ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ------------------------
----------------------------------- -------------------------------5

1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау-----------5
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс----------------------------- ----------
------8
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы---------------------------- -------------
------12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------- ----------------
----------------------------------- 14

2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы---------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------14
2.2 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының жағдайы мен мәселелері--------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------19
2.3 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму перспективалары----------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------21

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------------27

КІРІСПЕ

18 ақпан күні 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты:
Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір
сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз
бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер
өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз
бүгінгідей биікке көтерілдік.
Зерттеудің өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы
күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді
стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та
тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде
анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында
күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы
құрылымдық даму стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық
экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің
орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары
өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі
заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын
мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті
анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
- біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға,
жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
- екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі
және жалпы экономика тиімділігі артады;
- үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі
артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің
мүмкіншіліктері кеңейеді.
Зерттеудің мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек
нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс
күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп
қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді
және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси –
экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның
ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің
нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді
және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша
бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету.
Астана қаласының ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамаларында еңбекті жүзеге асыру
үшін шетелдік мамандарды жұмылдыруда белгіленген бір қатар шектеулер
қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылдың 20 қаңтардағы №55
Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
жұмылдыруға жұмыс берушілерге рұқсат беру тәртібі және шарттары, үлесін
анықтау ережесіне сәйкес аймаққа шетелдік жұмыс күшін әкелу жыл сайын
үкіметпен бекітілген үлеспен шектелген. Халықты жұмыспен қамту туралы
қолданыстағы заңнамалармен белгіленген шет елдік жұмыс күшін әкелудегі бұл
шектеулер, қазақстандық мамандарға өз еңбек құқықтарын іске асыруда тең
болуға, сондай-ақ шетелдік мамандар қажеттілігін қатаң анықтауға мүмкіндік
туғызады.
Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және
қорытындыдан тұрады.

І. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1.1. Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау

Еңбек нарығы, яғни жұмыссыздық мәселесі – экономикалық теорияның
бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты
әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория
жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді.
Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен
түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы
деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері – монетаристер - осы
көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден, -
техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1934) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда ол былай деп жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриялық
прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен
өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек
арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны – 1,2,4,8,16,32 ж. т.б..
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі)
XVII-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғындар сан. Тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан
иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітабында
былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық
негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын
экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның
төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының
салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың
қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен
түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол
үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру
үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері XX-шы ғасырдың 30-шы
жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық –
жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен
тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным
төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің
профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы
шыққан Жұмыссыздық теория кітабында баяндады. Алайда XX-шы ғасырдың 30-
жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі
барынша айқындала түсті. Қазіргі
жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы
теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс
жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып,
өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті
ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист
Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық
түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисығы аталды (1 – суретте –
көрсетілген).

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнның капиталға айналуында (қосымша
ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың
техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның
өзі қосымша құнның еңбек құрал – саймандарын көбірек алуға үлесі артады,
ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына
алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып,
өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.
... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды
К. Маркс, - құрал – жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп
оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды.
Егер капиталға материалдық – заттық түрінің көзқарасымен қарасақ,
онда өндіріс құрал – жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін
жұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық құрылымы деп аталады.
Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок 100
жұмысшы
Капитал тек қана материалдық – заттық түрге ие болып қалмай,
сондай – ақ құндық түргеде ие болады. Осы тұрғыдан мынандай тепе – теңдікті
құрамыз:
100 станок = 800 с
100 жұмысшы = 200 v, немесе 100 с 100 ж = 800 с 200 v
Капиталдың 800 с: 200 v (с:v) қатынасы құндық құрылымы деп
аталады. Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
құрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы – бұл
капиталдың техникалық құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің
дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни
тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.

1.2. Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің
әлеуметтік – экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс
күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды
көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы
алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты
қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері. еңбек нарығының
мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы
анықталады. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы
нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс
күшін пайдалану негізінде қалай қызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің
еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті
қамтамасыз ету пайда болады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс
сияқтанған жылдамдықпен қайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы,
сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу
өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде
институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады.
Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың
болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарығы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа
негізделген. Сұраныс – бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс
орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған
жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс
істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс
берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің
сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына
сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы
жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі,
бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім
сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны
(шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын
(отанын қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын
бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту
саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу
бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен,
бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі
топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын
жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады.
Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары
бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет
толық өз мойынына алады.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып
табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген
сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала
шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы
жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және
тепе – теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда
еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным
қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы,
әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

Q4 еңбектің саны

Сурет № 2. Жекеленген еңбек нарығы.

2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе –
теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының
ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе –
теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (WP).
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды
тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа
өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда
жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
- халықтың мөлшерімен;
- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың
үлесімен;
- жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық
деңгейімен квалификациясымен .
Жалақының тепе – теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы
болады. Тепе – теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің
өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын
жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен
жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды. Барлық
экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген,
жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы
мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен
басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе –
теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа
байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді.

1.3. Еңбек нарығы және еңбек биржасы

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын- дардың
жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған
елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында
адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және
бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек
білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру
жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет
көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.
Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып,
биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. еңбек биржасы беретін жұмысқа
жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық
сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар
және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Адам факторының ықпалы кәсіпорын жұмысының икемділігін арттырудағы
негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту;
кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және
икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және ағлақтық бағалылығын
жетілдіру.
Еңбек рыногы – бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші
тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен
жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы – экономика жағдайын көрсетудің
айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,
жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – биліктілік, демографиялық және
басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.
Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған
жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек
рыногы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы
біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орының бағасы өседі,
жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі.
Рынок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол
еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты
ынталандырады.
Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға
әсер етелді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.
Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа
қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын
мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен оның
өндіріс құрал – жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс
күшінің өндіріс құрал – жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен – сатып алу –
сату жолы арқылы жүзеге асады.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ

2.1. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар
түрінде сату – сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз
көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады,
жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал,
аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына
себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының
шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер
сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің
сатып алушылары болады.
Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі
өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты
жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет
ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал –
жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі
өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін
тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек
нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбекпен толық және тиімді қамту
Халықты жұмыспен қамту
Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық
Жастарды еңбекке баулу
Жамбыл облысындағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Пәндер