Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I тарау. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. 1 Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы

1. 2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының объектісі және заты

1. 3 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының объективтік жағы

II Тарау. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының жауаптылықты ауырлататын түрлері

III Тарау. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының криминологиялық мәселелері

3. 1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығын жасаушы субъектінің жеке басы

3. 2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының жасалу себептерімен жағдайлары

3. 3 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының алдын-алу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: "Қазақстан есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде орналасқан жеріне байланысты Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан қарағанда өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар, есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз"[ 1, 9б. ] .

Есірткіге қарсы күресте маңызды аспектілерінің бірі - заңсыз айналымдағы есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттардың қылмыстық мәселелері. 1997 жылы қабылданып, 199\8 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне есірткімен байланысты қылмыстар бөліміне белгілі бір өзгерістер енгізілді. Есірткі айналымының бақылауын реттейтін заң жүйесі және басқа да нормативтік заң актілері өзгерді және тағы да өзгерістер енгізілуде. 1998 жылдың 10-шілдесінде «Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды, прекурсорларды және оларды заңсыз айналымға жіберуге қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9-наурызында арнайы Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметі «Бақылауға жататын есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлар» туралы қаулы қабылдады.

Қоғамдық аса қауіпті қылмыстар, есебі оған қарсы шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігі және оны жан-жақты қамтамасыз ету, істің барлық жағдайын нақты және толық тексеру, оған жол берілу себептері мен жағдайларын ашып, қалпына келтіру туралы 2003 жылы 11 мамырында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумында «Есірткі заттарды, жүйкеге қатты әсер ететін заттарды және улы заттарды заңсыз айналымға жіберуге байланысты істер бойынша заңдарды қолдану» туралы қаулысында Қылмыстық Кодекстің 250, 259, 265 баптарын қолдануға байланысты, басшылық түсініктеме беретін қаулы қабылдауды қажет етті [ 2, 11б. ] .

Есірткіге еліктірген есер шөптің жер-жаханды жайлап, тұзы жеңіл талайларды тұтқындап үлгергені қашан. Тарих терезесінен үңілсек, бүгінгі күні ғасыр тажалына айналып, адамзатқа ажал шашқан апиын мен есірткі заттарының бастау алар түп-тамыры тым тереңде жатыр екен. Енді апиынға деген қанағаттылықтың орнын адамдық қасиеттен айыратын құмарлық алмастырып ауыр қылмыстардың қатары нашақорлықпен байланысты болып жататын жан түршігерлік әрекеттермен толыға түсті. Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында.

Адам көшпелі өмірінің отырықшылық тұрмысына көшкеннен бері егіншілікпен айналысып келеді. Егіншілікпен айналысқаннан кейін өзі пайдаланатын және пайдалану салдарынан есеңгірететін кейбір есірткілік эффект беретін заттарды ашты. Дегенмен практикада бұл заттардың адам дамуының ерте кезеңдерінде де, бұл есірткі заттарды қолдану қоғамның дамуына қауіпті екенін түсініп, олардың қолданылуын әрдайым шектеп, қадағалап отыруға тырысқан.

Өркениеттілік үшін ең қауіптісі - есірткі заттарын заңсыз өндіру, өткізу, айналымға жіберіп тарату. 1998 жылы 8-10 маусымда Нью-Йорк қаласында Бұұ Бас Ассамблеясының Арнаулы Сессиясы осы мәселені талқылауға арналды. Бұл сессия қабылдаған құжаттар заңсыз есірткіні айналымға жіберумен күрес саласындағы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шараларға ықпал етуге тиіс.

Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар жөнінде, оны өндіру, тарату, өткізу немесе тұтыну жөніндегі халықтың денсаулығына қауіпті істерге байланысты оны алдын алу шараларына даусыз артықшылық бере отырып, есірткіге байланысты әлеуметтік қауіпке қарсы қылмыстық-құқықты шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өту қажет. Елдегі криминогендік ахуалды зерттей отырып, Қазақстанда есірткіге байланысты ахуалды одан әрі шиеленістіру ұлттың генофондына нақты қауіп төндіреді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Астана мен Алматыға есірткілер жермен де, көктен де келіп жатыр. Үстіміздегі жылдың 11 айында есірткімен айналысқан 5525 адам тұтқындалған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 35% көп. Есірткі тұтынатындар да, одан туындайтын қылмыстар да жыл санап осылай еселеп өсе түсуде. Есірткіні мөлшерден тыс пайдаланып жарық дүниемен қош айтысқандар қатары да көбеюде. Алматы қаласы бойынша "Өжет" елдімекені мен "Малая станция" аталып кеткен қаланың Шығыс жағы есірткі сатудың ортасына айналыпты, 60-қа жуық притон анықталыпты. Транзиттік пункттерде 279 кг есірткі заттар тәркіленіп, 19 наркокурьер әшкереленіпті. Нашақорларға ең қолайлысы героин. Қылмысты істің 3400-ның 1800-і героинді құрайды. Жасөспірімдердің 80% синтетикалық есірткі пайдаланады. Есірткіге қатысты қылмыстық істер айыпты деп табылған жасөспірімдердің ең жасы 7 жастағы бала екен. [ 3, 14б. ] .

Еліміздің аумағында есірткі шикізаты көзінің мол қоры болуы да жағдайдың шиеленісе түсуіне өз ықпалын тигізуде. 150 000 га жерде алып жатқан Шу жазығындағы жабайы сора өскен алқаптың өзінен ғана жыл сайын 6 000 тоннаға дейін есірткі өндіруге болады. [ 3, 17б. ] .

Қазақстан экспортшыларының мәліметтері бойынша қазір республика халқының 1, 3 пайызға жуығы нашақорлар. Тек Шымкенттің өзінде медициналық емес мақсаттарда есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қабылдайтын 22 мың адам тіркелген, ал жалпылай айтатын болсақ, бұл сан 30 мың адамнан асады. Ал, мына бір дерек қатты қауіптендіреді. Құқық қорғау органдары мен наркологиялық диспансерлердің есебінде тұратын адамдардың ішінде 65 пайыздан астамы 30 жасқа дейінгілер, ал 35 пайызды 14 жастағы жасөспірімдер құрайды. Тек Алматының өзінде наркодиспансерде 3000-ға жуық жасөспірімдер есепте тұрады. Ал, бұл мамандардың айтуынша бұл соңғы көрсеткішті 10-ға көбейтсек, сол нақты мәліметке жуықтайтын көрінеді.

Бір наркоман есірткі тұтынуға жыл сайын 17-ге дейін адам тартады екен. Тек 2009 жылы Қазақстанның құқық корғау органдары 23 тоннадан артық есірткі заттары қолға түсірілді. [ 3, 24б. ] .

Қазіргі таңда көптеген кұжаттарда айтылған ережелерге сүйене отырып, мен осы диплом жұмысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жіберуге байланысты теориялық ережелерін қарауға, оның қоғамдық қауіптілігін көрсетуге ұмтылдым.

I тарау. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу құқық бұзушылығының қылмыстық құқықтық сипаттамасы

1. 1 Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы

Есірткімен байланысты қылмыстар ең алдымен пәнінің ерекшелігімен анықталатын жеке спецификасы бар.

Есірткілер болып - есірткі заттары жүйкеге әсер ететін және оларды пайдалану салдары халықтың денсаулығына айрықша қауіп төндіретін заттар ретінде жіктелген өсімдіктер, дәрі-дәрмек заттар болып табылады. [3, 11б. ] .

Есірткі заттар - бұл, 1972 жылғы протоколына сәйкес жөндеулер енгізілген 1961 жылғы есірткі заттары туралы Жалпы Конвенциясына және сонымен бірге Қазақстан Республикасының заң шығарушылығымен сәйкес бақылауға жататын есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың және прекусорлардың тізіміне енгізілген, психикалык және физикалык тәуелділікті тудыратын, шығу тегі табиғи және синтетикалық заттар болып табылады.

Жүйкеге әсер ететін заттар - бұл Қазақстан Республикасының заң шығарушылығымен сәйкес бақылауға жататын Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен, сонымен бірге жүйкеге әсер ететін заттар туралы 1971 жылғы БҰҰ Конвенциясының есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін заттардың және прекурсорлардың тізіміне енгізілген және оларды пайдалану салдарынан психикалык тәуелдікті тудыратын, шығу тегі табиғи және синтетикалық заттар болып табылады. [ 4, 117б. ] .

Есірткілермен байланысты қылмыстардың пәніне кіретін есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың тізімін анықтап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9-наурыз күнгі №186 қаулысымен бекітіліп, Қазақстан Республикасында бақылауға алынуы тиіс. Есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың тізімінің IV таблицасына енгізілген.

Аталған тізімде прекурсорларға жататын заттардың да тізімі анықталған. Прекурсорлар - бұл, 1988 жылғы БұҰ есірткі заттарының, жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күресі туралы Конвенциясына, сонымен бірге Қазақстан Республикасының есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен қарастырылған тізіміне кіретін есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттарды дайындауда жиі пайдаланылатын өсімдік тектес не химиялық жолмен алынатын заттар болып табылады.

Есірткі заттардың мынандай түрлері бар:

  1. Есірткі заттар (өсімдіктер) : конопля өсімдігі, көкнәр өсімдігі жәнеолардан шығатын есірткілер (гашиш, апиын) .
  2. Жартылай синтетикалық есірткі заттар: героин, эфедра, кокаөсімдіктерінен шығатын есірткілер.

3. Психотроптық заттар (қатаң рецептпен берілетін әр түрлі дәрілер) .

  1. Зауыттан шыққан дәрілер.
  2. Синтетикалық есірткі заттар (фентанилдер, метадон, ЛДС т. б. )
  1. Прекурсорлар (уксус қышқыл ангидриді, эфедра - эфедрин) -есірткізаттар жасағанда пайдаланылатын заттар.

Конопля (қарасора) өсімдігінен алынған есірткі заттардың құрамында ең белсенді компонент - тетрагидроканнабинол болды. Қарасорадан - марихуана, гашиш (анаша), каннабис смоласы, гашиш майы т. б. шығады.

Марихуана деп - конопля өсімдігінің ұсақталған, кептірілген, өсімдік жапырақтарының жоғарғы жағынан алынған, гүлдері араласқан бөліктерден тұратындарды айтады.

Гашиш (анаша) деп - қарасораның кептірілген, өте ұсақталып електен өткізілген бөліктерді айтады.

Гашиш майы - сұйық масса сора өсімдігін әртүрлі еріткіштермен ерітіп, буландыру жолымен алынатын сұйық зат. Қара қоңыр түсті, конопляның иісі сезіліп тұрады.

Көкнәр өсімдігінен (апиынды және майлы көкнәрлар) көкнәр сабаны (солома майы) морфин, кодеин, апиын, экстракциялық апиын т. б. алынады.

Апиын (опий) дегеніміз - көкнәр әлі піспеген кезде көкнәрдің қауашағын тіліп, шықкан шырынын кептіріп, дайындап алынған, смолаға ұқсас қоңыр қара түсті зат.

Жартылай синтетикалық жолмен алынған есірткі заттарға - героин, эфедра мен кока өсімдіктерінен шығатын есірткілер жатады. [ 5, 4б. ] .

1992 жылдан бастап "эфедра" деген есірткі түрінің көбейе түскендігі туралы айтылуда. Оған шикізат болатын қырықбуын өсімдігі Іле Алатауында молынан өсетін көрінеді. (200 мың га жер) . Эфедра есірткісі өте қатерлі, адам 1-2 рет пайдаланған соң-ақ дағдыланып кетіп, 2 жылдан кейін қайғылы жағдайға душар болады.

Экстази - деген есірткі заттар шоғырланатын дискоклубтар, түнгі ойын-сауық орындарында кездеседі. Осы "кәсіппен" республикада 171 тұрақты қылмыстық топ шұғылданады. Жылдық есірткі айналымы көлем 25млн. АҚШ долларын құрайды екен. [ 6, 2б. ] .

"Нашақорлық" түсінігі медицинаға бұрыннан белгілі, адамның физикалық және психологиялық ахуалдарына теріс әсер ететін және тек қан күнделікті түрде белгіленген мөлшерде есірткі заттарын қабылдаса ғана жүйкенің әрекеттік белсенділігі артыратын аурулар тобы болып табылады.

Нашақорлықтың негізгі қауіптілігі - есірткілердің жүйкеге әсері яғни адамды өлермен сезімге апаратын және одан босатылу мүмкін емес қасиеттілігінде.

Есірткі заттары шынында да күшті қасиеттерге ие, бірақ та бұл жансызда да, әрі еріксіз ғана заттар. Ешбір есірткіге өздігінен құрбан секірмейді ғой, солай емес па? (құрбан деп - нашақорды айтып отырмыз) Есірткіні адамдардың өздері қызу құмарлығымен пайдаланады, ал енді бұл мәселенің барлығы, олар соны, яғни, есірткіні - қайдан алады, қалай жасайды. Барлығы бір заттар сияқты ғой? Мысалыға, опиатты алсақ, ол науқастарды аурудан құтқарады және сонымен бірге адамды ауру қылады, бұлар у есебінде де және оған қарама-қарсы, яғни уға қарсы дәрі есебінде де қолданылады. [ 7, 9б. ] .

Нашақорлық (наркомания) - бұл негізінен (грек тілінен аударғанда- "нарко" ақыл-ойдың бүлінуі және "мания" құмартушылық деген сөзі) кішкентай дозада қолданғанда эйфория сезімі болады, ал үлкен мөлшердегі дозаларда -ессіздену, есірткі ұйқысына шалдықтыратын, есірткіге дүлей құмарлықта сипатталатын өзімшілдердің ауруы болып табылады.

Есірткіні жүйелі түрде қабылдау денсаулықтың тез бұзылуына, ішкі мүшелердің құлдырауына, неврологиялық және жүйке жүйелерінің бұзылуына, әлеуметтік кері кетуінің дамуына әкеледі.

Адамда, әдетте есірткі заттарын бірнеше рет қабылдағаннан кейін есірткіге психикалық тәуелділіктен күшті құмарлық есірткілік жындануын шақыратын тканьдарына кіріп, жүйкенің әдетті заттарына айналады. Соның салдарынан есірткі жүйкенің химиялык және биологиялық тканьдарын бірқалыпты сақтаудың негізгі жолы болып қалады.

Физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін есірткінің болмауы абстинентті синдром - есірткі аштығына әкеліп соғады. Оның айқындалуы нашақордың есірткілік жындану жағдайын шақыруы үшін, әр кез дозаны үлкейтіп, есірткіні жүйелі қабылдауына душар етеді. Есірткі керек кезінде болмаса, нашақордың көңілі құлазып, сәл нәрсеге ашуланғыш болады. Қатты толғанулар бірте-бірте қорқынышқа айналып, әр кез үрейленгіш болады. Нашақор өзін өте төмен сезініп, құлазып, жалғызсырап, қолайсыз сезімдерге душар болады. Ақырында өзін-өзі өлтіру ойлары келіп, тіпті кейбір жағдайларда өзін-өзі өлтіруге дейін барады.

Нашақор есірткіге ашынған кезінде, нақты бір жұмысты, ойды ойлап, оған тоқтап, шешуі мүмкін емес жағдайында болады. Оның барлық ойы тек есірткіде болады. Ол оны қандай да жолдармен қалай да табудың амалын іздейді, аш күнде нашақорда әр түрлі жағымсыз мысалыға: қатты басы аурып, жүйкелерінің қозуы, буындарының жансыздануы, бұлшықеттердің талуы, әлсіреуі сияқты сезімдері пайда болады. Адамның есірткіге

Тәуелділігінің бастапқы кезеңдері осылай байқалады. Сонымен адам есірткінің тұтқынына қалай түскенін білмей қалады.

Есірткінің жетіспеуінен, алдында айтқанымдай абстиненттік
синдром пайда болады. Әдетте мұндай сезімдер ішкі жан дүниесінің
есірткіні талап етуімен байланысты, темекі шеккіш адамның қолында
бірде-бір темекісі жок кезде, шеккісі келуімен салыстыруға болады.
Содан кейін жағымсыздық болады, есіней береді, қатты терлейді, тұмауға
ұқсас көзден жас ағып, мұрынынан су ағады. Терісі "қазыныкідей" болып, жоғары температура кезіндегідей басы айналып, жүрегі айнып, кұсқысы келеді. Буын, аяқ-қол бұлшықеттері сырқырап, қалтырап арқанмен бұрап жатқандай болып, тіпті кей күндерде өміріне қауіпті қан айналымы, тынысы тарылып есінен танып құлау жағдайларына дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдайлар әр түрлі болуы мүмкін. Абстиненттік синдром көп жағдайларда әр түрлі елестермен және лақап шалықтармен және сонымен бірге күйзеліс жағдайы, селқостық және үрей сияқты әртүрлі әсерлі ауру түрінде өтеді.

Есірткіні қабылдағаннан кейін осы жағымсыз сезімдердің барлығы басылып, тарап кетеді, бірақ ұзаққа емес, өйткені бірнеше сағаттан кейін есірткі әсер етпейді де, организм барлық ауруларымен есірткіні қайта талап етеді.

Есірткіні қабылдау психикалык, физикалык тәуелділігімен бірге әр уақытта организмнің қайтымсыз өрескел бұзылуына және әлеуметтік кері кетуіне әкеледі.

Біріншіден, организмді есірткімен улау жүйке жүйесінің опасыздығына, тұлғаның құлдырауына жеткізеді. Нашақор қоғамдық ортада өзінің қылықтарының жоғары моральдық сарындарынан айырылып, қоршаған ортаға қажетсіз болып калады. Оның алға талаптануы және жанұяға деген, балаларына деген қызығушылығын, ата-анасының алдындағы мүддесі мен міндеттерін жоғалтады. Бұл әсіресе қоғамға маңызды, жеке басын әлі қалыптастырмаған, енді қалыптастырып келе жатқан жас тұлғалар мен жасөспірімдер туралы болса, үрейлене түседі. Нашақор ортаның қысымымен өзінің кемістігін жасыруы керек, бірақ та ол өзін қолдайтын және қабылдайтын тілек іздейді. Өзі іздегендей топты тауып, оған кіргеннен кейін өзін өзінің әдетті, үйреншікті ортасынан сызады.

Екіншіден, дамыған немесе енді дамып келе жатқан кемістік есірткіні қабылдануды және мөлшерін әрдайым үлкейтіп отыруын талап етеді. Бұларды күнделікті сатып алуға ақша табу үшін есірткіні ұрлау, дәріханаларды бұзу, жалған рецептерді жасау, азғыру және адам өлтіру сияқты қылмыстарға дейін барады.

Үшіншіден, нашақорлық ақырында организімнің әлсіруіне, денесінің салмағын жоғалтуына және физикалық күштерінің құлдырауына әкеледі. Терісі - сұрлау құрғак, жердің беті сияқты түске айналып, қозғалыс үйлесімділігі мен бірқалыптылығының бұзылуы пайда болады.

Организмнің улануы - ішкі мүшелердің, әсіресе соның ішінде бауыр және бүйрек ауруларының себебі болып табылады. Сонымен бірге, ішкі тамырға егуде лас инелер меи шприцтерді қолданғанда жағымсыз салдар пайда болады. Нашақорларда терінің іріңдеуі, тромбоза - қан тамырларының салқындауы, сонымен бірге жұқпалы аурулар, мысалы гепатит көп кездеседі.

Нашақорлар арасында жезөкшелік, гомосексуалистік және басқа да сексуалдык ауытқушылықтар кең тараған. Импотенттік аурудың көрсеткіші өте жоғары, көбісі жыныстық аурулармен ауырады. 1984-1985 жылдары әлі ғылыми зерттеліп жетілмеген эпидемия кең етек жайды. Организмнің иммундік жүйесі бұзылып, қорытындысында адам кез-келген хал-жағдайларға душар болады, микроорганизмнің алдында әлсіз болады. Сондықтан бұл ауру СПИД - деп аталады, (яғни, синдром приобретения иммуно дефицита) /4/. Бұл ауру ең негізгі екі жолмен жұғуы мүмкін - жыныстық немесе қан құю арқылы.

Нашақорларға жезөкшелік және сол сияқты көптеген басқа да бұрмалау қасиеттері тән болғандықтан, олар жай қарапайым адамдарға қарағанда СПИД ауруларымен ауруы 2 есе қауіпті, өйткені деректерге сүйенетін болсақ, СПИД-пен ауыратындардың көбісі (барлығы десек те болады) - гомосексуалистер мен нашақорлар. СПИД ауруынан емделу мүмкін емес болғандықтан, бұл дертпен ауырғандар ақырында өледі. Сондықтан нашақор есірткіден өлу керек болса, СПИД-пен ауырған жағдайда ол ажалынан немесе күнінен бұрын өледі.

Нашақорлардың есірткінің дозасын үлкейтіп, оның салдарынан қатты уланып, сандырақтап, соңында өліммен аяқталатын жағдайлар сирек кездеспейді емес. Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын передазировкадан кем дегенде 3 адам өледі. [ 8, 13б. ] .

Наркотизм де нашақорлық ауруы сияқты нашақорлықпен тығыз байланысты әлеуметтік құбылыс, бірақ бұл жеке топтардың есірткіні маңызды түрде сатып алып, жеке қолданатын түрі болып табылады.

Зандылық жүзінде есірткіні пайдаланудың дамуына әсер ететін және маңызды ролін - мода, еліктеушілік, конформизм сияқты әлеуметтік, психикалық феномендер атқарады және онымен тығыз байланыста болады.

"Наркотизм" түсінігі нашақорлық түсінігінен ғылыми және тәжірибе жағынан ерекшеленеді.

Біріншіден, ол мәселелерді шешуіне қажетті кешенді әдістемелердің жүзеге асырылуын бағдарлайды.

Нашақорлық нақты белгіленген медициналық аспектісі бар, басқа бір деңгейге (дәрежеге) өткен кезде тану құбылысы және тәжірибе күресі өте-мөте медициналық жиналыстарда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік басқарушылықты, ұйымшылдықты талап етеді.

Екіншіден, айтылған түсінік ауруларды туғызушы нақты жағдайлар мен себептерден наркотизмнің себептерінің түсінігіне өтіп кетуге болмайды.

Үшіншіден, осындай ерекшеліктерді тағы да сол аспектіде, яғни әлеуметтік пен есірткіні күрделі қолдануды, яғни, наркотизмді медициналық көмекті қажет ететін нашақорлық ауруымен араластыруға болмайтынын бекітемін.

Төртіншіден, жеке адамның алдына қойылған жанжалды шешуден кетіп қалу әрекетін жасаудан тұратын, есірткілерді қолданудың нақты жағдайларының негізінде наркотизм және нашақорлык мәселелері айрықша. Әдеби таңдарға және элепирикалык зерттеу материалдарының тұрақтануына мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткіге қарсы күрес
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Есірткі және нашақорлық
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz