Материалдар шоты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Есеп тіркелімдері және жазбалары

Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында
тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады.Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан
кестелері: карточкалар, кітаптар,тізімдемелер мен журнал-ордерлер және тағы
басқа түріндегі есептік тіркелімдер қолданылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды қалың
қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-
материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық есептеуге арналған.
Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған
уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы карточкалық-
жәшіктерде сақталады.
Кітаптар-өз алдына белгілі бір пішінде жазылған қағаз беттері болып
табылады. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелетін
бөлмелерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген,
себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе одан да
артық адамдар жұмыс істейтін жағдайда оны бухгалтерия қызметкерлері
арасында бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ
( әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек).
Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы- жеке беттерді жаңаға ауыстырудың
мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау мүмкіндігі
төмендейді.
Жеке беттер- үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері болып табылады және
карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын
қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер рөлін атқарады, яғни синтетикалық
(топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті жүргізуге арналған.
Сонымен қатар бұлар, яғни әр түрлі тізімдемелер (ведомостар) мен журнал-
ордерлер бухгалтерия қызметкерлері арасында міндеттерді ұтымды бөлуге
мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы (қолайлы) болып табылады.
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және
біріктірілген болып бөлінеді.
Хронологиялық тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың
орындалу мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады.
Бұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың
жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге
тіркеу журналын (регистрациялық), шаруашылық операцияларды есептеу кітабын
және тағы да басқаларды жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап
және бірыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды
жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты
жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның
ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар
біріктіріліп қолданылады. Мысалы: бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын
журнал- ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық
ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша ( ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер
синтетикалық (топтамалық), аналитикалық (талдамалық)және біріктірілген
болып бөлінеді.
Синтетикалық (топтамалық) тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда
құжат нөмірі мен толтырылған уақыты ( күні, айы, жылы) көрсетіліп
жүргізіледі. Бірақ әдетте оларда түсініктемелік мәтін болмайды. Бұл
тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журнал- ордерлердің барлығын дерлік
жатқызуға болады.
Аналитикалық (талдамалық) тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша
жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың нөмірі, толтырылған
уақыты (күні, айы, жылы), шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны
көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде
ақшалай және натуралдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бухгалтерлік есепте
қолданылатын талдамалық тіркелімге карточкалар, кітаптар және тізімдемелер
(ведомостар) жатқызылады.
Синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепте қатар
қолданыла беретін тіркелімдер- біріктірілген тіркелімдер болып табылады.
Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде
тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемелер, журнал-ордер және тағы
басқадай форма түрінде алына алатын машинограммалар болып табылады.
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай
немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір дана етіліп
жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен
біруақытта бірнеше дана етіліп жасалады.
Есеп тіркелімдерінде жазбалар өзгертусіз (түзетусіз) және таза жазылып
толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқада
жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер:
түзетпелі, қосымша жазу және қызыл түзетпе қолданылады.
Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар
корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса түзетпелі әдіс
қолданылады. Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейінен оқылуға
мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда
сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген
және бухгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болу керек.
Егер шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ шаруашылық операцияның
сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімінде қорытынды
жасалғаннан кейін анықталса, онда қатені түзету қосымша жазу
(дополнительная проводка) әдісі арқылы жүргізіледі.
Мысалы, кәсіпорынға басқалардан келіп түскен 130000 теңге материалдарға
мына түрдегі екі жақты жазу жазылған делік.

Д-т: Материалдар шоты
100000 тг
К-т: Жабдықтаушы-мердігерлер шоты 100000
тг
Бұл қатені түзету үшін айырма сомаға ( 130000-100000 = 3000 теңге)
қосымша жазу жазылады.
Д-т: материалдар шоты
30000тг
К-т: Жабдықтаушы-мердігерлер шоты 30000
тг
Егер қате бухгалтерлік балансты жасағаннан және оны тиісті органға
тапсырғаннан кеиін белгілі болса, ондай қате қызыл түзетпе ( красное
сторно) әдісі арқылы түзетіледі.
Мысалы: кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп
айрысу шотынан 500000 теңге келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде
жазу жазылған.
Д-т: Валюталық шоты
500000 тг
К-т: Есеп айрысу шоты
500000 тг
Қатені түзету үшін осындай жазу арқылы, бірақ қызыл бояумен, яғни
сторно етіліп жазылады.
Д-т: Валюталық шоты
50000тг
К-т: Есеп айрысу шоты
50000 тг
Одан кейін мына түрде дұрыс жазу жазылады:
Д-т. Валюталық шоты
500000 тг
К-т: Есеп айрысу шоты
500000 тг
Бұндағы қызыл түзетпе мәні бұрыс жазу теріс санмен алынып тасталып,
оның орнына дұрыс сома жазылады.

Бухгалтерлік есеп нысандары (формалары)

Бухгалтерлік есептің нысандары ( формалары) деп- белгілі бір
дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принцпті пайдалана отырып
бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркелімін айтады.
Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу
технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында
көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей
түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай
және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі нысандары қазіргі кезде
қолданылатын ескі нысандарының бірі болып табылады. Есептің бұл
нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер жүргізіледі
синтетикалық ( топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал
аналитикалық ( талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады.
Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы
құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есепте екі жақты
жазу жазылып және ол мемориалдық-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.
Мысалы: қоймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүкқұжаттың
(накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк
құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазылады, одан кейін осы тізімдеменің
қорытынды мәліметтерді негізінде мемориалдық-ордерлі бір ғана бухгалтерлік
жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе
құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясы және сомасы көрсетіледі.
Мемориалдық –ордерге оның жасалған уақыты ( күні, айы, жылы) көрсетіліп
бас бухгалтер қол қояды. Сонымен қатар мемориалдық-ордерге оның жасалған
басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордер жасалғаннан кейін
арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалдық-ордерге реттік
нөмір беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер
мәліметтері ай сайын синтетикалық ( топтамалық) есептің тіркелімі болып
табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады.
Әрбір синтетикалық ( топтамалық) есептің дебит және кредит айналымдары
корреспонденцияланушы шот бойынша сәйкес кестелерге бөлек жазылады.
Айдың соңында бас кітаптың қортындысы негізінде синтетикалық
(топтамалық) есептің шоттры бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым
тізімдемесі құрылады. Бас кітаптың мәліметтері синтетикалық (топтамалық)
және аналитикалық ( талдамалық) есептің айналым тізімдемелерін,
бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру
үшін қолданылады.
Мемориалдық-ордер формасы аналитикалық (талдамалық) есептік кітаптарда,
карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық есеп
тіркеліміндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге қоса берілген құжаттардан
ала алады. Ай соңында аналитикалық есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде
айналым және сальдолық тізімдемелер- сәйкес синтетикалық шотпен
біріктірілген аналитикалық шот тобына бір ведомость құрылады. Бұл
тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық шоттармен біріктірілген
аналитикалық шоттардың сальдосы мен айналымдардың қортындыларын салыстыру
үшін қажет.
Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің жеңілдігімен
және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанның
кемшілігі ретінде- құжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің
тізімдемелерге, мемориалдық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық және
аналитикалық есептің тіркелімдерінде бірнеше рет қайталанып жазылуын атап
өткен дұрыс.
Басқа нысандарға қарағанда мемориалдық-ордер нысанын жүргізу көп
еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас журнал нысаны. Бұнда негізгі есеп
тіркелімі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол аз
ғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның
өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде
ұштастырылып жазылады.
Журналда шығарылған қалдықтар синтетикалық шоттар бойынша дайын
айналым тізімдемесі бола алады да, бөлек айналым тізімдемесін жасауды қажет
етпейді. Бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырылады,
сондықтанда кез-келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға
болады. Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу
Аяқталмаған өндірістің есебі туралы
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
Материалды-құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі
Бухгалтерлік есеп
Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті
Пәндер