Еңбек даулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
3. Еңбектік құқықтык қатынастар. Жеке ецбек шарты
Қоғамдық еңбек катынастары саласында қуқықтық еңбек қатынастары ерекше
маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынаста-рының мынандай ерекше белгілері бар:
1) қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді; 2)
кызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше занды фактінің көмегімен жүзеге
асырылады; 3) қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне
бағынуға міндетті; 4) қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай
еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Еңбек.кұқығы пэніне кұқықтық енбек қатанастарынан туын-дайтын және олармен
тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай
қатынастарды жатқы-зуға болады: 1) жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;
2) ұйымдастыру-басқару; 3) әлеуметтік-экономикалық; 4) өнді-рістегі кәсіби
дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі; 5) тәртіптік жазалар
қодцану мен материадцы шы-ғынды, зиянды орнына келтіру; 6) енбек туралы
заңнамалардын сақталуын қацағалау мен бақылау жөнівдегі; 7) еңбек дауларын
қарау женіндегі қатынастар.
Жұмыс беруші мен кызметкердің арасындағы еңбек кдты-настарына кұкыктык,
сипат беретін нормативті құжаттардың бірі жеке еңбек шарты болып табылады.
Жеке еңбек шарты дегеніміз кызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша
нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс
берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе
лауазым бойынша жұмысты орывдауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші кызметкерге
жалақысын және зандар мен тарап-тардын, келісімінде көзделген өзге де
ақшалай төлемдерді уақытавда және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы
завдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтама-сыз етуге
міндетгенеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толган адамдармен жаса-суға жол беріледі.
Орта білім алған не жалпы білім беретін оку орнын тастап кеткен жағдайда он
бес жаскд толған адамдар ата-анасының немесе корғаншысының, қамқоршысының
келісі-мімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Ата-анасының бірінің
(қорғаншысының, қамқоршысының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос
уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын
жүмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Ата-
ананың (корған-шының, қамкоршының) келісімі жазбаша нысанда (өтініш)
беріледі, бұл орайда, ата-ана (корғаншы, қамқоршы) кәмелетке толмаган
адаммен бірге жеке еңбек шартына қол қояды. Он сегіз жасқа толмаған
адамдарды ауыр дене жүмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және
(немесе) қауіпті (өте қауіпті) жұмыстарға кабылдауға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердін, оған тап-сырылатын жүмысқа
сәйкестігін тексеру максатывда тараптар-дың келісімімен сынақ еткізілуі
мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартывда көрсетілуге тиіс. Бүл талап
болмаған жағ-дайда қызметкер жұмысқа сынақсыз кабылданды деп есептеледі.
Сынақмерзімі уш айдан аспауы керек. Егер сынактың мерзімі бітіп,
тараптардың ешқайсысы екінші тарапқа жеке еңбек шартан бүзу туралы
хабарламаса, шарт одан әрі қодданылады және оны жал-пы негіздерде ғана
тоқтатуға жол беріледі.
Жеке еңбек шарты маусым бойынша жұмыс істейтін қыз-меткерлермен де
жасалады. Маусымдық қызметкерлерге бүкіл күнтізбелік жылда емес, алты айдан
аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жүмыс аткаратын кызметкерлер
жатады. Мау-сымдық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезівде кызмет-кердің
оған тапсырылатын жұмыска сәйкестігін тексеру макса-тымен сынак,
белгіленбейді. Жеке еңбек шарты үй шаруашылы-ғында жұі^ыс істеуге (кызмет
ке^сетуге) келіскен уй қызметкер-лерімен де жасалады. Жүмыс берушімен
өзінін материалдары-мен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін не жұмыс
берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, кұрал-саймандар мен
тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты үйінде өз еңбегімен орындайт^Ін уйде
жумыс істейтін қызмет-керлермен және вахталық әдіспен жұмыс істейтін
қызметкерлер-мен де жеке еңбек шарты жасалады.
Жеке еңбек шартының мазмуны төмендегідей жағдайлардан тұрады: 1)
тараптардың реквизитгері; жұмыс беруші - заңцы тұлғаның толық атауы және
орналасқан жері, жұмыс беруші — занды тұлғаның құрылтай кұжаттарының
мемлекеттік тіркеу немірі мен уақыты; жұмыс берушінің (онын өкілінің) тегі,
есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын кұжатта көрсетілсе) және
қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда онын тұрақты тұрғылықты
жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі,
берілген күні; қызметкердіңтегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын
куәлан-дыратан құжатга көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжат-тың
атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке қодының нөмірі (ӘЖК),
салықтөлеушініңтіркелу нөмірі (СТН); 2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет,
мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 3) жеке еңбек шартының мерзімі; 4) еңбек
міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн; 5) еңбек жағдайларынын сипаттамала-
ры, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиян-ды) немесе
қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін
кепіддіктер мен өтемақылар; 6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке акы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары; 8) жұмыс берушінің
құқықта-ры мен міндеттері; 9) қызметкердің кұкықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі; 12) тараптар-дың
жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасаскднда тарап-тардың осы шартты
мерзімінен бұрын бүзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін.
Тараптардың келісімі бойын-ша жеке еңбек шартына езге де жағдайлардың
енгізілуі мүмкін. Жұмыс беруші қызметкерден осы Занда және Қазақстан Рес-
публикасының өзге де заңнамалык актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда
жеке еңбек шартывда келісілмеген жұмыс-- ты атқаруды талап етуге құкылы
емес.
Жеке еңбек шарты: 1) белгісіз мерзімге; 2) бір жылдан кем емес белгілі бір
мерзімге; 3) алда түрған жұмыс сипатының кыска
мерзімділігіне немесе оны орывдау шартына байланысты, сон-дай-ак уакытша
жүмыста жок қызметкерді ауыстыру уақытына бір жылдан кем белгілі бір
мерзімге жасалуы мүмкін.
Қызметкермен жеке еңбек шарты кайталап жасалған жағдай-да ол
белгіленбегенмерзімгежЭіСаптт деп есептеледі. Егер тарап-тардың ешқайсысы
еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байла-нысты бір жылдан кем емес белгілі
бір мерзімге жасалған жеке еңбек шартын токтатуды талап етпесе және еңбек
қатынастары іс жүзінде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгілен-
бегенмерзімге жасалған деп есептеледі. Егер жеке еңбек шартывда оның
қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жа-салған деп
есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіліп жасалады
және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар кол
қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартында көрсетілген
жұмыстың басталу күні кызметкердің еңбек міндетгерін орындауының басталуы
деп есептеледі. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін жүмыс беруші қызметкерді
жұмысқа қабылдау туралы буйрық шығаруға мівдетті, ол қызметкерге қол
койғызылып хабардар етіледі.
Жекееңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші кызметкердің еңбек қызметін
растайтын қүжаттарды, жеке басының куәлігін (төлқұжатын), әлеуметтік жеке
кодының берілгені туралы куәлікті, он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы
туралы куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және завдарда
көзделген өзге де кұжаттарды талап етуге кұқылы. Қызметкердің бірнеше жұмыс
берушімен жүмыс уақыты ұзақ-тығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек
шартын жаса-суға құқығы бар. Үйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның
меншік иесі не меншік иесі уәкілдік берген адам не-месе орган ұйымның
құрылтай кұжатгарында немесе тараптар-дың келісімінде белгіленген мерзімге
жасасады. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толыктырулар енгізу оны жасасу
үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шартын жасасу кезіңце кызметкердің оған тап-сырылатын жұмыска
сәйкестігін тексеру мақсатында тараптар-дың келісімімен сынак, өткізілуі
мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс. Бұл талап
болмаған жағдайда қызметкер жұмыска сынақсыз қабылданды деп есептеледі.
Сынақ кезеңівде кызметкерлерге осы Заннын нормалары, жекееңбек, ұжымдык
шарттардың талаптары колданылады. Сынак, мерзімін үш айдан асыруға
болмайды. Кызметкер-дәлелді себеп-термен жұмыста болмаған кезең сынак
мерзіміне есептелмейді. Жеке еңбек шартыц тоқтату мен бузу негіздері. Жеке
енбек шарты: 1) мерзімінің бітуі бойынша; 2) тараптардын еркіне бай-ланысты
емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін. Жеке еңбек шарты: 1) тараптардың
келісімі бойынша; 2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша; 3) заң
актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін. Тараптар
жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бузылуы мүмкін.
Қызметкер мен жұмыс берушінің жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың
келісімі бойынша бұзудың негізі болып табылады. Жеке енбек шарты
тараптардың бірінің бастамасы-мен, егер бұл тарап екінші тарапкд жеке еңбек
шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкін. Бір та-
раптың екінші тарапқа ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзыл-ған кезге
дейін бір айдан кем болмауы керек.
Жеке еңбек шартын, жүмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың негіздері.
Жеке еңбек шарты: 1) ұйым (занды тұлға) та-ратылған, жұмыс берушінің (жеке
адамның) қызметі тоқтаған; 2) қызметкерлердің саны немесе штаты
қысқартылған; 3) жеке еңбек шартыныңқолданылу мерзімі немесе сынау мерзімі
ішінде кызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір
жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулык жағдайы садцарынан
атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысы-на сәйкессіздігі аңғарылған;
4) жүктілігі және бала тууы бойын-ша демалыста болу уақытын есептемегенде,
еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республика-
сының заңнамасывда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздық-тың неғұрлым ұзақ
мерзімі белгіленбесе, жүмысқа катарынан екі айдан астам уақыт бойы келмеген
жағдайда бүзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе
кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан кызметкердің жұмыс орны (қызметі)
еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін
сақталады; 5) қызметкер ұйым-мен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан; 6)
қызметкер ден-_ саулық жағдайы бойынша неғұрлым жеңіл басқа жұмыска ауыс-
тырудан бас тартқан жағдайда; 7) еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты
жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
8) егер кызметкер тәртіптік жаза алған болса, ол еңбек міндеттерін дәлелді
себептерсіз кдйталап орындамаған; 9) қыз-меткер еңбек міндеттерін бір рет
өрескел бұзған жағдайда бұзы-луы мүмкін. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір
рет өрескел бұзуына: бір жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен катарынан үш
сағат және одан да кеп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмыс-қа алкогольден,
есірткіден, уыттанудан масаң күйде келуі; жүмыс күні ішінде алкогольден,
есірткіден, уыттанудан (соларға үксас заттардан) масан жағдайды туғызатын
заттарды пайдалануы; қызметкердің еңбекті қорғау немесе өрт кауіпсіздігі не
көлікте жүру қауіпсіздігі ережелерін, жарақат алу мен аварияларды қоса
алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін болатындай
бүзуы; жүмыс орнында занды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен
анықгалған мүлікті үрлауы (соның ішінде ұсак затгарды) жатады; 10) егер іс-
әрекеті оған жүмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына негіз болса,
ақшалай немесе тауарлык құндылықтармен тікелей қызмет ететін қыз-меткер
кінәлі іс-әрекет жасаған; 11) тәрбиешілік мівдетті атқа-рушы қызметкер
аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспай-тын жат қылык, жасаған; 12)
кызметкерге еңбек міндеттерін ат-қаруымен байланысты белгілі болған
мемлекеттік, қызметтік, коммерциялык мәліметтерді немесе заңмен корғалатын
өзге де құпияларды жария еткен; 13) іркіліске байланысты басқа жұмыс-ка
уакытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тарт-қан; 14) бүрын осы
жұмысты орывдап келген кызметкер сот шешімімен жүмысына кайта алынған; 15)
қызметкерге мемле-кеттік кұпияларға рұксат беру токтатылған жағдайда жұмыс
берушінің бастамасы бойынша бүзылуы мүмкін.
Жеке ецбек шартының қызметкердің бастамасы бойынша бұзылуы. Қызметкер жеке
еңбек шартын бұзатындығы туралы кемінде бір ай бүрын жүмыс берушіге жазбаша
түрде ескерте отырып, оны бұзуға күкылы. Ескерту мерзімі біткен соң қыз-
меткер жүмысын тоқтатуға күкылы. Жүмыс беруші жұмыстын соңғы күні
кызметкердін талап етуі бойынша еңбек кітапшасын және онын баска да
құжатгарын беруге, совдай-ақ Қазакстан Республикасынын заңнамасы мен
ұжымдык шартка сәйкес оған тиесілі барлык сомалар төлемін жүргізуге
мівдетті. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзімі
біткенге дейін бұзылуы мүмкін.
Маусымдык жұмыстармен айналысатын тараптын екінші та-рапты бүл туралы бір
апта бүрын ескертіп, жеке еңбек шартын өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын
бұзуға құкығы бар. Мау-сымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмые
берушінің бастамасымен (осы Занда көзделген басқа негіздерді қоспаған-да),
совдай-ак: 1) жұмыс^ерушідегі жұмысты өңдірістік сипат-тағы себептер
бойынша екі аптадан астам мерзімге тоқтатқан; 2) дәлелді себепсіз бір жұмыс
күні ішінде жұмыс орнывда бол-маған және еңбекке уақытша жарамсыздығы
себепті бір ай бойы жұмыста үздіксіз болмаған жағдайларда да бұзылуы
мүмкін.
Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша
тоқтату. Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-
жайлар бойынша: 1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде кұжатын
көрсеткевде үш күн мерзімде; 2) кызметкер жазаға тартылған сот үкімі занды
күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі бол-мағанда; 3)
қызметкер кайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған
немесе хабар-ошарсыз кетті деп та-ныған жағдайда; 4) сот қызметкерді
әрекетке қабілетсіз немесе әрекет кдбілеті шектеулі, соның салдарынан
қызметкердің бұрьш-ғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған
жағдай-да тоқтатылуға тиіс.
Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылда емес,
алты айдаң"аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жүмыс атқаратын
қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады. Маусымдық жүмыстармен
ай-налысатын тараптың екінші тарапты бүл туралы бір апта бұрын ескертіп,
жеке еңбек шартын өз капауы бойынша мерзімінен бұрын бүзуға құқығы бар.
Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен
(осы Занда көздел-ген басқа негіздерді қоспағанда), совдай-ақ: 1) жұмыс
берушідегі жұмысты өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан астам
мерзімге токтатқан; 2) дәлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде жұмыс орнында
болмаған және еңбекке уақытша жарам-сыздығы себепті бір ай бойы жұмыста
үздіксіз болмаған жағдай-ларда да бұзылуы мүмкін.
Жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс істеуге (кызмет
көрсетуге) жеке еңбек шартын жасаскдн қызметкерлер уй қызметкерлері деп
танылады. Жұмыс беруші-мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе
жұмыс беруші бөлетін не жұмыс берушінің каражаты есебінен сатып алына-тын
жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерін пайдалана
отырып, жүмысты үйінде өз енбегімен орындау туралы жеке еңбек шартын
жасаскан адамдар уйде жумыс істейтін қызмет-керлер деп саналады.
Объектідегі жұмысты орындау мен вахталық поселкедегі ауысым арасындағы
демалыс кезеңі күнтізбелік он бес күннен аспауы керек. Жүмыс беруші
жекелеген объектілерде вахтаның үзактығын ерекше жағдайларда үйым
қызметкерлерінін екілдері-мен келісім бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін
белгілей алады.
Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін
орындауға міндетті уакыт жүмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтығы аптасьша 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында
тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі
мүмкін.
Кызметкерлердің жекелеген санатгары үшін жұмыс уақыты-ның қысқартылған
ұзақтығы: 1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін -
аптасына 24 сағаттан; он алтьщан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36
сағаттан аспайтын; 2) ауыр дене жұмыстарывда және еңбек жағдайлары зиянды
(өте зиян-ды) жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 са-ғаттан
аспайтын болып белгіленеді. Жұмыс істеу жұмыс уақыты-ның ұзақтығын
қыскдртуға қүкык, беретін өндірістердің, цехтар-дың, кәсіптер мен
қызметтердің тізімін, сондай-ак еңбек жағ-дайлары зиянды (өте зиянды) және
(немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Бес кундік жумыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) үзақтығы
жұмыс берушінің актісімен немесе кызметкерлердің өкіддерімен келісе отырып
және жүмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші
бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді. Өндірісінің сипаты мен жұмыс
жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір
күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты кундік жумыс
аптасы кезінде күвделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда
- 7 сағат-тан аспауға, апталык норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және
апталык норма 24 сағат болғанда - 4 сағатган аспауға тиіс. Бес күндік
немесе алты күндік жүмыс аптасын еңбек немесе ұжым-дык шартгардың
талаптарымен жүмыс беруші белгілейді. 22 сағатган бастап таңғы сағат 6-ға
дейінгі уақыт тунгіуақыт болып есептеледі. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта
жұмыс іотеуге тартуға олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі
уакытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытга
жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытын-дысы болған жағдайда өзге
де адамдар жіберілмейді. Түнгі уакыт-тағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір
жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Аптасына 40 және күніне 7 сағатган артық істелген жұмыс-тар мерзімнен тыс
жумыстар деп есептеледі. Әрбір кьізметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір
күнтізбелік күн ішінде екі са-ғаттан (ауыр дене жұмыстарында және еңбек
жағдайлары зиян-ды және (немесе) қауіпті жұмыстарда - бір сағаттан) аспауға
тиіс. Бұл ретте мерзімнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы аптасына терт
сағаттан, ал ауыр дене еңбегі мен еңбек жағдай-лары зиянды және (немесе)
кауіпті жүмыстарда аптасына екі сағаттан аспауға тиіс. Еңбек жағдайлары өте
зиянды және ете кауіпті кезде мерзімнен тыс жұмыстарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек дауларының ұғымы
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Еңбек дауларының келісім комиссияларында қарау тәртібі
Еңбек дауларын соттан тыс (сотқа дейінгі) қарастыру
Еңбек дауларын қарау
Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері
Еңбек даулары қорғау жөніндегі органдары
Еңбек дауларын қарастыратын органдар. Олардың құзыреті және ведомстволығы
Еңбек дауларының үғымы және себептері
Қазақстан Республикасындағы еңбек даулары және оларды шешу тәртібі: теория және практика мәселелері
Пәндер