Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі
2.2. Іс-сапар бойынша жұмсалған шығыстар есебі.
2.3. Өкілдік шығыстардың есебі
2.4. Материалдық зиян шегудің орын толтыру бойынша есебі
2.5. Басқа да дебиторлық қарыздар

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық
шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты
және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандартында және
субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің
негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айырықша ерекшелігіне
есептің сәйкес келуін қамтамассыз етеді. Есепті жыл соңы баршаға, ең
алдымен жаңа жыл мереке сезімін ұялатады. Алайда бухгалтер үшін жылдың
басталуы, әлбетте оның жұмысындағы ең басты іске байланысты болмақ. Жыл
соңында жылдың жылдық есеп беруге дайындық жұмысы жүргізіледі, барлық
активтер мен міндеттемелер бойынша есепке алудың жай-жапсары тексеріледі.
Бірінші қаңтар бухгалтерлер үшін жаңа уақытты есептеу нүктесі.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерия есептің маңызы мен мәнін айырықша
бағаламауға болмайды.
Экономика саласындағы мамандар, оның ішінде бухгалтерия
қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері
керек. Субъект қызметін бухгалтерлік есепке алуды, нұсқауларды және
басқа да нормативтік актілерді қатаң сақтаулары керек.
2.1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі

Есеп беруге тиісті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іс сапар
шығыстары мен материалдар сатып алу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала алған
кәсіпорынның қызметкерлері саналады. Кассадан шаруашылық және басқа
шығыстарға қолма-қол ақша алуға құқылы лауазымдар мен тұлғалардың тізімін
кәсіпорынның басшысы бекітеді, ал іс сапарларға қаражаттар оның бұйрығы
негізінде беріледі.
Қызмет іс сапары болып тұрақты жұмысынан (кәсіпорынның жайғасу
орнынан) тыс қызмет тапсырмасын орындау үшін ұйым басшысының ұйғарымы
бойынша қызметкердің сапары саналады. Іс сапарына берілетін соманың мөлшері
іс сапардың мерзімі және оның тағайындалу орнымен шектеледі, өйткені
сапардың екі жағына жолақы, іс сапардағы тәуліктік және пәтер ақылар
төленуге жатады.
Қызмет іс сапарларының тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы
Үкіметі Қауылысымен белгіленеді.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу №1250 Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Есепті тұлғаның
кәсіпорын алдында қарызы іс сапар мен алынатын сомалар бойынша есеп беру
мерзімдері өтіп кетпегенше әдеттегінше болып есептеледі.
Бұл қарыз №1250 шоттың дебеті, ал оның жойылуы кредит бойынша
бейнеленеді. Егер барлық алынған ақшалар жұмсалмаған жағдайда, олардың сол
бөлігі кәсіпорынның кассасына қайтарылады (№1010 шоттың дебеті мен №1250
шоттың кредиті бойынша). Егер ақшалар артық жұмсалса және ол шығыстар
құжаттар арқылы дәлелденіп кәсіпорынның басшысымен бекітілсе, онда кассадан
қосымша ақша беріледі.
Қалай болған жағдайда есепті тұлға оған барлық шығындарды
дәлелдейтін құжаттар (көліктерге билеттер, қонақ үйлер мен дүкендердің
шоттары және т.б.) қоса тігілген аванстық есеп жасайды. Егер есепті
тұлғалардың саны көп болса, онда арнайы ведомостарда олардың аналитикалық
есебін жүргізу мүмкін.
Қолма-қол ақшаның келуі мен берілуінің синтетикалық есебін №1010
Кассадағы теңгемен ақша қаражаты активті шотында жүргізіледі. №1010 шот
бойынша сальдо айдың басына кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын көрсетеді.
Дебет бойынша айналым - есеп айырысу шотынан ақшаның келуі, өнімнің
өткізілуі үшін қолма-қол ақшамен төленуі, есепті сомалардың жұмсалмаған
бөлігін кассаға қайтару және т.б. бейнеленеді. Кредит бойынша - қолма-қол
ақшаның жұмсалуы бейнеленеді.
Бұл операцияларды төмендегі сызбаларда бейнелейміз:

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы
Ережелеріне сәйкес кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның ішінде кассадағы
қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс. Түгендеу кезінде
бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-қол ақшаның нақты мөлшері
арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижелерге
апарылуға жатады. Есепте артық сомаға №1010 шоттың дебеті мен №6280 Басқа
да кірістер шотының кредиті бойынша проводка жазылады. Кейін артық ақша
мен айыпты тұлғалар анықталады.
Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарылады. Егер олар
анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот талап арызын
қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің шығындарына (№7210
Әкімшілік шығыстар шотының дебеті мен №3540 Өзге қысқа мерзімді
міндеттемелер шотының кредиті бойынша) проводка арқылы шығыс етіледі. Кем
шығулар сомасына төмендегі проводкалар: №3540 шоттың дебеті мен №1010
шоттың кредиті бойынша, ал ақша төлеу кезінде - №1010 шоттың дебеті мен
№3540 шоттың кредиті бойынша жазылады.
Өнеркәсіптік шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін
қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып
алады. Почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді.
Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп айрысу
жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да
шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол
алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп
беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға
беріледі. Есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомалар оны қуаттайтын
құжаттардың негізінде жұмсалады және бекітілген мерзімінде бухгалтерияға
тапсырады. Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды
субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделген аванс есептері және оларға
қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруге тиісті адамдарға
қайтарылады. Есеп беруге тиісті тұлғалар өздеріне берілген аванстарды толық
қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей
ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге
кассадан беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында іс-сапарда жүргендерге екі ең
төменгі көрсеткіштер деңгейінде тәуліктік ақы төленеді, демалыс және
мейрам, сондай-ақ жолда болаған күндері де қоса есептеледі.
Іс-сапар бойынша шығындар: 1250-1251,1252 шоттарда жүргізіледі. Бұл
шоттар активті, дебитінде көбеюі, кредитінде азаюы көрсетіледі.
Толтырылатын бастапқы құжаттары: іс-сапар куәлігі, бұйрық, аванстық есеп,
№7 журнал ордер.
Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы деп аталатын шотта
жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар
жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде
қызметтегі іс-сапарлары үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар
мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін
ұсталатын сомалар есептеледі. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері
арқылы нақты ақшасыз есеп айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да
жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге
қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруге тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік негізінде жеткен
кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін
тұлғаларға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілген сомалар оны
қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерізімде
бухгалтерияға тапсырады.
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды
субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептерін және
оларға қоса тіркелген құжаттар бойынша қайта рәсімдеу үшін есеп беруші
адамдарға қайтарылады. Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген
аванстарды толық қайтарылмаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан
түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома
еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі
бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің
басқа да кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын - ала
жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы
заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары
өтелетін шығыстар қатарына жатады; Қызметкерлер іс-сапар жөніндегі
шығындарды Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен норма
бойынша өтейді. Өтелетін шығындарға жататындар:
1. Екі жағына жол жүру билеттері
2. Айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы мөлшеріндегі тәуіліктік
белгіленеді.
3. Тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығындар, квитанциялар бойынша, ал
құжаттарын көрсетпеген жағдайда, тұрғын үйді жалдау жөніндегі
шығындар тәуліктің 50%-ы мөлшері есебінде өтеледі.
Қазақстан Республикасының іс-сапарда жүргенде екі ең төменгі
есептік көрсеткіш деңгейдегі тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам,
сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептеледі.
Нақты іс - сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері
бойынша, іс сапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбекқор бірнеше мекен-
жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс
– сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес
келуге тиіс. Әдетте, іс - сапар мерізімі жолда жүрген уақытты есепке
алмағанда қырық күннен аспауы керек.
Іс – сапарға жіберілген қызметкердің үй – жайды жалдауына кеткен
шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде
өтеледі.
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша
белгіленген нормативтік деңгейінде және тиісті құжаттармен
дәлелденген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін кері
жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса бронға кеткен шығыстары да
қоса алынады. Егер де қызметкер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс-
сапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерізімі, мақсаты, орны
анықталады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іс-сапарлар Шетел
валютасындағы іс-сапар шығыстарын өтеу нормалары туралы Қазақстан
Республикасы үкіметі және Республиканың бұйрығымен қызметкер шетелге
қысқа мерізімді іс-сапарға шыққан кездегі іс-сапар шығыстарының сомасы
бекітіледі.
Егер іс-сапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің
валютасына алдын-ала қарағанда смета бойынша төленеді, ал егер де ондай
валюта болмаса, онда еркін конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде аванс бойынша есеп беру керек.
Есепті ай өткен бойда есеп беретін тұлға есеп берілетін соманы
бергені үшін есеп бермейді. Салық органдары тексеру кезінде есеп
берілетін нормалардың уақытылы жабылмауын байқаған жағдайда мұны
бұзушылық деп санайды. Мысалы: Цемент АҚ-ның бұйрығы бойынша бас
бухгалтердің көмекшісі Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 (он бес)
күнге, яғни 5 (бес) қаңтар мен 19 (он тоғыз) қаңтар аралығында 2002 жылы
іс-сапарға жіберілді делік. АҚШ долларының бағамы бойынша ұлттық валютаға
шыққанда, қаңтардың 15 күні сол (15.01.2002 жыл) 150,6 теңгені, ал 19 күні
(19.01.2002 жыл) ол 151,2 теңгені құраған, ал сондай-ақ функт
стерлингтің бағамы да 19 күні 217,91 теңгені құраған. (1 стерлинг үшін)
Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған
аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған
шығындары үшін есеп берген.
Есеп беруші адамдармен есеп айырысу шетел валютасымен жүзеге
асырылуы мүмкін. Есеп беретін тұлғаға шетел валютасында берген кезде 333
шоттың Есеп беруші адамдармен шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша
шоты кредиттеледі.
2. Іс-сапар бойынша жұмсалған шығыстар есебі.

Қызметкерлерді іс-сапарға жіберуді кәсіпорындардың басшылары іс-
сапарға баратын жерді және мекеменің атауын, оның мерзімі мен мақсатын
көрсетіп, бұйрықтың негізінде жүргізіледі. Іс-сапарға жіберілген
қызметкерлерге басшы қол қойған іс-сапарлық куәлік беріледі.
Қызметкерлердің іс-сапар мерізімін кәсіпорын басшылары айқындайды,
алайда, жолда болған уақытты есептемегенде, 40 (қырық) күннен аспауы тиіс.
Қызметтік қажеттілік болған жағдайда іс-сапар мерзімі сол кәсіпорын
басшысының тиісті бұйрығымен ұзартылуы мүмкін. Іс-сапарға жіберілген
адамның тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да
көлік құралымен шыққан күні іс-сапарға кеткен күн деп, ал аталған көлікпен
тұрақты жұмыс орнына келіп жеткен күні келген күн деп есептеледі. Көлікті
қоса алғанда 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін жөнелтілген жағдайда-ағымдағы
тәулік, ал 0 (нөл) сағаттан бастап және одан кейінірек келесі тәулік шыққан
күннен бастап есептеледі. Қызметкер тұрақты жұмыс орнына келіп жатқан
поезд, автобус немесе басқа да көлік құралы нақты келген күн іс-сапардан
келген күн деп есептеледі, бірақ қайткенде де көлік келіп жеткен жерден
елді мекенге дейінгі жол жүру уақытын ескереді.

Қызметкер іс-сапардан тұрақты жұмыс күні аяқталғанға дейін қайтып
оралған жағдайда, сол күні жұмысқа келген уақыты туралы мәселе
әкімшілікпен келісу арқылы шешіледі.

Іс-сапарға жіберілген қызметкер іс-сапарда болған кезде, оның ішінде
жолда болған уақытта, оның жұмыс орны және орташа табысы сақталады.
Қызметкер іс-сапарда болған кезде оның орташа табысы тұрақты жұмыс орны
бойынша белгіленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерінде
сақталады.
Іс-сапарға жіберілген қызметкер уақытша еңбекке жарамсыз болып
қалған жағдайда оның тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары жалпы негізінде
өтеледі және ол өзіне жүктелген тапсырманы орындауға кіріспейінше және
тұрақты жұмыс орнына қайтып оралмайынша барлық уақыт бойы тәулік ақы
төленеді, бірақ ол 40 (қырық) күннен аспауы тиіс. Іс-сапарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
«Шымкент май» ақ-дағы басқа да дебиторлық қарыздарды аудиторлық тексерудің қажеттілігі
Есеп айырысулар түсінігі
Дебиторлық қарыздар бойынша берiлген аванс
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ
Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Пәндер