Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе
II Негізгі бөлім.
2.1 Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері.
2.2 Еңбек құқықтық қатынастарының мазмұны.
2.3 Еңбек құқықтық қатынастарының туындау, өзгеру және тоқтау негіздері.
2.4 Еңбек құқықтық қатынастарымен тығыз байланысты құқықтық қатынастары.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Мазмұны оның субъектілерінің нақты заң құқықтары мен міндеттерінен
көрінетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар құқықтық
қатынастар түрінде түсіндіріледі.
Еңбек құқығы ҚР еңбек құқығы туралы заңының 1-бабында айтылғандай,
тек еңбек қатынастарын ғана емес, сонымен бірге еңбек қатынастарымен тығыз
байланысты қоғамдық қатынастарды да реттейді. Еңбек құқығы
нормаларымен реттелген олардың барлығы құқықтық қатынастарға
айналады.
Еңбек құқықтық қатынастары – бұл еңбек шарттары кезінде туындайтын,
жұмыскер түрінде еңбекке және одан туындайтын олармен тығыз байланысты
құқықтық қатынастарға қатысу себебі бойынша азаматтық заң қатынастары.
Еңбек құқықтық қатынастары өздерінің мазмұны бойынша өзіне еңбек ұжымдары
құрамында еңбек қызметті процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасында
туындайтын әртүрлі құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін енгізетін
күрделі құқықтық мен міндеттердің тұтас кешенін енгізетін күрделі
құқықтық қатынас болып саналады.(белгілі бір әлеуметтік маңызға ие болса
да, басқаруға көнбейді, белгілі бір еңбек тәртібіне бағынбайды,
сондықтан да құқықтық регламенттеуге жатпайтын жеке еңбек,үй шаруасындағы
еңбек).
Құқықтар мен мендеттер жұмыскер маңызды жақтары болып саналады.Еңбек
құқықтар қатынастарында азаматтық еңбекке,демалуға,еңбек ақы алуға
құқықтары жүзеге асырылады.
Бүкіл нақты өмір сүретін еңбек құқықтық қатынастарына келесідей
өзгешіліктер тән болып саналады.
жұмыскердің құқықтары мен міндеттері жеке сипатқа ие. Бұл жұмыскердің
жұмыс берушінің келісімінсіз өз жұмысын орындауды өзге тұлғаға тапсыру
құқына ие еместігін білдіреді;
еңбек, жұмыс күші – құқықтық қатынас обектісі болып саналады;
еңбек құқықтық қатынастары кезінде жұмыскер еңбек жұмысына кіреді, ішкі
еңбек тәртібі ережелеріне бағынады;
жұмыскердің қызметі өтеулі сипатқа ие;
еңбек қатынасы ұзақ және тұрақты сипатта болады.
Еңбек құқықтық қатынасы еңбек құқықтық қатынастарын құрайды және:
құқықтық қатынастар субъектілері;
құқықтық қатынастар мақмұны енгізетін белгілі бір элементтерден тұрады.

2.1 Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері
Құқықтық қатынасқа қатысушылар құқықтық қатынас субъектілері деп
аталады.
Азамат, екінші жағынан – кәсіпорын қатынасы субъектілері болып
саналады, сонымен бірге олар белгілі бір еңбек құқығы субъектіліктеріне
ие болуы тиіс (сондай – ақ еңбек ұжымдары, кәсіподақтар мен олардың
органдары, соттар, еңбекке орналастыру бюросы және т.б еңбек құқықтық
қатынастары қосымша субъектілері болуы мүмкін).
Еңбек құқылы субъектілігі – бұл еңбек құқықтық қатынастарына
қатысушылырдың құқықтық қабілеттері мен құқықты қабілетсіздіктерінің
бірлігі, яғни еңбек құқықтық қатынастары жақтарының қабілеті заң
міндеттерін көтеру құқығына ие.
Жалданбалы түрде жұмысқа қабылданатын жұмыскер, азамат еңбек
құқықтық қатынастары жақтарының бірі болып саналады.
Жұмыскерлердің құқықтары мен мендетерінің көлемі мен сипатына қатысты,
еңбек құқығы субъектілері ретінде жалпы және арнайы құқықтық мәртебелері
ажырытылады.
Жалпы құқықтық мәртебе барлық азаматтар үшін бірдей болып саналатын
қазақстан республикасы конституцисы мен республикадағы еңбек туралы заң
актілерінен туындайтын құқықтар мен міндеттерді енгізеді. Бұл еңбек
еркіндігіне азаматтардың құқығы, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау;
қауіпсіздік пен гигиена талаптарына, заңмен белгіленген ең төменгі
мөлшерден аз емес қандай да бір бұрмалаусыз еңбекке сыйақы алу
талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, сондай ақ жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғануға; ереул құқығын қоса отырып,оларды шешудің заңмен
белгіленген тәсілдерін пайдалану арқылы жеке және ұжымдық еңбек
дауларын шешуге құқық.. Мәжбүрлеу арқылы еңбекке тартуға жол
берілмейді немесе сот үкімі бойынша төтенше жағдайлар немесе әскери
жағдайлар кезінде ғана еңбекке тартуға жол берілмейді немесе сот үкімі
заң күшіне енгенде.
Мысалы, әкімшілік актісі бойынша, жүргізуші қандай да бір жолда жүру
ережесін бұзған үшін автомобиль жүргізу құқығынан айырылуын мүмкін. Еңбек
құқығы қабілетін жектеу уақытша сипатқа ие болу мүмкін. Республика заңды
азаматтарды еңбек құқығы қабілетінен толық айыруды қарамайды.
Еңбек туралы заңда сондай – ақ жұмыскерлердің жалпы міндеттерін
қарайды. Оған: адал еңбек, еңбек тәртібін сақтау, мүлікке жан ашырлық
қарым қатынас, еңбек нормаларын орындау және т.б жатады.
Еңбек құқығында, мазмұны белгілі бір топтар еңбек құқығы
қатынастрында кірудің заңдық мүмкіндіктерінің жиынтығын құрайтын арнайы
еңбек құқығы қабілетті түсінігі өмір сүреді.
Еңбек құқығы субъетивтілігінің жас мөлшерін, ерлік жегірлік,
әлеуметтік жалпы өлшемдерді еңбек құқығы қатынастарының субъектілері
ретінде жұмыскерге қолданылады.
Жас мөлшерлік өлшемдік белгілі бір жасқа келумен азаматтардың еңбек
құқығы субъектілерін байланыстырады.Еңбек заңында жұмысқа қабылдауға
рұқсат етілітен ең төменгі жас мөлшері ретінде 16 жас беруде.орта білім
алған немесе жалпы білім беретін оқу орны тастап кеткен жағайда ата –
анасының асыраушысының, қамқоршысының келісімен 15 жасқа толған тұлға
еңбек құқықтық қатынастарының субъектілірі болуы мүмкін жастарды пайдалы
еңбекке даярлау ұшін денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін
бұзбайтын, жеңіл еңбек атқаруға 14 жасқа толған, ата- аналарының бір
келісім берген жалпы білім берген мектептердің, кәсіп техникалық және
орта арнаулы оқу орындарының оқушылырын жұмысқа қабылдауға рұқсат
етіледі.
Мемлекеттік қызметке жұмысқа түсуші тұлға егер оған қатысты
Республика заңында басқадай білім белгіленген болса Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы 1999 жылғы 20 шілдегі
Заңының 13 – бабы 18 жасқа толған болу тиіс.
Тиісті жасқа келумен барлық аазаматтар толық көлемде еңбек
қабілетті бар болып саналады.
Ерлік жігер өлшемдері адамның еңбекке деген ерлік – жігер
қабілеттін қал жағдайы сипатымен байланысты жан дүниесіндегі күйзеліс
және ақыл ескеміндегі, яғни азаматтың ержігер қабілеттілігін нашарлығы
оған еңбек қызметтің сиезін орындауға және мінез құлқын бақылауға
мүмкіндік бермейді.жан күйзелісі немесе ақыл есі кеміндегі салдарынан сот
тәртібінен өз ісін атқаруға қабілеттсіз сондай-ақ шектеулі жағдайда
қабілетсіз деп танылған соның нәтежесінде бұрынғы жұмыссын жалғастыру
мүмкіндіктеріне ие емес тұлға, еңбек қатынастарының тарапы бола алмайды.
Әлеуметтік өлшемдер бүкіл азаматтар үшін теңдей еңбек құқығы
субъектілерін белгіленуімен байланысты.қолданылатын заңдар бүкіл
азаматтар үшін өз еңбек құқықтарын жүзеге асырудың теңдей
мүмкіндіктерін бекітеді.ешкім де оларды жүзеге асырудың кезінде
жынысына,нәсіліне,ұлтына және дінге көзқарасына қарап, азаматтардың
құқықтарына қандайда болсын тікілей немесе жанамалап артықшылықтарына,
сондай-ақ жұмыскердің іскерлік сапалығымен және оның еңбек нәтежелеріне
байланысты емес де өзге де жағдаяттарға қатысты қандай да бір басымдық
алуға немесе еңбек құқықтырын шектеуге жол берілмейді.Еңбек аясында
өздерін бұрмалаушылыққа ұшырадым деп санайтын тұлғалар тиісті өтінішпен
сотқа жүгінулеріне болады.
Дегенмен денсаулық жағдайына, өндірістік қызмет сипатына,еңбекті
жоғары деңгейде қорғауда т.б. қатысты азаматтардың жекеленген саннатарына
қосымша кепілдіктер берумен байланысты еңбек заңында кейбір
өзгешіліктер қаралған. Нақтылай алғанда , мүгедектің еңбек
қабілетсіздігін көлемі және шектеу, оның денсаулық жағдайын, еңбек ету
мүмкіндігін мен қабілетін ескере отырып, дәрігерлік - әлеуметтік
сараптау комиссиясының ұсынысдары белгіленуі мүмкін.
Еңбек жағдайларына қатысты заңмен жұкті әйелдер үшін белгілі бір
жеңілдіктер белгіленген. Мәселен, жүкті әйелдер дәрігерлік қорыиындыларға
сәйкес,бұрынғы жұмысы бойынша орташа айлық жалақысы сақтала отырып,
ауыр және қолайсыз өндірістік факторлар әсері болмайтын басқа жұмысқа
ауыстырылады.
Жалпы ереже бойынша 18 – ден жас жұмыскерлер еңбек құқықтық
қатынастарында кәмелетке жасы толғандарға теңістіріледі, еңбек қорғау,
жұмыс уақыты және еңбектің кейбір басқа жағдайларында заңмен белгіленген
жеңілдіктерді пайдаланады.
Кейбір жағдайларда азаматтардың еңбек құқығы субъектілері,белгілі
бір мерзімге шектеулі мүмкін. Нақтылай алғанда, жұмыскердің белгілі бір
лауазымды атқарудың немесе белгілі бір қызметпен айналысудын айыру
негізі немесе қосымша жаза түрінде сот үкімімен белгіленуі мүмкін. Бұл
жаза кінәлінің лауазымы немесе белгілі бір қызметі бойынша қылмыс
жасау сипаты бойынша, сот тиісті лауазымды атқарушы қызметпен айналысуға
оның құқығын сақтау мүмкін емес деп таныған жағдайларда белгіленуі
мүмкін. Мұндай жағдайларда еңбек құқығы субъектісі жартылай ғана және
белгілі бір мезгілде ғана шектеулі мүмкін.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар сондай – ақ еңбек
қатынастарының субъектілері бола алады.Контрактылар бойынша шетел
азаматтарын жұмысқа тарту тәжерибесі бірлескен кәсіпорындар ашумен, шетел
капиталы инвестицияларын республика экономикасына тартумен және т.б.
байланысты кең таратуға ие болады. Мәселен, заңда былай
делінеді:құрылтайшылары немесе меншік иелері шетелдік заңды тұлғалар
немесе жеке тұлғалар болып саналатын Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан ұйымдар (мекемелер) жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының
еңбек туралы Заңы қолданылады.
Еңбек міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілік жұмыскерлердің
құқықтық мәртебесі мазмұны элементтеріне бірі болып саналады.Еңбек
қатынастарын реттеудің контрактылық формаларының кең таралуы еңбекті
жоғары деңгейде ұйымдастыру ғана емес,сонымен бірге жұмыскерлердің өз
құқықтарын және оларға жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыруға қажетті
жағдайлар тығызуды, сондай – ақ өз міндеттемелерін сапалы атқару
жауапкершілігін белгілеуді де болжайды.
Жалдау шарты негізінде еңбеккелерге жүмыс беретін кәсіпорын,
мекеме, ұйымдар, шаруашылық сертіктестіктері, кооперативтер мен кез
– келген өзге заңды және жеке тұлғалар еңбек құқықтық қатынастарының
өзге субъектілері болып саналады.
Жұмыс берушілердің еңбек құқығы субъективтілігі, негізінен,олардың
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен немесе тиісті линцензия алған
кезінен туындайды.
Кәсіпорынның (ұйымның) еңбек құқығы субъективтілігі: ұйымдық жедел
және мүліктік екі негізгі өлшемімен сипатталады. Ұйымдық – жедел өлшем
мемлекеттік ұйымдардың кадрларды іріктеу және орналастыру,олардың
еңбегін ұйымдастыру, жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасауын жүзеге
асыру қабілетін айқындайды.Мүліктік өлшем – саны мен сапасына сәйкес
еңбегі үшін жұмыскерлермен есеп-айырсу қабілетін сипаттайды.Кәсіпорының
(ұйымның) еңбек құқығы субъективтілерін жүзеге асырушы өкілетті орган
реттінде оның әкімшілігі қатысады.Әкімшілік – тұтастай ұйымға немесе
жекеленген құрылымдық бөлімшілеріне директорлар, бастықтар,басқарушылар
жетекшілер (меншік иесі,кәсіпкер),сондай-ақ олардың орынбасалары мен
көмекшілері басшылықты жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың жиынтығы.
Қазақстан экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардың
қалыптасуы заңды тәртіпте кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың
еңбек құқығы субъективтілігін айқындаудың қажеттігін туғызады.
Кәсіпкерлік – бұл қолданыстағы заңдар шеңберіндегі осы қызметке
қатысшулардың түгелінің өзара тиімді нәтежелер мен пайдалар алу
мақсатында меншікті, несие (қарыз) және де өзге қаржылар мен мүліктер
есебінен азаматтардың бастамашыл шаруашылық немесе өзге де қызметтері мен
олардың бірлестіктері. Кәсіпкерге жалданбалы еңбекті пайдалунуға құқық
берілген – оның еңбектерін пайдалану туралы азаматтармен шарт жасауға
құқығы бар. Кәсіпкер осыған орай жұмыскерлерді еңбек жағдайымен, ең
төменгі мөлшерден аз емес еңбек ақымен, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға
сәйкес әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайларын
қоса отырып, өзге де әлеуметтік – экономикалық кепілдіктерді қамтамасыз
етуге міндетті.
Кәсіпорындардың құрамды бөліктері болып саналатын бригадалар, цехтар,
бөлімдер мен өзге де бөлімшілер еңбек құқықтық қатынастарының
субъектілері болып қатысуы мүмкін.
Заңды тұлға құқықтарымен бөлінген, сондай-ақ қоғамдық, діни және
өзге де ұйымдар жұмыс берушілер түрінде қатысады.
Заңды тұлға болып құрылмай – ақ жеке тұлға немесе тұлғалар тобы жеке
кәсіпкерлік формасында қатыса алады.Заңды тұлға болып құрылусыз,
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап азаматтардың кәсіпкерлік
қызметпен айналысуға құқығы бар. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік
тіркеуден өткізу олардың келу сипатын білдіреді және жеке кәсіпкер
түрінде есепке қоюдан тұрады. Жұмыс беруші түрінде бұл жерде заңды
тұлға болып құрылусыз жеке тұлға,яғни еңбек қызметтінің белгілі бір
түрін жасауға патент, лицезниясы бар және бұл үшін жалданбалы жұмыс
күшін пайдаланатын кәсіпкерлер қатысады.
өзінің үй шаруашылығындағы жұмыстарды (қызметтерді) жүзеге асыру үшін
жұмыскерлерді жалдайтын жеке тұлға жұмыс беруші болып қатысуы мүмкін
(үй қызметшісі, бақша күтушісі,гувернантқа және т.б.).
қазіргі кезеңде еңбек ұжымы түсінігі заң лексионынан жоғалып кетті.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында еңбек ұжымы туралы
айтылмайды. Соған қарамастан еңбек ұжымы кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар аясында еңбекпен және мүдделерімен бірігетін әлеуметтік
бірлестік ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Еңбек ұжымы еңбек
құқығы субъектісі ретінде шарт жасау негізінде (нақтылай түрде ұжымдық
шарт) өз еңбегімен ұйымдардың қызметіне қатысатын азаматтардың бірігуін
білдіреді.
Кәсіподақтар ең алдымен, еңбекшілердің еңбек құқығы мен мүдделерін
қорғауға шақырылған, сонымен қатар тұрмыстық әлеуметтік мәселерімен
айналасып, еңбек жағдайын жақсарту туралы қамқорлық танытуға
тиіс,кісіподақ басым түде еңбек құқықтық қатынастарның құқығын қорғаушы
субъект ретінде қатысу қажет.
Қолданыстағы заңдар кәсіптік одақтардың ешқандай өкілетіліктерін
бөліп көрсетпейді. Заңда бар болғаны жұмыскерлердің қалауы бойынша рұқсат
етілетіндігі анық айтылады.
2. Еңбек құқықтық қатынастарының мазмұны
Субъектілердің құқықтары мен міндеттрі еңбек құқықтық
қатынастарының мазмұны болып саналады оның үстіне олар жеке еңбек
шартымен еңбек заңдарымен және ұжымдық шартпен айқындалады.
Еңбек құқықтық қатынастарының мазмұнына кіретін, жұмыскерлердің
субъективті еңбек құқықтары жұмыскердің құқықтық мәртебесінің мазмұнын ,
яғни шарт жасау еркіндігі, денсаулық және қауіпсіз еңбек жағдайын құқығын
құрайтын негізгі құқықтарды нақтылау мен жүзеге асырумен білдіреді.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де
жағдайлардың енгізілуі мүмкін.
Еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің
еңбек міндеттерін орындауының басталуы деп есептелінеді. Егер еңбек
шарты жұмыс беруші тарапынан тиісті түрде уақытында хатталып
ресімделген немесе ол жасалмаған жағдайларда еңбек шартының күші
қызметкер нақты жұмысқа жіберілген (кіріскен) кезде басталады.
Еңбек шарты жасалып, оған талаптар қол қойғаннан кейін жұмыс беруші
қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Бұйрық
қызметкерге қол қойғызып хабардар етіледі.
Шарт жасасқаннан кейін жұмыс беруші қызметкерге жұмысқа қабылданғаны
туралы бұйрық шығарып, оның өзіне қол қойғызу арқылы таныстырады. Жұмыс
беруші қызметкердің өтініші бойынша шартқа бұйрықтың нөмірі мен күнін
көрсетіп тиісті белгі жасайды. Бұл белгілер қызметкерге болашақта оның
жұмыс стажын растауға қажет. Жұмысқа қабылдау, шарты ұзарту немесе бұзу
туралы барлық жазуларды жұмыс беруші бұйрық шығарғаннан кейін жасайды.
Еңбек заңдары еңбек шарттарын жасасу тәртібіне бірыңғай талаптар қояды.
Бұл талаптар ҚР ҚР еңбек туралы заңының 12- бабында көрініс тапқан.осы
талаптарға сәйкес жеке еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде кеі дана
етіліп жасалады. Оған жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды
Жұмыскердің бүкіл субъективті құқықтары оны жүзеге асыру кезіндегі
субъектілер тәртібінің нақтылығымен, таратылушылығымен еңбектің қалыпты
жағдайын қамтамасыз етуге құқық және салыстырмалы еркіндігімен
сипатталады.
Еңбек міндеттерінің көлемімен сипаты көптеген факторларға қатысты
және жұмыстың түрі мамандығы біліктілігі лауазымы мен жұмыскерлердің жеке
басының ыңғайына қарай нақтылынады неғұрлым ортақ және шартымен
реттеледі.
Еңбек құқықтық қатынасының мазмұны үшін, бір субъекті құқығына
екіншісінің міндеті сәйкес келетін оның субъектілерінің өзара құқытары
мен міндеттерімен бірлігі тән болып саналады. Мысалы: жұмыскерлердің дем
алу құқығына заңмен белгіленген мен жұмыс уақытының нормасын

еңбек

сақтау мен жыл сайын демалыс беру және т.б. жөніндегі жұмыс берушінің
міндетері сәйкес келеді.
Жұмыс берушінің субъективтік еңбек құқықтармен міндеттерінің бүкіл
жиынтығын:
1. еңбек ұжымы құру мен оны одан әрі ұйымдастыру мен.
2.еңбек жағдайын жетілдіру мен
3. жұмыскерлердің еңбек ақысын ұйымдастырумен және оны жетілдірумен
4. жұмыста ерекше куәлендірген көтермелеу мен және тәртіптік
өкілеттіктерді жүзеге асырумен және мүліктік залалдарды өтеумен байланысты
топтарға бөлуге болады.
Бірінші топқа жұмыскерлерді қабылдау ауыстыру немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Еңбек қатынастар
Еңбек құқығының субъектілері
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Еңбек құқығы жайлы
Еңбек құқығы қатынастары
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Пәндер