Өтелетін шығындарға жататындар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Есеп беретін тұлғалар есебі

Жоспар

1. Есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп
айырысуды есепке алу. 1-1 бет

1. Іс-сапар бойынша жұмсалған шығыстар есебі.

1-8 бет

1.2 Есеп беретін тұлға несиелік есеп беру. 8-9 бет

2. Материалдық зиян шегудің орын толтыру
бойынша есебі. 9-10 бет

1. Басқа да дебиторлық қарыздар. 10-11 бет

2. Ішкі шаруашылық есеп айырысуды есепке алу.

11-14 бет
3. Шаруашылық операциялар құру. 16-17 бет

3. Синтетикалық журнал – ордер № 7 өңдеу.

18-22 бет

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық
шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты
және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандартында және
субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің
негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айырықша ерекшелігіне
есептің сәйкес келуін қамтамассыз етеді. Есепті жыл соңы баршаға, ең
алдымен жаңа жыл мереке сезімін ұялатады. Алайда бухгалтер үшін жылдың
басталуы, әлбетте оның жұмысындағы ең басты іске байланысты болмақ. Жыл
соңында жылдың жылдық есеп беруге дайындық жұмысы жүргізіледі, барлық
активтер мен міндеттемелер бойынша есепке алудың жай-жапсары тексеріледі.
Бірінші қаңтар бухгалтерлер үшін жаңа уақытты есептеу нүктесі.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерия есептің маңызы мен мәнін айырықша
бағаламауға болмайды.
Экономика саласындағы мамандар, оның ішінде бухгалтерия қызметкерлері
есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері керек.
Субъект қызметін бухгалтерлік есепке алуды, нұсқауларды және басқа да
нормативтік актілерді қатаң сақтаулары керек.

1

Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы деп аталатын бұл шотта
жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар
жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде
қызметтегі іссапарлары үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар
мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін
ұсталатын сомалар есептеледі. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері
арқылы нақты ақшасыз есепайырысу жолымен төлеу мумкін емес. Сондықтан да
жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге
қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруге тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік негізінде жеткен
кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін
тұлғаларға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілген сомалар оны
қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерізімде
бухгалтерияға тапсырады.
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің
басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептерін және оларға
қоса тіркелген құжаттар бойынша қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға
қайтарылады. Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды
толық қайтарылмаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан түгелдей
ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге
кассадан беріледі.
Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі
бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің
басқа да кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын - ала
жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы
заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іссапар шығыстары
өтелетін шығыстар қатарына жатады;

Қызметкерлер іс-сапар жөніндегі шығындарды Қазақстан

2
Республикасының қаржы министрлігі бекіткен норма бойынша
өтейді. Өтелетін шығындарға жататындар:
1. Екі жағына жол жүру билеттері
2. Айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы мөлшеріндегі тәуіліктік
белгіленеді.
3. Тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығындар, квитанциялар бойынша, ал
құжаттарын көрсетпеген жағдайда, тұрғын үйді жалдау жөніндегі
шығындар тәуліктің 50%-ы мөлшері есебінде өтеледі.
Қазақстан Республикасының іс-сапарда жүргенде екі ең төменгі есептік
көрсеткіш деңгейдегі тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ
жолда болған күндері де қоса есептеледі.
Нақты іс - сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері
бойынша, іс сапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбекқор бірнеше мекен-
жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс
– сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес
келуге тиіс. Әдетте, іс - сапар мерізімі жолда жүрген уақытты есепке
алмағанда қырық күннен аспауы керек.
Іс – сапарға жіберілген қызметкердің үй – жайды жалдауына кеткен
шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде
өтеледі.
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша
белгіленген нормативтік деңгейінде және тиісті құжаттармен
дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін кері
жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса бронға кеткен шығыстары да
қоса алынады. Егер де қызметкер
Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге іс-сапарға жіберілсе,басшының бұйрығымен
қоса оның мерізімі, мақсаты,орны анықталады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарлар Шетел
валютасындағы іссапар шығыстарын өтеу нормалары туралы Қазақстан
Республикасы үкіметі

3
және Республиканың бұйрығымен қызметкер шетелге қысқа мерізімді іссапарға
шыққан кездегі іссапар шығыстарының сомасы бекітіледі.
Егер іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің
валютасына алдын-ала қарағанда смета бойынша төленеді, ал егер де ондай
валюта болмаса, онда еркін конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде аванс бойынша есеп беру керек.
Есепті ай өткен бойда есеп беретін тұлға есеп берілетін соманы бергені
үшін есеп бермейді. Салық органдары тексеру кезінде есеп берілетін
нормалардың уақытылы жабылмауын байқаған жағдайда мұны бұзушылық деп
санайды. Мысалы: Цемент АҚ-ның бұйрығы бойынша бас бухгалтердің
көмекшісі Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 (он бес) күнге, яғни 5
(бес) қаңтар мен 19 (он тоғыз) қаңтар аралығында 2002 жылы іс-сапарға
жіберілді делік. АҚШ долларының бағамы бойынша ұлттық валютаға шыққанда,
қаңтардың 15 күні сол (15.01.2002 жыл) 150,6 теңгені, ал 19 күні
(19.01.2002 жыл) ол 151,2 теңгені құраған, ал сондай-ақ функт
стерлингтің бағамы да 19 күні 217,91 теңгені құраған. (1 стерлинг үшін)
Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған
аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған
шығындары үшін есеп берген.
333-шоттың кредиті бойынша жазбалары мынадай шоттардың дебетіне
жазылады: 201-206, 208, 222, 223 - сатылып алынған тауарлы- материалдық
құндылықтардың және өндірістік дайындау-көлік шығындарының сомасы; 821
немесе 935 іс - сапардың почталық, телеграфтық және

басқа да шығындар; 451-авансты кассаға қайтару кезінде; 681-авансты еңбек
ақысынан ұстаған кезде.
Есеп беруші адамдармен есеп айырысу шетел валютасымен жүзеге
асырылуы мүмкін. Есеп беретін тұлғаға шетел валютасында берген кезде 333
шоттың Есеп беруші адамдармен шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша
шоты кредиттеледі.

4
Қызметкерлерді іссапарға жіберуді кәсіпорындардың басшылары іссапарға
баратын жерді және мекеменің атауын, оның мерізімі мен мақсатын көрсетіп,
бұйрықтың негізінде жүргізіледі. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге
басшы қол қойған іссапарлық куәлік беріледі.
Қызметкерлердің іссапар мерізімін кәсіпорын басшылары айқындайды,
алайда, жолда болған уақытты есептемегенде, 40(қырық) күннен аспауы тиіс.
Қызметтік қажеттілік болған жағдайда іссапар мерізімі сол кәсіпорын
басшысының тиісті бұйрығымен ұзартылуы мүмкін. Іссапарға жіберілген
адамның тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да
көлік құралымен шыққан күні іссапарға кеткен күн деп, ал аталған көлікпен
тұрақты жұмыс орнына келіп жеткен күні келген күн деп есептеледі. Көлікті
қоса алғанда 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін жөнелтілген жағдайда-ағымдағы
тәулік, ал 0 (нөл) сағаттан бастап және одан кейінірек келесі тәулік шыққан
күннен бастап есептеледі. Қызметкер тұрақты жұмыс орнына келіп жатқан
поезд, автобус немесе басқа да көлік құралы нақты келген күн іссапардан
келген күн деп есептеледі, бірақ қайткенде де көлік келіп жеткен жерден
елді мекенге дейінгі жол жүру уақытын ескереді.

Қызметкер іссапардан тұрақты жұмыс күні аяқталғанға дейін қайтып
оралған жағдайда, сол күні жұмысқа келген уақыты туралы мәселе
әкімшілікпен келісу арқылы шешіледі.

Іссапарға жіберілген қызметкер іссапарда болған кезде, оның ішінде
жолда болған уақытта, оның жұмыс орны және орташа табысы сақталады.
Қызметкер іссапарда болған кезде оның орташа табысы тұрақты жұмыс орны
бойынша белгіленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерінде
сақталады.
Іссапарға жіберілген қызметкер уақытша еңбекке жарамсыз болып
қалған жағдайда оның тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары жалпы негізінде
өтеледі және ол өзіне жүктелген тапсырманы орындауға кіріспейінше және
тұрақты жұмыс орнына қайтып оралмайынша барлық уақыт

5
бойы тәулік ақы төленеді, бірақ ол 40 (қырық) күннен аспауы тиіс. Іссапарға
жіберілген адамның уақытша еңбекке жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулығына
байланысты тұрақты жұмыс орнына қайтып оралуы мүмкін еместігі белгіленген
тәртіппен куәландыруға тиіс. Еңбекке уақытша жарамсыз кезеңі ішінде
іссапарға жіберілген қызметкерге жалпы негізінде еңбекке уақытша
жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдем-ақы төленеді. Еңбекке уақытша
жарамсыз болған күндері іс - сапар мерзіміне қосылмайды.
Іссапарға жіберілген қызметкерге іссапарға жүрер алдында жол жүруге
төлеуге тиесілі соманың мөлшерінде ақшалай аванс, тұрғын үй жалдау
жөніндегі шығындар және тәуіліктік ақы беріледі. Іссапардан қайтып
оралғаннан кейін қызметкер бес күннің ішінде нақты жұмсалған ақшалай
қаржылар туралы аванстық есеп беруге міндетті. Аванстық есепке белгіленген
тәртіппен рәсімделген іссапарлық куәлік, тұрғын үй -жай жалдау және жол
жүру жөніндегі шығындар туралы құжаттар қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасының шегінде іссапарға жіберілген мемлекеттік
мекемелердің қызметкерлеріне ережелерде белгіленген нормалар негізінде
ұсынылған құжаттар бойынша көліктік шығындар, тұрғын үй жалдау жөніндегі
шығындар өтеледі, іссапарда болған әрбір күн
үшін айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы мөлшерінде тәуіліктік ақы төленеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі іссапарлар жөніндегі негізгі
ережелер.
Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі қызметтік іссапарлар
кезінде өтемақыларды рәсімдеген және есептеген жағдайда кәсіпорындар
Министрлер кабинетінің бекіткен Қазақстан Республикасының
қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерді
басшылыққа алады.
Іссапарлық шығындарды рәсімдеу және есепке алу негізінде негізгі
ережелер:

6
* Қазақстан Республикасынан шетелге қызметтік іссапарға
жіберілетін қызметкерлердің жұмыс орны және жалақысы сақталады.
* Іссапарда болған негізіндегі қызметкерлерге тәуліктік ақы
төленеді, сондай-ақ жол жүру, жүк алып жүру жөніндегі, тұрғын үй – жайды
жалдау жөнінідегі, шетелдік төлқұжат пен виза алуға, халықаралық байланыс
желілерін пайдаланғаны үшін, анықтамалар бергені, СПИД-ті зерттегені үшін,
төлқұжатты тіркегені үшін жұмасалған шығындары және шетелдік валютаны
айырбастаған кездегі коммиссиялық шығындары өтеледі.
Іссапарда болған кезде тәуіліктік ақы:
а) Қазақстан Республика аумағында жол жүрген кезде Қазақстан
Республикасының шегінде қызметтік іссапарға ақы төлеу туралы заңдармен
белгіленген нормалар бойынша шетелдік валютамен төленеді. Бұл жағдайда
қызметтік іссапарға шыққан күн үшін, сондай-ақ қайтып оралған кезде
шекарадан өткен күн үшін тәуіліктік ақы белгіленген нормалардың 100%-ы
мөлшерінде шетелдік валютамен төленеді.
Іссапарға жол жүргені және Қазақстан Республикасына қайтып оралған
ретте қызметкерге тап сол күні қызметкер бара жатқан елдің нормалары
бойынша шетелдік валютамен тәуліктік ақы төленеді.
Қызметкер екі немесе одан да көп елге іссапарға жіберілген жағдайда
елден елге өткен күн үшін тәуліктік ақы қызметкер жіберілген елдің
нормалары бойынша шетелдік валютамен 100% мөлшерінде төленеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде іссапарда болғанда, тұрғын-үй
жалдау жөніндегі құжаттар тиісінше рәсімделген:
- заңды тұлғадан инвойсты немесе жалға берушінің жеке басын
куәландыратын жалға берушінің жеке басын куәландыратын деректер
көрсетіліп, жеке тұлғадан алынған шарты;
-

7
- екі жағдайда да-тұрғын-үй жалдау жөніндегі нақты төлеген
ақысын растайтын құжатты қамтуға тиіс.

Өкілдік шығыстардың есебі

Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысында өкілдік
шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың
көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы
қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін, акционерлер
жиналысына келген директорлар үшін және тағы басқа шаралар үшін
алынуы мүмкін.
Ресми кездесу кезіндегі шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың
қатысушылары көп болмауы керек, яғни келген делегацияның саны
аудармашыны
қоса есептегенде 5 (бес) адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары 5
(бес) адамнан аспағаны жөн. Өкілдік сипаттағы шаралардың алдын-ала
қарастырылған шараға сай болғанын қуаттайтын құжаттарды субъектінің өзі
әзірлеуі және есептік саясатта көрсетілуі керек. Өкілдік шығыстарды
әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде, мыналар саналуы мүмкін:
-басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін басқарма қатысушыларын,
директорлар кеңесін бақылау комиссиясын қабылдау үшін жүргізілетін
шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы.
-келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің
бағдарламасы, күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін
мәселелердің тізімі.
-шығыстың әрбір баптың негізділігімен байланысты жасалған шығыс
сметасы.
Осы аталған құжаттар толық талқыланып, он ішінде бұйрық жасалып, сол
бұйрыққа кәсіпорын басшысы қол қойғаннан

8
кейін жауапты
тұлғаға, яғни есеп беретін адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша
бөлінеді.
Шара аяқталғаннан соң, есеп беруге тиісті тұлға, бұйрықта қаралған
шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін, аванстық алғашқы құжаттарымен
(кассалық ордермен, фискалдық кассаның чектерімен, сатып алу актілерімен,
шоттарымен тағы басқалар) және басшы бекіткен сметаның орындалуы туралы
актісімен бірге бухгалтерияға тапсырады.
Аванс құжаттары мен сметаның орындалуы туралы актісін бекіткен соң,
есеп беруге тиісті тұлғадан қабылданған құжаттың негізінде шығындар сомасы
821,811 шоттардың дебеті мен 333 шоттың кредиті бойынша есептеп
шығарылады.
Есеп беруге тиісті құжаттар есебінен құжатсыз ешқандай ақша қаражаты
есептен шығаруға рұқсат етілмейді.
Өнеркәсіптік шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз
қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе
жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да
шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты
ақшасыз есеп айырысу жолымен төлеу мүмкін емес.
Сондықтан да жоғарыда аталған және олар сол алған ақшасына есеп
беруге тиіс. Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жектен
кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін
тұлғаға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілген сомалар оны
қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде
бухгалтерияға тапсырады.
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің
басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептерін және оларға қоса
тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға
қайтарылады.
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген
аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасын жалақысынан
түгелдей ұстайды. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома
еңбеккерлерге кассадан беріледі. Берілген

9
аванс бойынша есеп айырысудың есебі 35 Берілген аванстар бөлімшесінің
шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар. 351 Тауарлы-
материалдық құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар және
352 Орындалатын жұмыстармен көрсетілген қызметтер үшін берілген
аванстар.
Аванс берілген жағдайда 35-бөлімшенің шоттары дебеттеліп, 441 Есеп
айырысу шотындағы қолма-қол ақша, 431 Ел ішіндегі валюталық шоттағы
қолма-қол ақша шоттары кредиттеледі, сондай-ақ шетелдік валютада
берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 727 шоты
корреспонденцияланады. Тиесілі шоттың кредиті бойынша және 671 шоттың
дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде,
берілген аванс сомалары ескертіледі, сондай-ақ шетелдік валютада
берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты
корреспонденцияланады.
Берілген аванстың есебі басқадай кредиторлық және дебиторлық
қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесіне 351 және 352
шоттары бойынша бөлек жүргізіледі.
333 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің
кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы- материалдық
құндылықтары және тағы басқалар) орнын толтыру бойынша есебі көрініс
табады.
Кем шығудың нәтижесінде кәсіпорын шеккен зияны немесе
құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді. Егер де
заңмен басқа да тәртібі қаралмаса. Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын
саласына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі, яғни кем шыққан
ақшаның немесе мүліктің нақты құнына, ал нақты құны мен нарықтық құнының
ұсталатын ҚҚС (қосылған құн салығы) сомасына 333 шоты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Бухгалтерлік есептің жүргізудің негізгі принциптері
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Ұйымның шығыстарының есебі
Дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі
Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы
Материалдық емес активтер жайлы
Пәндер