Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың
барлық түрінде еңбек ететін қызметкерлердің еңбегін қорғау, өндірістегі
жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті
және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргі-зілетін
ұлттық саясаттың негізгі принциптерін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
22 қаңтарда қабылданған Еңбекті корғау туралы Заңы жүзеге асырады. Сондай-
ақ бүл заң Конституцияның 29-бабында белгіленген Казақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыруды да қамтамасыз етуді
көздейді.

Негізгі бөлім
1. Еңбекті қорғау үғымы және оны үйымдастыру қағидаттары
еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің
негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс
қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, үйымдастыру,
техникалық-гигиеналық және емдеу - алдын алу шаралары.
еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді^
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс қимылының бірлігін көздейді. Бүл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің)
толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
— еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен
үлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
— қауіпсіз техника, технология мен жүмыс істеушілерді қорғау
құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жүмыстарын әзірлеу мен
енгізуді ынталандыруға;
— мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
— кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын
қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің — еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
— кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау түрғысынан лицензиялауға;
— өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
— мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жүмыс орындарындағы
еңбек жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын
кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын
бағалауға;
— меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және
аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу алдын алу тамағымен
қамтамасыз етуге;
— өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды
тексеру мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби
аурудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар
туралы қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
— өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен
қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
— жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен
қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
— еңбекшілердің, жүмыс берушілердің өкілетті үйымдарының, қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға;
— еңбекті қорғау проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастыққа
(Еңбекті қорғау туралы Заңның 4-бабы).
Кәсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен фермерлік
шаруашылықтармен және меншігі мен шаруашылық жүргізуі әртүрлі тұрпаттағы
ұйымдармен, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын
барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және
өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта
оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери
қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер; үкімнің
орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде
сот үкімімен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғамұйымдастырылған еңбек
қызметігің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен азаматтары халықаралық
шарттар немесе келісімдер негізінде шетелде жұмыс атқарғанда оларда еңбекті
қорғау жөнінде белгіленген халықаралық нормалардан кем емес талаптар
көзделеді.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс
істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбекті қорғауға
республика азаматтарымен бірдей құқығы бар.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел азаматтары
мен шетелде жұмыс істейтін республика азаматтарының еңбекті қорғау
саласындағы қатынастарын реттеудің ерекшеліктері мүдделі тараптардың
келісімімен белгіленеді.

2. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада ұлттық саясаттың
қағидаттарын жүзеге асыруы, осы салада зандар және басқа да нормативтік
актілер әзірлеу, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарына, еңбек технологиясы
мен оны үйымдастыруға, еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да
нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру мен
жүзеге асыруға қойылатын талаптарды іске асыру болып табылады.
Еңбек зандарында еңбекті қорғауды мемлекеттік басқарудың негізгі
қызметтері айқындалған:
— еңбекті қорғау жөніндегі салааралық нормативтік актілерді,
стандарттарды, ережелерді, нормалар мен заң актілерінің жобаларын әзірлеу
және бекіту;
— еңбек жағдайы және оны қорғау саласында мемлекеттік максатты
бағдарламалар әзірлеу;
— еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау құралдарын өндіру
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін жасау;
— еңбекті қорғау проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу, осы
мақсатта тиісті ғылыми ұйымдар қүру;
— өндірістегі жазатайым жағдай мен кәсіби ауруларды есепке алудың
бірыңғай тәртібін белгілеу, еңбек жағдайы мен оны қорғау жөнінде есеп
берудің келісілген бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу, басқарудың
автоматтандырылған жүйесі негізінде еңбек жағдайының және оны қорғаудың
жайы туралы ақпарат базасын жасау;
— республикада еңбекті қорғаудың жайы, авариялардың, өндірістік
жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері туралы жыл сайын ақпарат
дайындау және халықты хабардар ету; республикада еңбек қорғаудың
нәсихатталуын үйымдастыру;
— өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды болдырмау мәселелері
жөніндегі қызметті үйлестіру, келісілген шаралар өткізу;
— еңбекті қорғау құрал-жабдыктарын жасап, шығаруды, кәсіпорындардың
бүл істегі экономикалық мүдделілігін туғызу;
— республикалық бюджеттен еңбекті қорғауға арналған қаржы бөлуді
жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және баска мемлекеттік басқару
органдары еңбекті қорғау саласындағы үлттық саясатты қалыптастырады және
оның іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын
жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді, министрліктер мен
мемлекеттік басқарудың басқа да орталық органдарының салауатты және
қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөніндегі кызметтерін белгілейді, еңбекті
қорғау шығындарын қаржыландыру тәртібін айқындайды. Арнайы өкілетті орган
болып Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі табылады.
Әр кәсіпорында олардың үйымдық-қүқықтық нысаны мен меншік түріне
қарамастан еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті қорғау
жөніндегі қызметтер өз жүмысын тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті
қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сәйкес жүргізеді.
Еңбекті қорғау кызметі өзінің мәртебесі жанынан негізгі өндірістік
қызметтермен теңеседі және кәсіпорын басшысына (иесіне) бағынады. Бүл
қызметтер кәсіпорындар жаңадан қүратын ассоциацияларда, корпорацияларда,
концерндерде және басқа да бірлестіктерде қүрылуға тиіс.
Еңбекті қорғау қызметінің мамандары қүрылымдық бөлімшелердің
басшыларына анықталған тәртіп бүзушылықты жою туралы міндетті түрде
орындалатын бүйрықтар беруге және кәсіпорындардың басшыларына еңбекті
корғау туралы занды бүзған адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге
міндетті. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнген
жағдайларда еңбекті қорғау қызметтерінің мамандары жұмыста анықталған
тәртіп бұзушылықжойылғанға дейін тоқтата тұруға қақылы.
Еңбекті қорғау қызметтері кәсіпорын өз қызметін тоқтатқан ретте ғана
таратылады.
Еңбек туралы зандардың, оның ішінде еңбекті қорғауды еңбек жөніндегі
уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Еңбек
жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын еңбек инспекторларының
құзыретіне мыналар енеді:
1) ұйымдарда Еңбек туралы Заңның және еңбек қатынастарын реттейтін
өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын шағымдарды тексерулер мен
зерттеулер арқылы бақылауды жүзеге асыру;
2) еңбек туралы зандардың бұзылу себептерін анықтау мен талдау;
3) бақылаудың нәтижелері бойынша ұйғарымдар беру;
4) еңбек туралы зандардың сақталуын бақылаудың нысан-дары мен
әдістерінің жетілдіру мәселелері жөніндегі шаралар-ды әзірлеу;
5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимыл жасау (ЕтЗ-ның 103-бабы).
Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдарда
еңбек туралы зандардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін еңбек
жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу
туралы белгіленген тәртіппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда
үйымдарға баруға; қызметкер мен жүмыс берушіден заңда көзделген қүжаттар
мен мәліметтер алуға; тәртіп бүзушылық туралы актілер жасауға, заңның
бүзылуын жою туралы үйғарымдар беруге, сотқа талап арызын беруге;
анықталған еңбек туралы зандардың бұзылуына арналған қүжаттарды ресімдеу
кезінде белгіленген үлгідегі фирмалық бланкілерді, мөртаңбаларды
пайдалануға қүқығы бар.
Еңбек туралы зандардың талаптары бүзылуының анықталуына қарай
бақылаудың нәтижелері бойынша нақты қүқықтық ықпал ету шараларын қолдану
мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары занда қарастырылған еңбек
жағдайларының анықталған бүзылуын жою туралы үйғарым береді.
Ұйғарымдардың нысандары мен оларды беру тәртібін Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
белгілейді. Еңбек туралы зандар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге
асыратын мемлекеттік енбек инспекторлары берген үйғарымдар меншік
нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне зандарда белгіленген
тәртіппен шағым жасалады. Шағым жасалу берілген үйғарымдардың орындалуын
тоқтата түрмайды (ЕтЗ-ның 107-бабы).

3. Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Мемлекет уәкілдік берген органдар арқылы ғылымға негізделген
стандарттар, ережелер мен нормалар негізінде өндірістегі қауіпсіз еңбекті
қамтамасыз етуге қажетті талаптар белгілейді. Жүмыс берушілерге еңбекті
қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын, сонымен қатар үжымдық шарттарда
белгіленген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі. Сондай-ақ
жүмыс берушілер еңбекті қорғау жөнінде қажетті нүсқаулар әзірлейді. Ал
кәсіпорындарда істейтін қызметкерлер тиісті заң және нормативтік актілерде,
нүсқауларда, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі
ережелер мен нормалар талаптарын сақтауға міндеттенеді.
Кәсіпорынды жобалағанда, салынғанда және пайдаланғанда еңбекті қорғау
талаптарын қамтамасыз ету. Ағымдағы еңбек зандарына байланысты еңбекті
қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің, нормалардың
талаптарына саи келмейтін өндірістік үйлер мен ғимараттарды жобалауға,
салуға, қайта жаңғыртуға, машиналарды, механизмдердің жабдықтары мен басқа
да бұйымдардың, соның ішінде шетелден сатып алынған бүйымдардың
технологиясын жасауға және шығаруға, конструкциялауға және әзірлеуге рұқсат
етілмейді. Адамның организмі мен денсаулығына әсер ететін токсикологиялық
бағалаудан өтпеген заттарды, шикізатты, материалдарды қолдануға тыйым
салынады.
Жасалған жобалардың еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларының талаптарына
сәйкес келетіндігі мемлекеттік сараптамадан, ал тәжірибе үлгілері
мемлекеттік сынақтан өткізілуге тиіс.
Белгіленген тәртіппен берілген қауіпсіздік талаптарына сай сертификаты
жоқ жаңа немесе қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, объектіні, өндіріс
құралын немесе өнімнің басқа түрін қабылдауға және пайдалануға беруге
болмайды. Мемлекет машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, басқа да
мемлекет мүддесі үшін бұйымдарды, сондай-ақ технологияларды, соның ішінде
шетелден сатып алынған технологияларды сертификаттау жүйесінің жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін кәсіпорынның, цехтың,
учасксін жұмысы, өндіріс құралдарын немесе өнімдерді пайдалануға беру олар
осы талаптарға сай келтірілгенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
Кәсіпорынға жаңа қауіпті заттар келіп түскенде немесе олардың саны
қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды талап ететін болса, жұмыс беруші бұл
туралы қадағалау органдарына дер кезінде хабарлауға міндетті.

Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау.
Мемлекет жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен еңбек
кауіпсіздігі жөніндегі мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл оқу орындары экономика салаларындағы
өндірістердің ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің Еңбекті қорғау
курсын міндетті түрде оқып үйренуін жүзеге асыруға тиіс.
Еңбекті қорғауды қаржыландыру. Еңбекті қорғауды қаржыландыру
мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар,
кәсіпорындардың қаржылары, басқа да қаржы көздері есебінен жүзеге
асырылады. Қызметкерлер бүл мақсатқа шығын жүмсамайды. Әрбір кәсіпорын жыл
сайын еңбекті қорғауға қажетті қаржы бөледі, оның көлемі ұжымдық шартта
белгіленеді. Кәсіпорындар шаруашылық жүргізуден, коммерциялық, сыртқы
экономикалық және өзге де қызметтен, сондай-ақ басқа көздерден түскен пайда
(табыс) есебінен еңбекті қорғау жөніндегі қорларды қосымша құруға қақылы.
Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету. Жұмыс беруші кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды үйымдастырады және
оның корытындылары туралы еңбек ұжымдарына дер кезінде хабарлап отыруға
міндетті. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын кәсіпорындарда
қамтамасыз ету жөніндегі және еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды,
ережелерді, нормалар мен нүсқауларды қызметкерлердің сақтауы жөніндегі
жүмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта белгіленеді.
Мемлекеттік баскару органдары белгілеген нормалардан кем емес және
ұжымдык шарт негізінде қызметкерлерге меншік иесі есебінен арнаулы киім,
аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау
материалдары, сүт, емдеу - алдын алу тамағы беріледі.
Әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғау. Заңда
әйелдер мен 18 жаска толмаған адамдардың еңбегін зиянды және кауіпті еңбек
жағдайы бар жұмыстарға, сондай-ақ ауыр жүкті көтеру және оны қолмен тасуға
байланысты жұмыстарға пайдалануға белгіленген тәртіппен шек қойылған. Бұл
жағдайларда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру
құралдарын басқа да жабдықтарды өндірісте пайдалануға ықпал етуі міндетті.
Егер ауыр жүкті көтеру мен тасу кезінде жүк денсаулыққа зиян келтіретін
болса, қолмен тасу тоқтатылуға тиіс. Еңбек заңдары жүкті әйелдердің еңбегін
ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға қолдануға тыйым
салады. Заңдарда белгіленген тәртіппен медициналық корытындыға сәйкес жүкті
әйелдер өндірістің қауіпті және зиянды факторлары әсерін болдырмайтын басқа
жеңілірек жүмысқа ауыстырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен ауыр
жүкті көтеру мен қолмен тасудың әйелдер үшін жаңа нормасы бекітілген.
Рұқсат етілген жүк салмағы 10 килограмнан, қолмен көтеріп тасу салмағы
килограмнан аспауы тиіс. Барлық әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдар
жүмысқа алдын ала медициналық тексеруден кейін ғана қабыл-данады және
келешекте әйелдер 45 жасқа, кәмелетке жетпегендер 18 жасқа толғанша жыл
сайын міндетті медициналық тексеруден өтіп тұрулары керек.

4. Қызметкердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері
Еңбек зандары азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа
қабылдауға тыйым салады. Тараптар жасасатын еңбек контрактісінің шарттары
еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің
талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Еңбек шартында жүмыс орнының кауіпті және
зиянды өндірістік факторлармен қоса сенімді сипаттамасы көрсетіліп, осындай
жағдайлардағы жүмыс үшін заңдарда және ұжымдық шартта көзделген жеңілдіктер
мен өтемдер көрсетілуге тиіс. Жүмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайлары
зиянды және қауіпті жұмыска қабылдаған кезде оны кәсіби аурудың пайда болу
мүмкіндігінің неғұрлым ықтимал мерзімі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары
Еңбекті қорғауды басқару кәсіпорында тиіс кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болу
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
ЕҢБЕКТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
Пәндер