Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
plОӘЖ 331.6(574.52) Қолжазба
құқығында

КАЙРАНБЕКОВ БАУРЖАН ОКТАШЕВИЧ

Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
(Жамбыл облысы материалдары бойынша)

08.00. 05- Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар және қызмет сфералары бойынша)

Автореферат

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика
ғылымдарының докторы,

профессор С.Д.Тәжібаев

Ресми оппоненттер: экономика
ғылымдарының докторы,

профессор, С.Х.Берешев

экономика ғылымдарының кандидаты,
А.О.Демеубаева

Жетекші ұйым: Қазақ ұлттық
аграрлық университеті

Қорғау 2009 жылы 23 мамырда 14-00 сағатта Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қоғау жөніндегі Д
14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 22 сәуір 2009 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, профессор Ж.С.Раимбеков
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді
әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді
және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты
әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке
қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында
шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі
олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру
бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық
жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа
нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату –
сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса,
екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа
шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті
дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың
еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның
дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз
еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе,
Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде
мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған.
Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің
үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған
елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты
жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың
әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер:
Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов,
Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев,
А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова, А.Қ.Мейірбеков,
А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров, Ж.Ж.Сүлейменов,
С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-
жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Жамбыл облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту
деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты
ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді
облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде
зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу
жұмыстарын қажет етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік
материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты
Жамбыл облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды
жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Диссертациялық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне
сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық
-әдістемелік негіздерін зерттеу;
-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік –
экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын
қарастыру;
-Жамбыл облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап,
тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының
қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын
негіздеу.
Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың
жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеу нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған
экономикалық қатынатар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын
реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми
жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен
қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық
органдардың ресми мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы
талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық
болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының,
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің, Жамбыл облысы статистикалық басқармасының және Жамбыл
облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын
құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Облыстың еңбек нарығын реттеу
және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда
белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:
-еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық
негіздері қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;
- еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету
тетіктері және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;
-Жамбыл облысындағы еңбек нарығын реттеудің қазіргі жағдайына талдау
жасалып, еңбек нарығына әсер ететін факторлары айқындалды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға
ұсыныстар негізделді;
- Экономикалық-математикалық үлгі жасау арқылы халықты жұмыспен қамтуды
жетілдіруге ұсыныстар жасалды.
Қорғауға шығарылған диссертацияның ғылыми тұстары:
-Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығын ретеу және халықты жұмыспен
қамтудың ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдірудің бағыттары
анықталды;
- еңбек нарығы көрсеткіштерін болжаудың экономика-математикалық үлгісі
құрастырылып облыстағы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныс ретінде
болжам жасалынды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен
мазмұны ашылып, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары
ұсынылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы
тұжырымдар мен ұсыныстар еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыпен қамту
мәселелерін шешуде теориялық жүзінде қолдануға және экономика ғылымының
дамуына өз үлесін қосады.
Зерттеу материалдарын облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық
даму бағдарламаларында, жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісінде:
Экономикалық теория, Кәсіпорын экономикасы және Еңбек нарығы
экономикасы пәндері бағдарламалық шеңберінде нұсқаулық тұжырымдар
қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі
нәтижелері мен қорытындылары келесідей халықаралық және республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар және бағыттар(
(Тараз қ, 2006 ж.); Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі
экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке
қабілеттілігі ( Алматы қ , 2007ж.); Білім беру саласындағы және
жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы
инновациялық технологиялар ( Тараз қ, 2007 ж.). Сонымен қатар автордың
ғылыми зерттеу нәтижелері Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Тараз институтының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының тақырыбы
бойынша 8 ғылыми еңбек, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы
қадағалау және аттестаттау комитетінің ұсынған баспаларында 3 мақала,
халықаралық және республикалық конференцияларда 5 мақала баспаға шықты.
Жалпы көлемі- 3,2 баспа табақ.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен
көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және компьютерде терілген
123 беттен тұрады.
Диссертациялық жұмыста сандық материалдар 22 кестеде, 11 суретте
келтірілген.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол
жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары,
сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер,
коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін
еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер
етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық
агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын
айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей
қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде
айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен
модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін
ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық
деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын
еңбеккерлермен фирма
арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма
ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының
әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті
дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары
еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға
мүмкіндік тудырады.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады.
Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне
еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі
“еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің
нарығы” терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін,
яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп,
айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық
Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми
тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес
жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық
теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар
нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады.
Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-
шаруашылық тәжірибеде жұмыс күші нарығы мен еңбек нарығы деген ұғымдар
бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
1945жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде
ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан
өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше,
Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің
халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура
келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға
дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және
жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. Өмірлік жалдану жүйесінің
мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді,
бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім
немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан
бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс
орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен
бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың,
қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік
деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель
ерекше технологиялық рента алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта
елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы
әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына
келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге
жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы
субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға
салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды
көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6
айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің
орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия
беру;
- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс
орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар
төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық
келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай
дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға
дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс
берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға
міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген
саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін
болады.

Еңбек Қолданыстағы Ерекшелігі Ескерту
нарығын үлгісі
реттеу
үлгісі
АмерикалықЖұмысқа алу мен Тұрғындардың Жұмыссыз
үлгі жұмыстан шығу еңбек кедейлердің
еркіндігі; нарығына көптігі
Фирма деңгейіндекірудің
ұжымдық-келісімдқиындығы
ікті реттеу
Шведтік Жұмыс орындарын Еңбек Еңбек ақы
үлгі құруға, кәсіби нарығына төлеудің
даярлау мен жастардың төмен болуы
қайта даярлауға жұмысқа
көп шығын жұмсауорналасу
қиындығы
Жапондық Өмірлік Бұл жүйе Жастардың
үлгі жалдану жастардың қызмет ету
жүйесінің еңбек етуіне аясының тар
қолданылуы өз әсерін болуы
тигізуі
ҚазақстандЕңбек нарығын Еңбекке Жас маманды
ық үлгі белсенді түрде орналастыру жұмысқа алу
жүргізу, бойынша жалпыкезінде
жұмыспен қамту қоғамдық мемлекет
саясатын іске жүйенің жұмыстарапынан
асыру істемеуі кәсіпорындарғ
а қолдау
көрсетудің
жоқтығы
Ескету-Шетел тәжірибесіне байланысты автордың
құрастырған үлгісі

Сурет 1-Еңбек нарығын реттеу үлгілері

Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын
реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты
тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша
үлгісін құруы қажет.

.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Еңбек нарығына сыртқы факторларының әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа
Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне байланысты және ол ықпал ету
үдерістерінің дамуы мен республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ)
кіруімен күшейе түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі
уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына онша әсер етпейді. Әлемдік
бағалардың шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика мен әлеуметтік
саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді.
Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы
Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды
дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру
саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады деп анықтаған қазіргі
тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар
бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа
беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.
Соңғы жылдары әзірленген үкіметтік құжаттар (Қазақстан Республикасында
2000–2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша
мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында 2003 – 2005 жылдары
кедейлікті азайту бойынша мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан
Республикасының 2004–2006 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық
дамуының индикативті жоспары, 2005–2007 жылдары әлеуметтік реформаларды
әрі қарай тереңдету бағдарламасының жобасы), сондай – ақ басқада
мемлекеттік және салалық бағдарламалар едәуір шараларды көздейді, ал
жалғасып келе жатқан экономикалық өсім, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін
көтеру үшін мүмкіндік құрайды, жұмыссыздықты төмендетеді, адамзат
ресурстарына салынатын инвестицияларды көбейту үшін жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың
экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің
қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл
мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы
құрылды. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің
іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп,
шетелден қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін
бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша
жоба құрып көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен
тіркелгендердің саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген
жұмыссыз халықтың көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі
бір мөлшері ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін
жұмыссыз халықтың қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет
көрсеткені үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді. Ал экономикалық
тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі бойынша
жоспарлы 2007 жылды, өткен жылмен салыстырғанда -1,1 мың адамға немесе 61,2
% бойынша жылдан – жылға төмендегенін байқалады.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек
ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына
байланысты анықталады.
Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді
қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз
табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама
әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге
тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-
психологиялық және медициналық –демографиялық шаралардың жиынтығы жатады.
Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй
жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар
мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және
балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын ұзарту мен оған жәрдемақы
төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық ахуалды жақсарту жатады.
Облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерін талдайтын болсақ 2002
жылы халық саны 979,5 мың адам болған, 2006 жылы 1009,2 мың адам болып
отыр, яғни 29,7 мың адамға өсіп отыр. Облыс бойынша жұмысқа жарамды жастан
кіші тұрғындар санына келетін болсақ 2002 жылы 309,0 мың адам болса,
2006жыл 303,7 мың адам болған, екі жылдың көрсеткіштерін салыстырсақ 2006
жылы 5,3 мың адамға азайып отыр, ол дегеніміз болашақ жұмысқа жарамды
адамдар санының азаюына өз әсер тигізеді. Еңбекке жарамды тұрғындар саны
2002 жылы 585,7 мың адамды құраса, 2006 жылы 619,1 мың адамды құрап отыр.
Еңбекке жарамдыдан үлкен тұрғындар саны 2002 жылы 84,5 мың адам болса, 2006
жылы 85,8 мың адам, яғни жылдан жылға өсіп отыр. Облыстағы 1000 адамға
шаққандағы туылғандар санын салыстырсақ 2002 жылы 16,91 мың бала болса,
2006 жылы 23,73 мың балаға жетіп, 2002 жылға қарғанда 6,82 мың мың балаға
өскен. Әлеуметтік, демографиялық, экономикалық факторлардың халықтың өсу
динамикасы мен кемуіне ықпалы зор. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында
әлеуметтік қатынастар, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық жағдайлар
да белгілі бір дәрежеде халық санына өз әсерін тигізеді.
Кесте 1-Жамбыл облысындағы жұмыссыздық деңгейі, %

РсКөрсеткіштер 2003 2004 2005 2006 2007 Ауытқу
жыл жыл жыл жыл жыл ,
(+,-)
1 Жұмыссыздық
тың деңгейі 11,1 10,2 9,8 9,2 7,7 -3,4
2 Экономикалық
белсенді
халық 1,5 1,6 1,8 2,1 1,7 0,2
санындағы
тіркелген
жұмыссыздар
үлесі
Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының
мәліметімен автордың есептеуі

1-кестеде жұмыссыздық деңгейіне талдау жасалған. Жұмыссыздықтың деңгейі
2003 жылы 11,1 % болса, ал 2007 жылы 7,7 % - ға жетті. Яғни 2007 жылды,
өткен 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға төмендеді. Ал экономикалық
белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2003 жылы 1,5 % болса,
ал 2007 жылы 1,7 % - ды құрады. Осы 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда
0,2 % - ға өсіп отыр
Жамбыл облысы республиканың еңбекпен жеткіліксіз қамтылған аймағына
жатады, себебі салалық құрылымдардың экономикасы мен еңбекпен қамтуға
табиғи, демографиялық және әлеуметтік факторлардың дамуының
жеткіліксіздігі. Әлеуметтік қорғау органының мәліметтері бойынша облыстағы
әл-ауқаты төмен тұрғындар саны 2007 жылы 7,0 пайыз немесе 74,9 мың адамды
құрады.
Жамбыл облысының еңбек нарығын экономикалық бағалау аса
маңызды болып табылады. Экономикалық белсенді халыққа шаққанда облыстағы
жұмыссыздық деңгейі 7,7 % құрайды.
Талдау барысында байқағанымыз облыс бойынша жұмыссыздар саны өсіп
отыр, сондықтан жұмыссыздар санын азайту үшін алдағы жылдарға арнайы
бағдарлама жасап, оны іске асыру қажет деп ойлаймыз. Жамбыл облысының
статистикалық мәліметтері бойынша 15 жас және одан жоғары жас аралығындағы
экономикалық белсенді және белсенді емес халықтарға талдау жасаймыз.
Облыстың аудандары бойынша экономикалық белсенді халық санына талдау
жасасақ облыс бойынша 2003 жылы 519,5 мың адамды құраса, ал 2007 жылы 548,6
мың адамға жетті. Яғни 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 29,1 мың
адамға өсіп 106 % - ды құрады. Ал Тараз қаласында 2003 – 2007 жылдар
аралығын салыстырсақ 14 мың адамға көбейіп 108 % - ға жетті. Аудандар
бойынша жұмыспен қамтылған халық санын талдау жасасақ, облыс бойынша 2003
жылы 462,1 мың адамды болса, 2007 жылы 506,2 мың адамға жетті. Яғни 2007
жылды, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 44,1 мың адамға өсіп 110 % - ды
құрады. Ал Тараз қаласы бойынша 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 18,4
адамға өсіп 113 % - ды құрады.
Аудандар бойынша жұмыссыздық деңгейін талдау 2-кестеде келтірілген,
облыс бойынша 2003 жылы 11,1 % болса, ал 2007 жылы 7,7 % - ды құрады. Яғни,
2007 жылды, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға азайғанын көреміз.
Тараз қаласы бойынша 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға
төмендеді. Аудандар бойынша қарастырсақ Қордай ауданы бойынша 2003 – 2007
жылдар аралығында 0,5 % - ға өскенін көреміз.

Кесте 2-Жамбыл облысы аудандары бойынша жұмыссыздық деңгейі, %

РсАудандар 2003 2004 2005 2006 2007 Ауытқ
атауы жыл жыл жыл жыл жыл у
(+,-)
1 Облыс 11,1 10,2 9,8 9,2 7,7 -3,4
бойынша
2 Тараз қ. 13,6 13,9 14,3 12,9 10,2 -3,4
Аудандар бойынша соның ішінде:
3 Байзақ 10,3 10,7 9,3 9,1 7,9 -2,4
4 Жамбыл 10,4 12,1 8,6 8,3 7,2 -3,2
5 Жуалы 14,1 10,6 7,5 7,3 6,2 -7,9
6 Қордай 8,5 7,2 5,0 4,9 9,0 0,5
7 Т. 9,3 6,1 7,1 7,0 8,0 -1,3
Рысқұлов
8 Мерке 10,9 10,1 11,7 9,8 4,0 -6,9
9 Мойынқұм 8,4 3,2 4,7 4,7 10,2 1,8
10 Сарысу 11,7 11,6 13,2 10,1 10,7 -1,0
11 Талас 9,5 3,8 4,1 4,8 5,2 -4,3
12 Шу 7,5 7,3 6,8 7,0 3,2 -4,3
Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының
мәліметімен автордың есептеуі

Жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін
мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы саясаты тіркелген
жұмыссыз азаматтардың тиімді әлеуметтік корғалуын қамтамасыз ететіндігі
белгілі.
Еңбек нарығы саясатының мақсаты жұмыс берушіге - жұмыс орындарының меншік
иесіне сапалы жұмыс күшін алуға ыкпал ету, сол арқылы өндіріс факторларының
қосылуына алғы шарттар жасау болып табылады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға
мүмкіндігіне қарай олардың кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да
белгілеріне сәйкес жұмыс орындарын табуға көмектесу, жұмыссыздарды оқыту
бойынша қызмет көрсету (кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті көтеру),
олардың күн көрісін қамтамасыз ету бойынша шаралар алу (қоғамдық және басқа
уақытша жұмыстар), жұмыссыздық деңгейін бақылау және т.б.
Жастардың еңбек нарығында қорғалмағандар жоғарғы орнын және арнайы орта
оқу орнын бітірген болып табылады. Арнайы мамандарды бөлу бағдарламасы
алынып тасталғаннан кейін көбісі жұмыссыздар қатарын толықтырады, егер
жұмысқа орналасса өз мамандығымен жұмыс істемейді.
Жұмыспен қамту саясатының мақсаты еңбекті қолдану мәселелерімен-оның
өнімділігін арттырумен байланысты. Оған жүмыспен қамту кұрылымындағы
өзгерістер (салалық-алдыңғы қатарлы технология үлесінің өсуі арқылы,
кәсіптік-біліктілік- білікті еңбек үлесінің өсуі, демографиялық-білімді
жастардың көбеюі арқылы) ықпал етуі тиіс.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халыққа шаққанда 7,7 пайызды
құрады (1- суретте). Сурет 1- Жамбыл облысының
жұмыссыздар саны
Ескерту: Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың
есептеуі.

Облыстағы еңбек нарығының келеңсіз жағы жұмыссыздық ұзақтығының өсуі.
Егер 2003 жылдары жұмыссыздардың жұмысты іздеуі жарты жылдан аспаса, 2007
жылы ондай жұмыс іздеушілердің 25 пайызы сондай мерзімге, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы 5
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы
Пәндер