Есеп саясатын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

таКЫРЫБЫ: ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жоспар

Кіріспе

1 Есеп саясатының теориялық негізі

1. 1 Есеп саясатының мәні мен мақсаты

1. 2 Есеп саясатын қалыптастыру

1. 3 Есеп саясатын дайындау және оның ашылуы

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫНА (ҚЕХС) СӘЙКЕС ЕСЕП САЯСАТЫН ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Кәсіпорындардың есеп беруі - халықаралық стандартпен есеп саясатын құруы және есеп беру әдістемесі

2. 2 Есеп саясатты бойынша қателіктерді түзету және өзгерістер енгізу

2. 3 Кәсіпорын қызметінің қазіргі заманғы экономикалық және қаржы саясатының ерекшеліктерін айқындау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

6

6

8

13

16

16

23

26

28

30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп және есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, өзіндік ерекшелігін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техникасы мен технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.

«Есеп саясаты» термині ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 «Есеп саясатының маңызын ашу» жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліетеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатыны болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.

Есеп саясаты - деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже - нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.

Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр түрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп варианттар есе саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі басқарушылық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, және есептің бұл ьүрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізі бағыттан ауытқымауы керек.

Есеп саясаты екі жағдайда - «жоғарыдан»және «төменнен» реттеледі. «Жоғарыдан» реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т. б. ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда «төменнен» реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары т. б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ануға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.

Есеп саясатын ресмилендіру үшін осы ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылған ішкі әдістемелер мен ережелерді ұсыну кезінде жалпы бухгалтерлік есеп объектілерін жүргізу жөніндегі қойылған талаптардан, принциптер мен қаржы есебінің элементтерін тану бағытынан ауытқымау керектігін түсіну қажет.

Егер жан-жақты және сапалы дайындалған немесе қабылданған шешімдер ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз етпеген жағдайда, есеп саясатын жасаудың қажеттігі болмайды. Сондықтан есеп саясаты ұйымдар қазметінің тиімділігіне, ақша қаражатының өсуіне және іске асырылмай келген резерв көздерін ашуға тікелей әсер етеді. Мысалға, ұзақ мерзімді жалға беру объектісі таза пайда мен ақша қаражаттарының көбеюіне тікелей әсер ететіндігін басты бағыттың бірі деп түсінген жөн. Яғни қаржылық тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бірден таза , біртіндеп таза пайданың белгілі бір бөлігін қамтитындығын білген жөн. Есеп саясатын жасауға тікелей басшылық жасаушы басшылар мен атқарушы бухгалтерлер осы ұйымның таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ететін есеп әдістерін зерттеп, қолдану жолдарының ең тиімді бағытын таңдауы қажет.

Бір типтік және барлық кәсіпорындар қызметіне тән есеп саясатын жасау мүмкін емес, мұның өзі өте қиын және болмайтын әрекет. Дей тұрғанмен есеп саясатын танып білу, мұның маңызын сапалы жасау, өз бетінше тиімді шешім қабылдау, қаржылық қорытынды есеп жасап дәйекті бағытпен қойылған бағдарды іске асырудың маңызы зор.

Есеп саясатын қалыптастыру мен іс-тәжірибеге енгізу үшін бухгалтерлік есеп принциптерін, мұның қолданбалы әдіснамаларын, салық жүйесін, қаржылық менеджментті (басқаруды) т. б. көптеген мәселелерді жоғары және терең түрде білуі қажет. Нарықтық қатынастардың қыры мен сырын, ұтымды бағытын, базарлы сауда өрісін терең түрде біле білу бағытында, бас бухгалтердің атқаратын рөлі өте зор.

Есеп саясатын жасаушылар мен қатысушы мамандар осы ұйымда қолданылатын бастапқы құжаттардың маңызы мен өрісіг, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтерді бағалау, міндеттемелерді бағалап, қайтару, негізгі құралдардың тозу нормалары мен сомаларын белгілеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін белгілеу, ақпараттар жүйесін өңдеу технологясын, аудиторлық тексеру мен қорытындылау әдіснамаларының маңызы мен мақсатын іс-тәжірибеде жақсы қолдана білу тиісті біліктілікті қажет етеді.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін:

Құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардың активтері мен міндеттемелер тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық қызметі ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип) түсінген жөн;

Ұйымдар өз жұмысын ары қарай тұрақты бағытта жалғастыра береді, бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызетін қысқартпайды (үздіксіздік принципі) ;

Таңдап алынып жасалған есеп саясаиын бір жылдан бастап келесі жылдарда да сабақтастық түрде қолданылы береді (сабақтастық принципі) ;

Ақшаның түсуі немесе түспеюіне қарамастан шаруашылық қызметінің фактілері орын алған осы есепті кезеіге жатқызылып есептелінеді (сату немесе есепке жатқызу принципі) .

Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты - есеп саясатының теориялық негізін толығымен ашып, ұйымдастыра отырып оның нарықтық экономикадағы жетілдіру шараларын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 Есеп саясатының теориялық негізі

1. 1 Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етеді.

Есеп саясаты - бұл кәсіпорынның есептік нұсқасын, нұсқаулар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Кәсіпорынның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
  • Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • Кәсіпорынның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
  • Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
  • Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Кәсіпорынның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа) ;
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа) ;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (кәсіпорынның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;
  • кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;
  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез келген кәсіпорынның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы . Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

1. 2 Есеп саясатын қалыптастыру

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция) » деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұғымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп -Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әртүрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т. б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылык принциптері жатады.

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын т. б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т. б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.

Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс
Есеп саясатын қалыптастыру негіздері
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
Есеп саясатының техникалық аспектілері
Есеп саясатын талдау
Есеп саясатын аудиттеу
Есеп саясаты жайында
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Ұйымның есеп саясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz