорқынышқа айналып, әр кез үрейленгіш болады.
Нашақор өзін өте төмен сезініп, құлазып, жалғызсырап, қолайсыз сезімдерге
душар болады. Ақырында өзін-өзі өлтіру ойлары келіп, тіпті кейбір
жағдайларда өзін-өзі өлтіруге дейін барады.
Нашақор есірткіге ашынған кезінде, нақты бір жұмысты, ойды ойлап, оған
тоқтап, шешуі мүмкін емес жағдайында болады. Оның барлық ойы тек есірткіде
болады. Ол оны қандай да жолдармен қалай да табудың амалын іздейді, аш
күнде нашақорда әр түрлі жағымсыз мысалыға: қатты басы аурып, жүйкелерінің
қозуы, буындарының жансыздануы, бұлшықеттердің талуы, әлсіреуі сияқты
сезімдері пайда болады. Адамның есірткіге
Тәуелділігінің бастапқы кезеңдері осылай байқалады. Сонымен адам
есірткінің тұтқынына қалай түскенін білмей қалады.
Есірткінің жетіспеуінен, алдында айтқанымдай абстиненттік
синдром пайда болады. Әдетте мұндай сезімдер ішкі жан дүниесінің
есірткіні талап етуімен байланысты, темекі шеккіш адамның қолында
бірде-бір темекісі жок кезде, шеккісі келуімен салыстыруға болады.
Содан кейін жағымсыздық болады, есіней береді, қатты терлейді, тұмауға
ұқсас көзден жас ағып, мұрынынан су ағады. Терісі "қазыныкідей" болып,
жоғары температура кезіндегідей басы айналып, жүрегі айнып, кұсқысы келеді.
Буын, аяқ-қол бұлшықеттері сырқырап, қалтырап арқанмен бұрап жатқандай
болып, тіпті кей күндерде өміріне қауіпті қан айналымы, тынысы тарылып
есінен танып құлау жағдайларына дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдайлар әр түрлі
болуы мүмкін. Абстиненттік синдром көп жағдайларда әр түрлі елестермен және
лақап шалықтармен және сонымен бірге күйзеліс жағдайы, селқостық және үрей
сияқты әртүрлі әсерлі ауру түрінде өтеді.
Есірткіні қабылдағаннан кейін осы жағымсыз сезімдердің барлығы
басылып, тарап кетеді, бірақ ұзаққа емес, өйткені бірнеше сағаттан кейін
есірткі әсер етпейді де, организм барлық ауруларымен есірткіні қайта талап
етеді.
Есірткіні қабылдау психикалык, физикалык тәуелділігімен бірге әр
уақытта организмнің қайтымсыз өрескел бұзылуына және әлеуметтік кері
кетуіне әкеледі.
Біріншіден, организмді есірткімен улау жүйке жүйесінің опасыздығына,
тұлғаның құлдырауына жеткізеді. Нашақор қоғамдық ортада өзінің қылықтарының
жоғары моральдық сарындарынан айырылып, қоршаған ортаға қажетсіз болып
калады. Оның алға талаптануы және жанұяға деген, балаларына деген
қызығушылығын, ата-анасының алдындағы мүддесі мен міндеттерін жоғалтады.
Бұл әсіресе қоғамға маңызды, жеке басын әлі қалыптастырмаған, енді
қалыптастырып келе жатқан жас тұлғалар мен жасөспірімдер туралы болса,
үрейлене түседі. Нашақор ортаның қысымымен өзінің кемістігін жасыруы керек,
бірақ та ол өзін қолдайтын және қабылдайтын тілек іздейді. Өзі іздегендей
топты тауып, оған кіргеннен кейін өзін өзінің әдетті, үйреншікті ортасынан
сызады.
Екіншіден, дамыған немесе енді дамып келе жатқан кемістік есірткіні
қабылдануды және мөлшерін әрдайым үлкейтіп отыруын талап етеді. Бұларды
күнделікті сатып алуға ақша табу үшін есірткіні ұрлау, дәріханаларды бұзу,
жалған рецептерді жасау, азғыру және адам өлтіру сияқты қылмыстарға дейін
барады.
Үшіншіден, нашақорлық ақырында организімнің әлсіруіне, денесінің
салмағын жоғалтуына және физикалық күштерінің құлдырауына әкеледі. Терісі -
сұрлау құрғак, жердің беті сияқты түске айналып, қозғалыс үйлесімділігі мен
бірқалыптылығының бұзылуы пайда болады.
Организмнің улануы - ішкі мүшелердің, әсіресе соның ішінде бауыр және
бүйрек ауруларының себебі болып табылады. Сонымен бірге, ішкі тамырға егуде
лас инелер меи шприцтерді қолданғанда жағымсыз салдар пайда болады.
Нашақорларда терінің іріңдеуі, тромбоза - қан тамырларының салқындауы,
сонымен бірге жұқпалы аурулар, мысалы гепатит көп кездеседі.
Нашақорлар арасында жезөкшелік, гомосексуалистік және басқа да
сексуалдык ауытқушылықтар кең тараған. Импотенттік аурудың көрсеткіші өте
жоғары, көбісі жыныстық аурулармен ауырады. 1984-1985 жылдары әлі ғылыми
зерттеліп жетілмеген эпидемия кең етек жайды. Организмнің иммундік жүйесі
бұзылып, қорытындысында адам кез-келген хал-жағдайларға душар болады,
микроорганизмнің алдында әлсіз болады. Сондықтан бұл ауру СПИД - деп
аталады, (яғни, синдром приобретения иммуно дефицита) 4. Бұл ауру ең
негізгі екі жолмен жұғуы мүмкін - жыныстық немесе қан құю арқылы.
Нашақорларға жезөкшелік және сол сияқты көптеген басқа да бұрмалау
қасиеттері тән болғандықтан, олар жай қарапайым адамдарға қарағанда СПИД
ауруларымен ауруы 2 есе қауіпті, өйткені деректерге сүйенетін болсақ, СПИД-
пен ауыратындардың көбісі (барлығы десек те болады) - гомосексуалистер мен
нашақорлар. СПИД ауруынан емделу мүмкін емес болғандықтан, бұл дертпен
ауырғандар ақырында өледі. Сондықтан нашақор есірткіден өлу керек болса,
СПИД-пен ауырған жағдайда ол ажалынан немесе күнінен бұрын өледі.
Нашақорлардың есірткінің дозасын үлкейтіп, оның салдарынан қатты
уланып, сандырақтап, соңында өліммен аяқталатын жағдайлар сирек кездеспейді
емес. Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын передазировкадан кем дегенде
3 адам өледі. [ 8, 13б.].
Наркотизм де нашақорлық ауруы сияқты нашақорлықпен тығыз байланысты
әлеуметтік құбылыс, бірақ бұл жеке топтардың есірткіні маңызды түрде сатып
алып, жеке қолданатын түрі болып табылады.
Зандылық жүзінде есірткіні пайдаланудың дамуына әсер ететін және
маңызды ролін - мода, еліктеушілік, конформизм сияқты әлеуметтік,
психикалық феномендер атқарады және онымен тығыз байланыста болады.
"Наркотизм" түсінігі нашақорлық түсінігінен ғылыми және тәжірибе
жағынан ерекшеленеді.
Біріншіден, ол мәселелерді шешуіне қажетті кешенді әдістемелердің
жүзеге асырылуын бағдарлайды.
Нашақорлық нақты белгіленген медициналық аспектісі бар, басқа бір
деңгейге (дәрежеге) өткен кезде тану құбылысы және тәжірибе күресі өте-мөте
медициналық жиналыстарда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік
басқарушылықты, ұйымшылдықты талап етеді.
Екіншіден, айтылған түсінік ауруларды туғызушы нақты жағдайлар мен
себептерден наркотизмнің себептерінің түсінігіне өтіп кетуге болмайды.
Үшіншіден, осындай ерекшеліктерді тағы да сол аспектіде, яғни
әлеуметтік пен есірткіні күрделі қолдануды, яғни, наркотизмді медициналық
көмекті қажет ететін нашақорлық ауруымен араластыруға болмайтынын
бекітемін.
Төртіншіден, жеке адамның алдына қойылған жанжалды шешуден кетіп қалу
әрекетін жасаудан тұратын, есірткілерді қолданудың нақты жағдайларының
негізінде наркотизм және нашақорлык мәселелері айрықша. Әдеби таңдарға және
элепирикалык зерттеу материалдарының тұрақтануына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік сұрастыруларымен келісе отырып, 43% жағдайларында жас
адамдар, олар өздерінің есірткімен байланысқанын оған деген сезімінің кызу
құштарлығының асқынуымен түсіндіреді, ал 17% жалғыздықтан және жеке
мақсатсыздықтан, ниетсіздіктен деп түсіндіреді. [ 9, 3б.].

1.2 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығының объектісі және заты

Адамдар ғасырлар бойы қиындықтарын жеңілдететін, яғни басқаша айтқанда
түрлі ес ауыстыратын заттарды пайдалану арқылы өзі қорқатын нәрседен өзін
аулақ ұстау, сөйтіп өзіне түскен қиындықты жеңілдету, сол арқылы өзін
рахаттандыру әдістерін іздеп келді. Мысалы, Үндістан елдерінде каннабисс
жапырақтарын тұтыну салты болған, Оңтүстік Америкадағы үнділер коктың
жапырақтарын жеген, Оңтүстік - Шығыс Азияда түрлі опиаттарды (опиум, гашиш
және басқаларын) тұтыну кең тараған.
Есірткі заттарды, осы сияқты медициналық емес жолдармен тұтыну көп
болмаған және ол ұттық және діни салттармен түсіндірілген. ХІХ-ХХ
ғасырларда мұндай түтынудың көрсеткіші бірте-бірте ұлғайып, көптеген
елдердің бүгінгі әлеуметтік проблемаларының сипатын алып отыр.
Нашақорлық өз заманының алғашқы үлкен көрінісін жер шарының Батыс
елдері Құрама Штаттарында алғаны белгілі. 60-шы жылдардың бастапқы
кезеңдерінде онда есірткілік тәуелділіктен қайғырғандардың тіркелген саны
көп болды, соның ішінде емдік мақсатында негізгі түрі морфинді
қабылдағандар және әр түрлі дәрі-дәрмектер қабылдау салдарынан пайда
болғандар. Олардың ішінде "орта класстан" шықкан, әлеуметтік-жетілген орта
және одан жоғарғы жастағы адамдар жиі кездесті. Соңғы 10 жылдықта орта
шетелдік нашақорлардың көрсеткіші танымастай болып өзгерді. Есірткі
қолданатындардың саны бұрынғы санмен салыстырғанда бірнеше есе көбейді.
Ұлыбританияда мысалыға 60-шы жылдары есірткілермен емделінген нашақорлар
саны 300-400 ауру тіркелсе, енді 70-ші жылдары медициналық емес мақсаттарда
өз еркімен қабылдағандар саны 10 мыңға дейін жетті. Бұл іспеттес жағдай ФРГ-
да, Голландияда, Францияда, Италияда және тағы да басқа Батыс Еуропа
елдерінде дамып отырды. Сөйтіп нашақорлық Атлантиканың осы жақтарында
көбейді. Көпке үзамай Европаның Шығысында да етек жая бастады, 70-ші
жылдары дабылды Чехославакия, Польша, Венгрия, Югославия елдерінде соқты.
Сонымен бірге есірткілер қабылдаудың қатерлі түрлері мен дәстүрлі сала
жайында - Үндістан, Пәкістан, Бирма, Тайланд және Азияның басқа да
елдерінде, сонымен қатар Таяу Шығыс пен Оңтүстік Америкаға да тез сіңді.
Өкінішке орай, бұл әлеуметтік індет біздің елімізге жұқпайды деген үмітіміз
ақталмады. Оның Шығысқа қарай әрекеті созылған және созылуда.
Есірткіні пайдаланудың мұндай деңгейі, меніңше, бұл ғасырда ғылымның
күшті дамуы мен әлемдік ескі көзқарастардың сыны, қалалардың жедел
қарқынмен дамып, ал адамдардың армандарына қарай алға басардағы ащы
ақиқатқа соқпай, заңғар жол іздеуінен туып отыр деп түсіндіруге болатын
сияқты. Өйткені, тап сол XIX ғасырда есірткіні дәстүрлі пайдалану
(Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия) Батыс Еуропада, АҚШ-та пайда бола бастады.
Бұл жерде мынадай бір жағдайды атап өтпеске болмайды, "есірткілер отанында"
оны тұтыну дәстүрге айналған бола тұрса да, діни де әлеуметтік қуатты
жетістігі, тіптен бір ретте жазылмаған заңдармен шектелгендігі. Ал, Еуропа
елдері мен Америкада мұндай болған жоқ. Алайда, көп ұзамай-ақ шұғыл түрде,
бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін ықпалды да, тиімді де заңдар шығару
қажеттілігі туды. Сонымен, 1845 жылы Францияда есірткі заттары туралы заң,
одан соң АҚШ-тьң бірқатар штаттарында есірткіге қарсы және осыған ұқсас
қаулылар қабылданды.
Еуропа мен Солтүстік Америкаға есірткі контрабандасын жасауға
байланысты есірткі заттарына қарсы күреске халықаралық шаралар қабылдау
мәселесі тұрды. 1909 жылғы 13 мемлекеттің өкілі қатысқан Шанхай опиумдық
комиссияның бұл бағыттағы алғашқы акциясы болды. Бұл есірткі заттарын
таратуға қарсы халықаралық бақылаудың бастамасы еді.
XX ғасырдың басында опиум препараттарын таратуды шектеуге ұмтылыс
жасалды. Опиум жөніндегі халықаралық конференцияға 12 елдің өкілі, оның
ішінде Ресей де қатысты. Конференцияда әлемде тұңғыш рет есірткі жөніндегі
Конвенция қабылданды. Конвенция опиум өнімдерін өндіру, саудаға шығару және
пайдалануды жоюға бағытталған шараларды қарады. Сондай-ақ, Конвенция
есірткі заттарына бақылау жасау және оны медициналық мақсатта қолдануды
ұсынды. [ 13, 51б.].
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін есірткі заттарын сату үлкен
әлеуметтік проблемаға айналды, ал кейбір аудандарда есірткіні тұтынуынан
қайыршылық орын алды. Халықаралық ұлттар лигасы халықаралық ұйымы есірткі
заттарын таратуымен күресу саласында халықаралық қызметтестікке бақылау
жүктелуі үшін қабылданған, сонымен бірге екі халықаралық акті қабылданды :
1. 1925 жылғы 11-ақпанда, тазартылған опиумды өндіруге ішкі саудаға
жіберуге және пайдалануға тыйым салу жөнінде Женева келісімі.
2. 1925 жылғы 19-ақпанда Женевада қол қойылған опиум жөніндегі
халықаралық конвенция, 1936 жылы 29-қарашада бұл Конвенцияға КСРО-да
қосылды.
Есірткілік заттардың заңсыз өндірісі мен таратуы үшін кінәлі
тұлғаларды қылмыстық-құқықтық тұрғыда қудалау мәселесі әрбір елде ұлттық
және ішкі құқықтық болып реттеледі.
Есірткілік заттармен сауда жасаушылар халықаралық қылмыстық ұйымдарға
біріге бастады. Осыған орай есірткіге байланысты қылмыстардың
жауапкершілігі үшін халықаралық қылмыстық-құқықтық шараларын жүргізу
қажеттілігі пайда болды. 1936 жылы 26-мамырда есірткілік заттармен заңсыз
сауда жасауға тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясы жауапкершілікке тарту
үшін қолға түскен қылмыскерді шетел мемлекетіне беру мүмкіндіктерін қарады.

Есірткі заттарын пайдалануымен күрес саласында халықаралық
қызметтестіктің үшінші кезеңі Бұұ құрылған кезден басталды. 1946 жылы БҰҰ
есірткілік заттар жөніндегі комиссиясы бекіткен қарар қабылдады. 1961 жылы
бұл комиссия. Есірткілік заттар жөнінде халықаралық көпжақты шарт жасады.
КСРО оған 1964 жылы 13-желтоқсанда қол қойды.
Есірткілік заттарды өндіріп және таратуға халықаралық бақылау жүйесін
құрудың соңғы сатысы ретінде 1971 жылғы 21-ақпанда Нью-Йоркте жүйкеге әсер
ететін заттар жөніндегі Конвенцияға қол қойылуын атап айтуға болады.
Есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі құқықтық нормаларды тарихи дамыту
мәселеріне осы тұрғыдан келу қызық та, қажет те сияқты. КСРО-ның алғашқы
құрылған жылынан бастап біздің мемлекетіміз есірткі заттарына бақылау жасау
үшін құқықтық шаралар жүйесін құрды. ЦИК пен СНК-ның 1928 жылғы 23-
мамырдағы қаулысымен кокоин, героин, гашиш заттарын еркін айналымға
жіберуге тыйым салынды. 1938 жылғы 11-қарашада КСРО-ның Наркомздравының
бұйрығымен еліміздің емдеу мекемелерінде қатты әсер еткіш дәрілік
препараттарды қабылдау, сақтау, жіберу ережелері белгіленді. Есірткі
заттармен күрестің қылмыстық-құқықтық шаралары да бір орында тұрған жоқ.
Қазақ КСР-ның Қылмыстық Кодексі есірткі заттармен заңсыз операциялар
жасағаны үшін жауапкершілік белгілейтін бірнеше нормаларды қараған. Мысалы,
бас айналдыратын заттарды дайындап, сақтап және өткізгені үшін
жауапкершілікті, сондай-ақ притондарды, оның ішінде жоғарыда айтылған
заттарды өткізу немесе тұтыну үшін жауапкершіліктер қарастырылды. Есірткі
заттармен және оны өндіру үшін қолданылатын шикізаттармен заңсыз
операциялар да қылмыс ретінде қудаланады. Қазақстан Республикасының жаңа
қылмыстық заңы бұл саладағы барлық кемшіліктерді қорытып келіп, есірткі
заттарымен, оны өндірушілермен және таратушыларымен күресте жаңа бір нақты
(конструктивті) қадам жасайды [ 14, 101б.].

1.3 Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не
өткізу құқық бұзушылығының объективтік жағы

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жаңа ғасырдағы негізгі
басымдықтың бірі ретінде — Қазақстан азаматтарының денсаулығы көрсетілген.
Денсаулықтың мән-маңызы ғана халқымыздың "Тазалық — саулық негізі, саулық —
байлык. негізі" деген макалымен нақтыланған. Ал, жаи тазалығының негізі —
салауатты өмір сүру. Ішкілікке, нашақорлыққа салыну тек жеке адамның
денсаулығына зиян келтіріп қана қоймайды, ол қоғамдық тәртіпті бұзуға бағыт
беретін және қылмысқа апаратын бірден-бір төте жол болып табылады. Ең
қауіптілігі сол, бұлар — ұлттың рухани азғындауына әкеліп соқтырады. [ 1,
6б.].
Нашақорлык (наркомания) грек сөзі, оның аудармасы "'ессіздік". Ол
туралы — "ақ өлім" — тозаққа апарар тура жол дейтін аныктама да бар.
Дәрігерлік зерттеулер, сот-тергеу тәжірибесі бұл сөздің шындық екенін
растайды. Ішкілікке әуестенгеннен де нашакорлыққа салынған әлдекайда
кауіпті. Нашақорлықка салынған адам айықпас дертке шалдығып, ессіздікке
ұрынады да. коғамға, айналасындағыларға қатер төндіреді.
Бүгінгі таңда дүниежүзі елдерін жайлаган нашақорлық дерті әлем
жұртшылығын алаңдатарлық дәрежеде өріс алып, күн өткен сайын тамырын
тереңге жайып, бүкіл адамзатка ортақ әлеуметтік проблемаға айналып жатыр.
Қоғам өміріне дендей енген аталмыш кеселге шалдықпаған немесе оны айналып
өткен мемлекетті атау қиын. Өйткені, ол қаншалықты кауіпті болса,
соншалықты қоғам ішінде тез тарайтын "жұқпалы ауру". Кейінгі кездері
есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
аты шыққан мемлекеттер катарында Қазақстан да аталып жүр. Біріккен Ұлттар
Ұйымының есірткі заттарға бақылау орнату жөніндегі бағдарламасына сәйкес
сарапшыларының пікірі бойынша: нашақорлыққа байланысты жасалатын кылмыстар
жөнінде, заңсыз әрекеттерге жол беретін адамдардың жалпы саны жөнінде дұрыс
мағлұмат алу үшін ресми статистиканың мерзімді баспасөз беттерінде
жарияланып жүрген деректерін кем дегенде 10 есеге көбейту кажет. Кейбір
ақпарат көздерінің хабарлауына қарағанда, бізді республикамыз нашақорлыққа
байланысты қалыптаскан күрделі жағдай жөнінде тізім бойынша алдьщғы
қатардағы он елдің ішіне кіреді екен. Ал Интерполдың хабарлауы біздің
мемлекетіміздің бүгінгі күні нашақорлық жайлаған елдердің катарына жакын
қалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, олардың деректерінде 100 мың
қазақстандық кәдімгі нашақорлар деп көрсетілген.
Бұл сан әрине, біздің 17 миллион халкы бар мемлекетіміз үшін аз сан
емес. Нашақорлықтың қазіргі кезеңде қарқын ала өсіп келе жатқан шынайы
қауіптілігіне тек осы айтылған ақпараттар немесе кылмыстық статистиканың
ресми мәліметтері негізінде ғана емес, бүгінгі қоғамымыздың жай-кұйіне
қарап-ақ тез жеткізе аламыз. Бүгін де есірткінің (есірткі заттардың немесе
жүйкеге әсер ететін заттардың) заңсыз айналу қауіптілігі республика
аумағындағы халықтың арасында өзінің шыңына жетті деп айтуға болады.
Қауіпті нашақорлықтың мемлекетімізде кеңінен таралуына ықпал жасап отырған
бірден-бір себеп — нашақорлар мен есірткі саудасымен айна-лысатындардың
басқа адамдарды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
тұтынуға көндіруі десек қателеспеген болар едік.
Бүгінгі күні нашақорлық мәселесінің еліміздегі өзекті мәселе екенін
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жүргізілген сауалнама да
растап отыр. Сауалнама барысында сұралғандардың 92,8%-ының айтуынша
Қазақстандағы бүгінгі таңдағы нашақорлық мәселесі бұрынғы 10 жылға
қарағанда өте өзекті бола бастапты, қызметкерлердің 1,2 %-ының пікірлерінше
өзектілік мәселесі өзгермеген қалыпта, 3,6%-ның пікірлерінше аталған
мәселенің өзектілігі азайған болса, сұралушылардың 3,6%-ы жауап беруге
қиналған. [ 15, 49б.].
Есірткілердің заңсыз айналымының және осыған байланысты
қолсұғушылықтың жыл сайын ұдайы өсуіне байланысты есірткі мәселесі
әлеуметтік, медициналық, экономикалық, саяси сипаттағы ұлттық мәселеге
айналып отыр. Бұл қазақстандық қоғамның даму болашағына тікелей түрде
әсерін тигізеді. Қазіргі кезеңде Қазақстан есірткі процестерінің елеулі
даму динамикасы бар елдердің қатарына кіріп отыр.
Қазіргі уақытта нашақорлық тамырын тереңге жайған әлеуметтік қатерлі
құбылысқа айналды. Бұқара халықтың шартты түрде алғандағы едәуір бөлігін
шарпыған бұл келеңсіз құбылыс қоғамды аса ауыр зардаптарға соқтыра биік құз
басынан құрдымға құлатуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қауіп-
қатерге душар болатын және көкейкесті мәселе туындататын нәрсе — қоғамдағы
әлеуметтік нашар ахуалдың орын алуы немесе еліміздегі құқықтық тәртіптің
босаңсуы ғана емес, ең алдымен ұлтымыздың, мемлекеттің әлеуметтік
экономикалық мәселелеріне қатысты даму болашағы. Халқымыздың генетикалық
болашағының қандай болатыны жөнінде бүгіннен бастап дабыл қағып, қатаң
жауапкершілікті өзекті де аса маңызды мәселе көтеруге әбден болады.
Өйткені, бұл жерде әңгіме бәрінен бұрын, халықтың табиғи өсіп-өнуін
қамтамасыз етуге неғұрлым күшті ыкпал ететін болашақ ұрпаққа төніп келе
жатқан қауіп-қатер туралы больш отыр. Бұған дәлел ретінде қазір есірткіні
қасарыса қабылдайтын нашақорлардың үштен екі бөлігінен астамы
жасөспірімдер, 30 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар, тіпті жас балалар
екенін айтсақ та жеткілікті. [ 16, 63б.].
Сондықтан да, соңғы кездері біздің республикамызда кең етек алып бара
жатқан нашақорлыққа көзжұмбайлықпен қарауға болмайды, өйткені көптеген
қылмыстьң өзі де, көзі де сол есірткіде жатыр. Есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға
өсуде. Сонымен қатар, бүгінгі күні бірталай кылмыстардың, оның ішінде
ұрлықтың, тонаудың, шабуыл жасап тонаудың, қасақана кісі өлтірудің тағы
басқалардың істелуіне айыптының нашақорлық бууы немесе есірткі заттарды не
жүйкеге әсер ететін заттарды қолға түсіру ойы себеп болып отыр.
Нашақорлықтың әлеуметтік зардаптары тек халықтың өнегелі және табиғи
денсаулығын бүлдіруде, қоғам мүшелерінің топтарын болашағынан айыруда ғана
емес. Олар, ең алдымен, нашақорлықтың қылмыстылықпен тығыз байланыста,
былайша айтқанда әртүрлі қылмыстық әрекеттер жасау үшін "қорек" болып
табылатындығында. Бірінші кезекте пайдақорлық және пайдақорлық зорлық
қылмыс тұрады. Есірткіні заңсыз алу елеулі материалдық шығындарды талап
етеді. Есірткінің бағасы бір калыпты өсіп келеді. Соңғы уакытта қара
базарда анағұрлым көп таралған есірткі түрлерінің бағасы он және жүз есе
өскен. [ 17, 380б.].
Ерекше алаңдатарлық бір жағдай — есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды тұтынуға көндіруші ересек адамдардың 34,55%-ы алғашқы рет
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды жастары кәмелетке
толмаған шағында-ақ тұтынған. Кезінде олардың 12,21%-ына есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуына басқа біреулердің әсері
тиген.
В. И. Омиговтың айтуынша, есірткіге баулу жолы болмашы ұсыныстардан
басталады. Өзара топ құрып, бас қосатын жерге жаңа келген жасөспірім
олардың сол жерге шындығында не мақсатпен жиналатынын да біле бермейді.
Олар әртүрлі танымал әндер шыққан жаңа басылымдармен, таспалармен
таныстырған болы, оған сол топтың мәдениетін, әдеп-ғұрыптарын қабылдата
бастайды. Әдетте, жай ғана араласудың бір түрі өзара бірігіп, табактарды
тұтыну. Адам мінезінде болатын көңілшектік, мейірімділік сақтану сезімін
төмендетеді. Ол притонға тұрақты келіп тұратындардың тарапынан өзіне деген
көңілдің ерекше екендігіне мән бере қоймай, өзіне беріп жатқан сигаретті де
аңғармайды. Сөйтіп, оқиға әрі карай белгіленген жоспар бойынша өрбіп, ол
бірқалыпты есірткі түтына бастайды. [27, 66б.].
Жасы кәмелетке толмағандарды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды тұтынуға көндіру нәтижесінде салық, әлеуметтік-
психологиялық немесе криминалдық залал келеді. Соның салдарынан жалпы
әлеуметтік тәрбиелеу процесі және жасөспірімдердің жеке адам болып
қалыптасуы іс жүзіне аспайды. Жасы кәмелетке толмағандарға келетін
психофизикалық зардап ересектерге қарағанда әлдеқайда зор. Олардың осы
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ерте тұтынуынан,
ұрпағымыздың болашағына түзелместей зиян келеді. Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға жасы кәмелетке толмағандарды көндіру,
оларды тез арада нашақорлық дерті түріндегі тәуелділікке әкеледі. Есірткіні
тұтыну кей кездерде олардың тікелей немесе жанама өліміне әкеліп соғады.
Сондықтан есірткіге бой ұру жалпы халықтың денсаулығына арылмастай зиян
келтіріп, болашақ ұрпақтың дұрыс рухани, өнегелі дамуына кедергі жасайды.
Себебі, жас кезінде олардың жеке адам болып қалыптасу кезеңі басталады.
Сондықтан да жасөспірім қалыпты, жеке адам есебінде әлі қалыптасып
болмағандықтан, әрдайым өрісті өнеге, саналы салттың әсерін қажет етеді.
Сонымен бірге жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасу шағында, тек қана
дұрыс процеспен өсу әсері ғана емес, жағымсыз теріс әсерлер де болады. Бұл
сезіміміздің айқындығын жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасу
кезеңінде олардың тұла бойында, мінез-арында кейбір келеңсіз көзқарастар
мен әдет-ғұрыптардың пайда болуынан көруге болады. Сол келеңсіз, жат
кылықтардың бірі — олардың есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер заттарды
тұтынуы. Жасы кәмелетке толмағандардың есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды тұтынудағы әлеуметтік құлдилауын олардың табиғи дамуының
тоқтатылуынан, алған білімдерінің, іскерлігінің, дағдысының, өмірлік
тәжірибесінің, өнегелі-этикалық рухани байлығының, болашаққа деген дұрыс
көзқарастарының өзгеруінен көруге болады. Осының бәрінің нәтижесінде
өнегелі мінез-қүлықтары (ұят, борыш, ар, жауапкершілік сезімі және т. б.)
әлсірейді, өзімшілігі пайда болады, осылайша, жеке тұлға болып калыптасу,
даму процесі тоқтап, тоқырап қалады.

II Тарау. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,
жөнелту не өткізу құқық бұзушылығының жауаптылықты ауырлататын түрлері

Есірткілермен байланысты қылмыстардың қауіптілік дәрежесі мен
сипаттамасы, ең алдымен құқық бұзушылықтың пәні - есірткі заттары мен
жүйкеге әсер ететін заттардың қауіптілігінің маңыздылығында. Оларды теріс
пайдалану, алдында айтып өткенімдей, адамда есірткіге физикалық және
психикалық тәуелділігі пайда болатын нашақорлық ауруының дамуына әкеледі.
Сонымен қатар айта кететін жай, қазіргі кезде мұндай тәуелділіктің пайда
болуы қылмыстық заңмен адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру деп танылады.
[28, 103б.].
Белгіленгендермен қатар, бұл қылмыстардың пәнін прекурсорлар, сонымен
қатар есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
қолданылатын күшті саймандар немесе жабдықтар. Соңғылары тіпті қылмыстық
заңдар жағынан ерекше құқықтық реттеу зоналарына бірінші рет кіріп тұр.
Халықтың денсаулығы аталған құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып
табылады. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар деп - халықтың денсаулығын
қамтамасыз ететін және оған маңызды зиян келтіретін немесе оның
қауіпсіздігін тудыратын бұзушылармен (сопряженные) қылмыстық заңмен
қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет.
Халықтың денсаулығы – бұл қоғамдық қатынастың қауіпсіздік жағдайларын
қамтамасыз ететін көп адамдардың өмірінің жиынтығы. Бұл қылмыстардың
тікелей объектісін алатын болсақ, жеке бір түлғаның денсаулығын емес,
халықтың денсаулығы сипаттамалардың жиынтығы туралы айту керек. Сонымен
қатар ескеретін жай, есірткі заттарымен немесе жүйкеге әсер ететін
заттармен байланысты. Әр қылмыс есірткі мөлшерінің сиректілігіне және
қандай да бір нақты тұтынушыға қатысты емес орындалады. Бұл құқық
бұзушылықтың әрқайсысына бөлек және барлығы бірге халықтың денсаулығы үшін
маңызды қауіп төндіретін, толық айтқандай ұлттың генофондына және сау
адамның қоғамда репродукциясы үшін келмейтін сипаттамалардың мәселелерімен
байланысты.
Табылған есірткі заттарының көп мөлшерде болуы - қылмыстық
жауаптылықтың ең маңызды шарты. Есірткілердің мөлшері заңсыз айналымнан
немесе сақталудан табылған есірткілік құралдары, жүйкеге әсер ететін
заттарды аса ірі емес және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы құрама таблица
(бұдан кейінгі жерде - құрама таблица) бар. Бұл таблица "Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы 186 қаулысы бекіткен.
Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс есірткі құралдары, жүйкеге
әсер ететін заттар мен прекурсорлардың тізіміне" дербес қосымша болып
табылады.
Сонымен, Құрама таблицаға сәйкес, есірткілік құралдардың ірі
мөлшердегісі болып табылатындары: 10г-нан 1000г. дейін келтірілген немесе
50-5000г. кептірілмеген марихуана, 2-2000г. гашиш, нейтрал толтырғыштарды
(ұн, қант, крахмал және т.б.) қоса есептегенде 0,5-10г. апиын, 10-500г
кептірілген немесе 50-2860г кептірілмеген көкнәр сабақтары, 0,01-1,0г
героин немесе кокаин заттар қатарынан ірі мөлшерге саналатындар: 0,2-3,0г
амфетамин (фенамин) (негізгі және тұздар), 0-0,0001г мезергид (ЛСД, ЛСД-25)
эфедра шөбінен қолдан жасалған 1,0-10мл мөлшердегі препарат, эфедрин не
эфедрон құрамдас жалған эфедрин немесе первитин.
Ал аз мөлшердегісі болып табылатын есірткі заттары: 1000 гр.
кептірілген немесе 5 000 гр. кептірілмеген марихуана, 200 гр. гашиш, 20 мг.
апиын, 500 гр. кептірілген не 2 500 гр. кептірілмеген көкнәр сабағы, 1,0
гр. героин немесе жүйкеге әсер ететін заттар үшін - амфетамин (феномин)
негізгі және тұздар, 3,0 мл. эфедра шөбінен қолдан жасалынған препарат,
эфидрин немесе эфедрон не первитин құрамдас жалған эфидрин. [29, 12б.].
Құқық бұзушылықтың осы баптың 1-бөлімі бойынша бағалануы кінжі
тұлғаның әрекеттерінде өткізу мақсатының, яғни есірткі құралдарын немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды бір тұлғаның иелігіне заңсыз берудің немесе
оларды заңсыз өткізудің орын алмауына байланысты. Бұл аталған жағдайда,
заңсыз иелену немесе сақтау кезінде тура ниеттің орын алуымен бір деңгейде
(егер тұлға өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін
түсіне отырып, қоғамдық қауіпті салдардың мүмкіндігі немесе сөзсіз
екендігін алдын ала біле отырса және олардың алуын қалаған болса, ол бұл
қылмыс тура ниетпен жасалған деп танылады) қылмыс құрамының субьективті
жағын сипаттаушы шешуші компонент болып табылады және егер де, Қылмыстық
Кодекстің 20-бабының 2-бөліміне сәйкес, егер тұлға өз әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе
және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған деп
танылатын болса, онда сату мақсатынсыз заңсыз әрекеттерді жасау бұл
әрекеттердің болашақта немесе тікелей осы әрекеттер аяқталысымен
есірткілерді жеке өз басына пайдалану мақсатымен жасалғандығын білдіреді.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 2-бөлімі есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, сондай-ақ осы баптың
бірінші бөлігінде көзделген, есірткі затарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды өткізу мақсатымем не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық
карастырады. [2, 69б.].
Көріп отырғанымыздай, аталған жағдайда қылмыс құрамының обьективтік
жағы әрекеттердің екі түрлі дербес тобымен сипатталады:
а) есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелтуді іске асыру, ал оның өзі субьективті жақтың сату
мақсатының орын алуы сияқты сипаттамасының болуына сөзсіз негізделген;
б) есірткілік құралдарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту немесе өткізуді өте ірі мөлшерде іске
асыру.
Нашақорлық қылмысының басқа ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстармен
себепті байланысы бар. Өздерінің есірткіге тәуелділік талаптарын
қанағаттандыру үшін, нашақорлар күнделікті ондаған, кейде тіпті жүздеген
ақша құртулары керек. Мұндай ақшаларды адалдықпен таба алмайтындығы айқын.
Бұл қылмысты объективтік жағынан сипаттай отыра есірткі заттарының заң
айналымына байланысты қылмыстарының көбі нақты заңсыз алу, дайындау,
ұқсату, өткізу, жөнелту, сатып алу, тонау, алаяқтық жолмен және заңға қарсы
есірткі заттарымен және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты
әрекеттермен жасалады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам
бола алады. Тек қана ұрлық үшін есірткі жөне есірткі заттармен байланысты
қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Кейбір жағдайларда Қылмыстық
кодексте көрсетілген құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы болады. Қызмет
бабын пайдаланып істеген тұлғаларға байланысты .
Субъектік жағынан қылмыс тек кана тікелей қасақаналықпен сипатталады.
Адам есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатында олардың
заңсыз алынған және сақтағанын сезеді және істеуді тілейді. [30, 107б.].
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабында қарастырылған.
Халықтың денсаулығы - аталған құқық бұзушылықтың тікелей обьектісі
болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткіге қарсы күрес
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Есірткі және нашақорлық
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Қылмыстық бірлестіктің тіршілік етуін материалдық - техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар
Пәндер